400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбесіндегі барлық педагогке үлкен көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту

Баланың ойлау ерекшеліктерін жас кезеңдеріне байланысты зерттеулер, бұл жөніндегі ғылыми негізделген түсініктердің қалыптасуына ХІХ ғасырдың ортасындағы сезім мүшелерінің физиологиясы саласындағы экспериментальды зерттеулер үлкен әсерін тигізіп зерттеу шаралары қарқынды жүре бастады. Ойлау мәселесі туралы негізінде өз тұжырымдамаларын ұсынған зерттеуші ғалымдар бірнеше бағытқа бөлінді. Олардың ішінде Ж.Пиаженің балалар интеллектісін және оның қалыптасу этаптары тұжырымдамасы бұдан кейінгі көптеген зерттеу жұмыстарына негіз бола алды. Бұнда ол интеллектінің сенсомоторлы дамуы операциялауға дейінгі ойлау, нақты және формальды операциялар кезеңдерін көрсетеді. Сондай-ақ, отандық зерттеушілердің бірі П.Я.Гальперинің ойлау әрекетін жоспарлы түрде қалыптастыру теориясы, Л.С.Выготскийдің концепциясы мен бұл процесте зерттеу әдістемесі бұл саланың ғылыми тұрғыдан дамуына зор ықпал етіп, ойлау процесінің, әсіресе кіші мектеп кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшелігі мен оның мазмұнын жеткізіп дәлелдеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру мәселесі әлі де зерттелу үстінде.

     

  

 

1.2 Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың  таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктері

 

Мектеп өмірінің мектепке дейінгі жастағы балалардың  кезеңі қазіргі уақытта 3-4 жастан 5-6 жасқа дейінгі жас ерекшелік диапазонын қамтиды. Бұл кезеңде баланың жүйелі оқуын қамтамасыз ететін физикалық және психофизикалық дамуы жүріп  жатады. Ең алдымен, жүйке жүйесі, бас миының жұмысы жетіле түседі. Физиологтардың айтуынша, 6 жасқа қарай үлкен жарты шар қыртысы едәуір жетіледі. Бірақ қыртыстың реттеуші функциясының жетімсіздігі бұл жастағы балалардың әрекетінен, эмоциясының  ұйымдастырылуынан байқалады:  мектеп жасына дейінгі  балалардың ұзақ уақыт зейінін тоқтата алмайды, өте қозғыш, эмоционалды. Мектеп жасына дейінгі  кезеңінде  түрлі балаларда психофизиологиялық дамудың бірдей  еместігі байқалады. Сондай-ақ ұл балалар мен қыз балалардың дамуында  қарқынды өзгерістер болады.Көп жағдайда қыз балалар ұл балаларға  қарағанда неғұрлым алдыда.  Бұл туралы кейбір психологтар  (келесі қорытындыға келеді) негізінде мектеп жасына дейінгі кезеңінде «бір партада әр түрлі жастағы балалар отырады» деп қорытынды жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқудың басталуы баланың дамуындағы әлеуметтің жағдайының түпкілікті  өзгеруіне әкеледі. Ендігі уақытта ол «қоғамдық» субъект бола бастайды және әлеуметтік мәні бар, орындалу нәтижесіне қоғамдық баға берілетін  міндеттерді мойнына ала бастайды.

Мектепке жасына дейінгі кезеңінде негізгі әрекет ойын әрекеті болып табылады. Ойын әрекеті осы кезеңдегі  балалардың психикалық дамуының негізгі  өзгерістерін анықтайтын болады. Ойын әрекетінің негізінде балалардың дамуындағы маңызды жетістіктермен белгіленетін  психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасады. Ал жаңа құрылымдар келесі жас кезеңінің  қалыпты дамуын қамтамасыз ететін іргетас болып есептеледі.

Мектепке дейінгі жастағы балалар  кезеңінде қоршаған  орта адамдарымен қарым-қатынастың жаңа  типі қалыптаса бастайды. Үлкендердің  шартсыз беделі төмендей түседі де, бала үшін оның құрбыларымен қарым-қатынасы жаңа маңызға ие болады.

Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балалардың  орталық жаңа құрылымдары келесі факторларды құрайды:

- іс-әрекет және әрекетті шартты  түрде  бағыттаудың дамуының сапалы  жаңа кезеңі;

- рефлексия, анализ (сараптау), әрекетті  іштей жоспарлау;

- сыртқы орта заттары мен құбылыстарына жаңа танымдық қатынастың дамуы;

- құрбы-құрдас топтарына ориентация.

Э.Эриксонның концепциясы бойынша, 2-5 жас аралығы балаға еңбек сүйгіштікке бағытталған еңбек өміріне  тартуды қамтамасыз ететін жүйелі білім мен дағдыны  беру кезеңі болып табылады.

Маңызды жаңа құрылымдар психикалық дамудың барлық сфераларында  көріне бастайды: интеллект, жеке тұлға, әлеуметтік қатынас жаңа өзгерістерге ұшырайды. Бұл процестегі ойын әрекетінің негізгі ролі мектеп жасына дейінгі балалардың басқа да іс-әрекетке қатысатындығын жоққа шығармайды. Барлық таным процестерінің түрлі  іс-әрекетпен айналысуының нәтижесінде жалпы ерекшеліктері олардың (таным процестерінің) шарттылығы, өнімділігі және тұрақтылығымен анықталуы тиіс. 

Л.С.Выготскийдің пікірінше, мектеп жасына дейінгі  балалардың жасының ерекшелігі болып  олардың іс-әрекет мақсаттары көбінесе үлкендер тарапынан қойылатындығында. Баланың нені істеуге болады, нені істеуге болмайтындығын, қандай  тапсырманы орындау керек, қандай  ережеге бағыну керектігін  тәрбиешілер және ата-аналар анықтайды. (9,68) Бұл типтегі жағдаяттардың бірі – баланың белгілі  бір нұсқауды немесе тапсырмаларды орындауы. Берілген тапсырманың негізін, маңызын, меңгермегендіктен тіпті үлкеннің тапсырмасын орындауға құлшыныспен кіріскен баланың өзі тапсырманы орындай  алмайды, бастапқы қызығушылығын жоғалтады немесе оны мезгілінде орындауды ұмытып кетеді. Балаларға тапсырма  беруде белгілі ережелерді орындаған  жағдайда ғана бұндай қиыншылықтардан айналып өтуге болады.

Я.Л.Коломинскийдің есептеуінше, егер баллада 4-5 жасқа қарай өз қатарластарының бірімен достық қарым-қатынас орнайтын болса, онда бала құрбысымен әлеуметтік қатынас  орната алады, орнатылған қатынасты ұзақ уақыт жалғастырады және қарым-қатынас ол үшін керек әрі қызықты 4 пен 5 жас  аралығында бала дос деп, өзіне  көмектесетін, өтінішін орындайтындарды санайды. Баланың біртіндеп мектепке дейінгі ұйымдағы шындығын меңгере бастауына қарай, онда қатарласындағы өзіндік қатынастардың жүйесі  қалыптаса бастайды. Бұл жүйенің негізін  эмоционалды қатынастар құрайтын болады.(35,199) 

Көптеген отандық психологтардың зерттеулерінде үлкендердің баладағы өз әрекет қылығын өзбетімен басқара алу қабілетін қалыптастырудың маңызды  шарттарын айқындайды. Ол шарттарды  келесідегілер көрсетеді:

1) балада жеткілікті түрде күшті және ұзақ жасалатын әрекет-қылық мотивінің болуы;

2) шектеулі мақсаттың енуі;

3) меңгерілетін әрекеттің күрделі  формаларының өз беттілігін және  үлкен емес  әрекеттерге бөлінуі;

4) әрекет қылықты меңгеруде тірек болатын сыртқы құралдардың болуы.

Ал баланың шартты әрекет қылығының дамуының негізгі болып үлкендердің араласуы,  олардың дұрыс бағыт беруі табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін  меңгеруіне қарай оның психикасының жаңа  әрі маңызды қасиеттері қалыптасады.

Тәрбиешілердің жетекшілігімен жұмыс істеу, ұжымдағы өмір, өзінің әрекет-қылығын арнайы талаптарға бағындыру қажеттілігі  психикалық процестердің ерекше қасиеті болып табылатын  шарттылықтың дамуына әсерін тигізеді. Оқу міндеттерін шешу  барысында, мектепке  дейінгі жастағы баланың  алдында өз әрекетінің нәтижесін аңғару, олардың тәртібін жоспарлау, мақсатқа жетудегі түрлі құралдарды көздеу қажеттілігі туындайды.

Бұл тек қана әрекетті іштей жоспарлау мен орындай алу қабілетінің дамуында ғана мүмкін болады.

Әрі қарай оқу барысында үнемі әрекетін сараптау, бағалау дағдысының болуы керек. Әрекет нәтижелі болды ма, міндетті шешуде олардың көмегімен болды ма деген мұқтаждарға жауап іздеу дағдысының болуы әсіресе мектепке  дейінгі жастағы бала үшін өте маңызды. Бұндай дағды «өзіне-өзі сұрақ қою» рефлексияның негізінде жатыр. «Өзіне-өзі сұрақ қою» рефлексиясының теориялық ойлаудың болуы мүмкін емес.

Шарттылықтың, әрекетті іштей жоспарлау және  рефлексия сияқты психологтардың айтатын мектеп жасына дейінгілердің жаңа құрылымдары негізгі психикалық процестер: оның қабылдауы, қиялы, есі, ойлауын жаңа сәулемен нұрландырғандай болады. Бұл психикалық процестердің дамуы олардың шарттылығының, басқарылатындығының, саналылығының өсу белгісімен жүзеге асып жатады. Мектепке дейінгі ұйымдағы жүйелі оқытудың басталуымен балаға берілетін ақпарат ағымы және оны өңдеу қажеттілігі өрши түседі.

Білімді меңгеру мүмкіншілігі жүйке жүйесінің дамуына сүйенеді. Баланың  психикасының саулық ерекшелігі – танымдық  белсенділігі. Білуге деген құштарлық қоршаған дүниені тануға бағытталады. Ойнай отырып себеп-салдарлық байланыс пен тәуелділікті орналықси иеледі. Не нәрсенің суға бататынын, ненің батпайтынын ол өзі біле алады. Қоршаған орта туралы онда сансыз сұрақтар туады. Ойлауы жағынан бала неғұрлым белсенді болса, соғұрлым сұрақтарды да көп қояды.

Балада білуге деген талпыныс білімді меңгеру «неге?», «қалай?», «неліктен?» деген сұрақтар арқылы жүзеге асады.  Ол түрлі жағдаяттарды елестейт, сұрақтарға жауапты мүмкін болатын жол арқылы табуға тырысады. Мектеп жасына дейінгі бала кейбір міндеттерді шешуде, өзіне шақтап, дәлдеп шешуге  тырысады. Ол өзіне шындықтағы жағдаятты елестетіп, өз қиялында әрекет еткендей болады. Бұндай   ойлау – көрнекі - бейнелі ойлау деп аталады. Бейнелі ойлау – мектеп жасына дейінгі  балалардың  ойлауының негізгі түрі болып саналады. Әрине, ол жеке жағдайларда логикалық түрде ойлайды. Бірақ бұл жас кезеңі көрнекілікке сүйенетін оқытуда сензитивті кезеңі.  Ғылыми білімді меңгерудегі сөз-логикалық ойлау, танымдық процестердің барлығын қайта жасайды: «бұл жаста ес талқылаушы, ал қабылдау – ойлаушы бола бастайды» (Мурчаковский Н.И. Типы неуспеваемости школьников «Советская педагогика», 1955 № 7).  Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы эгоцентризммен ерекшеленеді. Бұл түрлі  проблемалы жағдаяттарды шешуде қажет білімнің жоқтығымен шарттас ерекше ойлау позициясы болып табылады. Бала өз бетімен, өз тәжірибесі арқылы заттардың ұзындық, көлем, салмақ сияқты қасиеттерінің сақталуын аша алмайды. Жүйелі білімнің жоқтығы, ұғымның қалыпты деңгейде дамымауы, бала ойлауына қабылдау логикасының  басымшылдығына әкеледі. Сондықтан, балаға судың, құмның, пластелиннің бірдей мөлшерін бағалау қиындық туғызады. Бала заттардың өзгеру сәтіндегі нені көріп тұрғандығына тәуелді болып қалады. Л.С.Выготский бойынша, оқудың басталуымен ойлау баланың психикалық дамуының орталығына ауысады және басқа психикалық функциялар жүйесінде анықтаушы процеске айналады. Баланың ойлауы осы кезде дамудың ерекше этапында болады.

Баланың қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігі, оның  зейінінің зерттеленінуші объектіге  қызығушылығы біткенше ұзаққа ұйымдастырады. Егер ол оған деген өте маңызды ойынмен айналысатын болса, онда ол екі немесе  үш сағатқа дейін ойнай алады. Сондай-ақ, зейінінің тұрақтылығы өнімді іс әрекеттерде (бейнелеу, құрастыру және тағы басқа) байқалуы мүмкін. Ал егер, оны қызықтырмайтын іс-әрекеттерде  оған зейінін тұрақтатуға тура келсе ол шаршап, жалығып, өзін тіпті бақытсыз сезінуі де  мүмкін.

Зейінін ұйымдастыруда балаға үлкендер  тарапынан көмек көрсетілуі тиіс. Зейінді ұйымдастыруда үлкендер сөздік нұсқаулардың көмегін пайдалануға болады. Оған берілген әрекетті орындау керектігін оларға айта  отырып, оларға әрекет нұсқаулары беріледі (Мысалы, Балалар! Альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл түсті қарындашты алып, сол жақ жоғары бұрышқа – мына жерге дөңгелек саламыз...). Мектеп жасына дейінгі  баланың  өз әрекетін өзі де  жоспарлай алады және жұмысты орындауда не істеу керектігін қалай істеу керектігін және сөзбен айта отырады. Жоспарлау, баланың зейінін ұйымдастырудың бірден-бір құралы болып табылады.  Дегенмен, мектеп жасына дейінгі  бала өз әрекет-қылығын ырықты түрде реттей алғанымен, ырықсыз зейін басым болады. Балаға бір қалыптағы, тартымдылығы төмен іс-әрекетке зейінін тұрақтата алу өте қиын. Зейіннің бұндай  ерекшелігі ойын элементтерін енгізу және іс-әрекет формаларының жиі  өзгертілуін талап етеді. Әрине, олар зейіннін интеллектуалды сұрақтарды шешуде  тұрақтай алады, бірақ зейін өте тез сарқылып қалу мүмкін. 4 тен 6 жасқа дейін зейіннің дамуында айтарлықтай алдына жылжу байқалады. Мектеп жасына дейінгі балалар өмірінің бірінші айларында оқудың оқу процесінің өзіне емес, оған байланысты нәрселерге қызығудан басталып, бірте-бірте мектепке дейінгі ұйымдарда оқытылатын салаларға (біреуіне-аз мөлшерде, ал біреуі– көп мөлшерде) қызығушылықтары ұлғайып, тартыла бастайды.  Мектеп жасына дейінгі  балалардың  зейінінің механизмі әлі де әлсіз болады. Сондықтан бұл жастағы оқушыларға зейінін ұзақ уақыт шоғырландыру қиынға түседі.

Бірақ 5-6 жасқа қарай ырықсыз зейін балада үлкендердегідей бола бастайды. Ендеше, мектеп жасына дейінгі кезеңде, бұны мүмкін ететін айтарлықтай өзгерістердің  жинақталып жатқандығы. Бұл өзгерістердің себебі неде, механизмі қандай? Бұл себептер, электрофизиологиялық зерттеулердің қорытындысына бойынша, үлкен жарты шар қыртысының жетілуімен және оның сыртқы   әсерге реактивтілігімен байланысты қыртыс-қыртыс асты өзара байланыстың өзгеруінде жатыр. Ырықсыз зейін баланың қоршаған ортамен байланысқа түсуі үшін өте маңызды. Ырықсыз зейін баланың ең бастысы қызығушылығына тәуелді.

Бірақ мектеп жасына дейінгі балалар өмірінің бірінші күнінен бастап ол оған тікелей қызығушылық туғызбайтын ырықты зейінді талап ететін істермен  айналысады. Ал бұл кезді, сырттан келетін ақпараттың күрт өсу жағдайында  қабылдаудың қалыпты деңгейде дамуы үшін  өте қажет. Зейіннің бұл түрінің қалыптасуы үшін бала әрекетін ұйымдастыру, оған бағыт беру, талап қоюдың маңызы өте зор. Ес процесіне келсек, Е.Е.Данилованың пікірінше, мектеп жасына дейінгілердің кезеңінде басқа психикалық процестер сияқты ес процесі де айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістердің мағынасы  балада ес біртіндеп саналы  түрде реттеуге болатындай ерікті бола  бастауында. Баланың есте сақтай алмауы оның ойын әрекетіне, түптеп келгенде  мектепке дейінгі ұйымда оқуға деген қатынасына теріс әсерін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі  баладан көлемі жағынан шағын материалды қайта жаңғырту талап етіледі,  «жай есте сақтау» тәсілі оқу материалын «алып кетуге» мүмкіндік береді.(6, 67) Бірақ, өкінішке орай көп жағдайда бұл тәсіл мектепке дейінгі ұйымда оқудың бүкіл кезеңінде жалғыз болып қалады. Бұл баланың мектепке дейінгі  жасында  мағыналық есте сақтаудың тәсілдерін меңгермегендіктен, логикалық ес қалыпты деңгей де қалыптаспауымен байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі  балаларда логикалық естің дамыту процесі арнайы түрде  ұйымдастырылған болуы қажет. Өйткені, көп жағдайда балалар өз бетімен материалды мағыналы түрде талдау тәсілдерін қабылданбайды, керісінше есте сақтау  мақсатында қалыптасып қалған қайталау тәсілін пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі  балалар әр түрлі жағдаяттарды өздері туғызады және бұл жағдаяттарда олар өзінің ең тамаша қасиеттерін байқата алады. Ойын кезінде қиял қалыптаса отырып, с-әрекеттің басқа түрлеріне айналады. Әсіресе бұндай құбылыс бейнелеуде, баланың тақпақ, ертегі құрастыруларында ерекше байқалады. Балалардың шығармашалығында келесі жағдайларды байқауға  болады: бір балалар қайта жасауға бейімді болса, басқалары – фантастикалық бейнелер мен жағдаяттарды  жасауға  бейім болады. Егер балада сөйлеуі мен  қиялы  жақсы дамыған болса, түрлі  сюжеттерді ойлап тауып, оны  әңгімелеуге, тіпті импровизация жасауға, қызығушылықпен, өз ісіне рахат сезіммен кіріседі. Үлкендер өміріне қарағанда қиял бала өмірінде үлкен роль атқарады.

Мектеп жасына дейінгі  балалар мекемесі – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты  жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдағы білім-үздіксіз білім берудің алғашқы, басқышы, қиын да жауапты жұмыс. [17]  Балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. [18]

Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі  тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамыту, жаңа рухани күш беру білімінің ең маңызды мақсаты болып табылады. [19]

Мектеп жасына дейінгі  баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. [19]  Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

Бейімділік-оянып келе жатқан қабілетіттің алғашқы белгісі. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда мектепке дейінгі мекеме ғана мақсаты түрде ықпал ете  алады. Балалардың шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады. 

1. Тақырыптың мазмұнына қарай  жинақтау.

2. Арнаулы бір тақырыпқа пікірталас  тудыру.

3. Логикалық ойлауын дамытатын  ойындар берілген тапсырмаларды шешу.

4. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рольге бөліп ойнау.

5. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме  беру 

Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.

1. орталық мұражайға апару 

2. әр түрлі кездесулер өткізу.

3. әр түрлі тақырыптарда сайыс  өткізіп алынған әсерлері бойынша ауызша айту

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу балаларды шығармашылыққа  баулуға, бала бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын дамытуға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті  ашу-баланың шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып  табылады. Мысалы, қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шағырма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы баланы бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші  жағынан қызығушылығын оятып шығармашылық қабілетін арттыруға белсенділікке ынталандырады.

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың ойлау  ерекшеліктері, қалыптасу механизміне тоқталмас бұрын таным процесі ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін қарастырып өтуді дұрыс деп ойлаймыз.

Адам өзіне қоршаған ортадан келіп ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймай, қабылданған заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады,  ұшқыр-ой  қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте  шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне  байланысты адамзат мүмкіндігі. Қоршаған орта шексіз, осыған сәйкес  дүниені танып білу де шексіз. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары  формасы. Ендеше, ойлау – болмыстық,  құбылыстық байланыс қатынастырының мида  жалпылай және жанама түрде бейнелеуі.

Сонымен, тікелей танып білуге болмайтын нәрселерді ойлау арқылы білеміз. Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу – ойлаудың басты міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдегі тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді.  Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді, бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана  көрініп қоймайды.

Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан кездейсоқтардың болуымен ойлау жалпыдан жалқыға келеді. Кеңістік пен уақыт аймағында шектелген жеке дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған байланыстар жалпылық сипатқа ие болады, ал әр қандай мән кездейсоқ жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың қызметі осы мәнді байланыстырды ашумен, оларды қорытындылап,  жалпылау; ойлау, осыдан жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған  байланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желісі. Сондықтан да ойлау жанама  байланыстар мен қатынастарға негізделген объективті шындықтың қорытындысы. Ойлаудың табиғи негізін түсіндіре келіп А.В.Брушлинский былай дейді: «Мышление  можно определить, как неразрывно связанный  психический процесс самостоятельного искания и открывания существенно нового, то есть опосредованного обобщенного  отражения деятельности в ходе ее анализа  и синтеза, возникающий на основе практической деятельности из чувственного познания и далеко выходящий за ее пределы».(2, 98) Бұнда айтылған таным әрекеті ретінде  ойлаудың ықпалды қимылмен тығыз байланысы,оның мектеп жасына дейінгілердің даму ерекшеліктеріне алдыда толық тоқталамыз.

Ойлаудың физиологиялық негізі болып мидың анализдік – синтездік қызметі және бұл екі сигнал жүйесінің қатар жұмыс атқаруы арқылы жүзеге асады.

Ойлау әрдайым белгілі бір мазмұнға ие. Оның мазмұнды компоненттері болып бейнелер, елестетулер, теориялық және эмпирикалық (тұрмыстық) ұғымдар, символдар, сызбалар және т.б. болып табылады. Бейнеде  бір мезгілде негізгі  перцетивті категориялардың (кеңістік, қозғалыс, форма және т.б.) қатысуымен болатын шындық біртұтастығы  бейнеленеді. 

Қиялдың көрініс беруі  немесе естегі қайта жаңғыртудың  негізінде туындайтын заттың немесе құбылыстың бейнесі. Ойлаудың операциялық компоненттері болып  ойлау операцияларының қызметтерінің жүйесі кіреді. Олар: анализ (талдау), синтез (топтастыру), салыстыру, абстракциялау (дерексіздендіру) жалпылау және нақтылау тәсілдері. Бұл қызметтердің әрқайсысы таным процесінде белгілі бір нақты  функцияны орындап, өзара тығыз байланыста болады. Бұлардың жалпы операциялары ақыл-ой  қызметіндегі  біріккен тәсілде біріктірілуі мүмкін. Тәсіл дегеніміз белгілі бір міндетті  шешуде  ұйымдастырылған анализ, синтез, абстракция, жалпылау қызметтерінің жүйесі.

Оқу тәжірибесінің алдында ойлау қызметінің тәсілдері меңгерту міндеті  қойылады.Тәсілдерді меңгеруі бірінші, мектеп жасына дейінгілердің онымен талысуы арқылы екіншіден, түрлі материалдарда сәйкес тәсілдерді  қолдану  жаттығулары арқылы, үшіншіден жаңа  міндеттерді шешуде тәсілдерді ауыстыру арқылы жүзеге асады. Осылайша, ой тәсілдерінің қалыптасуы шамамен келесідей тәсілдігі мазмұынын меңгеру, тәсілдерді өз бетімен қолданылуы, жаңа жағдаятқа көшірілуі. Психологияда ойлау былайша түрде классификациялау (топтастыру) қабылданған. 

- Ойлаудың мазмұнына қарай:

- практикалық іс-әрекеттегі затты-әрекеттік ойлау;

- қабылдау және елестету байнелеріне сүйенетін көрнекі-бейнелі ойлау;

- ұғым мен сараптауға сүйенетін сөзді- логикалық ойлау түрлері бар.

Шешілетін міндеттің сипатына қарай практикалық іс-әрекетті шешуде туындайтын міндеттерді шешуге  бағытталған практикалық ойлау, теориялық міндеттерді шешуге бағытталған теориялық ойлау түрлері бар.

Жаңашылдық және қайталанбастығына  оригиналдығына қарай: репродуктивті немесе шаблонды (қайта жасаушы ойлау) шығармашыл (өнімді) ойлау түрі, бұнда жаңа идеяларды  туындатуға бағытталады және оның нәтижесінде  қандай да мәселе, проблеманың  қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге асады.

Біз ойлау түрлерінің ішіндегі мектеп жасына дейінгі балаларға тән нақты-әрекеттің  ойлау, көрнекі-бейнелі және сөз-логикалық ойлау түрлерінің даму ерекшеліктерін қарастырамыз.

Ойлаудың бұл түрлерінің дамуына қарастыруда тұлғаның дербестіктерін  ескеруіміз қажет. Олар:

1. ойлаудың белсенділігі – кезіккен  міндеттер мен  мәселелерді өз бетінше ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен құралдарын барластыра алумен байланысты;

2. ойлаудың ауқымдылығы – қойылған  проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын  көптеп қамтып, өткенді, қазіргі  мен болашақ жағдайларды ұштастыра алу қабілетімен байланысты;

3. ойлаудың  сындарлылығы (критичность) – терең сын талдауында көрінетін  «оң» не «қарсы» тараптарын  таразылауда байқалады;

4. ойлаудың икемділігі - әрқандай  субъектінің қандай да мәселе  бойынша қатып қалған  көрсетпелер (шаблон) мен бұрыннан қалыптасқан  әдістердің құрсауында қалып қоймай, жағдайлар өзгерісіне қарай жылдам да жаңа шешімдерге иеле алудан көрінеді.

Бұл жерде  ойлаудың түрлері, қызметтері және  жеке дара ерекшеліктерін айта отырып, келесі жайтты естен шығаруға болмайды: ой  толғайтын мидың өзі емес, адам, біртұтас тұлға. «Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам деңгейінде қалып жатқанының  куәсіміз, сондықтан әр қандай ұшқыр ойдың  белсенді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз ой қызметін пайдалы, өнімді әрекетке  жұмсағаны дұрыс», - дейді өз еңбектерінде Сәбет Балтаұлы  Бап-Баба. (14,56)

 

Ойлау – сыртқы орта заттары мен құбылыстарын бейнелеудің  күрделі формасы

Ойлау – жанама байланыстар мен қатынастарға  негізделген объективті шындықтың қорытындысы

Ойлаудың физиологиялық негізі – мидың анализдік – синтездік қызметі және бұл екі сигнал жүйесінің қатар жұмыс атқаруы арқылы жүзеге асады.

Ойлаудың түрлері, формалар және ойлау операцияларының даму ерекшелігі  жеке тұлғаның дамуымен тікелей шарттас.

 

 

 

 

2.1 Мектепке  дейінгі жастағы    балалардың  ойлауын ойын арқылы  дамыту жолдарын қалыптастыру

 

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың ойлауының дамуы оның жеке тұлғалық, әсіресе  танымдық сфералық маңызды бір қыры болып табылады. Адамның ойлауына түрлі құбылыстар арасындағы қатынас пен байланысты белсенді  іздестіру, оның негізгі сипаты екендігін  жоғарыда айтылып өткендей тура танып  білуге болмайтын  байланыс қатынастарды өңдеу ойлауды түйсік және қабылдаудан ерекшелендіреді. Байланыс пен қатынастарды бөліп алып қарауда әр түрлі әрекет жасауға болады, бір жағдайда заттар арасындағы қатынастарды анықтауда, оларды реалды түрде өзгерту басқа бейнеге енгізу керек. Келесі жағдайда заттардың өзін өзгертпей, оларды ойша елестету арқылы бейнесін өзгерту керек. Ал кейбір жағдайларда заттар арасындағы қатынасты ойша өзгерту немесе практикалық өзгертуге бармай-ақ, ой қорытындысы және  пайымдау жасы анықталады. Осылайша, көрсетілген үш жағдайда, адам  заттар арасындағы көрінбейтін қатынастарды анықтайды, яғни түрлі құралдарды, түрлі тәсілдерді қолдана отырып ойлайды. Бірінші жағдайда көрнекі-әрекеттін ойлау жүзеге асырылды, өйткені адам қатынасты анықтауда заттармен әрекетке түседі, практикалық түрде олардың құрамы  қасиеттерін өзгертеді. Екінші жағдайда, көрнекі-бейнелі ойлау жүзеге асады, өйткені, заттардың өзі емес, заттардың бейнесі арқылы қатынастар анықталады. Үшінші жағдайда, сөздік-логикалық ойлаудың көрінісін бақылаймыз, яғни заттар арасындағы қатынастарды анықтауда (заттардың өзі де, бейнесі де емес), заттардың ұғымын білдіретін сөздерді қолданады.  Бұл сөздер арқылы жалпыдан жалқыға қарай  жүретін белгілі логикалық ережелерге  сүйенетін пайымдау жүзеге асырылады.

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың ойлауы кіші мектеп оқушыларының ойлау ерекшеліктеріне алшақ жатыр және мектепте оқудың алғашқы үш-төрт жылы балаларда ақыл-ой дамуына үлкен әсерін  тигізеді. Егер мектеп жасына дейінгі балаға, ойлау міндеттерін орындауда ырықсыздық, толық басқарылмайтындығы басым болып, оларды өздерін қызықтыратын нәрселер туралы  ойлауы тез әрі оңай болса, кіші мектеп оқушылары сияқты талаптар қойылатын мектепте оқудың нәтижесінде берілген тапсырманы уақытында орындау  өзінің ойлауын басқаруға, керек кезінде  ойлауға дағдыланады. Көп жағдайда ырықты басқаруға келетін ойлаудың қалыптасуына  сабақ үстіндегі тірбиешінің дұрыс берілген нұсқауларының әсері үлкен. Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың кезіндегі құрбыларымен қарым-қатынастың нәтижесінде балаларда  саналы түрдегі сындарлы ойлаулары қалыптасады. Нақтырақ айтқанда, сындарлы ойлау  топтағы түрлі міндеттерді шешу жолдарын, олардың түрлі нұсқауларын талқылауда және сол талқылау кезіндегі тәрбиешінің  балаларға қоятын негіздеу, әңгімелеу, дәлелдеу сияқты талаптарының әсерімен жүзеге асады. Өз әрекеттерін жоспарлау  мектепке дейінгі жастағы балаларда оқу процесі  кезінде белсенді түрде қалыптасады. Белгілі бір міндетті шешу балада оқу бастапқыда міндетті шешу жоспарын жасауға, содан кейін барып оның практикалы түрде шешуіне әсерін тигізеді. Мектепке  дейінгі жастағы  баланы  оған талқылау, түрлі пікірлерді салыстыруда, белгілі ой  қорытындысын жасауда міндетті түрде және  әр уақытта белгілі бір жүйеге енеді. Сондықтан да, мектепке  дейінгі жастағы балаларда сөздік-логикалық ойлау мектеп жасындағылардан кейінгілерге тән көрнекі әрекеттік, және көрнекі бейнелі ойлауына  қарағанда қарқынды дамиды.

Мектепке  дейінгі жастағы  балалардың топтағы сабақтарда балаларда оқу міндеттерін шешуде логикалық ойлаудың салыстыру, заттардың түрлі қасиеттері  мен жалпылау  белгілеріне қарай сөздік белгілерді көрсету сияқты тәсілдері қалыптасады. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу барысында балалық ойлауы неғұрлым ырықты, неғұрлым бағдарлы, неғұрлым саналы, неғұрлым жоспарлы бола бастайды, яғни ойлауда сөздік-логикалық сипат басым бола бастайды. Әрине бұл кезеңде басқа  түрлері де жалғасымды даму үстінде болады, бірақ негізгі бағыт талқылау, ой қорытындысын жасау тәсілдерін қалыптастыруда байқалады. Жас мөлшері бірдей балалардың  ойлауы әр түрлі екендігі белгілі,  бірқатар балалар практикалық сипаттағы міндеттерді оңай шеше алады, яғни көрнекі-әрекетті ойлау тәсілдерін қиындықсыз қолдана алады. Ал кейбіреулеріне белгілі құбылысты елестету, қиялдарды қажет ететін тапсырмаларды орындау жеңіл тиеді, біреулеріне сөз арқылы ойлау, ой қорытындыларын жасауға  бейім болады. Және бұл әсіресе жалпы  ережелерді шығару, оны нақты жағдайларда қолдануда, түрлі математикалық мысалдарды  шешуде қолданылады. Ойлаудың бұл түрін қолдана алу, мектеп жасына дейінгі балаларды үш деңгейде қарастырылады. Егер сөздік-логикалық ойлауға сәйкес күрделі және қарапайым міндеттерді сәтті шешіп, басқа балаларға жеңіл түрдегі міндеттерді шешуде көмек көрсететін болса, жіберілген қателіктердің себебін түсіндіре ала және жеңіл мысалдарды ойлап таба алатын болса, онда ол үшінші деңгей, яғни мектепке  дейінгі жастағы  баланың ойлауының жоғары деңгейіне кіреді.

Егер бала жеңіл түрдегі мысалдарды сәтті шешіп, неғұрлым күрделі мысалдарды шешуде оның шешімін бір тұтас елестетуде қынжылатын болса, онда ол екінші деңгейге кіреді, яғни балада жоспарлау дағдысы жеткілікті емес. Егер мысалдарды шешуде оның шарттарын нашар  талдайтын болса және оны шешімін іздеуде шатасатын болса, онда ол ойлаудың бұл түрінің бірінші деңгейінде. Мектепке  дейінгі жастағы кезеңіндегі балалардың ойлауының қалыпты деңгейде дамуында сөзден логикалық ойлау басымдылық көрсеткішімен, толыққанды даму ойлаудың аталған үш түрін де  пайдалану дағдысы болғанда ғана жүзеге асады. Өйткені ойлаудың үш түрінің әрқайсысы ақыл-ойдың сәйкес қасиеттерінің дамуына  көмегін тигізеді.

 Көрнекі – бейнелі ойлаудың  көмегімен түрлі міндеттерді  шешу мектеп жасына дейінгі балалардың өз әрекеттерін басқара алу, міндетті шешуде кез-келген емес мақсатқа бағытталған талпыныстарды жүзеге асыру дағдылары  қалыптасады. Ойлаудың бұл түрінің ерекшелігі заттарды қолға алып көруге болатын, олардың құрамы мен тұруын өзгертуге болатын, кеңістікте түрліше орналастыруға болатын міндеттерді шешу нәтижесінде туындайды. Затпен жұмыс істеу кезінде балаға өз әрекетін бағдарлау жеңіл тиген жағдайда, оған өз әрекетін басқару керек жағдайда практикалық талпыныстарды тоқтату немесе істі аяғына дейін белгілі нәтижеге жеткенге дейін өз талпынуға мәжбүр ету соғұрлым оңай болады. Сонымен, көрнекі-әрекеттін ойлаудың көмегімен, ақыл-ойдың маңызды бір  қасиеті болып табылатын мақсатқа бағытталған әрекет жасай алу, саналы түрде әрекетін басқара алу қабілеттерін дамытуға болады. Ал бұл қасиеттер мектепке  дейінгі жастағы  баланың оқу әрекетін қалыптасыруда ең маңызды қасиет екендігін педагогтар қайымы мойындайды. Көрнекі-бейнелі ойлаудың өзіндік ерекшелігін келесі мәселелерде байқауға болады: көрнекі-бейнелі ойлаудың көмегі арқылы адам бейнелер мен  елестерді реалды түрде өзгерту мүмкіндігі болмайды. Ал бұл мақсатқа кетуде түрлі  жоспарларды жасақтауға, ойша бұл жоспарларды салыстыруға және керектісін табуға әсерін тигізеді. Түрлі міндеттерді шешуде  көрнекі-бейнелі ойлауда адам нақты  заттардың болмауына орай, заттардың тек бейнесімен ойлау тәсілдерін қолданады. Бұндай  жағдайда мектепке  дейінгі жастағы  балаға өз әрекетін басқаруы, тексеруі қиындайды. Сондықтан көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту жұмыстарының ең басты мақсаты, оның көмегімен әрекетті басқаруда қалыптастыру болмайды. Мектепке  дейінгі жастағы балалардың көрнекі-бейнелі ойлауын коррекциялаудың басты мақсаты  оның көмегімен түрлі жолдарды,  түрлі жоспарларды, мақсатқа жетудегі түрлі  варианттарды, түрлі тәсілдерді қаратыру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Заттармен ойша әрекет жасауда мүмкін болатын түрлі  варианттардың өзгеруін елестетуде, сол варианттардың әрқайсысын орындауға қарағанда шешімді тез, әрі оңай тауып алуға болады. Оның үстіне реалды жағдаяттарды бірнеше  мәрте өзгертуге мүмкіншілік әрдайым бола бермейді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі