«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін ойын әрекетінде дамыту»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін ойын әрекетінде дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін ойын әрекетінде дамыту»

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады 

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский 

Баланың жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады.

Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті

сезуге тырысады. Оның тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге

болады. Ал, саусақ ойындарын балалар қызықтап ойнайды.

Саусақ жаттығуларын балалар саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды.

Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, баланың қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды.

Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға дайындайды.

Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту,

бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және

қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың

яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. 

Саусақ ойындарының нәтижесінде:

Баланың тілі жетіледі;

Қимыл — қозғалысы артады;

Икемділігі артады;

Қисынды ойлауы дамиды;

Танымдық деңгейі артады.

1. «Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына

ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,

жоғары-төмен қозғайды).

Қанттан сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

2. «Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері

жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

3. «Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын бір-біріне

тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес… (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне

тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес..

Енді санауды аяқтадық (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

4. Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты: қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол

қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап,

қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын

шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты

ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді, бұл жерде

қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды

бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге

қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

5. «Фигураларды құрастыр» жаттығуы

Мақсаты: қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді.

Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;

2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

3. Үй құрастыру;

4. Жалауша құрастыру;

5. Жұлдызша құрастыру.

6. «Санамақ» ойыны

Мақсаты: кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын, (алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші (қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері (қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған (ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар (қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

    Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы

әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ

саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен

бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да

саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

    Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға

айтады. Мысалы «Моншақ».

           Қызыл – сары көк моншақ.

           Мен жасаймын көп моншақ.

    Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре

отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін

өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

    Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік

қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен

ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай

меңгеруіне дайындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.08.2022
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі