Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуындағы мультимедиялық дидактикалық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуындағы мультимедиялық дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді оқыту үшін интерактивті, танымдық ойындарды құру және пайдалану тәжірибесін зерттеу, жалпылау және сипаттау бойынша жұмыс жүйесін құру. Мультимедиялық презентацияларды пайдалану балаларға көрнекілікті қамтамасыз етеді, бұл материалды қабылдауға және жақсы есте сақтауға ықпал етеді, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың көрнекі-бейнелі ойлауын ескере отырып дамытуда өте маңызды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуындағы мультимедиялық дидактикалық ойындар



Ұсынылған тәжірибенің бағыты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді оқыту үшін интерактивті, танымдық ойындарды құру және пайдалану тәжірибесін зерттеу, жалпылау және сипаттау бойынша жұмыс жүйесін құру.



«Балалардың табиғаты көрнекілікті қажет етеді»

К.Д.Ушинский



Мультимедиялық презентацияларды пайдалану балаларға көрнекілікті қамтамасыз етеді, бұл материалды қабылдауға және жақсы есте сақтауға ықпал етеді, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың көрнекі-бейнелі ойлауын ескере отырып дамытуда өте маңызды.

Өзектілігі

АКТ-ны қолдану білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі балалар әлемі – компьютерлік технологияларға толы (компьютерлік ойындар, ойын консольдері, электронды ойыншықтар және т.б.). Балалар ақпаратты интернет пен теледидар арқылы қабылдайды, мұнда ақпарат әрдайым жүйелі, әрі пайдалы бола бермейді. Сондықтан қазіргі мектеп жасына дейінгі баланың мотивациясын арттыру және оқытуды жетілдіру құралдарының бірі – қазіргі қоғам дамуының кезеңіндегі түсінікті және қолжетімді, жүйеленген электронды дидактикалық және оқу құралдарын құруға жұмыс жасау.

Мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті бұл ойын, сондықтан ойын арқылы танымдық процестерді дамыту оңайырақ. Ойын жағдайында балалар ересектердің тікелей тапсырмасына қарағанда жақсы жақсы көңіл бөледі және есте сақтайды.

Интерактивті құралдар ойынға негізделген. Компьютер балаларды педагогикалық процестен оқшауламайды, бірақ оны толықтырады. Бұл жаңа материалды ұсыну, өткенді бекіту, білімді бақылау сияқты барлық негізгі кезеңдерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Оқу процесінде интерактивті құралдарды қолдану дамушы пәндік ортаның қуатты байытушы элементі болып табылады. Сонымен қатар, интерактивті ойындармен өз бетінше айналыса отырып, бала орындалатын тапсырмалардың қарқыны мен санын өзі басқара алады, бұл даралау принципіне сәйкес келеді.

Интерактивті ойындардың мақсаты балалардың танымдық белсенділігін дамыту болса, нәтижесінде келесі міндеттерді жүзеге асырады:

- логиканы, қиялды, бейнелі ойлауды дамыту;

- балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерімен таныстыру;

- компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

- баланы еркін дамыту.

Бұл жерде бала – зерттеуге ұсынылған материалды өзгертуге және түрлендіруге қабілетті процестің белсенді қатысушысы.

Тапсырмаларды орындау барысында алынған практикалық дағдылар балаларға өздерінің жетістіктерін сезінуге мүмкіндік береді, көтеріңкі эмоциялық көңіл силайды, ал суреттердің анимациялануы арқасында балалардың назарында ұзағырақ сақталады және бұл өз кезегінде балалардың дамуындағы оң динамикаға әсер етеді.

Интерактивті ойындардың айрықша ерекшелігі – оларды барлық білім беру салаларында қолдануға болады.

Мультимедиялық дидактикалық ойындар оқу үдерісін балаға міндеттемей жанды әрі қызықты ететіндіктен, балалардың оқуға деген ынтасын арттырады.

Көптеген тәжірибелердің жаңалығы мектеп жасына дейінгі балаларға кіші топтан бастап дидактикалық компьютерлік ойындарды қолдануда болып табылады, бұл оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша жұмыс формаларын, әдіс, тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Сол себепті, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін белсендіру мен дамытуға бағытталған электрондық дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жағдайларын жасау, зерттеу және анықтау басты назарда болғаны жөн. Сонымен қатар, интерактивті компьютерлік ойындарды пайдалануда дидактикалық принциптерді сақтау аса маңызды, олар:

  • қолжетімділік принципі;

  • жүйелілік және реттілік принципі;

  • ғылымилық принципі;

  • шығармашылық белсенділік принципі;

  • көрнекілік принципі.

Интерактивті ойындарды қолдану принциптері:

- жеке көзқарас;

- педагогикалық процестің жоғары сапасы;

- мұғалімдердің кәсібилігі мен жауапкершілігі;

- баланың денсаулығын сақтау;

- санитарлық ереже мен талаптардың ұсыныстарына сәйкес уақыт кестесі.

Педагогикалық іс-әрекет тәжірибесі көрсеткендей, балабақшада АКТ-ны балалармен әртүрлі оқу іс-әрекеттерінде жоспарланған мақсатқа сай қолдануға болады. Балабақшадағы оқу іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Онда эмоционалды, жарқын, үлкен көлемдегі иллюстрациялық материалды қамтитын, дыбыс және бейне жазбалардың қолданылуын қажет етеді.

Балабақшада компьютермен жұмысты ұйымдастыру мен қолданудың ең тиімді түрінің бірі – мультимедиялық презентациялар арқылы сабақ өткізу. Тәрбиешілер арасында кең қолданыс тапқан бағдарламалық құралдардың бірі – MS PowerPoint.

Бұл бағдарламаны пайдаланудағы басымдықтарға:

  • бағдарламаның қол жетімділігі;

  • презентациялар мен интерактивті ойындар құру;

  • суреттердің түсі мен динамикасы;

  • аудио және бейне дизайны;

  • анимация;

  • техникалық орындау мүмкіндіктерін т.с.с. жатқызуға болады.

Және де осы бағдарламаның көмегімен Jamboard тақтасына қажетті дидактикалық ойындардың фондық суреттерін өз қалауыңызша жасақтап, әр түрлі форматта экспорттауға болады.

Ал, пайдаланудың әлсіз жағына бағдарламамен жұмыс істеуде білімнің, тәжірибенің жеткіліксіздігін жатқызамыз. Себебі, бағдарлама пакеті үнемі жаңартылып, үздіксіз жақсартылып отыратындықтан оның жаңа мүмкіндіктері уақыт тапшылығынан назардан тыс қалып жатады.

ӨНІМДІЛІКТІ ТАЛДАУ

Мультимедиялық, дидактикалық ойындарды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, баланың шығармашылық әлеуетін іске асыруға, рухани әлемін қалыптастыруға, балалардың білім алуға деген қызығушылығын жоғары деңгейге көтеруге өлшеусіз мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда, компьютерлік технологиялар бірқатар артықшылықтарға, басымдықтарға ие және де мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді: компьютер экранында ақпаратты ойын түрінде ұсыну балаларға үлкен қызығушылық тудырады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестері білім беруді ақпараттандырудың мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудегі мүкіндіктерінің аясын кеңейте түсуде. Инновациялық тәжірибелер мен интерактивті мультимедиялық ойын құралдарын құру, кеңінен қолдану баланың қажеттіліктері мен мотивтеріне бағытталған ойын әрекетінде тәрбиелеу мен оқытудың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсеткендей, АКТ-ны мезгіл-мезгіл дидактикалық оқу ойындарында тиімді пайдалану балалардың бойында ерікті қасиеттердің дамуына ықпал етеді, олардың ойындар арқылы білім алу дағдыларын қалыптастырады.

АКТ қолдану бойынша іс-тәжірибелерді тарату:

  • мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу, интерактивті ойындар жинағы;

  • мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптары;

  • білім беру сайттарындағы әдістемелік жинақ банкі;

  • педагогикалық блог;

  • БАҚ арқылы жүзеге асыруға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!