Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда тиімді тәсілдері тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейін балалардың тілін дамыту

Тәжірибе үрдісінде жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетін дамытуда әртүрлі ойын тәсілдерін қолдану қажет.

Ойын әрекетінің ерекше түрі – дидактикалық ойын болып табылады. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Білім барысы ойын және дидактикалық міндет негізінде жасалған кезде, дидактикалық ойын педагогпен оқыту мақсатында арнайы ұйымдастырылады. Дидактикалық ойынды қолданғанда бала тек қана жаңа білімді меңгермейді, сонымен қатар алған білімін нақтылайды және бекітеді.

Өзектілігі: ойынның негізгі мақсаты – баланы дамыту, жетілген және нақтыланғанды түзету, эксперименталдық тәртіп, шығармашылық бағытқа баланы шығару.

Дидактикалық ойын түрлеріне қарамастан басқа ойын мен жаттығулардан ерекшелейтін нақтыланған құрылымға ие. Дидактикалық ойынның құрылымын қалыптастыратындар:

  1. Негізгі компонеттер ‑ дидактикалық және ойынның міндеттері, ойын әрекеттері.

  2. Қосалқы компоненттер ‑ сюжет, роль.

Дидактикалық ойынның маңызды элементі ереже болып табылады. Ережелерді орындау ойын мазмұнын жүзеге асыруын қамтамассыз етеді. Ережелерді сақтау ойын және дидактикалық міндетті шешудің негізсіз шарты болып келеді.

Дидактикалық ойындар қолданылатын материал аясына байланысты шартты түрде сөздік ойындар, әр түрлі заттарды қолдану және үстелдік ойындар болып бөлінеді.

  1. Заттық ойындар – халық ойыншықтарын қолдану ойындары (ағаштан жасалған бір түсті және көп түсті конус пішінді сақиналар, шарлар, матрешкалар, саңырауқұлақтар және тағы басқалары). Дидактикалық ойындар, мазайка, әртүрлі табиғи материалдардан (жапырақ, тұқымдар т.б.). Бұл ойындар балаларда түстерді, көлем, пішіндерді қабылдауды дамытады.

  2. Үстелдік ойындар – қоршаған орта туралы түсініктерін нақтылауға бағыталған, ойлау процестері мен операцияларын дамытады (анализ, синтез, жалпылау, түрлендіру т.б.).

Үстелдік ойындар бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • Жұптық суреттер. Ойынның міндеті ұқсастықтар бойынша суреттерді теріп алу б.т.

  • Лото. Олар жұптастыру ұстанымы бойынша құрастырылады: үлкен картадағы суреттерге біркелкі ұсақ карточкаларды сәйкестендіреді. Лото тақырыбы жағынан алуан түрлі: «ойыншықтар», «ыдыс», «киім», «өсімдік» т.б. Лото ойындары балалардың білімін нақтылайды, сөздік қорын молайтады.

  • Домино. Жұптастыру принципі сурет‑карточкаларды теріп алу арқылы жүзеге асады. Домино ойындарында балалардың есте сақтау, тапқырлықтары т.б. дамиды.

  • Қилы суреттер, жинамалы текшелер. Ойындар көріністерді нақтылауға, бүтін және бөлшек арасындағы ара‑қатынас, зейінді дамытуға бағытталған.

  • «Лабиринт» сияқты ойындар кеңістікте бағдарлау, әрекеттердің нәтижесін алдын‑ала жоспарлауды дамытады.

3. Сөздік ойындар. Бұл топқа «Керісінше айт» - белсенді сөз қорында сын есімдерді қолдануын бекіту, молайту, «Кім не істейді?» -сөз қорын етістіктермен молайту т.б. сияқты көптеген ойындар кіреді. Сөздік ойындар зейін, тапқырлық, реакция жылдамдығын, байланыстырып сөйлеуді дамытады.

Дидактикалық ойындардың мазмұны үлкен маңызға ие. Мектепке дейінгі мекемелерде жаңа ойындарды әзірлеуге, құрастыруға немесе бұрынғы ойындарды түрлендіруге мүмкіндік бар. Құрамында дидактикалық міндеттерден басқа, ойын әрекеттері мен ережелері бар дидактикалық ойындардың структурасы балалардың психикалық процестерінің (ерік, ес, еріксіз зейін т.б) даму көлеміне байланысты күрделендіруге мүмкіндік береді.

Ойынның міндетті компоненті оның ережелері болып келеді. Ережелер арқылы логопед ойын барысында балалардың тәртібін және оқу‑тәрбие процесін басқарады.

Әдетте, мектепке дейінгі мекемелерге келетін балаларға логопед жалпы сөйлеу тілі дамымауының ІІІ деңгейін қояды. Сөйлеу тілінің ІІІ деңгейі бұрмаланған фразалық сөйлеудің лексикалық‑грамматикалық және фонетикалық‑фонематикалық элементтерінің дамымауымен сипатталады.

Сипаттамасы:

  • Бір дыбыс екі немесе фонетикалық топтары жақын бірнеше дыбыстарды алмастыру жағдайында, дыбыстардың сараланбай айтылуы.

  • Бір дыбысты әртүрлі сөздерде өзгеше айтылуы, яғни тұрақсыз алмастырулар байқалады.

  • Логопед соңынан үш‑төрт құрамды сөздерді дұрыс қайталап, сөйлеу кезінде балалар буындар санын қысқартумен бұрмалайды.

Фонематикалық дамуда әлсіз байқалған дефектілердің болуы балалардың жазу мен оқу бағдарламасын меңгеруге кедергі болады, себебі сөздің буындық құрамын жалпылау тәжірибе жүзінде толық қалыптаспаған.

Сөйлеу тілі жетіспеушіліктерін мерзімінде түзету өте маңызды, себебі уақыт өте айтылу жағы бекітілгеннен кейін қиынға соғады. Мектеп алды кезең ол – сөйлеудің жылдам даму уақыты, сонымен қатар дұрыс дыбыстауды меңгеру кезеңі.

Балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу процесіне қатыспау, кейін дамудың артта қалуына әкеледі.

Дидактикалық ойынға мен ерекше көңілаударамын, себебі ЖСТД‑ған балаларды тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Сөйлеу әрекетінің дамуынан басқа, ойын барысында таным әрекеттері қалыптасады, себебі дидактикалық ойын айналадағы шындықты кеңейтуге, зейін, ес, ойлау және байқағыштықты жетілдіреді.

Ойын тілді дамытады, ал тіл ойынды ұйымдастырады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы дамыту, жетілген және нақтыланғанды түзету, эксперименталдық тәртіп, шығармашылық бағытқа баланы шығару.

Дидактикалық ойындарды қолданудың арқасында білім процесі мектепке дейінгі жастағы балаларға түсінікті және қонымды ойын әрекетінде, яғни қызықты өтеді.

Дидактикалық ойын балалардың сөйлеуін дамытады: сөз қорын толықтырылады және белсендіріледі, дұрыс дыбыстау қалыптасады, байланыстырып сөйлеу дамиды, өз ойын толық жеткізуге дағдыланады.

Мектепке дейінгі жастағы ересек топтарға әр түрлі типтегі сөйлеу конструкцияларын жылдам меңгеру тән. Бала монолог формасын белсенді меңгереді. Оның тілі мәнді, қарым‑қатынас жағдайына тәуелсіз болып келеді. Сөйлеу тілінің дамуымен қатар граматикалық құрылымы жетіледі, сөзді мағыналық жағынан игеру байқалады.

Сонымен мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуында дидактикалық ойындар зор маңызға ие. Олардың көмегімен балалар қажетті білімді игереді. Мен дидактикалық ойындарды қолдану арқасында балалардың белсенділігін, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін шыңдауға мүмкіндік туғызамын. Сабақ кезінде балаларға қолайлы ортаны қалыптастырамын, бір‑бірімен араласуға үйретемін, білімді игерудің жаңа жолдарын іздестіремін, әр баланың жеке қабілеттерін жүзеге асыруға көмектесемін.

Балалардың сөйлеу әрекеті деңгейін дидактикалық ойындар арқылы жоғарылату жұмысымның негізгі мақсаты болып табылады.

Дидактикалық ойындарды қолдану келесі міндеттердің шешуге бағытталады:

  • Балалардың бір‑бірімен қарым‑қатынас жасауға және өз іс‑әрекеттерін түсіндіруге түрткі болу.

  • Сөйлеу инициативасы дағдыларын қолдануды бекітуге мүмкіндік туғызу.

  • Күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру.

  • Сөз қорын кеңейту.

  • Сөйлеудің грамматикалық құрылымын қалыптастыру.

Қойылған міндеттердің шешу мақсатында келесідей дидактикалық ойындар қолданылды. Олар үш этапта өткізілді.

Алғашқы этап дайындық ретінде сипатталады.

Бірінші этаптын мақсаты фонематикалық қабылдауды қалыптастыру мен дамыту, сонымен қатар байланыстырып сөйлеу мен лексикалық‑грамматикалық қатарды дамыту болып табылады.

Әр түрлі саладағы ойындарды күнделікті өткізу жүйелілікті қамтамассыз етеді: серуен кезінде, таңғы ас алдында, кешкі түзету уақытында, сонымен қатар ойын түрінде құрастырылған сабақ барысында.

Ойындарды жүйелі түрде өткізу балалардың ақыл‑ой дамуы мәселесін шешуге көмектеседі, себебі ес процесінің бағалы компоненті еске түсіру жетілдіріледі. Ерікті зейін едәуір жақсарады, ойлау процесінің жылдамдығы артады. Балалардың сөйлеуі айқын, мәнерлі және дұрыс бола бастайды.

Екінші этап дамытушы болып сипатталады.

Екінші этаптын мақсаты: ерікті зейін және сөйлеу белсенділігін көтеру, яғни дыбыс анализі дағдыларын дамыту, лексикалық‑грамматикалық қателер саның азайту.

Жұмыстың үшінші этапы балалардың алған білімі мен дағдыларын бекітуге көмектесетін тікелей дидактикалық ойындарды өткізуден тұрады.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, сөйлеу әрекеті барлық психикалық процестермен жақын қарым‑қатынаста әрекеттеседі және қалыптасады. Демек, балалардың сөйлеу әрекетін дамыту жұмысында дидактикалық ойындарды қолдану, менің ойымша, ең көкейкестi болып көрiнедi, себебі:

  • Дидактикалық ойын ЖСТД балаларға байланыстырып сөйлеуді меңгеруді жеңілдетеді, себебі есте сақтауды оңтайландырады және ес көлемін кеңейтеді. Жалпы балалардың сөйлеу мен ойлау әрекеттерін дамытады.

  • Дидактикалық ойындар мидың қарапайым есте сақтау механизмдерін қолданылады және есте сақтау процесін толық бақылауға, сақтауға және мағлұматты еске түсіруге мүмкіндік береді.

  • Келесіде балалар қарым‑қатынас немесе білім барысында өзбетінше тілді дамытуға мүмкіндік алады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12