Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тиімді жолдары.
Тіл - қоғамдағы адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым – қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастыруды қазіргі таңда басты мәселеге айналдырған жөн. Өйткені, соңғы кездері технологияның дамуының әсерінен балалардың көпшілігі мобильді телефон арқылы қарайтын басқа тілдегі ойын, мультфильмдер кері әсерін тигізуінің бірден – бір ебебі деуге әбден болмақ. Олай болса, тілдік құралдың кіші жастан бұзылмауына жол бермеу, алдымен отбасы әрі бала-бақша әрекет еткені дұрыс деп білуге болады. Әсіресе, тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра екенін ұмытпағанымыз абзал. Сол себепті, баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала – бақшаның қажырлы еңбегі орасан.
Бала – бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі – баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Дүкен», «Мұғалім», «Дәрігер», т.б. шығармашылық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек – орын, көрпе жастық, кілем, алаша — балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір – бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір – біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамыз да балаларды оқу және оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, кез – келген тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деген болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі – олардың еліктеу, қиялдау қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата – ана, тәрбиеші баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері керек.
Баланың тілін дамытуда әсіресе, ойынның көптеп көмегі бар. Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, баланың ойынға деген құлқы, қарым – қатынасы, мінезі олар өсіп – есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез – келген мәселесі бойынша түсінісі алатындай дәрежеге жетеді.
Баланың ақыл – ой дайындығының компоненттерінің бірі – жеткілікті дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Нәзік моториканың толық жетілмеуі баланың ақыл-ой дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелелдеген. Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік жетілгендіктің, яғни, баланың ұжымда жұмыс істей алуы, құрбылармен қарым – қатынасы, басқа балалардың пікірімен санасуы, т.б.с.с басты ерекшелік орын алады.
Мектеп жасына дейінгі бала қандай сөзді қолдануға болады немесе жағымсыз, айтуға ұят сөздерді де екшелей алады. Бала сөзге дыбыстық талдау жасай алады және сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабылетін жетілдіру, кеңістік, уақыт ұғымдарын, тағы да басқа тиянақтылықтың жан – жақты қамтылуы қажет, оған тәрбиеші мен ата – ананың үлгісі зор.
Ойын жаттығулар арқылы баланың білімдік дағдыларын күнделікті іс-әрекетінде қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнап отырып ойлануға бағыт беріледі. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал – ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі, дамиды. Соның нәтижесінде баланың тілдік дағдылары қалыптасады, нығаяды
Жазған : тәрбиеші - Бозжигитова Макмура Сейдановна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың тиімді жолдары

шағым қалдыра аласыз