жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілікті, әдептілікті тәрбие берудегі ата - аналардың рөлі.
Ата - аналар жиналыстары
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілікті, әдептілікті тәрбие берудегі ата - аналардың рөлі ».
Мақсаты: Ата-аналардың бір-бірімен қатынастарын нығайту, бір отбасындай бірлікке, жанашарлыққа, жауапкершілікке шақыру.
Сауалнама арқылы ой-пікірлерін алдын ала білу, бағалау.
Алдын - ала жүргізілген жұмыстар:
1.Апта бұрын сауалнама сұрақтарын таратып, жауап алып, баға беру.
2. Шақыру билетін тарату.
3. Жиналыстың болатын күнін, уақытын хабарлау.
Жиналысты өткізу жоспары:
1. Шеңбер.
2. Баяндама. Тақырыбы: «Адамгершілік- асыл қасиет»
Н.І Қойшыбаева (тәрбиеші)
3. Психологиялық – тренинг - А.С Серажова (психолог)
4. Мен баламның әлемін қалай өзгерте аламын?» - Ата - аналар пікірі
5. «Мені қоршаған» орта» балабақша өмірі туралы бейне баяндау тамашалау.
6. Ағымдағы мәселелер
7. Қорытындылау, ұсыныстар.
Жиналыстың өту барысы:
1. Эмоциональдық көңіл - күй туғызу.
Жиналысқа қатысушылар ортаға шығып, бір - бірінің
қолдарын ұстап, шеңбер құрып, бәрі бірге:
Біз доспыз,
Біз көңілдіміз,
Біз күштіміз,
Біз бәрін де жеңіп шығамыз – деп 3 рет қайталап, орындарына отырады.
2.Баяндама. Тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет»
Адамгершілік – адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қасиет, адамдардың іс-әрекеттерінің мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылық, әдептілік қалыптарды көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік
адамдарға тән бірден-бір игі қасиет ретінде өмірдегі жанға жат
мінездер кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.
Біз балабақшада жас өскінді адамгершілікке бағыттау мақсатында
түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы, оларды қиыншылықтан қорықпауға,
мақсатына жетуде барлық күш-жігерін жұмсауға, кезегін төзімділікпен
күтуге, ойыншықтарын өзара бөлісуге, құрбыластарына сүйкімді
болуына бір-біріне қолғабыс жасауына тәрбиелеуді көздейміз.
Белсенділік орталығындағы ойындар балалардан белгілі дәрежеде
еріктілікті талап етеді және айналасындағы үлкен - кішімен жақсы
қарым-қатынас жасауға баулиды. Балалар күнделікті оқу тәрбие
үрдісінде жаман мен жақсыны байқайды, өздеріне үлкендер тарапынан
берілген бағаны түсінеді, игереді. Осы меңгерген адамгершілік
қасиеттерді еңбек үстінде орнығып өзіндік қасиеттерге айналып
отырады.
Әрбір ата-ана парызы бала тәрбиесі жөнінде ойланып, тәрбиешімен пікір алмасып отыру. Соның арасында ата-ана баланы әлі ешнәрсе білмейді, өсе келе бәрін түсінеді деп салғырт қараудан айығады.
Әрбір ата-ана өзінің баласын еліне пайдалы, әке-шешесіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол болуын қалайды.
Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасындағы тағылым мен үлгі-өнегенің, балабақшадағы тәлім-тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен бастау алатыны баршаға белгілі. Олай болса болашақта көп болсын десең жақсы адам, тәрбиені бастау керек бақшада – дегендей тәрбиелі, көргенді бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді бірлесіп шешу қажеттілігі туындап отыр.
3 . Психологиялық – ойын - тренинг .
1.Ассоциация «Жанұя»
Мақсаты: Ата - аналармен жақынырақ танысу. Ата - аналардың сүйікті ісі, мамандығы жөнінде мәлімет алу.
Қызықты сұрақтарға ата-ана доп арқылы тез кідірмей жауап қайтаруы қажет.
1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы.
2. Балаңыздың тәрбиешілерінің толық аты-жөні.
3. Балаңыздың сүйікті асы қандай.
4. Балаңызды еркелеткенде қандай сөз айтасыз.
5. Балаңыздың салмағы қанша.
6. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен кандай сөз түседі.
2.«Көңілге түскен сызат»

Мақсаты: Қағаз бетіндегі баланың әдемі келбеті. Соны умаждаған соңғы түрін көрсете отырып, балалар көңіліне сызат салмайық.
4 . «Мен баламның әлемін қалай өзгерте аламын?» Ата-аналардың ой пікірі.
1. Әділжанның анасы:
Мен Әділжанның анасымын, менің балам балабақшаға келген уақытқа дейін үндемейтін еді. Тәрбиеші маған бала тәрбиесі жөнінде көптеген кітаптар, кеңестер берді. Мен белсенділік орталықтарындағы сабақтарға жиі қатысып отырамын. Баламды тәрбиелеудегі өзіме қиындық тудыратын мәселелердің жауаптарын балабақшадан алып отырамын.
Маған баламды тәрбиелеуде «Тәй - тәй» бағдарламасының көмегі тиді.
2
. Даниярдың
анасы: Мен белсенділік
орталықтарындағы сабақтарда тәрбиешілердің адамгершілікті, әдепті
қасиеттерді балалардың бойында адамгершілікті, әдепті қасиеттерді
қалыптастырып үшін, көп еңбектеніп жүргендерінің куәсі болдым: ас
үшін рахмет айту, бір - біріне жылы лебіздер айту, ойыншықтарымен
бөлісу, заттарға мұқият қарау, тамақтану кезінде ас құралдарын
дұрыс қолдана білу т.с.с. бұл маған бала тәрбиесіндегі үлкен
көмек.
Қорытынды, ұсыныстар.
Балабақша мен отбасы арасындағы қарым қатынасты нығайту.
Балабақшадағы балалар өмірінің қызықты да әсерлі өтілуіне, денсаулығының жақсы болуына жағдай жасау.
Тақырыбы: «Тәрбие отбасынан басталады»
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс:
- жиналыстың өткізілетін тақырыбы бойынша газет шығару;
- әрбір жанұяға шақыру қағаздарын жолдау;
-отбасы бөлмесіндегі шеңбер түріндн қойылған үстелдердің үстінде топ ата- аналарының есімдері жазылған шағын карталар қою;
- отбасы бөлмесін жиналыс тақырыбы бойынша жазылған плакаттармен безендіру;
-жиналыс барысында қажет болатын түсті қарындаштар, фломастерлер, қағаз дайындау;
-
Жиналыс барысы:
Балалардың топтағы өмірі туралы бейне роликті тамашалау. Бала тәрбиесі туралы әдебиеттермен танысу. Ата- аналармен достық жай- күй орнату мақсатында «Әрине сіз білесіз!» ойынын ойнату.
Ойын шарты: Ата- аналар ортаға шеңбер құрып тұрады. Ойынды тәрбиеші бастайды. Ол қасында тұрған көршісіне бұрылып: «Әрине сіз менің тәрбиеші екенімді білесіз, бірақ менің кітап оқығанды ұнататынымды білмейсіз» дейді. Міне, осылайша ойынды ары қарай жалғастыру арқылы топ ата- аналары бір- бірімен жақынырақ танысып, ерекше көңіл- күйге бөленеді.
-
Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы.
Тәрбиеші сөзі :
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып аяққа тұрып ел қатарына қослып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының кү сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі рөлі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жаслады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлық қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгісі мектепке дейінгі жаста қаланады.
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады.
Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Отбасының негізгі міндеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.
Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.
Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі Чехтің ұлы педагогі Ян Амос Каменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп, қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсіністіктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі баланды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста баланды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.
Қазақ ағартушысы С.Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.
Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келеді. Қазіргі қоғамда отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал ететін негізгі ошақ болып отыр. Әрине, әркім баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен қызмет иесі болса екен деп тілейді.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Балаға дүниеге келісімен көп көңіл ауларып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы бақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.
Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі ,білімді болып өсуіне жол ашады.
1.Бақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруіне үйрету.
2. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
3. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.
4. Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу.
5. Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.
6. Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.
7. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
8. Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.
9. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ой сезімін бағалай білу.
10. Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп,дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.
-
№27 «Жігер» балабақшасының педагог- психологының сөзі:
Балабақша психологы Рахишева Фарида ата-анамен балалар арасындағы қарым-қатынасты анықтауға арналған сауалнама, тренингтер жүргізді.
-
Тренинг «Мен кіммін?»
Мақсаты: Бұл жаттығуды әлі бір-бірін танымайтын жаңа топқа өткізуге болады. Осы жаттығу арқылы олардың бірін-бірі жақсы біліп тез қарым-қатынасқа түседі деуге болады.
Уақыты: 30 минут.
Жүру барысы: Әрбір қатысушы қолдарына қарындаш пен қағаз алады. Содан кейін оларға мынадай нұсқау беріледі. 1-ден бастап 10-ға дейінгі сандарды бір бағанға орналастырыңыз. Содан кейін әрбіреуіне «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру үшін «Мен» деп басталатын сөзді өзінің мінез бітістері, қызығушылықтары, эмоциясы туралы, яғни өзін суреттен беретін фразалармен аяқтау керек немесе қажет. Дайын болған қағазды арттарына жабыстырып қояды. Содан кейін барлығы бөлмеде жан-жаққа тарап арттарындағы жазылған сөздерді оқиды әркім өзі кімді жақсы білгісі келеді. Соған жақын барып арттарындағы жазылған сөздерді оқиды. Сөйтіп, олар бір-бірін жақсы біледі.
Педагог – психолог ата- аналарға бала тәрбиесі жөнінде кеңес берді.
-
«Баланы жан-жақты тәрбиелейік»
Мағжан Жұмабаев атамыздың сөзіне құлақ түретін болсақ « Бала ауру, зағип болса баладан емес, тәрбиешіден, бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы».
Бала тәрбиесі кезек күттірмейтін күн тіртібінен ешқашанда түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек.
Даму ортасының негізінде тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін мектепке дейін мекеме баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашу, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуді қарастырады;
-
Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау
-
Әр балаға оның жеке дара қасиеттерімен қабілеттерін ашатын өмір сүруге қажетті сфераларға орнығуына мүмкіндік көрсету
-
Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым-қатынасты орнату
-
Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуде және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдар мен құралдарды іздестіру
-
Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдарлана отырып жұмыс жасау
Даму ортсының негізі ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу оқыту үрдісінің ұстанатын негізгі принциптері мыналар:
-
Әр баланың тұлғасының ерекше болуын есепке алу мұнда оқыту өзіндік мақсат емес, ол даму құралы ретінде тұлғалық дамудың үстемдігі болып табылады.
Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз болады. Табиғатынан тынымсыз балаларға біз үнемі ұрсып, тәртіпке келтіруге шеберміз. Бала қандай да болсын қате іс жасаса, жекіп дүрсе қол беруден гөрі түсіністікпен қарау әлде қайда пайдалы, ондай кездерде бала өзіде қуыстанып, қорқып тұрады. Керісінше балаға ақыл айтып, жол көрсетіп, мұның пайдасы көбірек болады. Кей кездері балаларды өз құрбы-құрдастарының алдында беделін түсіріп, ренжітіп жатамыз. Бұл баланың ар-намысына тиіп қана қоймайды, оны өзге достарының алдында қор етіп көрсетеді, беті қайтады. Ең бастысы –қателікті бетке басып, мойындатуда емес, баланың ең алдымен жақсы қасиетін айтып, жігерлендіріп, кемшіліктерін жайлап жеткізу қажет.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл «демекші» баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата-ананың тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасындағы жағдайын ондағы тәрбие бағытын біліп ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнатып ынтымақтаса жұмыс жасағанда ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді. Бала тәрбиесі тек ата-анаға емес, баршамызға ортақ нәрсе.
Психолог ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Топ балаларының жалпы ерекшеліктері, өзара қарым-қатынастары, ұжымның психологиялық ахуалы туралы айтылды.
Сөз соңында психолог ата- аналарғажаңа заман талабына сай, еңбегіңіздің жемісі көрінер ұрпақ тәрбиелеулеріне сәттілік тілей отырып, алғыс білдірді.
-
Пікірсайыс (3-4 адам)
Ата- аналар бала тәрбиесі жөніндегі өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.
-
Практикалық бөлім
Барлық ата- аналар жиналыс тақырыбына сәйкес «Балаңызды қалай жұбатасыз?», «Серуен кезіндегі санамақ» тапсырмаларды орындады.
-
Жиналысты қорытындылау.
-
Ата- аналарға келесі жиналыстың тақырыбын, оны өткізу мерзімі туралы айтылды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген