Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша бүлдіршіндерін отансүйгіштікке баулу елін,жерін, Қазақстан рәміздерін құрметтеуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
1042
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балалаға патриоттық тәрбие беру. Патриотизм- Отанға,мемлекетке деген сүйіспеншілік,жеке адамның аман-саулығы,қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды,оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Бауыржан Момышұлы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында «Білім беру жүйенің міндеттері-азаматтық пен патриотизмге ,өз Отаны –Қазақстан Республика-сына сүйіспеншілікке ,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге ,халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген. Неге десеңіз ,Туған ел тарихы –халықтың рухани санасын ,ұлттық намысын оятатын бұлақ көзі,ал адам бойындағы патриоттық сезім –отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі. Педагог мұрағаты –балалар бойында жоғары патриоттық сананы ,өз елі,ұлты үшін мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуді қалыптастыру.Отан сүюге қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге,туған жерін ,атамекнін құрметтеуге тәрбиелей отырып бүлдіршіндердің патриоттық сезімін ояту-педагогтар алдында ең келелі міндет. Балабақша бүлдіршіндерін отансүйгіштікке тәрбиелегенде Отан,туған жер туралы өлеңдерді жаттату,мақал-мәтелдер айтқызу,өлеңдермен мақал-мәтелдердіңмағынасын қарапайым тілмен түсіндіру үлкен роль атқарады. Тәуелсіз еліміздің еңсесіерең өркениетке жетелейтін болашақ ұрпақ тәрбиесі-бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың құзреттілігін қалыптастырудағы патриоттық тәрбие үлгілік бағдарламаның стандарт –талаптарына сәйкес баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне қарай, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идиясына негізделіп жалпыадамзаттық құндылыққа ,ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу біздің тәрбие жұмысымыздың негізі болып табылады. Бала дүниеге келгеннен бастап айналадағы әлемнен бастау алады .Бірте-бірте қоршаған орта деген көзқарастарпайда болады. Бұл-бүкіл әлемді танудың алғашқы әліппесі. Танымдық әлемге жетелейтін тәрбие жұмыстарының тақырыбы сан алуан. «Табиғат», «Адам еңбегі» , «Ұлттық рәміздер», «Астана тарихы» , «Туған елдің көрікті жерлері» т.б. Балабақшада өтілетін тақырыптардың қайсысының болса да идеялық мұраты –баланы елін ,жерін сүюге ,отанжандылыққа тәрбиелеу.Әрбір өткізілген іс-шара мен пән әлемі,адам әлемі,табиғат әлемін таныстыру сабақтарының тоғысу арнасы –тұлғаны ұлтын сүюге , Отанын құрметтеуге баулу.Ойындарда,ертеңгілік қойылымдарда , саяхаттарда да патриоттық тәрбие тыс қалмайды.Патриоттық тәрбие – балабақша жұмысының құрамдас бір бөлігі. Бұл тұрғыдан келгенде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «мәңгілік ел» идеясымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы патриоттық тәрбие берудің кешенді жұмыстарын нақты айқындап береді. Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар .Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек ,ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп ,балаларға оның нәрін сіңіре білсек ,болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек- бұл еңбегіміздің жаңғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлен үлесіміз .Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп , мәдинет дәрежесі мен білімдік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет –тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегіне Отанына жеріне ,еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы-ел дамуының жарқын үлесі мен нақты қадамдарын көрсетілген келелі ой ,салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат .Бұл мақалада сананы жаңғырту ,ұлттық болмыстан ұлттық кодтан айырылып қалмай,оны әлемдік құндылықтарымен үйлестіріп ,Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат –мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген. «Біз-тәуелді болып, басымызды иген халықпыз.Тәзерлеп отырған да халықпыз.Біз халқымызға мынаны түсіндіруіміз керек : тіземіз ендігі жерде ешкімге бүгілмейді, бұдан былай ешқашан еңкеймеймізде. Тік тұрған қалпымыз бойынша Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз жанымызбен тәнімізбен қызмет етеміз, тіпті сол үшін жанымызды пида қылуға дайынбыз деп өзімізді де,жастарды да тәрбиелеуіміз керек» , -дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Елбасы сөзінің түйіні еліміздің Тәуелсіздігімен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын ұлтаралық сыйластықпен мәдениетті дамытатын,еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын бейбітшілікпен өркениетке өз үлесін қосатын,адамгершілік мұратты билік, патриот,намысшыл, қаһарман ,қайсар,жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу. Жалпы патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен бастау алады. Сондықтан отбасында патротизмге тәрбиелеу,ана тілінің құнарына қандыру, ұлттық мінез құлықты орнықтыру ,ұлттық салт –дәстүрді бойына сіңіру,тарихи дәстүрді сақтау, сол арқылы халқына сүйіспеншілігін ояту аса маңызды.Бүгінгіні таразыға салып ,келешекке нық сеніммен қарайтын ,жаны таза,рухы асқақ тұлға сонда ғана қалыптасады .

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!