Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін жаттықтыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін жаттықтыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту әдістемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін жаттықтыру

Куанышбаева З.Б.

«Өрлеу» БА ҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі балалардың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда.

Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті мен зейіні. Мектепке дейінгі шақта естің жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тіслдер мен стратегияларды меңгеруге негізделеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеті әркелкі болады, балалар үшін материалды ұғына, ұйымдастыра есте сақтағаннан гөрі, оны ешқандай есте сақтау құралдарынсыз өте жеңіл есте ұстаулары тән. Ес субъектінің басынан өткенін қазіргісімен және болашақтығысымен байланыстырады және дамыту мен оқытудың негізі болатын аса маңызды танымдық функция болып табылады. Ес бір-бірімен ұштасқан дара бөліктерден құралған күрделі психикалық үдеріс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірбиесін жинақтап, сақтап соңғы пайдасын жаратады.

Ес айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір түрі. Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда болған бейнелер із - түссіз жоғалып кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады.

Ж. Аймауытов: “... Еске түсіру өнері дегеніміз – ойлау өнері... Байланыстардың мәні - ойлау деген сөз” деп атап кеткен.

Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларға тоқтала кетейік. Мектеп жасына дейінгі баланың ес пен қимыл әрекетті дамыту «Төрт құбылыс», «Көңілді шеңбер», «Орныңды тап», «Сөзді есіңде сақта», «Ойыншықты сипатта» «Саусақтар ойыны» т.б. ойын жаттығуларының маңызы үлкен.

«Төрт құбылыс» ойынында балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді.
Кім шатасса ойыннан шығарылады. Сонымен бірге «Көңілді шеңбер» ойынында балалардың ес пен зейінін дамытуда балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. Бұл ойындарда балалар белсенді қатыса отырып, қоршаған ортаны тану, есте сақтау, зейінін аудару қабілеттіерін арттырып отырады.

Біздің күнделікті оқу іс әрекетімізде балалардың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамытуда басқада ойын жаттығуларды күннің екінші мезгіліндеде қоланамыз. Атап айтсам, «Ойыншықты сипатта» ойынында заттық дамыту орталықтағы ойыншықтар мен заттарды ұсыну арқылы балалардан сол ойыншықты көргендегі түр - түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Бұл ойын жаттығуда балалардың есте сақтау мен зейінін дамыту арқылы қол моторикасында дамытып отырамыз.
«Сөзді есіңде сақта» ойынында балаларға 7 қосарлы сөздерді оқып, балалардыңға мұқият тыңдау ұсынылады. Балаларға бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша
қалған сөздерді түгел айтып шығу керек. Мысалы: көктем – жаңбыр, жаз – күн шықты, аспан – бұлт, жер – шөп» т.б.

Балалардың есте сақтау қабілетін дамытуда саусақ ойындарының орныда ерекше. Саусақ ойындары баланың қызығушылығын арттыра отырып, зейіні мен есте сақтау қабілетін дамытады. М,сы, «Сиқырлы саусақтар» ойынында балаларға бес түрлі қимыл қозғалыстар аталады, балалар оларды естеріне сақтап тез - тез орындау арқылы саусақ арқылы көрсетеді.
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).

2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).

3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).

4. Қорқыту (сұқ саусақпен).

5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).

«Сөз моншақтар» ойынында балалардың сөздік қорын молайту мен сөйлеу, қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастырады. М,сы балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді. Осы ойынға ұқсас «Сандар мен сөздерді есте сақтау» ойыныда тиімді ойын жаттығулардың бірі. Балаларды ойын ойнауға шақырып, оларға сандар мен сөздер қатарын тыңдап, есінде қалғандарын қайталау тапсырылады.

Сандарды есте сақтау қабілетін дамытуда баладан сіз жазған алты санды атауын сұраймыз: 7, 3, 6, 1, 9, 4. (әр санды есіне сақтап алуына екі секунд беріледі). Сосын одан сандарды кез - келген ретпен жатқа айтуын сұрау керек. Сандар қатарын қайта жаңғырту тапсырмаларын бірнеше вариантта жасап алуға болады. Зерттеу оперативті есті және зейінді анықтауға бағытталған, олар екі бөлімнен тұрады: сандар қатарын есте сақтау және сандар қатарын оң және кері қарай қайталау.
Тапсырманы орындау нәтижелерін бағалаған кезде жатқа дұрыс айтылған сандар санынан қате айтылған сандарды бастапқы ретімен атап шықса, нәтижесіне тағы бір балл қосу арқылы баланы ынталандырып отыруға болады.

Мектепке дейінгі баланың бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты зейін деп атаймыз. Дәлірек айтқанда зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Адамға тәр әркеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогы К.Д.Ушинский «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табыладыДемек бұл есікке ілімнің бірде бір бірде бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе қалмайды».

Мектепке дейінгі баланың зейінін дамытуға арналған ойын жаттығулар өте көп. Дегенмен бұл ойын жаттығуларды тәрбиеші тиімді қолдана білсе ғана белгілі нәтижеге қол жеткізеді. М,сы «Түгендеу-шатастыру» ойыны баланың еріксіз зейінді дамытуда қолдануға болады. Бұл ойында тәрбиеші сол жерде отырған баланың атымен, тегін қате айтады. Бала зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады. Егер кімде-кім қателессе, ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ, жаңылтпаш, әзіл өлең).

Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамытуда «Не өзгерді?» ойынында балаларға арналған үстелдің үстіне бірнеше зат, не болмаса кішкентай бес ойыншық қойып, балаға үстелде тұған ойыншықты есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтың біреуін алып тастайды да, қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады. Осы ойынның басқа нұсқасы: тапсырма заттың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншығы үстелдегі заттың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтауы ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да, не өзгеретінін табуды ұсынады. Егер бұл ойын балаға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.

Зейін – адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету. Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз.

Сондықтанда зейін кез-келген іс-әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты.

Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды, оның дамуы сезімдерінің, қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты. Еріксіз зейін адам іс – әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Оның ішінде, еріксіз зейіннің оқу үрдісінде мәні зор. Еріксіз зейін арқылы оқу материалын меңгеру жеңілдейді, ол балалардың болдырмау арқылы іске асады.

Ерікті зейінді қолдауға көрнекілік, оқытудың әсерлігі, оқылатын материалдың мазмұнына қызығуды ұйымдастыру, жаңа хабарлайтын материалдың шәкірттердің бар білімдерімен байланысты. Бірақ бүкіл оқу үрдісін тек қана еріксіз зейінге құруға болмайды. Оқу жұмысы және жалпы адамзат әрекетінің барлық түрлері негізінен ерікті зейін арқылы іске асады.

Зейіннің дамуы жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен емес, мектептің бүкіл оқу - тәрбие жүйесінде іске асады. Зейінді тиімді тәрбиелеу төмендегі негізгі шарттарға байланысты:

1. Бала әруақытта кез – келген іс – әрекетте, кез – келген жұмысты орындауда зейінді болуға тиісті, әр – уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеу қажет.

2. Балаларды кез – келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді жаттықтыру.

3. Баланы ұйымдастырылатын оқу-қызметте зейін қоюға үйрету.

4. Зейінді болу әдетіне тәрбиелеу, зейінділік мінез –құлықтың үйреншікті түрі болуы тиіс.

Педагог әрбір баланың зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір баланың немесе бүкіл топ кемшіліктерін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады.

Педагог әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде балаларды үйрету керек.

Әдебиеттер:

1. Сангилбаев О.С. Зейінді зерттеу мәселелері. Оқу құралы. А. 2003 ж.
2. Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: ―Білім‖, 2007 ж.

3. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 1998.

4. Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики - М., 1981.

5. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.

6. Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2021
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі