Мектеп жасына дейінгі ерте кәсіпті бағдарлауды қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі ерте кәсіпті бағдарлауды қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте кәсіптік бағдарлау жасына дейінгі балаларға әртүрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін байқап, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру. Бұл кезеңде негізгі мақсат баланы нақты бір кәсіпке баулу емес, еңбекті сүюге, әртүрлі мамандықтарға құрметпен қарауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Мектеп жасына дейінгі ерте кәсіптік бағдарлауды қалыптастыру»


Астана қаласы

42 «Бәйшешек» балабақша әдіскері П.К.Дайрабаева



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында: «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс», деп атап өтті.

Расында, кейінгі кезде қоғамда кәсіптік бағдар беру туралы түсінік кеңінен өріс ала бастады және ерте жастан мамандық таңдауға мән беретін жұрттың қатары көбейіп келеді. Бүгінде көптеген ортада аталған бағыттағы жұмыстар айтарлықтай жүйеленіп, кәсіптік бағдарлау бойынша арнайы орталықтар, кеңесші мамандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл бетбұрыс, әрине, қуантады. Ерте кәсіптік бағдарлау жасына дейінгі балаларға әртүрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін байқап, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру. Бұл кезеңде негізгі мақсат баланы нақты бір кәсіпке баулу емес, еңбекті сүюге, әртүрлі мамандықтарға құрметпен қарауға үйрету.


Мақсаты: Баланың болашақ кәсіби дамуына іргетас қалау. Әлемде бар түрлі кәсіптер туралы алғашқы түсінік беру. Ойын, тәжірибелік әрекет арқылы еңбектің құндылығын сезіндіру.

Міндеттері: Баланы әртүрлі кәсіп түрлерімен таныстыру (дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші, құрылысшы, аспаз, т.б.). Ойын арқылы еңбек әрекеттерін бейнелеу. Үлкендердің еңбегін сыйлауға тәрбиелеу. Еңбектің қоғам өміріндегі орнын түсіндіру.


Әдіс-тәсілдері: Сюжеттік-рөлдік ойындар: «Дүкенде», «Дәрігер», «Мектеп», «Шаштараз». Экскурсиялар: кітапханаға, дәріханаға, өрт сөндіру бөліміне, наубайханаға апару. Көрнекілік: суреттер, мультфильмдер, бейнероликтер арқылы мамандықпен таныстыру. Шығармашылық жұмыстар: сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы кәсіптік әрекеттерді бейнелеу.

Әңгімелесу: «Ата-анаң қайда жұмыс істейді?», «Саған қандай маман ұнайды?».

Ерекшеліктері: Бұл жастағы балалардың зейіні қысқа, сондықтан ойын арқылы үйрету тиімді. Бала нақты кәсіпті таңдамайды, тек қызығушылығын білдіреді. Баланың «Мен кім боламын?» деген сұрағына алғашқы жауап іздеу кезеңі.

6. Маңызы Баланы еңбекқорлыққа, жауапкершілікке баулиды. Әр кәсіпке деген сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастырады. Ертеңгі кәсіби бағдарлауға (мектептегі кезеңде) дайындық жасайды.

Қорытынды: Мектеп жасына дейінгі ерте кәсіптік бағдарлау баланың болашақ өмірлік жолын таңдауда алғашқы қадамы. Ол ойын, әңгіме, тәжірибе арқылы жүзеге асады және ең бастысы баланың еңбекке баулу.


Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеттің құрылымы

Кіріспе бөлімі

1.Балаларды іс-әрекетке қызықтыру. Психологиялық жағымды орта қалыптастыру (ойын, сергіту сәті). Тақырыппен таныстыру.


2.Негізгі бөлім Тәрбиеші балаларға жаңа білім, түсінік береді

Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады: әңгімелеу, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау, шығармашылық тапсырма.

Балалардың белсенді әрекетіне жағдай жасалады.

3. Қорытынды бөлім Балалармен бірге тақырыпты қорыту. Қойылған мақсатқа жеткенін бағалау. Ойын немесе сергіту арқылы ұйымдастырылған іс-әрекетті аяқтау.

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеттің түрлері

Білім беру дағдылары бойынша:

Таным (математика негіздері).

Коммуникация (тіл дамыту, көркем әдебиет).

Шығармашылық (сурет, музыка, жапсыру, мүсіндеу).

Әлеуметтік орта (қоршаған әлеммен танысу еңбек, мамандықпен таныстыру, әдеп).

Дене шынықтыру (қимылды ойындар, спорт элементтері).

Мысал тақырыптары:

«Дәрігер бізді емдейді» (ерте кәсіптік бағдарлау).

«Мамандықтар әлемі»

«Жас эколог» т.с.с

Қысқаша түйін: Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет - балабақшадағы білім беру жұмысының ең маңызды түрі. Ол балалардың жас ерекшелігіне сай қызықты, ойын арқылы және практикалық тапсырмалар негізінде өткізілуі тиіс.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2025
60
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі