Материалдар / «Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдану»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологияларды қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2022
343
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама



Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде

жаңа технологияларды қолдану»

















Дайындаған қосымша білім беру педагогы:

Бекетаева Сания Жумажановна













Павлодар 2022 жыл


Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде

жаңа технологияларды қолдану»


Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай


Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мектепалды даярлық топтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Сабақта жаңа   технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан - жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз қажет? Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен
ұстаз тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет.
Біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің бірі- білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру.

Қолдануға тиімді технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Монтессори технологиясы
3. Модульдік оқыту технологиясы және т.б.
1) Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
2) Монтессори технологиясы.

Қай кезеңде болмасын Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.

Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып,өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз.

Балалардың  логикалық  ойлау қабілеттерін, әртүрлі   жаттығулар арқылы  дамыта  отырып,  ұйымшылдық, тапқырлық,  ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.    
Монтессори  топтарында  бала  негізінен арнайы   дайындалған  қоршаған  орта.  Монтессори  көрнекіліктердің  көмегімен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  үйренеді.  Монтессори  педагогикасының  тағы  бір  ерекшелігі  әртүрлі  жастағы  балалар  бір-біріне  кедергі  келтірмейді қайта   бір-біріне  көмектеседі

«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ.
3) Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;

Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті.
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. 
Оны біз қолданатын кезіміз: 
-Сөздік қорын байыту үшін 
-Әңгіме құруға ұйретуге 
-Көркем әдебиетті мазмұндауда
-Жұмбақ жасыру және шешуде 
-Өлең жаттауда 
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.

«Олар не жейді?» Ойын – жаттығулары.
Мақсаты – сызба бойынша сұраққа жауап беруге үйрету.

   
«Балалар не істейді?» ойын – жаттығулары.

Мақсаты – суретке қарап шартты белгілерді сәйкестіру. 


  ұйықтайды.

     ойнайды

    сурет салады.

Көрнекілік арқылы тақпақ жаттау.
   
   

Көп шар бар, Бес шар бар, Қызыл шар бар.


Жаңылтпаш жаттаймыз.

   

-еуі де 

Кереуетте төрт бөрік,
Төртеуіде көк бөрік.
Әңгіме құрастыруға арналған тірек – сызбалар.
Мақсаты; Тірек – сызбаларды пайдаланып, шағын әңгіме құрастыруға бейімдеу.

   


Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиімды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.


Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білімқұмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.

Қорытындылай келе,  бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса, тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!