Материалдар / Мектеп жасына дейінгі сурдопедагогика циклограммасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі сурдопедагогика циклограммасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту қабілеті бұзылған балаларды жасына сай тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету үшін оңтайлы жағдай жасау, жүйелі түзету-тәрбие жұмысы негізінде әрбір баланың жеке тұлғасын үйлесімді дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2024
209
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЦИКЛОГРАММА

01 .09 2023 ж

12 мектепалды топ «Қызғалдақ» Сурдопедагог: Хамидуллина Ш.

Күн тәртібі


Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау сәтіне қатысу

08:50

09:00

Жұмыс орнын сабаққа дайындау .Желдету. Балалармен әңгімелесу.Бақылау

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09:00-10:20














Білім әлемі туралы түсінік беру.

1.«1 Қыркүйек – Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.

2.Саяхат жасау арқылы балаларға білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

3.Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім:Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым. Балалар бір-бірінің қолдарын ұстап ым-қимыл арқылы қуаныш сезімдерін білдіреді.

Негізгі бөлім: «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

-Дыбысты айтамыз, естиміз.

Е нді тақтаға қараймыз.









Бұл-әріп-дыбыстардың дактиль таңбалары.

Біздер осы әріптерді оқу жылында үйренетін боламыз,Дидактикалық ойын: «Дұрыс айт». Шарты: дауысты А.У О И дыбыстарын әртүрлі интонациямен айтылатынына мысалдар арқылы айтып көрсету. Балалар бірнеше рет қайталайды.

Қорытынды бөлім: Әріптердің үстін бастырып сызу.Дактиль таңбасын табу.

Жеке сабақ




10:30-12:30






Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.

Құжаттармен жұмыс ,ата-аналарға кеңес,кездесу.

Ата-анамен кездесу.

12:30-13:48





Дидактикалық ойындарды толықтыру.

Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру. Жеке түзету бағдарламасын толтыру.


Тексерілді:_______________

ДОЖО: Б .Турмаганбетова

«_______»__________20 _____ж

Ұсыныс:
































ЦИКЛОГРАММА

I-апта 04.09- 08.09 2023 ж

12 мектепалды топ «Қызғалдақ» Сурдопедагог: Хамидуллина Ш.

Күн тәртібі


Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау сәтіне қатысу

08:50

09:00

Жұмыс орнын сабаққа дайындау .Желдету. Балалармен әңгімелесу.Бақылау

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09:00-10:20









Сөйлеуді дамыту.

«Әріптер әлемінде»

Білімділік: Балаларға дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөйлеу тілін жетілдіру. 

Түзету-дамытушылық: Дидактикалық ойындар және сұрақ-жауап тәсілі арқылы балалардың логикалық ойлауын,зейінін,қабылдауын,есте сақтауын,саусақ моторикасын,тілінің қимыл-қозғалысын,дұрыс сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелілік: Балаларды белсенділікке,байқағыштыққа,ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім: Шеңбер болып тұрайық Алақанды ашайық Күннің нұрын шашайық.

Негізгі бөлім: Балалар қараңдаршы,біз әріптер мен дыбыстар әлеміне келіппіз.

Сендерге үлкен сиқырлы кітапты дайындап қойдым,ол кітапта сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар бар.

Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сендерді бір сиқыр күтіп тұр.

Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма балалар?








Қараңдаршы, балалар,қандай үлкен сиқырлы кітап .Білім ханшайымының тапсырмасын орындап ,бізді қандай сиқыр күтіп тұрғанын көреміз бе?

Әуенмен кітапты ашамыз

1-бет. Артикуляциялық жаттығулар:

Сағат,ат шауып келеді, тәтті тосап ,тарақ.

Жарайсыңдар,келесі бетті ашайық.

Әуенмен кітапты ашамыз

2-бет.Тыныс алу

жаттығуы. Балалар,сендердің алдыларыңда су құйылған ыдыс тұр. Мұрынмен терең тыныс алып,ыдыстағы суды түтікшемен үрлеп дем шығарамыз.Сонда түтікшемен үрлегенде қандай дыбыс шығады?

Сергіту сәті; »Тұлпарым»

Енді бәріміз шеңберге тұрып, осы электрондық қазақ үймен «Тұлпарым»әніне сергіту жаттығуын жасап,денемізді сергітіп алайық.

Саусақ жаттығуы;

3-бет «Су-Джок» добымен.

Алақанды ашамыз

Допты қолға аламыз

Достарменен әрқашан Тату-тәтті тұрамыз Доптар-доптар,жұмыр доптар Доппен ылғи ойнар достар Доптар-доптар,жұмыр доптар Кел ойнайық доппен достар.

Енді мына қалташадан кілтті алайық.Енді осы кілтпен үйшіктің есігін ашып үлкен қорапта не бар екен көрейік.

Бұл,балалар ойыншықтар (ым-ишарамен көрсету,шамамен айту.)

сендердің білімді,ақылды балалар болғандықтарың үшін берілген.

Қорытынды бөлім: Сендерге дыбыстар мен әріптер әлемі ұнады ма?

Балалар,қандай тапсырмаларды орындадық?

Жарайсыңдар,сендер маған да өте ұнадыңдар.Берген жауаптарыңа қанағаттандым. Балаларды мадақтап жұлдызшалар тарату.

Сөйлеуді дамыту.

«Әріптер әлемінде»

Білімділік: Балаларға дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөйлеу тілін жетілдіру. 

Түзету-дамытушылық: Дидактикалық ойындар және сұрақ-жауап тәсілі арқылы балалардың логикалық ойлауын,зейінін,қабылдауын,есте сақтауын,саусақ моторикасын,тілінің қимыл-қозғалысын,дұрыс сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелілік: Балаларды белсенділікке,байқағыштыққа,ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім: Шеңбер болып тұрайық Алақанды ашайық Күннің нұрын шашайық.

Негізгі бөлім: Балалар қараңдаршы,біз әріптер мен дыбыстар әлеміне келіппіз.

Сендерге үлкен сиқырлы кітапты дайындап қойдым,ол кітапта сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар бар.

Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сендерді бір сиқыр күтіп тұр.

Сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма балалар?






Қараңдаршы, балалар,қандай үлкен сиқырлы кітап .Білім ханшайымының тапсырмасын орындап ,бізді қандай сиқыр күтіп тұрғанын көреміз бе?

Әуенмен кітапты ашамыз

1-бет. Артикуляциялық жаттығулар:

Сағат,ат шауып келеді, тәтті тосап ,тарақ.

Жарайсыңдар,келесі бетті ашайық.

Әуенмен кітапты ашамыз

2-бет.Тыныс алу

жаттығуы. Балалар,сендердің алдыларыңда су құйылған ыдыс тұр. Мұрынмен терең тыныс алып,ыдыстағы суды түтікшемен үрлеп дем шығарамыз.Сонда түтікшемен үрлегенде қандай дыбыс шығады?

Сергіту сәті; »Тұлпарым»

Енді бәріміз шеңберге тұрып, осы электрондық қазақ үймен «Тұлпарым»әніне сергіту жаттығуын жасап,денемізді сергітіп алайық.

Саусақ жаттығуы;

3-бет «Су-Джок» добымен.

Алақанды ашамыз

Допты қолға аламыз

Достарменен әрқашан Тату-тәтті тұрамыз Доптар-доптар,жұмыр доптар Доппен ылғи ойнар достар Доптар-доптар,жұмыр доптар Кел ойнайық доппен достар.

Енді мына қалташадан кілтті алайық.Енді осы кілтпен үйшіктің есігін ашып қорапшада не бар екен көрейік.

Бұл,балалар жұлдызшалар

(ым-ишарамен көрсету,шамамен айту.)

сендердің білімді,ақылды балалар болғандықтарың үшін берілген.

Қорытынды бөлім: Сендерге дыбыстар мен әріптер әлемі ұнады ма?

Балалар,қандай тапсырмаларды орындадық?

Жарайсыңдар,сендер маған да өте ұнадыңдар.Берген жауаптарыңа қанағаттандым. Балаларды мадақтап жұлдызшалар тарату.

Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Естіп-көру және есту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау;

 Суретке қарап тілдік дыбыстарды ажырата білу. (Мысықтың,иттің,сиырдың, т,б) Жануарлардың дыбыстарын ажыратуға үйрету. Баланың тілдік емес дыбыстарға(екі түрлі дыбыстарға) қашықтықты ұзарта отырып реакциясын анықтау.

Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: Дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;

 Дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздер мен дыбыстарды дәл айту

(шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы).

Сөздік қоры: Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық сөздердің айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. «ОТЫР,ТҰР,ЖҮР,БЕР,

АЛ,СУ ІШЕМ,ТАМАҚ ЖЕЙМІЗ»

Көрнекілік: Жан-жануарлардың ойыншық мүсіндері, суреттері,

Видеожазба. Дыбыс күшейткіш құрал.Кеспе сөздер.

Кіріспе бөлім: -Сәлеметсіздерме балалар.

Сәлемдесу . (Ыммен, шамамен айту.).

«Шаттық шеңбері»

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Дөңгелене тұрайық

Сәлемдесіп алайық.

-Кәне балалар,енді біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді тағы бір қайталап шығайық.

(Балалар кеспе сөз және фотосурет бойынша есімдерін белгілейді және дактильді түрде ,шамамен дыбыстап айтады)

Енді ОТЫР,ТҰР,ЖҮР кеспе сөзін оқып орындаймыз.

Негізгі бөлім:

Балалар,бүгін бізге әр түрлі жан –жануарлар қонаққа келді (ойыншықтарды үстел үстіне қою)

Бұлар-МЫСЫҚ,ИТ,СИЫР,

ҚОЙ

Шамамен айту, ым-қимылмен көрсету.

Ал,енді бұл жанурлар қандай дыбыс шығарады екен магнитофоннан тыңдап көрейік.

МЫСЫҚ-мяу,мяу.

ИТ-ав,ав,ав

СИЫР- му-у-у-у-у.

ҚОЙ: бэ-э-э-э-э-э-э

Тыңдаймыз,айтамыз.

Алыстан және жақыннан тыңдап ажырату.

Суреттен көрсетеміз. Теледидардан видео көрініс тамашалау. Әр жануардың дыбысын тыңдап, шамамен айтамыз, ым-қимылмен көрсетеміз.

Сергіту жаттығуы: «Жан-жануардың суретіне қарап қимылдарын салу»

Қорытынды бөлім:

«Көлеңкесін тап»

Жан-жануарлардың көлеңкесін табу.

Балаларды мадақтап жұлдызшалар тарату.


 Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету; ойыншықтардың

дыбысталуын есту арқылы ажырату. Есту қабілеттерін арттыру Мимика арқылы еріннің қозғалысын бақылау. бағытын және қандай қашықтықтан еститіндерін анықтау. Сыбырға және дауысқа деген реакциясын анықтау.

Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: Дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;

 Дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздер мен дыбыстарды дәл айту


(шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы).

Сөздік қоры:

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық сөздердің айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. «ОТЫР,ТҰР,ЖҮР,БЕР,АЛ,СУ ІШЕМ,ТАМАҚ ЖЕЙМІЗ»

Көрнекілік: ойыншық барабан,қоңырау,сылдырмақ,сыбызғы,қуыршақ

Кеспе сөздер.

Кіріспе бөлім: -Сәлеметсіздерме балалар.

Сәлемдесу . (Ыммен, шамамен айту.).

«Шаттық шеңбері»

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Дөңгелене тұрайық

Сәлемдесіп алайық.

-Кәне балалар,енді біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді тағы бір қайталап шығайық.

(Балалар кеспе сөз және фотосурет бойынша есімдерін белгілейді және дактильді түрде ,шамамен дыбыстап айтады).

Негізгі бөлім:

-Балалар,бүгін біз ойыншықтардың қандай дыбыс шығаратынын анықтаймыз.

Алдыңғы сабақта нелердің дыбыстарымен таныстық?

-жануарлардың

-дұрыс

Ендеше мына корзинкада не бар екен көрейік

Мынау не?

БАРАБАН;ҚОҢЫРАУ;

СЫБЫЗҒЫ;СЫЛДЫРМАҚ.

-Қазір бұлардың қандай дыбыс шығаратынын мұқият тыңдаймыз,есте сақтаймыз. Сосын қайталап айтамыз.

Дыбыс шығару құрылғысынан дыбыстарды естіп, ажыратып айту.

Жеке-жеке сұрау.

Енді теріс қарап тұрып дыбысты естігенде үстел үстіндегі суреттерді және заттарды көрсетеміз,

шамамен айтамыз.

Алыстан және жақыннан естіп ,ажырату.

Қорытынды бөлім:Тыңдаймыз,

орындаймыз

Барабанды бер, сылдырмақты ал,қуыршаққа су бер, Қоңырауды үстелге қой.

Балаларды мадақтап жұлдызшалар тарату.


Жеке сабақ




10:30-12:30


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.

Құжаттармен жұмыс ,ата-аналарға кеңес,кездесу.

Ата-анамен кездесу.

12:30-13:48

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.Дидактикалық ойындар жасау. Үлестірмелі материалдар қатарын толықтыру.


Ата аналармен кездесу. (қажеттілігіне қарай)

Дидактикалық ойындар жасау.Үлестірмелі матариалдарды толықтыру. Арнайы мамандармен (психолог,логопед,дефектолог) тәжірибе алмасу.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.





Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру.

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу, бейімделу парағын толтыру.

Консультативтік қызмет (педагогтармен, тәрбиешілермен өзара іс-қимыл)

Дидактикалық ойындарды толықтыру.

Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру. Жеке түзету бағдарламасын толтыру.

Ата-аналарға үй тапсырмаларын толық орындап келуге кеңес беру.

Тексерілді:_______________

ДОЖО: Б .Турмаганбетова

«_______»__________20 _____ж

Ұсыныс:
























ЦИКЛОГРАММА

II-апта 11.09-15.09 2022 ж

12 «Қызғалдақ» мектепалды тобы Сурдопедагог: Хамидуллина Ш.

Күн тәртібі


Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау сәтіне қатысу

08:50-09:00

Жұмыс орнын сабаққа дайындау .Сабақ құралдарын, көрнекіліктерді дайындау.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09:00-10:20

Сөйлеуді дамыту.

«Мамандықтар»

Білімділік:

Балалардың есту арқылы сөйлеуі мен сөйлеу тілі қимылдарын дамыту. Сөздік қорын молайту.
Түзету-дамытушылық: сөйлеу тілі белсенділігі мен ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тіл кемістіктерін түзеу.

Тәрбиелілік: мұғалімнің сөзін тыңдай білуге, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім: Сәлемдесу. Ым-қимыл арқылы және дауыстап айту.

Шаттық шеңбері : Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз көңілді баламыз.

Біз сүйкімді

Негізгі бөлім: Бері қараңдаршы не деген бейберекетсіздік. Мұнда біреулер заттарын шашып тастап кетіпті. Оларды атап шығайықшы- мына ара мен балға құрылысшының заттары. Қайшы мен тарақ кімнің заттары болды екен? т.б.с.с

Бұл заттар әр түрлі маман иелеріне керек.

Бүгінгі біздің сабағымыз өте ерекше болмақ. Біз «Мамандықтар» қаласына саяхатқа барамыз, ол жерде біз көптеген мамандар туралы ақпараттар аламыз. — Ал біз ол қалаға немен барамыз?

әрине автобуспен барамыз.





- Автобусты кім айдайды? (жүргізуші,ым-қимылмен көрсету,шамамен айту.)

- Автобуста билетті кім жинайды? (Кондуктор)

- Жарайсыңдар. Енді жолға шығайық. Кенеттенавтобустың дөңгелегі жарылып қалды (ш-ш-ш дыбысын дыбыстаймыз) — Жүргізушіге жел үрлеп көмектесейік

(с-с-с-с дыбысын дыбыстаймыз) — Жүргізуші дабылын қақты кәне қайталайық (би-би-би-би)

Міне ,біз келдік Енді автобустан түсіп орнындарымызға отырамыз. Балаларға теледидардан әр түрлі мамандық иелері туралы суреттер көрсетіледі.

Аспазшы мамандығы туралы айту.Сендер мына тәтті иісті сезіп тұрсыңдарма? Тамақтың иісі шығып тұрған сияқты. Біз кімге қонаққа келдік? — Аспазшы не істейді? — Аспазшыға тамақ жасап көмектесейік (Сорпа жасаймыз)

Дәрігер туралы Балалар үстелге жақындайды. Үстелдің үстінде дәрігердің заттары мен қуыршақ жатыр. — Іш ауырса, бас ауырса Саған дәрі береді. Барлық ана, барлық бала Оны жақсы көреді. Мен кім туралы айтып отырғанымды білетін шығарсыдар. — Дәрігер не істейді? — Ол қай жерде жұмыс істейді? — Мына қуыршақ ауырып қалыпты, сен оған көмектесші. (Қуыршақты емдейміз ойыны)
СЕРГІТУ СӘТІ. Біз жүре-жүре шаршадық, бір демалып тынығып алайық. ША-ША-ША күн қандай тамша ШЫ-ШЫ-ШЫ айналаңа қарашы.
Қорытынды бөлім: Біздің саяхатымыз осымен аяқталды. Біз жол жөнекей кімдермен кездестік естеріңе түсіріңдерші.

-Ал сендер болашақта кім болғыларың келеді? — ЖҮРГІЗУШІ, АСПАЗШЫ, ШАШТАРАЗ, МҰҒАЛІМ, ДӘРІГЕР

бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз? — Сендерге сабақ ұнады ма?

Әртүрлі мамандық иелерінің суреттерін бояу

Сөйлеуді дамыту.

«Мамандықтар»

Білімділік:

Балалардың есту арқылы сөйлеуі мен сөйлеу тілі қимылдарын дамыту. Сөздік қорын молайту.
Түзету-дамытушылық: сөйлеу тілі белсенділігі мен ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тіл кемістіктерін түзеу.

Тәрбиелілік: мұғалімнің сөзін тыңдай білуге, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім: Сәлемдесу. Ым-қимыл арқылы және дауыстап айту.

Шаттық шеңбері : Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз көңілді баламыз.

Біз сүйкімді

Негізгі бөлім: Бері қараңдаршы не деген бейберекетсіздік. Мұнда біреулер заттарын шашып тастап кетіпті. Оларды атап шығайықшы- мына ара мен балға құрылысшының заттары. Қайшы мен тарақ кімнің заттары болды екен? т.б.с.с

Бұл заттар әр түрлі маман иелеріне керек.

Бүгінгі біздің сабағымыз өте ерекше болмақ. Біз «Мамандықтар» қаласына саяхатқа барамыз, ол жерде біз көптеген мамандар туралы ақпараттар аламыз. — Ал біз ол қалаға немен барамыз?

әрине автобуспен барамыз.






- Автобусты кім айдайды? (жүргізуші,ым-қимылмен көрсету,шамамен айту.)

- Автобуста билетті кім жинайды? (Кондуктор)

- Жарайсыңдар. Енді жолға шығайық. Кенеттен автобустың дөңгелегі жарылып қалды (ш-ш-ш дыбысын дыбыстаймыз) — Жүргізушіге жел үрлеп көмектесейік

(с-с-с-с дыбысын дыбыстаймыз) — Жүргізуші дабылын қақты кәне қайталайық (би-би-би-би)

Міне ,біз келдік

Енді автобустан түсіп орнындарымызға отырамыз. Балаларға теледидардан әр түрлі мамандық иелері туралы суреттер көрсетіледі.

Аспазшы мамандығы туралы білімдерін бекіту. — Сендер мына тәтті иісті сезіп тұрсыңдарма? Тамақтың иісі шығып тұрған сияқты. Біз кімге қонаққа келдік? — Аспазшы не істейді? — Аспазшыға тамақ жасап көмектесейік (Сорпа жасаймыз)

Дәрігер туралы білімін бекіту. Балалар үстелге жақындайды. Үстелдің үстінде дәрігердің заттары мен қуыршақ жатыр. — Іш ауырса, бас ауырса Саған дәрі береді. Барлық ана, барлық бала Оны жақсы көреді. Мен кім туралы айтып отырғанымды білетін шығарсыдар. — Дәрігер не істейді? — Ол қай жерде жұмыс істейді? — Мына қуыршақ ауырып қалыпты, сен оған көмектесші. (Қуыршақты емдейміз ойыны)
СЕРГІТУ СӘТІ — Біз жүре-жүре шаршадық, бір демалып тынығып алайық. ША-ША-ША күн қандай тамша ШЫ-ШЫ-ШЫ айналаңа қарашы ШУ-ШУ-ШУ жан-жағымда шу ШЕ-ШЕ-ШЕ отырайық ендеше
Қорытынды бөлім: Біздің саяхатымыз осымен аяқталды. Біз жол жөнекей кімдермен кездестік естеріңе түсіріңдерші.

-Ал сендер болашақта кім болғыларың келеді? — ЖҮРГІЗУШІ, АСПАЗШЫ, ШАШТАРАЗ, МҰҒАЛІМ, ДӘРІГЕР

бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз? — Сендерге сабақ ұнады ма?

Әртүрлі мамандық иелерінің суреттерін бояу

Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Есту арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру және дәл айту;

 Мақсаты:Дыбысқа еліктеулерді дәл көрсету, естіп-көру және есту арқылы айыру. Сөздің ішіндегі бірінші дыбысты ажыратып ,бөліп айтуға үйрету. Дыбыстар мен буындарды қысқа және ұзақ айту.

Артикуляциялық жаттығулар жасау арқылы балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру.

Есту арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру және дәл айту;

Кіріспе бөлім: -Сәлеметсіздерме балалар.

Сәлемдесу . (Ыммен, шамамен айту.).

«Шаттық шеңбері»

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Дөңгелене тұрайық

Сәлемдесіп алайық.

-Кәне балалар,енді біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді тағы бір қайталап шығайық.

(Балалар кеспе сөз және фотосурет бойынша есімдерін белгілейді және дактильді түрде ,шамамен дыбыстап айтады.)

  1. Негізгі бөлім:

-Балалар,алдыңғы сабақтағы аудиожазбаны тыңдайық ненің даусы екенін табайық,есімізге түсірейік.

Бұлар-МЫСЫҚ,ИТ,СИЫР,ҚОЙ

Шамамен айту, ым-қимылмен көрсету.

Ал,енді бұл жанурлар қандай дыбыс шығарады екен магнитофоннан тыңдап көрейік.

МЫСЫҚ-мяу,мяу.

ИТ-ав,ав,ав

СИЫР- му-у-у-у-у.

ҚОЙ: бэ-э-э-э-э-э-э

Тыңдаймыз,айтамыз.

Алыстан және жақыннан тыңдап ажырату.

Суреттен көрсетеміз. Теледидардан видео көрініс тамашалау. Әр жануардың дыбысын тыңдап, шамамен айтамыз, ым-қимылмен көрсетеміз.

Сергіту жаттығуы: «Жан-жануардың суретіне қарап қимылдарын салу»

2.Қорытынды бөлім:

«Тауып боя »

Көп жануардың ішінен МЫСЫҚ,ИТ,СИЫР,ҚОЙ ды тауып бояу.

«Сыйқырлы дорба»

Сипап- сезу арқылы дорбаның ішінен жануарларды (МЫСЫҚ,ИТ,СИЫР,ҚОЙ) тауып,ым-қимылмен көрсету,дауысын салу,шамамен айту.




 Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Аудио,видео жазбаны қолдана отырып,көше дыбыстарын көріп-естіп,ажырату.

Мақсаты:Сәйкес суреттерді,аудио,видео жазбаларды қолдана отырып көшедегі дыбыстарды ажыратуға үйрету. Тұр, отыр, көрсет, алып кел, алып бер деген нұсқауларды орындау. Қоршаған ортадағы заттардың атауын тану.

Кіріспе бөлім: -Сәлеметсіздерме балалар.

Сәлемдесу . (Ыммен, шамамен айту.).

«Шаттық шеңбері»

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Дөңгелене тұрайық

Сәлемдесіп алайық.

-Кәне балалар,енді біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді тағы бір қайталап шығайық.

(Балалар кеспе сөз және фотосурет бойынша есімдерін белгілейді және дактильді түрде ,шамамен дыбыстап айтады.)

  1. Негізгі бөлім:

Балалар, сіз бізді қоршап тұрған дыбыстар туралы білгіңіз келе ме? Бүгін сабақта біз айналамыздағы дыбыстарды тыңдаймыз, бейнелейміз және болжаймыз. Дыбыстар әр түрлі, біз бүгін сөйлеу емес дыбыстарды естиміз (жел, жаңбыр,көлік дыбыстары)

Бізді көптеген дыбыстар қоршап тұр: автомобильдердің шуы, адамдардың дауыстары, жұмыс істейтін құрылғылар мен механизмдердің дыбыстары енді балалар, сіздер дыбыстық заттарды мұқият тыңдап, болжай аласыздар. теледидардан не

көріп тұрмыз?

-көше (ым-қимылмен көрсету)

-Дұрыс ,бұл қала көшесі

-көшеде не бар ?

-үйлер,талдар,көліктер.

-дұрыс.

Қараңызшы, жолдың жүріс бөлігінде қандай көлік жүреді? "қозғалатын көлік дыбыстары" фонограммасы

"жүк және жеңіл көлік" Балалар,енді осы көшедегі дыбыстарды тыңдайық. Слайд көру.

Педагог: үлкен көліктің дыбысы мен кішкентайдың айырмашылығы неде? (дыбыс бойынша, үлкені қаттырақ, кішісі тыныш).

(магнитофоннан көше дыбыстарын тыңдау)

-бұл көліктердің жүрген дыбысы,

Кәне,айтып көрейік

ж-ж-ж-ж-жжж,Бип-бип-бип.

-ал енді тағы да дыбысты тыңдаймыз.

-бұл жаңбырдың дыбысы

-тырс-тырс-тырс.

-желдің дыбысы

-у-у-у-у-у

3.Қорытынды бөлім:

Педагог:үлкен және кіші машиналар ойынын ойнайық

(Балалар үлкен және кіші машиналар бейнеленген дайындалған карталарды алады ("үлкен және кіші машиналар"музыкалық – дидактикалық. Балалар үлкен көліктері бар карталарды қатты музыкаға көтереді. Тыныш музыкаға-кішкентай машиналармен). Ойын өткізіледі.


Жеке сабақ

10:30-12:30

Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.

Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.

Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.

Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.

Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан

Құжаттармен жұмыс ,ата-аналарға кеңес,кездесу.

Ата-анамен кездесу.

12:30-13:48

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.Дидактикалық ойындар жасау. Үлестірмелі материалдар қатарын толықтыру.


Ата аналармен кездесу. (қажеттілігіне қарай)

Дидактикалық ойындар жасау.Үлестірмелі матариалдарды толықтыру. Арнайы мамандармен (психолог,логопед,дефектолог) тәжірибе алмасу.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.





Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру.

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу, бейімделу парағын толтыру.

Консультативтік қызмет (педагогтармен, тәрбиешілермен өзара іс-қимыл)

Дидактикалық ойындарды толықтыру.

Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру. Жеке түзету бағдарламасын толтыру.

Ата-аналарға үй тапсырмаларын толық орындап келуге кеңес беру.

Тексерілді:_______________

ДОЖО: Б .Турмаганбетова

«_______»__________20 _____ж

Ұсыныс





















ЦИКЛОГРАММА

III-апта 18.09- 22.08. 2023 ж

12 «Қызғалдақ» мектепалды тобы Сурдопедагог : Хамидуллина Шамсия

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау сәтіне қатысу

08:50-

09:00

Жұмыс орнын сабаққа дайындау .Желдету. Балалармен әңгімелесу.Бақылау

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09:00-

10:20

Сөйлеуді дамыту.

«Менің балабақшам»

Түзету-дамытушылық: Балабақша ішіне саяхат ұйымдастыру, көрсету, сөздік жұмысын жүргізу. Сөзді нұсқауға қоса білу. Ән-саз,дене шынықтыру, кір жуу бөлмелерімен және асханамен таныстыру. Тақырыпқа сай сөздерді дамыту, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру. Балалардың бойында балабақшаға, балаларға сүйіспеншілік сезімді қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Зейінін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Балабақша қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Балабақша ішімен толық таныстыру;топ бөлмелері, асхана,ойын бөлмесі,ұйықтайтын бөлме,әжетхана т.б

Көрнекілік: кеспе сөздер,топ бөлмелерінің суреттері. Презентация «Менің балабақшам»

1.Кіріспе бөлім: «Күлімсіреу»

Сурдопедагог:
- Балалар, бір-бірімізге қарап күлімдейік, сендердің күлкілерің маған жақсы көңіл күй сыйлайды.

Тыныс алу жаттығулары:
- Балалар, бүгін бізге бұлттар ұшып келді. Біз оларды үрлейік.






2.Негізгі бөлім:

-балалар,кәне теледидардан балабақшамыз туралы көрініс тамашалайық.

-Мынау қандай бөлме?

-не үшін қажет?

-бұл бөлмеде не істейміз?

(балалар ым-қимылмен көрсетеді, шамамен айтады.)

-Ойнаймыз.Тамақ ішеміз. Ұйықтаймыз. Қол жуамыз.Сабақ оқимыз. Енді тақтадағы суреттерге сәйкес кеспе сөздерді орналастырамыз.

Сергіту сәті: «Күн мен жаңбыр»

Дид/ойын: « Қоян қайда барды?»


Суретке қарап қоянның қандай бөлмеге барғанын айту, ым-ишарамен түсіндіру.

3.Қорытынды бөлім: «Менің балабақшам» суретерді бояу.

Балаларды мадақтап смайликтер тарату.











Сөйлеуді дамыту

«Менің балабақшам»

Мақсаты:

Түзету-дамытушылық: Балабақша не үшін қажет, онда кім жұмыс істейді, балабақшада не бары туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым сөйлемдерді шамамен айта білуге үйрету. Сұрақтарға толық жауап беруге үйретуді жалғастыру. Билейміз,жаттығу жасаймыз,тамақ пісіреміз ,кір жуамыз сөздерін кеспе сөз арқылы білу,ым-қимыл арқылы қайталау.

сөздік қорын толықтыру, тұрмыстық әрекеттерді білдіретін сөздерді меңгеру;

Тәрбиелілік: айналасындағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдауға,сөйлеп тұрған адамның жүзіне тура қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: кеспе сөздер,топ бөлмелерінің суреттері. Презентация «Менің балабақшам»

1.Кіріспе бөлім:

-Сәлеметсіздерме балалар.

Сәлемдесу . (Ыммен, шамамен айту.).

«Шаттық шеңбері»

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Дөңгелене тұрайық

Сәлемдесіп алайық.

-Кәне балалар,енді біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді тағы бір қайталап шығайық.

(Балалар кеспе сөз және фотосурет бойынша есімдерін белгілейді және дактильді түрде ,шамамен дыбыстап айтады.)

Негізгі бөлім: Балалар, балабақшаға баруды ұнатасыңдар ма?
- Балабақшада не істеу керек?
- Сабақ оқу, ойнау.
- Балалар, балабақшада өздеріңді қалай сезінесіңдер?
- Жайлы, жылы, қызықты, көңілді.

Бүгін біз балабақшадағы саяхатымызды жалғастырамыз.

  1. Презентация «Бұл бөлме не үшін қажет?»

  2. -Дене шынықтыру бөлмесінде жүгіреміз,секіреміз,жарысамыз.

  3. -Ән-саз бөлмесінде ән айтып,би билейміз.

  4. Асханада тамақ пісіреді.

  5. Кір жуу бөлмесінде кір жуады.

  6. Дәрігер бөлмесінде бізді емдейді.

  7. Сергіту жаттығуы: «Қимылды қайтала»

  8. 3.Қорытынды бөлім: Суретке қарап дұрыс емес бейнені тап.

Мысалы: ойын бөлмесінде ұйықтаймыз ба?

Қол жуатын бөлмеде сабақ оқимыз ба? Ән-саз бөлмесінде доп ойнаймызба?





Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Тақырып:Тілдік дыбыстарды ажырата білу.

есту-көру арқылы ұсынылған тілдік дыбыстауды ажырату;

ара қашықтығы тұрақты арттырылған дыбыстауға деген реакциясы; (1; 1,5 метр)

Мақсаты: Фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту;

 Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау.

1.Кіріспе бөлім:

Арт/жат:

«Су сиыр (ауызды ашып,жабу)»

Тыныс алу жат/ы:

«Шар » -

Мақсаты: ауаны ауыздан ұзақ шығару.

Дауыс күшін реттеу.

«Жаңғырық»

Сыбырға және дауысқа деген реакциясын анықтау.

Диафрагмалық тыныс алуын қалыптастыру

  1. Негізгі бөлім:

-Балалар,мына әдемі қорапшаларға қараңдаршы.ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

Оны білу үшін сыртынан тыңдап көрейік.

Бір бала келіп қорапты құлағына жақындатып тыңдайды.

Аудиожазбадан масаның ызылдағаны естіледі.

-Бұл масаның дауысы.

Маса қандай дыбыс шығарады?

-ззззззз, зззззз

-жылан қандай дыбыс шығарады?

-ссссс,ссссс

Тоқылдақ қандай дыбыс шығарады?

Тоқ-тоқ-тоқ

Дыбыстарды біз айтамыз,естиміз.

Дыбыстар әр түрлі болады: олардың кейбіреулері созылады,кейбіреулері созып айтуға келмейді.

Енді алдымыздағы суреттерге қараймыз,кімде ненің суреті бар?

Көрсетеміз,айтамыз.

Балалар орындайды.

Енді аудио жазбадан осы дыбыстарды тыңдаймыз.

Шамамен айтамыз,көрсетеміз.

2.Қорытынды бөлім:

Біз бүгін қандай дыбыстармен таныстық?

Кеспе сөздерді суреттің жанына қою.

Балаларды мадақтау.


Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Тақырып:

Есту-көру арқылы ұсынылған тілдік емес дыбыстауды ажырату; ара қашықтығы тұрақты арттырылған

дыбыстауға деген реакциясын анықтау. Мақсаты:Дыбыстар туралы түсінігін кеңейту, тілдік емес дыбыстарды ажырату, сөздік қорын молайту, ауызша байланыстыра сөйлеу тілін дамыту. Есту арқылы қабылдауын, дыбыстарды ажырату қабілеттерін арттыру.

Кеспе сөздер бойынша есімдерін танып білу,дактильмен айтып үйрену. Сөздік қорын молайту.

«МЕНІҢ АТЫМ....»

«АПАЙ,БАЛА,ҚЫЗ»

1.Кіріспе бөлім:

Сәлемдесу. Дауыс жаттығуы Әуен ырғағымен босаңсу және тыныс алу жаттығуларын орындату.

Артикуляциялық жаттығуы Тыныс жаттығуы «Көпіршікті үрле», «Жапырақты үрлеп ұшыр»жаттығуы2.Негізгі бөлім:

-Балалар, бүгінгі сабағымызда «Дыбыстар әлеміне» саяхат жасаймыз.

Мен дорбаға ойыншықтар салып алып келдім. Ол қандай ойыншықтар екенін көргілерің келе ме?

-иә

Ол үшін дорбаға қолымызды салып бір-бірлеп аламыз.

-Бұл не?

-Қоңырау

-Баян

-Сылдырмақ

-Барабан

-Өте жақсы,енді шеңберге тұрып ойын ойнаймыз. Педагог ойын-жүргізушісіне білдірмей арттарынан қоңырауды бір-біріне беруді ұсынады. Қоңырау щеңбердің әр жерінде шырылдау керек. Ойын-жүргізуші қоңырау үнінің қай баланың артынан шыққанын тауып алып көрсетуі керек.

Педагог:үстелдің үстіне үлкен және кіші көлемдегі екі ойыншық қоянды қояды. Үлкен, күші көп қоян дауылпазда қалай ойнайтынын (қатты дүрсілдетіп), және кішкентай қоян (жай дүрсілдетіп) дауылпазда қалай ойнайтынын көрсетіп түсіндіреді. Сосын ойыншықтарды шымылдықпен жауып, соның артынан біресе қатты, біресе жай дауылпазға дүрсілдеген дыбыстар естіледі. Балалар қояндардың қайсысының ойнағанын тауып алып көрсетулері керек. 

3.Қорытынды бөлім: Балалар аудиожазбаны тыңдап ,ойыншықтарды көрсетеді. Шамамен айтады.Ым-қимылмен көрсетеді.


Жеке сабақ.



10:30-12:30


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.

Құжаттармен жұмыс ,ата-аналарға кеңес,кездесу.

Ата-анамен кездесу.

12:30-13:48

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.Дидактикалық ойындар жасау. Үлестірмелі материалдар қатарын толықтыру.


Ата аналармен кездесу. (қажеттілігіне қарай)

Дидактикалық ойындар жасау.Үлестірмелі матариалдарды толықтыру. Арнайы мамандармен (психолог,логопед,дефектолог) тәжірибе алмасу.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.





Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру.

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу, бейімделу парағын толтыру.

Консультативтік қызмет (педагогтармен, тәрбиешілермен өзара іс-қимыл)

Дидактикалық ойындарды толықтыру.

Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру. Жеке түзету бағдарламасын толтыру.

Ата-аналарға үй тапсырмаларын толық орындап келуге кеңес беру.



Тексерілді:_______________

ДОЖО: Б .Турмаганбетова

«_______»__________20 _____ж

Ұсыныс






ЦИКЛОГРАММА

IV-апта 25.09-29.09. 2023 ж

12 «Қызғалдақ» мектепалды тобы

Сурдопедагог : Хамидуллина Шамсия

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау сәтіне қатысу

08:50-

09:00

Жұмыс орнын сабаққа дайындау .Желдету. Балалармен әңгімелесу.Бақылау

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09:00-

10:20

Сөйлеуді дамыту.

«Менің балабақшам» қайталау

Білімділік:

Балабақша ішімен толық таныстыру;топ бөлмелері, асхана,ойын бөлмесі,ұйықтайтын бөлме,әжетхана т.б

Балабақшаға деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету, балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімлерін дамыту.

Тәрбиелілік: Айналасындағы адамдарды жақсы көруге,Балабақша қызметкерлерінің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.




1.Кіріспе бөлім:

Барлық балалар шеңбер құрып тұрады. Барлығы қол ұстасып, бір-біріне күлімсіреп қарап тұрады.
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым, кел бері!
Толтырайық шаттыққа,
Дөңгеленген шеңберді.

2.Негізгі бөлім:

Балалар, балабақшаға баруды ұнатасыңдар ма?
- иә

Балабақшада біз не істейміз?
- Сабақ оқимыз.

-ойнаймыз

-тамақ ішеміз.(Ым-қимылмен айту,шамамен айту.)

-Кәне,айналамызға қарайық,не көріп тұрмыз?

ойыншықтар,орындықтар, үстелдер 

-Біз қай жерде сабақ оқимыз?

Қай жерде тамақ ішеміз?

-Қай жерде ұйықтаймыз?

Балалар ым-ишарамен көрсетеді,шамамен айтады.

Кеспе сөздерді суреттерге сәйкес орналастыру.

Презентация «Менің балабақшам»

Балабақша ішіндегі арнайы бөлмелер туралы видеоролик көру.

3.Қорытынды бөлім: Дид/ойын «Суретші нені шатастырды?»

Мақсаты: балалардың логикалық ойлау

қабілетін дамыту.Суреттегі сәйкессіздікті таба білу.












Сөйлеуді дамыту

«Менің балабақшам»

Қайталау

Түзету-дамытушылық: Сұрақтарға толық жауап беруге үйретуді жалғастыру. Билейміз,жаттығу жасаймыз,тамақ пісіреміз ,кір жуамыз сөздерін кеспе сөз арқылы білу,ым-қимыл арқылы қайталау.

сөздік қорын толықтыру, тұрмыстық әрекеттерді білдіретін сөздерді меңгеру;

Тәрбиелілік: айналасындағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдауға,сөйлеп тұрған адамның жүзіне тура қарауға тәрбиелеу. Көрнекілік: кеспе сөздер,Балабақша ішіндегі арнайы бөлмелердің суреттері.





1.Кіріспе бөлім:

-Сәлеметсіздерме балалар.

Сәлемдесу . (Ыммен, шамамен айту.).

«Шаттық шеңбері»

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Дөңгелене тұрайық

Сәлемдесіп а лайық.

-Кәне балалар,енді біз сабағымызды бастамас бұрын, есімдерімізді тағы бір қайталап шығайық.

(Балалар кеспе сөз және фотосурет бойынша есімдерін белгілейді және дактильді түрде ,шамамен дыбыстап айтады.)

2.Негізгі бөлім: Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді.
 - Қане, олар кімдер және не істейді екен?
 Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
 Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
 Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
 


Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.

Дене шынықтырушы-бізге жүруді,жүгіруді,скеіруді үйретеді. Ән-саз апай-ән айтуды,би билеуді үйретеді.
 Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.

Кеспе сөздерді суретке сәйкестендіру. Ым-қимылмен көрсету,шамамен айту.

Презентация: «Балабақша қызметкерлері»

Балабақша қызметкерлерінің атқаратын қызметтері туралы видеоролик көру.Түсінгендерін ым-ишарамен көрсету.

3.Қорытынды бөлім:

Рөлдерге бөлініп ойнау «Мен балабақша қызметкерімін»

Балабақшада жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбегін бағалауға үйрету. Іс-қимыл арқылы әр қызметкердің міндетін көрсету.

Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Тақырыбы: А дыбысы. «А» дыбысының дактиль таңбасымен таныстыру.

Мақсаты:

Дыбыстың артикуляциясын нақтылау. Дауысты дыбыстар қатарынан бөліп айту. Тілдік дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы. Балалардың сөздік қорларын дамыту;- жаңа сөздерді меңгерту; үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап айтуға үйрету. «МЫНАУ-ҚЫЗ,

МЫНАУ БАЛА,

ЖҮР ,ЖҮГІР,ТҰР»

1.Кіріспе бөлім: Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер ана!Амансың ба достарым, сендерді көрсем қуанамын!

Артикуляциялық жаттығулар:«Сағат тілі» - тілді ауыз қуысынан шығарып оңға-солға қозғалту (5-6 рет);«Балық» - ауызды қатты ашып жабу (5-6 рет);«Тәтті тосап» - тілді ауыз қуысынан шығарып үстіңгі, төменгі ерінді жалау (5-6 рет)

2 .Негізгі бөлім:

Балалар, біз бүгін «А» дыбысымен танысамыз. Дактиль таңбасын жаттаймыз.



Алдымен айнаға қарап дыбыстың артикуляциясын анықтаймыз. Балалар «А» дыбысын сыбырлап, жәй, дауыстап айтады. Педагог «А» дауысты дыбыс екенін, оны созып айтылуын түсіндіреді. Содан соң ашық-жабық буындарды айтуға жаттықтыру – ап-ат-на-ма. «А»дыбысын айтқан кезде терең тыныс алып, аузымызды қатты ашып а-а-а-а деп дыбыстап, демімізді шығарамыз.

Балаларға «А» дыбысы сөздің ішінде қайда тұратынын айту.

Суреттерін көрсету «АЮ,АЛМА,АТ,АРА».Кеспе сөздермен сәйкестендіру. А дыбысын суреттен тауып бояу.Кімнің аты А дыбысынан басталады?

Айсұлтан

Айым,

Аяулым

Сергіту сәті 

Шаршамаймыз ешқашан 

Демаламыз бой жазып. 

Жүгіреміз, секіреміз 

Көңілденіп, ән салып. 

3.Қорытынды бөлім:

Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру:

Күз келді. Күн бұлттанып , жаңбыр жауды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсті. Құстар жылы жақтарға ұшып кетті.

(Балалармен бірнеше рет құраған әңгімелерін қайталау.)


Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту.

Тақырыбы: Тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы: шу және қоршаған ортағы дыбыстар, (желдің,жаңбырдың,толқынның дыбысы)

Мақсаты: Есту,көріп-есту арқылы дыбыстарды еліктеп қайталау.Суреттер мен ойыншықтар көрсету.Фонетикалық ырғақты және дыбысты қою.


1.Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбері:

«Жүректен жүрекке»

Балалар менің қолымда не?


Бұл жүрек сыйқырлы біз бір – бірімізге, сен жақсы баласың деп айтамыз,сосын жүрекшені жалғастырыамыз (Ым-қимылмен,шамамен айту)

2.Негізгі бөлім:

-балалар экранға қараймыз.

-Не көріп тұрмыз?

-далада жаңбыр жауып тұр

Дұрыс,далада жаңбыр жауып тұр,күн суық.

Тек қана жаңбыр жауып тұрған жоқ,найзағай ойнап тұр.

Енді мұқият тыңдаймыз,жаңбырдың дауысы қандай болады?

Найзағайдың дауысы қандай болады екен?

Теледидардан табиғат құбылыстарын көрсету.

Кеспе сөздермен үстел үстіндегі суреттерді сәйкестендіру.

Аудио жазбаны тыңдай отырып табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажырату,Ым-қимылмен көрсету.

Жай және қатты дыбыстарды ажырата білу.

3.Қорытынды бөлім:

«Суретті тап»

суреттердің ішінен табиғат құбылыстарын тауып қоршап,сызу.

Ым-қимылмен көрсету, шамамен айту.





Жеке сабақ.

10:30-12:30


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан

Бақтығали Б


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан

Абай Мансур


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Жанұзақ Ибрагим.


Назар Аяулым,

Сыдиық Айым

Абай Мансур

Муса Сержан,

Сейтім Айсұлтан. Айнатдин Гүлжан.

Сейтім Жансұлтан Бақтығали. Б

Құжаттармен жұмыс ,ата-аналарға кеңес,кездесу.

Ата-анамен кездесу.

12:30-13:48

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.

Циклограмма жазу,келесі күннің оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау. Тәрбиеші мен сурдопедагогтың арасындағы қарым-қатынас құжатын толтыру.Дидактикалық ойындар жасау. Үлестірмелі материалдар қатарын толықтыру.


Ата аналармен кездесу. (қажеттілігіне қарай)

Дидактикалық ойындар жасау.Үлестірмелі матариалдарды толықтыру. Арнайы мамандармен (психолог,логопед,дефектолог) тәжірибе алмасу.

Әдістемелік жұмыс, сурдопедагог тапсырмаларын орындау бойынша тәрбиешілерге кеңес беру.





Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру.

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу, бейімделу парағын толтыру.

Консультативтік қызмет (педагогтармен, тәрбиешілермен өзара іс-қимыл)

Дидактикалық ойындарды толықтыру.

Балалардың жеке сабаққа арналған дәптерін толтыру. Жеке түзету бағдарламасын толтыру.

Ата-аналарға үй тапсырмаларын толық орындап келуге кеңес беру.


Тексерілді:_______________

ДОЖО: Б .Турмаганбетова

«_______»__________20 _____ж

Ұсыныс




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!