400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп-кеме, білім-теңіз

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала ретінде жарияланды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп-кеме, білім-теңіз


Ұстаз –  жас жеткіншектерді ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуші.Бұл тұрғыда оқушы мен мұғалімді байланыстыратын,  мектептің алатын орны айрықша.  Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, үлкен ізденіспен терең білімге бойлауға жол ашатын, оқушы өмірінің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланатыны сөзсіз. Сол себепті, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асады. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетін шыңдайтын, жалпы мүмкіндіктерінің ашылатын кезеңі осы. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту арқылы ынтасын ояту болып табылады. Ал, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған.

«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал Чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» – деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.
Ұстаз деген құрметті атқа ие болу үлкен бақыт.Әрбір ұлылықтың басында ұстаз тұрғаны айдан анық.Таразы басын тең ұстап біліммен тәрбиені қатар алып жүрген ардақты мамандарға дән риза болатындар да баршылық.Ел-жұрттан құрмет көріп,қошеметіне бөлену кез-келген педагогқа ерік-жігер сыйлайтыны сөзсіз.Мінекей,мұғалім-осындай мәртебелі мамандық.
Бүгінгі жас жеткіншек-ертеңгі жарқын   келешек.Олар елдің тірегі.Біз ұстаздар,ел тірегінің  іргетасын қалай алатындай біліммен сусындауы үшін барымызды салудамыз. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтпақшы білімге бастар жолдың бәрі біз үшін тек игі іс іспестес.
Ұстазды әсте диқанға теңейді.Себебі адам жанына дән себуге себепкер деп танимыз.Парасаттылықпен асқан ақылдылықты алдымен өз бойына одан соң бүлдіршіндерге беру орасан зор еңбек.Ұрпақ тәрбиесі туралы Елбасы Н.Ә Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты –саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын,ізгіленген  ХХІ  ғасырды құрушы іскер , өмірге икемделген ,жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» – деген еді. Мінекей,біз, ұстаздар бағытта жұмыс істеп жүрміз.Шәкіртке өмірдін мәнін түсіндіріп қана қоймай, өмірге сүйіспеншілігін арттыратын қайратты  сөздерінің арқасында үлгілі боп отырмыз. Себебі әрбір  ұстаз  үшін,  шәкіртінің ыстық ықыласынан артық мәртебе жоқ. Ендігі біздің мақсатымыз,  дарындыларды тәрбиелеп,жан – жақты дамыту болмақ. Ендеше,ертеңіміз жарқын болсын!




Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы

Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның директоры Саурыков Нуртас Узакович

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі