МЕКТЕП ӨМІРІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕП ӨМІРІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ӨМІРІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Әлімбек Мерей Қайратқызы

«Шұғыла» би үйірмесі



Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу–тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады. Әрбір пәннің эстетикалық бағыты, оқу материалдарының мазмұны, сабақтар жүйесіндегі қолданылатын эстетикалық құралдар, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ізгі қарым–қатынастар– бәрі оқушылардың эстетикалық сезімі мен мұратын, талғамын, қабілет шыңдауда жүйелі түрде қызмет етеді.

Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ол сурет салуға, тақпақ оқуға, өлең айтуға құштар болады. Ендігі жерде мектептің алдында тұрған міндет, сол құштарлықты дамытып, эстетикалық тәрбие міндеттеріне сай әрбір оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, дамыту, өнерге қатысты дара қабілеттерін тәрбиелеу, оларға мүмкіншілік туғызу. Бұл бағыттағы оқу жүйесінде эстетикалық пәндер жоғары қызмет атқарады. Олардың қатарына бейнелеу өнері, музыка сабақтары жатады.

Әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезініп, одан рухани ләззат алуға бағытталған бейнелеу өнері “Сурет”, “Кескіндеме”, “Композиция”, “Мүсіндеу”, “Өнертану”, “Көркем еңбек” салалары бойынша жүргізіледі. Бейнелеу өнерінің міндеті бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көрінісін, кескінін, түрін нақтылы суреттеуге, мүсіндеуге және композициясын құруды үйрету. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлауын, шығармашылық елесін, қиялын, есте сақтау қабілетін жетілдіруде ықпалы зор.

Қазіргі кезде жас ұрпаққа музыкалық–эстетикалық тәрбие беруде маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Музыка пәні сабағында оқушыларға осы саладан теориялық білімдер беріледі, оның тарихымен таныстырады, музыканы тыңдау, ән салу өнеріне үлкен мән беріледі.

Оқушы жастарға сабақтар жүйесінде эстетикалық тәрбие жұмыстары тек эстетикалық пәндерді оқытумен шектелмейді. Сонымен бірге мектепте өткізілетін барлық оқу пәндерінің де оған қатысы бар. Атап айтсақ, тарих пәнін оқыту барысында адамзат қоғамның даму барысындағы әртүрлі халықтардың мәдениеті мен өнерінің дамуын; география пәні бойынша Қазақстанның табиғат жағдайларын, оның әсемділігі мен құдіретін, су, қазба байлықтарын; әдебиет пәні сабақтарында сөз өнерін, оқу мәдениетін меңгеру, өмірді ақиқат бейнесі тұрғысынан түсіну; шет тілі сабақтарында мәнерлеп оқу, оқылатын тақырыптарға сай көркем бейнелерін суреттеу, ән үйрену, оны нақышына келтіре айту т.б. толып жатқан эстетикалық тәрбиеге қатысты міндіттерді шешу барысында да атқарылады. Сонымен қатар сабақтар барысында көрнекі құралдарын пайдалану, музыкалық шығырмаларын орындау оқылып отырған оқу материалының эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз етсе, соның негізінде оқушыларда қызығушылық сезімі жанданады. Тіпті мұғалім мен оқушылар арасындағы ізгі қарым–қатынас, сыныптың эстетикалық тұрғыдан жабдықталуы, тазалығы оқушылардың көңіл–күйлерін жақсартып, сабаққа деген оң ықыласын тудырады.

Сабақтар жүйесінен бастау алған оқушылардың эстетикалық тәрбиесі, оқудан тыс кездерінде де жалғасын табады. Оған оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын жатқызамыз. Мысалы, музыка пәнінен берілетін эстетикалық тәрбие тек күнделікті сабақта ғана шектелмейді. Оны мектепте жүргізілетін көркемөнерпаздар үйірмелері, концерттік бағдарламалары, байқаулары, таңертеңгіліктер, кештерді ұйымдастыру барысында жалғастырамыз.

Оқушылардың эстетикалық сана–сезімін, көзқарасы мен талғамын, құштарлығын арттыруда, тәрбиелік ықпалдық нәтижесін қамтамсыз етуде ұстаздар ұжымының эстетика саласында білімдері мен қабілеттерінің болуы, оқушылар өмірін “әсемдік заңы” бойынша құруда олардың өздерінің белсенді әрекеттерінің болуы да мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, оқу құралдары мен сыныптан тыс шаралардың мазмұны эстетикалық шараларға сай міндеттері шешуде бізге жеткілікті сияқты көрінеді, ал оларды мұғалімнің оқу–тәрбие үрдісінде қолдана білуі өзінен–өзі мүмкін секілді болып есептеледі. Практика жүзінде ол, олай емес. Осыған орай мектеп мұғалімдеріне белгілі бір мөлшерде эстетикалық даярлықтың болуы, оқушылардың көркемдікке тәрбиелеу мәселелері мен эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың бірден–бір кепілі болмақ. Бұл бағытта мектептерде мұғалімдерден құрылған көркемөнерпаздар үйірмелері, немесе үйірмелерде мұғалімдер мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеуі мектеп үшін де, жалпы ұстаздар қауымы үшін де үлгі–өнеге болмақ.

Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеті бар. Қазақ халқының да ғасырлары бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа көзқарасы, рухани өмір байлығы боп табылатын бай тарихи археологиялық, этнографикалық, әдебиет және көркемөнер мұалары бар. Бұлар халықтың тарихи өмірімен, әдет–ғұрыптарымен тығыз байланыста өмір сүрген.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс–өмір салтында ұрпаққа көркемдік саласынан тәлім–тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс–тіршілігімен байланысты болған. Соның ішінде фольклордың, қолданбалы өнердің, халықтық музыканың, айтыс, терме өнерінің маңызы ерекше болған.

Қазақ халқы жаратылысынан өнерге өте бай, әрі оған бейім болған. Сондықтан ол өзінің сүйінші мен күйінішін жыр жолдары, ән–күй саздары арқылы шебер жеткізе білген. Өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде, оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда іскер болған. Эстетикалық талғам деңгейі жоғары болған. Күнделікті еңбек қызметінде қолданбалы, қолөнерін дамытып отырған.

Халық музыкасының асқан шеберлері–әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындарының суырып–салмалық, шешендігін, орындаушылық, тапқырлық өнері қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктері бола тұрып, ұл мен қыздарын осындай қасиеттерге тәрбиелеуде алдына жан салмаған. Ертеден өнер қуған, сауықшыл болған қазақ елі ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген. Аң аулап, құс салып, сауық құрған қазақ елінің бай мұрасы бүгінгі таңда да өз дәстүрін, мазмұнын жоғалтқан жоқ. Керісінше, қайта түлетуде. Осы орайда мектеп қабырғасында жүргізіліп, қолдау тауып отырған айтыс өнері, әншілік–күйшілік жарыстар, қыз сыны, жігіт сыны секілді байқаулар, наурыз тойын тойлау, онда халықтық мәдениет, өнер саласынан түрлі элементтерін көрсету, бәрі де бүгінгі ұлттың тәрбиенің өзегі болмақ. Оның нігізгі “Атамекен”, “Кәусар бұлақ”, “Сенім”, “Алтын көмбе”, т.с.с. бағдарламаларда баяндалған.
Балаларын ерте бастан еңбекке, алуан түрлі өнер бұйымдарын жасауға баулыған қазақ жұрты көркемдікке, талғамдылыққа, өнер мәдениетін игеруге, ұлттық асыл мұраларды көз қарашығындай сақтауға дағдыландырған.

Өнерді үйрен де жирен” –деп Абай атамыз айтпақшы өнер атаулының көркемдік–танымдық маңызы зор, ол тұлғаны жан–жақты тәрбиелеуде аса маңызды құрал болып табылады. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” демекші, ұлтымыздың болашағы бүгінгі ұрпақты ұлттық мәдениет, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу мәселелерінде көзден үнемі таса етпеуіміз қажет. 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2023
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі