МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ НАСИХАТТАУ
«АСЫҚ ОЙЫНЫ-ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА»
Нурумбетов Елюбай Умурзакулы
Дене шынықтыру пәні мұғалім
«№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Төлеби ауданы Ленгір қаласы
Аңдатпа . Бұл мақалда ұлттық ойындар арқылы оқушылардың ептілігін, күш қуатын молайтып, дене даму деңгейін және ой - өрісін дамыту қарастырылған. Асық ойынының маңызы мен оның түрлері анықталған. Ұмытылып бара жатқан ойынды жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылығын оятуға арналған практикалық жұмыстар көрініс тапқан.
Түйінді сөздер: ұмытылып, кенже қалып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды жаңа форматта сабақта жандандыру - әрбір педагогтің міндеті.
Зерттеудің өзектілігі. Кенже қалып бара жатқан ұлттық ойындарды жаңа форматта насихаттау . Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса кұнды медени игіліктердің бірі - ұлт ойындар.Ұлт ойындар -- ата - бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын бала алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Міне,ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйрене отырып, өздерінің кім екендіктерін барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулерін, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп «мәңгүрттік» атаулыға тосқауыл қоюларына септігін тигізбек. Ең бастысы - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең (досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Манашыұлы Тұяқбай жырында:
« Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды », - деп түйіндейді.
Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген Н.К.Крупская мынаны ескерткен болатын: « Егер бала ойнамаса, онда оның не ауырғаны немесе шамадан тыс педагогикалық ықпалға түскені». Қазақтың ұлттық ойындары жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін басты факторы. Баланың мінез-құлқымен көзқарасының қалыптасуына, бір жүйеге түсуіне ұлттық ойындарымыздың қай түрі ықпал жасайтындығын. Ата-бабаларымыз әбден білген...
Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп түйіндейді. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты,шапшаңдықты, ептілікті, тапқырылықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, садақ ату, жамбы ату, асық, бес тас, тоғызкұмалақ, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие болады.
Зерттеу нәтижелері. Қазақтың ұлтық ойындары бес түрге бөлінеді.
Олар: аңғa байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен айналысатын зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден асады.
Ұлттық ойын, салт - ғұрыпқа бай .Халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі- асық ойыны. Асық ойыны - қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төл тума өнер деп танимыз.
Асықтың түрлері:
Асық - төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:
Сақа - асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жетілген қойдан
(серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней - көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.
Шүкейт - жас малдың асығы.
Ешкімек – ешкінің асығы.
Құлжа - құлжаның асығы.
Көктабан - қорғасын құйылған салмақты сақа асық.
Топай - сиырдың асығы.
Жабай - ірі асықты айтады.
Қолқар - арқардың асығы.
Асықтың тұрысының атаулары:
Алшы - асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке - асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге - асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге - асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы - асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік
тұрып қалуы.
Шоңқай - асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше.Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін - «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» - ойын түрі қазіргі заманауи жағдайға икемделіп - «тақта ойыны» деп аталса, ал «далалық» түрі - «алаң ойыны» делініп жүр.
Асық ойынының «тақталық» түріне:
-
«Хан немесе «Ханталапай», «Хан атауы», «Құлжа ату»;
-
«Құмар»;
-
«Қақпақыл»;
-
«Қаржу» немесе «Қаржымақ»;
-
«Сасыр»;
-
«Төрт асық»;
-
«Бес тас»;
-
«Бес асық»;
-
«Иірмекіл», т.б. жатады.
Асық ойынының «алаңдағы» түріне:
-
« Арқаласпақ»;
-
«Алты атар»;
-
«Омпа»;
-
«Кетсін бір»;
-
«Шыр»;
-
«Бәйге»;
-
«Алшы»;
-
«Бес табан»;
-
«Көтеріспек (Атбақыл)», т.б. жатады.
Тақта - көн киіз шағын тақтаның үстіне орналасады. Тақта дөңгелек немесе 4-6 қырлы болады. Ойыншылардың қимылына кедергі келтіретіндей болмауы шарт.Тақта ойыншылардың қалауына ұйымдастырушылардың ұсынысына қарай отырып болмаса түрегеп тұрып ойын жүргізуге қолайлы болу керек. Асық иіру – ойыншы асықты иіргенде көп асық қолына сыймайтын болса екі-үш бөліп иіруіне болады. Иіріп тасталған асық көн киіздің сыртына шашырап кетпеуі қажет. Ондай жағдайда көннен тыс жатқан асық ойыннан да тыс қалады. Былайша айтқанда ойыншы өз мүмкіндігіне толық ие бола алмайды. Асық иірудің әдісі — ойыншы асықты жай шашып тастамайды аса ептілікпен иіреді. Асықты қос қолдап немесе бір қолмен иіріп тастайды. Қолды төңкеріп немесе көн киіздің ортасын көздеп шиырлата иірген асық дұрыс орындалған болып есептеледі. Егер ойыншы асықты дұрыс иірмесе төреші тарапынан ескерту алады. Ескертуді қатарынан үш рет алған жағдайда асықты келесі ойыншыға ауыстырады. Асық ату — бұл асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсы. Ойыншы қажетті асықты атқанда екі қолдың оң саусағының кез-келгенін пайдаланады. Бірақ ату кезінде саусақты сүйретіп немесе жай түртіп атуға болмайды. Бұлай істеген жағдайда асық келесі ойыншыға ауысады. Асық атудың әдісі - ойыншы көндегі асықты орналасуына қарай асықтарды атады. Асықты (атуға ыңғайлы саусақ бүгіліп, екінші бір саусақтың тіреуінен шертіліп барып асыққа тигені дұрыс.
Практикалық маңыздылығы. Жалпы жұмысты жазу барысында мен асық ойынын бірнеше пәнмен байланыстырдым. Тарих пәнімен байланысы
Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.3.б. бірінші мыңжылдықта – ақ қалыптасқан.
Асық ойыны қазақ халқының ежелгі өте кең таралған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да-асық. Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер XIII ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Планко Карпини болды.
Қазақ тілі пәнімен байланысы
Лексика -сөз мағынасын зерттеу барысында ,онда асық атудағы кейбір сөздердің мағынасын оқушылар түсіне бермейді.Мен сол сөздерге түсінік бере отырып,мағынасын аштырдым. Яғни асық ойынындағы асықтың белгілі қырларын қалай атайды және ол қандай мағына беретінін оқушыларға ұқтырдым.
Қой асығы демеңіз қолайыңа жақса сақа ғой, Жасы кіші демеңіз ақылы асса аға ғой.
Асықтың тұрысының атаулары: алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай.
Жалпы биология пәнімен байланысы
Асық -төрт түлік мал мен коңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:
Қойлық - қойдың асығы.
Ешкімек - ешкінің асығы.
Кұлжа - құлжаның асығы.
Топай - сиырдың асығы.
Қолқар - арқардың асығы.
Шүкейт – киіктің асығы.
Физика пәнімен байланыс
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің жылдамдығының формуласын пайдаланып: sin300 = 0,5

Асықты
300
бұрышпен лақтырғанда
физикадағы формуламен байланыстыра
отырып,
0 = 10 м/с жылдамдықпен ұшады.
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің, биіктігін мына
формуласын пайдаланып табамыз: асықты бала 1,25м биіктікте
300
бұрышпен 10м/с жылдамдықпен 5
м қашықтықтағы тізілген асықты , көздеп атуға
болады.

h
=10
1,25m
Жалпы асық ойнаған бала денесі қимыл-қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жаны таза болады.Сондықтан мен асықты тек тазалықтық ойыны дер едім
Білім беру міндеті. Ұлттық асық ойынын жаңа форматта сабақтар жаңдандыру мақсатында дене шынықтыру пәнінің үшінші спорттық және ұлттық ойындар сабағына сәйкестендірілген үлгі ретінде асық ату ойынынан қысқа мерзімді сабақ жоспарын (ҚМЖ) ұсынып отырмын.
|
Бөлім |
Қазақтың ұлттық ойындары |
||||
|
Педагогтың аты-жөні |
Нурумбетов Е.У |
||||
|
Күні |
|
||||
|
Сынып 5 |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақтың ұлттық ойындары.Асық ату ойын ережелері,бес табан |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.3.5.1 – жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық білім алушылар: Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі. Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады. Жаттығу кезінде қауіпсіздік ережесін қолданады. Білім алушылар жаттығу барысында көрсетеді. Көпшілік білім алушылар: Барлық білім алушылар жаттығулар кезінде Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі, сақтайды. Білім алушылар қауіпсіздік техникасын түсінеді, жаттығу кезінде қолданады, ажыратады. Кейбір білім алушылар: білім алушылар жаттығулар кезінде Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі, сақтайды. Білім алушылар қауіпсіздік техникасын түсінеді, жаттығу кезінде қолданады, ажыратады. Ойын кезінде көшбасшы бола алады. |
||||
|
Бағалау критерииі |
Қазақтың ұлттық ойындарын біледі Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады. |
||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Басы 12 минут |
Сабақтың тақырыбымен,оқыту мақсатымен, жетістік критериилерімен таныстыру. Сабақтың негізгі мақсатын айту Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Жалпы жүру, жүгіру жатығулары Демалу,дембасу Жалпы дамыту жатығуларын жасату. |
Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды |
Қол шапалақ |
|
|
|
Ортасы 28минут |
Сабақтың тақырыбы бойынша дәстүрлі сабақтың түрі «Асық ату» ойынымен таныстыру, ойнату.
«Бес табан» ойыны.
Дискриптор:
|
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады |
ҚБ өзін өзі бағалау |
Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік. Асық,секундомер,4х4мм паласт |
|
|
Сабақтың соңы 5минут |
Кері байланыс: Рефлексия «Бағдаршам» 1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын, себебі... 2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды, себебі.... 3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін, себебі ... |
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. |
|
|
|
Қортынды. Дене шынықтыру сабағында қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан асық ойынын жаңа үлгіде білім алушыларға насихаттаудың түрлі әдіс – тәсілдерін меңгерту . Асық ойынын пәнаралық байланыста (тарих,қазақ тілі , жалпы биология, физика) ұтымды қолдану. Сонымен қатар, асық ойынының әліде ашылатын ойын ережелерін дамыту. Ұлттық ойынды насихаттаудың дара жолдарын қарастыру арқылы дамыту.
Пайдаланылған дереккөздердің тізімі:
-
М.Балғымбаев «Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері» Алматы,1985,86 бет .
-
Е.Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындар» Алматы,1994,58-61 бет.
-
Б.Төтентаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы,1994,19-24 бет.
-
Базарбек Төтентаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994,27бет
-
Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» Алматы,1998,16-21 бет.
ПРОПАГАНДА НАЦИОНАЛЬНЫХ ИГР СРЕДИ ШКОЛЬНИКОВ
«ИГРА АСЫК-НАЦИОНАЛЬНОЕ ДОСТОЯНИЕ»
Нурумбетов Елюбай Умурзакулы учитель физкультуры, коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 имени Ш. Уалиханова», Толебийский район, город Ленгер
Аннотация. В данной статье рассматривается актуальная проблема развития физического воспитания учащихся , развитие ловкости и мышления.Затрагивает тему значения игры в асык, выявляет их виды .Модернизирует подззабытые виды игр,даёт понятие об играх , на практике прививает интерес к играм наших предков.
Ключевые слово. Внедрение забытых национальных ценностей и его модернизация в формат нового обучения входит в обязанности каждого педагога
PROMOTION OF NATIONAL GAMES AMONG SCHOOLCHILDREN
"ASYK GAME - NATIONAL TREASURE"
Nurumbetov Elyubai Umurzakuly. physical education teacher, communal state institution "General educational school No. 2 named after Sh. Ualikhanov", Tolebi district, Lengir city
Annotation .This article discusses the development of students' dexterity, strength, physical development and thinking through national games. There are identified the significance of the assyk game and its types. Practical work is presented reviving the forgotten game, provide an understanding of the game of our ancestors, and stimulate interest.
Keywords: the reviving of forgotten national values and its modernization into the new format of education is the responsibility of every teacher.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ НАСИХАТТАУ «АСЫҚ ОЙЫНЫ-ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА»

шағым қалдыра аласыз