жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп оқушыларын жасұланға қабылдау
Өтетін уақыты: 2013 жыл 12 желтоқсан
Өтетін жері: АКТ зал
Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.
Қатысушылар: Мектеп оқушылары
(Зал салтанатты безендірілген. ҚР рәміздерімен және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленген.
«Атамекен» әні
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
Жүргізуші: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2011 жылдың 11 ақпанындағы ХІІІ съезінде Елбасы Н.Назарбаев ел жастарын«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» біріктіріп, балалардың «Жас қыран» ұйымын құруды тапсырған болатын
Жүргізуші: Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін оқушылар, ұстаздар құрметті қонақтарРеспубликалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.
Жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына»қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші: Кадр сыртындағы дауыс: Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін!.
(Салтанатты марш ырғағымен)
( «Жас Ұлан» гимні орындалады )
Жүргізуші:
«Жас Ұлан» - шыншыл патриот
«Жас Ұлан» - нағыз топжарған
«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді
«Жас Ұлан» - жауапты азамат
«Жас Ұлан» - сенімді дос
«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»
Жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Жүргізуші: Құттықтау сөзі ------------------------------ беріледі
(фанфары)
Жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қазынаңа толған мекен,
Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.
Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,
Ұлылардың арманын биік еткен.
Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,
Оларға да жақсылық үйіп төккен.
«Қазақтай ел қайда» әні орындайтын
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» төсбелгілері мен галстуктарын табыстау рәсіміне шақырамыз.
Жүргізуші: «Жас қыранға» қабылданатын оқушылар: 3 сыныптың озат оқушылары Жекебах Гүлмаржан, Жолдыбаева Сәулеш, Қалымбетұлы Досымжан, Құрмашева Нұрбану, Құрманай Ұлжан, Нарикбаев Махсұт, Сахап Наргиза, Сайлаубай Мерей, Шәку Ұлбала.
Жүргізуші: «Жас Ұланға» қабылданатын оқушылар: 7а сынып оқушылары: Аманжолова Аружан, Есенов Алмат, Жүсіпбекова Дина, Зұлпыхар Еңлік, Зейнуллаева Аймереке, Қалмағамбетова Гүлсезім,Назарбекова Жайдарлым, Өтегенова Аружан, Пернебекова Әсел, Шахмарданова Лаура.7б сынып оқушылары:Толысбаева Жұлдыз, Толысбаева Құндыз, Алиакбарова Үміт, Шәкірбек Саясат, Аманжол Динара, Батырова Нафиса,Хайдар Айжан.
Жүргізуші: Біз Отанның Ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы,
Ант беруге дайын бол!
10 сынып оқушысы Насибек Динара ант береді:
А Н Т
Біз, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздың талап етуге ант етеміз.
Динара айтады
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
қалған мүшелері «Ант етеміз!» деп 3 рет айтады.
Жүргізуші: Құттықтау сөзі ---------------беріледі
Жүргізуші: «Біз ...»
Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»
Жүргізуші: Ұранымыз
Оқушылар қолдау көрсетеді:: «Қазақстан– Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
( «Жас Ұлан» гимні орындалады )
Жүргізуші: Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар!Жас ұлан ұйымының туы шығарылсын.(Музыка ойналады)
Жүргізуші: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.
Жүргізуші: Сау болыңыздар! Кездескенше!
«Қазақстан» әні
с Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарий
(ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп,ілінеді.)
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар және мектеп оқушылары
Жүргізуші:
Қайырлы кун ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Бүгінгі Қазақстан тәелсіздігінің күніне арналған, сондай-ақ,жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары,өзгерістерден қаймықпайтын,еңбекқұмар,білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын,өршіл,қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
Түсініп терең, қмірдің мәнін,
Жалынды жастар,сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Жүргізуші:
Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар ! ҚР Әнұраны ойналсын!
Әнұран ойналады
Жүргізуші :
Қазақстан Республикасының туы мен Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы енгізілуге дайын
Ендише «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып,алдымен ұйымның мақсат,міндет,ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:
1-оқушы
Қоғамдық өмірде, тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста,халықтық келбетпен қалыпты ссақтай отырып,ата-анасын шынайы сыйлап,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Тұған елін шексіз сүйеді.
2-оқушы
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу керек және Республикамызыдң мемлекеттік нышандарын құрметтеп,мемлекеттік әнұрандарды жатқа айту керек.
3-оқушы
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған киімдерді киюмен,заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
4-оқушы
Өзін тұрмыста,қоғамдық өмірде сыпайы,қарпайым мінезде ұстайды.
5-оқушы
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін,әдебиетін, өнерін,салт-дәстүрін жақсы білу,дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
6-оқушы
Жаслан ұйымының мүшесі- Отанына адал
Жасұлан ұйымының мүшесі- Отанының адал азаматтары.
Ән : Әли Нұртілеу «Жаса Қазақстан» әнімен
Жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Ендише 2 «Б» сынып оқушысы Әбдусейіт Дәуіржан ант беруге дайын!
(«Жас ұланның»,1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды)
Анттың мәтіні
Мен, ------------------------------------ Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным-Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге;
Туған елім,жерім Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестерімізің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге жжәне Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!
Барлық оқушылар Хормен :
«Біз»
Оқушылар : «Жас Ұлан», «Жас Қыран»
«Ұранымыз»
Оқушылар : «Қазақстан-Нұрсұлтан- Жас Ұлан» -3 рет қайталайды
Жүргізуші:
Құрметті Ұстаздар және оқушылар,сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галустук және төсбелгілерін тасбыстау рәсіміне шақырамыз.
(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және Жас Ұланның туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)
Құттықтау сөз мектеп директоры Джунельбаева Фазилә елтайқызына және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзатаева Дина Қыпшақбайқызына беріледі
Жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар елі бар
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз
Жас Ұлан Әні : «Бақыт деген»
Жүргізуші:
Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Кош сау болыңыздар!
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау сценарийі
Мақсаты:
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- мектеп оқушыларын әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту,
Әлеуметтік - танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылардың саны:
«Жас Ұлан» - 45
1100 Фанфар
(Жүргізушілер шығады)
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі жас
достар, ұстаздар және қонақтар!
Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі құтты болсын!
Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,
Шарықтасын қазағымның жыр-әні.
Отанымның Туын көкке көтерер,
Біз боламыз ұлы елдің Жас Ұланы.
2-жүргізуші: Армысыз, өнер тұнған ғасыр елім!
Ерлерін ардақтаған асыл елім!
Подстепный қазақ жалпы орта
білім беретін мектебінің оқушыларын Республикалық «Жас Ұлан»
бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне
арналған салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз.
(ҚР Мемлекеттік Гимні
орындалады)
1-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі
еліміздің ертеңгі алтын діңгегі, кемел келешектің кілтін ұстар
ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн – жауапты күн. Елбасымыз айтқандай, жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз!
1-жүргізуші: Олай болса, баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен
2-жүргізуші: және барша Жас Ұландықтарды 5 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары:
1.Мектеп директоры – Нигметов Берік Задагерейұлы
2.Подстепный селолық округі әкімінің орынбасары – Манатауов Талғат Бисенғалиұлы
3. «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы – Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы.
4. Теректі аудандық «Іс үшін – За дело» Жастар Қауымдастық Бірлестігінің төрағасы – Баянов Қуанышәлі Мұратбекұлы
5.Подстепный селолық округінің Жастар жетекшісі – Утепов Батырхан Әзірханұлы
6. 2013 жылғы мектебіміздің түлегі, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы болған, қазіргі таңда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік ректоры – Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы
7. Және 2013 жылғы мектебіміздің түлегі, сол кездегі «Жас Ұлан» ұйымының басшысы болған, қазіргі таңда Оралдағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің мұғалімі – Ерболатова Айдана Ерболатқызы
2-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданатын оқушылармен таныс болыңыздар!
1. Мақсотова Әсем 5а
2. Халиоллаева Айшагүл 5а
3. Исатаева Айшагүл 5а
4. Тасеменов Нұрбек 5а
5. Жақсылық Әлішер 5ә
6. Бақытжан Әйгерім 5ә
7. Жонусов Нұрсұлтан 5ә
8. Қалешов Ерген 5ә
9. Кеңесова Ақбота 5ә
10. Самиголлина Назерке 5ә
11. Болатова Нұрсана 5б
12. Жарасбаева Салтанат 5б
13. Ергалиева Сымбат 5б
14. Бақтыбаев Мирас 5б
15. Айдынғалиева Амина 6а
16. Айдынғалиева Аяулым 6а
17. Азербаев Аслан 6а
18. Ергалиев Қайсар 6а
19. Жукова Айнұр 6а
20. Берсут Оралбек 6а
21. Меңдібай Мәдениет 6а
22. Болатова Әсел 6а
23. Абдулова Назерке 6ә
24. Бауыржанова Жұлдыз 6ә
25. Рысқали Дархан 6ә
26. Смайыл Жақсылық 6ә
27. Болатов Мейрамбек 6б
28. Ишангалиева Сабина 6б
29. Бақытжанова Аминат 7а
30. Мурзагалиев Мерхат 7а
31. Амангелдиева Диана 7ә
32. Хадимова Дильназ 7ә
33. Асылбеков Ернар 7ә
34. Берікқалиева Аружан 7ә
35. Тельманова Ляззат 7б
36. Ералиева Дильназ 7б
37. Ақболат Аида 7б
38. Асахова Дильнара 7б
39. Маратова Гүлім 7б
40. Маушова Карина 7б
41. Оразбаев Тұрлан 7б
42. Губашева Дильназ 8б
43. Кабашева Гүлден 8б
44. Оңғарбаева Зарина 8б
45. Галимова Мөлдір 8б
1-жүргізуші: Ұйымның негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
2-жүргізуші: Негізгі міндеті – мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, оқушылардың тың бастамаларын қолдау, Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана-сезімдерін, өз халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген құрмет сезімін ояту болып табылады.
1-жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.
Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Нигметов Берік Задагерейұлына беріледі.
2-жүргізуші: Елімнің болашағы ұланымыз,
Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.
Тәуелсіз елімізбен бірге туған,
Аспаны азат елдің қыранымыз!
Келесі құттықтау сөз Подстепный селолық округі әкімінің орынбасары Манатауов Талғат Бисенғалиұлына беріледі.
Сахнада қазақ биімен Диярова Анар. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
Құттықтау сөз кезегі «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы – Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлына беріледі.
2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз 2013 жылғы мектебіміздің түлектері,
«Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушысы мен басшысы болған Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы мен Ерболатова Айдана Ерболатқызына беріледі.
1-жүргізуші: Жас Ұлан – жігерлі де жайдарлы ұйым.
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жас Ұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
2-жүргізуші: Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Республикалық «Жас
Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына өтуге тілек
білдіруші ұландарға галстук пен төсбелгі тағу құрметі бүгінгі
салтанатты жиынға келген құрметті қонақтар
мен
«Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушыларына беріледі.
(«Атамекен» ойнап тұрады)
Жүргізушілер: Біз...!
Оқушылар: «Жас Ұлан!»
Жүргізушілер: Ұранымыз:
Оқушылар: Қазақстан! Жас Ұлан! Жас қыран! (3 рет)
1-жүргізуші: Ендеше, оқушылар «Жас ұлан» ұйымының
мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық
келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың
өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік
парыз деп түсінеді.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнді жатқа айту керек.
2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанына
адал.
1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанын
шексіз сүйеді.
2-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – оқуда,
еңбекте және спортта өжет те қайсар.
1-жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі – шыншыл,
адал дос
2-жүргізуші: «Мен не істесем де, келешегі кемел,
көркем Қазақстан үшін істеймін!» деген ұландардың Отаны, елі
алдында өз парыздарын айтар сәтте туды. Еңселі еліміздің ертеңі
сендер! Ендеше «Жас Ұлан» сөз кезегі
сіздерде.
1-жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, салтанатты
уәде беру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға
береміз.
2-жүргізуші: Түзеліңдер! Тік
тұрыңдар!
1-жүргізуші: Сөз – «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Әлмембет Альмираға беріледі.
Ұланбасы: Құрметті Тәуелсіз еліміздің жалындаған жастары!
Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті Жас Ұландар! Ант қабылдау рәсіміне дайындалыңыздар!
Біз, Жас Ұландар! Ұлы қазақ елінің ар-намысты ұрпағымыз!
Бабалар дәстүрін құрметтеуге,
Мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге;
Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге уәде береміз!
Ата-анамызды қадірлеп;
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетеміз.
Оқуда – озат, еңбекте – адал болып;
Салауатты өмір салтын ұстанамыз.
Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты,
отан сүйгіш азаматы боламыз деп
Жас
Ұландықтар: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант
етеміз!
(Ант
қабылданады.)
1-жүргізуші: Құрметті «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері!
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!
Және бүгінгі Жас Ұландықтардың атынан демеушілік көрсеткен Теректі аудандық «Іс үшін – За дело» Жастар Қауымдастық бірлестігінің төрағасы Баянов Қуанышәлі Мұратбекұлына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Олай
болса, «Жас ұлан» ұйымының әнұраны
орындалсын!
2-жүргізуші: Мен елімнің ертеңімін – Жас ұлан,
Жаралғанмын қазақ деген асылдан!
Елім үшін, жерім үшін аянбай
Тұрғызамын асыл күмбез ғасырдан!
1-жүргізуші: Парызымыз – Ұлы Отанға адалдық,
Бойымызда бар өскіндік балалық
Барша жанға үлгі-өнеге боламыз,
Біз Жас ұлан адалдықтан жаралдық!
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» ұйымының 5 жылдық мерейтойына арналған тосын сыйымызды қабыл алыңыздар!
(музыкамен сахнаға торт кіргізіледі)
2-жүргізуші: Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері.
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі, - дей келе, мектебіміздің түлектері,
«Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушылары Насыров Дәулет пен Жүсіп Лананы «Жас Ұландар» әнімен сахнаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
-
ӘН: «Байтақ елім, қазағым» Кайруллиев Асхат (хабарланбайды)
-
2-жүргізуші: Құрметті салтанатты жиынға келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар! Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
-
(Жас Ұландықтар соңында фотосуретке түсіп, мәжіліс залынан кезектесіп шығады)

