Материалдар / Мектеп оқушыларына арналған сергіту жаттығулары

Мектеп оқушыларына арналған сергіту жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп оқушыларына арналған сергіту жаттығулары. Оқушылардың ұжымдық қарым –қатынасын дамыту,ұжым болып жұмыс істеуге үйрету, оқушыларды ым –ишарамен өз сезімдерін көрсетуге үйрету, адамның көңіл –күйін мимика арқылы анықтай білуге баулу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мектеп оқушыларына арналған сергіту жаттығулары


«Өрмекші торы» жаттығуы

Біз басқа адамдардың арасында өмір сүреміз. Басқалардың пікірі біздің өзіміз туралы білімімізді молайта түседі.Келесі жаттығу өзімізге басқа адамның көзімен қарауға көмектеседі. Ал бүгін мен сендерден әдепті болуды және жолдастарың туралы тек қана жақсы сөз айтуды сұраймын. Қане отраға шығып шеңбер құрайық. Мен бір балаға оралған жіп лақтырамын, оны атымен атаймын жәнеоның маған ұнайтын мінезі, қылығы, сырт келбеті туралы айтамын, содан жіпті алған бала келесі балаға лақтырады.

Жүргізуші: Жаңа ғана бізді байланыстырған жіпке қарандаршы. Әдетте бізге көрінбейді,бірақ ол бар. Өмірде де бізді осындай жылы,мейірімді сөздер мен сезімдер байланыстырып тұрсын.

Мақсаты: бір –біріне деген жағымды эмоцияналды қатынас орнату; серігіне деген шынайы сезімін білдіру.


Көңіл-күйімізді жаттықтыру

Жүргізуші: мен сендерді актер болуға үйретемін. Адамдармен қарым –қатынаста бет –әлпет, қас –қабақ, дауыс маңызды қызмет атқарады. «Қонаққа тамақ бермес бұрын, қабағынды бер» деген даналық сөз осыған негізделген.

Ортаға 7 оқушы шығып, берілген көңіл –күй түрін мимикамен көрсетеді. Ал қалған оқушылар оны табулары керек.

1.Ойланып тұрған адамның бет –әлпет кескіні.

2.Ренжіп тұрған адамның бет –әлпеті

3.Жай күліп тұрған және қатты күліп тұрған адамнды көрсету.

4.Ашулы адамның бет –жүзі.

5.Таңданған кейіп көрсету.

6.Өкініп тұрған адамның бет –әлпеті.

7.Қуанып тұрған адамның бет –әлпеті.

Мақсаты: оқушыларды ым –ишарамен өз сезімдерін көрсетуге үйрету, адамның көңіл –күйін мимика арқылы анықтай білуге баулу.


«Айсберг» жаттығуы

Барлық оқушыларға берілген екі фигураның біреуін таңдау керек. Осы фигураларға байланысты анықтама беріліп, оларды топқа бөлеміз. Енді ойыншыларға айсбергте жүргендерін елестету керек. Кенеттен айсберг ери бастайды. Қатысушылардың мақсаты: қағазда –«еріп бара жатқан айсбергте» бүкіл топпен сыйысу. Айсберг одан әрі ери береді. Жүргізуші кағаз беттерін азайта береді. Ең соңында барлық қатысушылары қағаз бетіңде сыйған топ жеңіске жетеді.

Мақсаты: ұжымдық қарым –қатынасты дамыту,ұжым болып жұмыс істеуге үйрету.



04 Қараша 2020
822
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі