жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жоспардың мақсаты
- мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
үшін жағдай жасау.
Жоспардың
міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын
зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың
тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды
қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Білім беру процесін
оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын
бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің материалдық-техникалық
базасын нығайту.
Жоспарды орындаудың
нәтижесінде: 2022 жылға қарай мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын
болады:
1. Ғылыми-зерттеу жағынан
қамтамасыз ету:
1) функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру мен дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, құзыретті
білім беру парадигмасында мектепті басқару жүйелері анықталады;
2) функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру мен дамытуға бағытталған іс-шараларды
ғылыми-зерттеушілік, сараптамалық-талдамалық алып жүру қамтамасыз
етіледі;
3) балалардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруда мектеп оқушыларының өмірлік бағдарының
мәнін, ата-аналардың рөлін диагностикалау қамтамасыз етіледі.
2. Білім беру мазмұнын
жаңарту:
1) мемлекеттік стандарттар
мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік
тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз етеді;
2) оқу жоспарлары тұлғалық жетілуді
қамтамасыз ететін білім беру вариативтілігін, коммуникативті
дағдыларды қалыптастыратын білім алудағы дербестікті, ақпарат пен
технологияны пайдалана білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен
сыни тұрғыда ойлауды
қарастырады.
3. Оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету:
1) практикаға бағдарланған авторлық
жұмыстар әзірленеді;
2) жаңартылды, мектеп оқушыларының
тұлғалық бағдарын, білім берудің саралануын, практикалық бағытын,
дифференциациасын, тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін
қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтердің
практикасына табысты енгізіледі;
3) мектеп оқушыларын оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен
пайдалану деңгейі артады;
4) мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытуға қойылатын талаптар мен тәсілдердің
кешенділігі және біртұтастығын қамтамасыз ететін мектептің, отбасы
мен қоғамның әлеуметтік өзара әрекетінің мазмұны мен нысаны
жаңартылады;
5) тұлғаның кәсіби қалыптасуына
ықпал ететін қосымша білім берудің беделі қамтамасыз етілді. Білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің 50 %-ы қосымша біліммен
қамтылады;
|
№ |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты |
Іс-шараларды іске асыру мерзімі |
|
||||
|
1 |
«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының білім деңгейлері бойынша ғылыми-әдістемелік негізі» зерттеуін жүргізу |
Талдамалық баяндама |
Мектеп әкімшілігі |
2021-2022 оқу жылы |
|
2 |
«ХХІ ғасыр мектебі: басқару проблемалары мен келешегі (Білім беру сапасын функционалдық сауаттылықты дамытуды қамтамасыз ету факторы ретінде басқару)» зерттеуін жүргізу |
Баяндама |
Оқу ісінің орынбасары |
2020 жыл Желтоқсан |
|
3 |
«Педагогтің кәсіби тұлғалық құзыреттіліген анықтау» атты зерттеу жүргізу |
Мәлімет |
Оқу ісінің орынбасары |
Оқу жылы басында |
|
4 |
«Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтарының мониторингілеу және бағалау» әлеуметтік зерттеуін жүргізу |
Зерттеу актісі |
Әлеуметтік педагог |
Оқу жылы бойы |
|
||||
|
5 |
Бейіндік оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту |
Оқу жоспары |
Оқу ісінің орынбасары |
Қыркүйек |
|
6 |
Оқу бағдарламалары, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа
мерзімді оқу жоспарлары, мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар,
сынақтан өткізу, мұғалімдерді әдістемелік қолдау)
әзірлеу. |
Нұсқаулықтар |
Пән мұғалімдері |
Қыркүйек |
|
7 |
Оқу және жазу арқылы дамыта оқыту мен сыни тұрғыда ойлау технологияларының бағдарламаларын іске асыру |
Педагогикалық технологиялар |
Пән мұғалімдері |
Оқу жылы бойы |
|
8 |
Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға арналған семинарлардың бағдарламаларынәзірлеу |
Семинар |
Әлеуметтік педагог |
2021 жыл қаңтар |
|
3.Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету |
||||
|
9 |
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру (білімнің деңгейлері мен бағыттары бойынша) әдістемелік нұсқаулығын әзірлеу |
Әдістемелік нұсқаулық |
Пән мұғалімдері |
2022 жыл |
|
10 |
«Үздік сынып» конкурсын ұйымдастыру |
Конкурс |
Оқу ісінің орынбасары |
2021 жыл Мамыр |
|
11 |
«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы» тақырыбында интеллектуалды конкурстар ұйымдастыру |
Конкурстар |
Пән мұғалімдері |
2021 жыл |
|
12 |
Оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау |
Ғылыми жұмыс |
Пән мұғалімдері |
Жыл сайын |
|
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі |
||||
|
13 |
6,11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау» атты мониторингтік зерттеу жүргізу |
Мониторинг |
Оқу ісінің орынбасары |
Тоқсан сайын |
|
14 |
9-сынып оқушыларының білім жетістіктерін бағалау» атты мониторингтік зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу |
Мониторинг |
Оқу ісінің орынбасары |
Тоқсан сайын |
|
15 |
Жыл сайын оқу жетістігін сырттай бағалауға (ОЖСБ), ҰБТ мониторинг жүргізу |
Мониторинг |
Оқу ісінің орынбасары |
Жыл соңында |
|
16 |
Математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығының қалыптасуын тексеру үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру (9-11 сыныптар) |
Тест тапсырмалары |
Оқу ісінің орынбасары |
Жыл бойы |
|
17 |
«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ата-аналардың ықпалын бағалау» зерттеуін жүргізу |
Зерттеу |
Психолог |
Оқу жылы соңында |
|
18 |
«Робототехника» жұмысын дамыту үшін мектепте жабдықпен қамтамасыз ету. |
Материалдық базаны нығайту |
Мектеп әкімшілігі |
2022 жыл. |
Ақмола облысы. Целиноград ауданы. Ы.Алтынсарин ауылының орта мектебінің оқу ісінің орынбасары: Шалдыбай Ақмарал Ибаділдәқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген