Материалдар / Мектеп құраушысы компоненттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп құраушысы компоненттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика , қазақ тіл әдебиеттік оқу пәндерініе мектеп құраушысы сабқа тақырыптары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2018
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


САБАҚ: натурал сандарды азайту

МЕКТЕП «Шұбар»

КҮНІ: 17.09.2018ж


Мұғалімнің есімі: ЖолдасР

Сынып: 5

қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Аралас сандарды азайту ережелерін біледі, әр түрлі

есептерде шығарады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Аралас сандарды азайтуды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Әр түрлі аралас ,бүтін ,

бөлшек сандарды азайтуға есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар: Күрделі есептерді шығарады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды

.Өзара сұхбаттаса алады.


Сыныптағы диалог- жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер


Талқылауға арналған тармақтар: Сыни ойлай біледі.Сабақ

барысында алған мағлұматты, өмірде пайдалануға дайын

болады.

Сіз неліктен ....екенін айта аласыз ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар: Есептер шығару


Алдыңғы оқу

Жай бөлшектерді қосу азайту, аралас сандарды қосу

ақырыптары.

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ,ескертпелерді жазыңыз)

Жүргізілетін жұмыс

Ресурстар

Басталуы

5 мин

Ұйымдастыру.

Топқа бөлу. (Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне тілек айтып.

Миға шабуылМиға шабуыл


Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр

топты диалогқа түсіру

,Өткен тақырып аррналған а үй тасырмасын қайталау ға

сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға

ілінеді,

2)

3) 7 натурал санын бөлшек бөлігінің бөлімі 9 болатын

аралас сан түрінде жаз:________________________________________________

4) бөлшектерін ортақ бөлімге келтір.

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып оқулықпен

жұмыстанады. Жаңа тақырыптың негізгі ұғымдарын

оқушы өзі бөліп ажыратады.

  1. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу ережесін есіңе түсір.

____________________________________________________________

  1. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту ережесін құрастырып,

  2. айтып көр. _________________________________________________________

Мысал:_________________________________

3. Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту ережесін

тауып оқы.

  1. Азайғыштың алымы азайтықыштың алымынан кіші

  2. болған

  3. жағдайда.

Мысал: =____________________________________

(оқулықтағы мысалды үлгі етіп ал)

5. Қысқаша жазылуын оқулықтан қарап ал.

Мысалдағы айырмашылықты түсіндір.

6. Натурал саннан аралас санды азайту үшін ______________________

____________________________________________________________

(сөйлемді толықтыр)

Мысал: =__________________________________________

(оқулықтағы мысалды үлгі етіп ал)

8. Аралас саннан натурал санды азайтқанда __________________________

_____________________________________________________________

(сөйлемді толықтыр)

Мысал: =______________________________________

(оқулықтағы мысалды үлгі етіп ал)


крассворд, карточкалар

Ортасы

30 мин

«Сөздер банкасы» әдісі пайдалану арқылы тапсырмалар қолдану


Сергіту сәті

Әр топқадеңгейліктапсырмаларды тест түрінде беріледі.


Эссе жазуарқылы сабақты жинақтайды

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

  1. Бөлімдері бірдей, әр түрлі аралас сандарды азайту.

  2. Азайғыштың алымы азайтқыш алымынан кіші болған жағдайды.

  3. Натурал саннан аралас санды азайтуды.

  4. Аралас саннан натурал санды азайтуды.

«Онға дейін үш тілде санау»

1. Азайтуды орында:

6 - 3;

А) 3 Ә) 3 Б) 2 В) 3.

2. Азайтуды орында:

8 - 2;

А) 6 Ә) 6 Б) 6 В) 6 .

3. Азайтуды орында:

10 – 4;

А) 6 Ә) 6 Б) 6 В) 5

Оқулық

Аяқталуы

Тақырыпты қорытындылау.

Үйге тапсырма




Қосымша ақпарат: интернеттен кеңістіктегі координаталарды қалай анықтайтыны туралы

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


Есептерді тексеру, сұраққа жауаптары арқылы



РЕФЛЕКСИЯ

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

ол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін

сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Әбділдә Тәжібаев. Толағай.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ертегі түрі - әдеби ертегі туралы, Әбділдә Тәжібаевтың өмір жолы және "Толағай" ертегісі жөнінде түсінік беру. "Толағай" ертегісінің әдеби ертегі түріне жататындығын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару, пәнге деген қызығушылықтарын, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ер жүректілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: слайдтар, актив студио дыбыстық жүйесі, түсіндіру, жекелей оқыту, хронологиялық кесте, Венн диаграммасы, сұрақ - жауаптар.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, Ә. Тәжібаевтың портреті, тірек сызбалар, Интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) түгендеу;
б) зейіндерін пәнге аудару.
ІІ. Жаңа материалға даярлық:
- Балалар, бүгін біз Ә. Тәжібаевтың өмір жолымен және әдеби ертегі түріне жататын "Толағай" ертегісімен, ертегідегі Толағайдың елі, жері үшін жасаған ерлігімен таныс боламыз.


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:


Әдебиет нешеге бөлінеді?
1) ауызша
2) жазбаша
Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар!
1. Тұрмыс - салт жырлары
2. Мақал - мәтелдер
3. Жұмбақтар
4. Жаңылтпаштар
5. Ертегілер
6. Батырлар жырлары
7. Ғашықтық жырлар
8. Айтыс өлеңдері
9. Аңыз әңгімелер

Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыз әңгімелердің негізінде туады. Әдеби ертегілер еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды.
Мысалға Әбділдә Тәжібаевтың "Толағайы" әдеби ертегісіне жатады. Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.
Әдеби ертегі авторы Ә. Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.
(актив студио арқылы диктордың сөзімен баяндалады)
• 1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
• 1995 жылы 23 – қыркүйекте дүниеден өткен.
• Ә. Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
• Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген.
• 50 шақты кітаптың авторы.
• «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған
• «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.
• Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.
• Әбділдә Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" дастандары, балалар тақырыбында да қалам тартты.
«Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыту.
Толағай
(Ерлік туралы аңыз)
Ел аузында ертеректен,
Ертек болған қызық көптен
Бір әңгіме есімде бар.

Айтып соны баяндайын,
Ерінбейін, аянбайын,
Тыңдау үшін кел, балалар.
Бес жүз жылдар шамасында
Сонау Ертіс жағасында,
Болған біреу Саржан атты.
Даңқы шыққан мерген екен,
Талай жерді көрген екен,
Сүйіпті жұрт сол қазақты.
Жұбайы да өзіне сай,
Аты Айсұлу - ақ маралдай,
Ақша беті айменен тең.
Көркінен де ақылы басым,
Көршілердің кәрі, жасын
Сүйсіндірген қылығымен...
Айы толды, күні жетті,
"Ұл туды" деп ел шу етті,
Дүниеге бір бала келді.
Отыз күндік мерекені,
Естен кетпес берекені,
Сол ауылға ала келді.
Ақ тілекті дос - жарлары
Ат арытып жетті бәрі,
Қалмай адам көңілі жақын.
Ақсақалдар қол көтеріп,
Жас бөбекке бата беріп,
Толағай деп қойыпты атын.
Балғын бөбек жетті бірге,
Ілінбесін көз бен тілге.
Кереметтен туған жандай:
Кере қарыс, ақша маңдай,
Күн нұрынан ақша маңдай,
Күн нұрынан жаралғандай,
Көзі түскен таңғалғандай.
Үштен төртке жетті жасы,
Туған айдай екі қасы,
Ақ тістері ақ меруерттей.
Қос жұлдыздай көз жанары,
Қос бетінің тамып қаны,
Жалындайды жанған өрттей.
Тым ерекше, тұлға пішін,
Өлшеп болар емес күшін,
Қуанышты ата - анасы.
Бота болып ойнағалы
Арқаласа он баланы -
Қайыспайды қабырғасы.
"Алып болар"деді үлкендер,
Тірі болсын, туды бір ер,
Ер жетуін күтті халық.
Арнап келіп көрер болды,
Көрген соң көз сенер болды,
Алыстағы ел хабарланды.
Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты,
Жай отынан кейін емес.
Темірден де өткізеді,
Түндік жерге жеткізеді,
Ел осыны етті кеңес.
Еріп кәрі мергендерге -
Әкесімен шықса бірге
Аң аулауға - кең даладан
Құтылмайды қашқан құлан.
Жалғыз толғап тартуынан,
Жан құтқармас болды қыран.
*Осындай бір аңшылықта
Кетіп ұзап айшылыққа,
Шексіз - шетсіз көлге келді.
Мөлдір судан шөл қандырды.
"Алайын,- деп,- көзімді іліп",
Әкесімен тілге келді.
Жалғыз ұлы - көз жанары,
Сұраса да берер жанын:
"Ұйықта, қозым"деді Саржан.
Ұйқыдағы Толағайды
Айналады, толғанады,
Көбелектей от айналған.
Елсіз, малсыз көлдің қасы,
Қалың қамыс айналасы.
Көз қызығар ұшқан құсқа.
Оқта - текте үн береді,
Үрейді ала күңіренеді,
Жем іздеген жолбарыс та.
Жолбарыстың естіп үнін,
Оятайын десе ұлын,
Аң батырын атқызбаққа:
Сабырсыз боп қызбайын деп,
Тәтті ұйқысын бұзбайын деп,
Өзіне - өзі салды тоқтау.
Сол кезде бір сыбдыр шықты,
Жалт бұрылды, көзін тікті,
Көрді Санжар аң балуанын.
Жортып жүріп келіп қапты,
Жол тосқанын аңғармапты,
О да торып қалды жауын.
Оқтан ұшқыр өр жолбарыс,
Жібермейтін жатқа намыс,
Лақтыратын атандарды,
Жымитты да қос құлағын,
Көздерінен шашып жалын,
Жер бауырлап жата қалды.
Сонда мерген қатты састы,
Адамды аңның сұсы басты,
Жолбарыстан көз алмады.
Қимылдаса, атқалы тұр,
Қанды аузын басқалы тұр,
Арбасуға төзе алмады.
"Өлдім, балам, Толағайжан!"
Деген дауыс шықты жаман
Атып сонда тұрды бала.
Тырнақтарын арандатқан,
Аждаһадай аузын ашқан,
Жолбарысты көрді бала.
Әкесінен әл кетіпті,
Қояр емес, жауы мықты,
Мендеп барад, күші басым.
Тал шыбықтай майыстырып,
Теңбіл шұбар алған мініп,
Күйрететін қабырғасын.
Толағайды ашу қысты:
"Келе қал,- деп - болсаң күшті",
Құйрығынан алды барып.
Таяқ құрлы көрмей тіпті,
Жолбарысты дөңгелетті.
Ойнағандай шыр айналып,
Ұршықтайын үйіргенде,
Екпінінен соққан желге,
Көк құрақтар қалды жатып.
Әлден кейін аспандатып
Айдын көлге жіберді атып,
Күмп етті де, кетті батып.
- Бұл не деген үлкен мысық,
Салқындады - ау суға түсіп,-
Деді бала, күлімдеді.
Әкесі де езу тартты.
"Мысық" жүзіп бара жатты,
Қайырылатын емес енді.

ІІ
Жылдар өткен...
Жазғытұрым,
Басталды бір жаман ырым,
Жаумай жауын жалғыз тамшы.
Ерте солды гүл - бәйшешек,
Еркін өспей, қурады шөп,
Етке тиді ауыр қамшы.
Еккен егін өнбей жерге,
Еткен еңбек ұшты желге,
Ел күйзелді ем таба алмай.
Жабырқаған жарлы қауым
Жалбарынды тілеп жауын,
Көкжиектен көзін алмай.
Сезген мұны Толағай да
Сабырсыздық болды пайда,
Ойланады ұзақ күндер:
"Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын,
Адал ақыл айтар кімдер?"
Көп өтпеді. Бір күндері
Шешесіне еркеледі.
Отыр сұрап әр нәрсені...
Тағы да бір бар сауалым:
Көп жауады қайда жауын?
Білсең, апа, айтшы!- деді.
Айғақ ете үлкендерді
Апатайы жауап берді:
- Деген сөзі бар: "Тауда тандыр".
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Үзілмейді жылда жаңбыр.
Толағайың тыңдап алды,
Екі беті гүл - гүл жанды.
Кідірмеді, жүріп кетті.
Кеудесімен бұлт бөгеген,
Бұлттан жаңбыр себелеген
Асқар тауға келіп жетті.
Таңдап жүріп тау жотасын,
Талғай қарап орман, тасын,
Тарбағатай өңірінен,
Көңілі сүйген бір шатқалды
Ұзақ ырғап бөліп алды,
Өркештенген түйінінен.
Басындағы қарын қоса,
Баурындағы аңын қоса,
Шайқап бұлақ, көк орманды,
Күшпен әрең алды - дағы,
Арқасына салды - дағы,
Келген ізбен қайта оралды.
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жанды,
Маңдайынан тер көл боп ақты.

Жеткенше дем алмайын деп,
Жарты жолда қалмайын деп,
Шаршаса да, тоқтамапты.
Тау жақындап қалды келіп,
Бұйраланған бұлт еңсеріп,
Таңданысты көрген адам.
Әлден кейін танылды анық,
"Толағай!" деп шулап халық,
Қуанбаған қалмады жан.
Құйды жаңбыр, сел боп ақты,
Күн күркіреп шатырлатты,
Күйген жердің кірді жаны.
Шөлдегендер суға қанды,
Ауыл қайта ажарланды,
Тарқады елдің бір құмары.
Талған дене, жанған өкпе,
Келген шыдап сонша көпке,
Ұзақты күн сыр бермеген.
Жетеріне жеткен кезде,
Күн еңкейіп шөккен кезде,
Сүрінді алып әлденеден.
Кетті құлап, тұра алмады.
"Апа!" деді жалғыз ғана,
Тау да басып шөге берді,
Апасы жас төге берді,
Отаны үшін өлді бала.
Кім қалды екен егілмеген,
Кім қалды екен төгілмеген,
Көз көргеннен Толағайды.
Күңіренді де анасындай,
Күн де баты шарасыздай,
Түн қап - қара шашын жайды.
Ауысыпты заман талай,
Аталғалы тау - Толағай...
Соны үлкендер ертегі еткен,
Алыпты тау басып жатқан,
Ана сүтін тас боп қатқан
Көреді әлі өткен, кеткен.
Толағайдың төңірегінде,
Толқындаған желмен бірге
Көк теңіздей көк шалғыны.
Алыпты жұрт ардақтайды,
Алып атын бір атайды
Жылда жаңбыр жауған күні.


ІV. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:
*Сөздікпен жұмыс
Отыз күндік мереке - қазақта үлкен ұзақ уақыт тойлаған дәстүр болған. "Отыз күн ойын, қырық күн тойы" деген сөз содан қалған.
Жай оты - найзағай
сұсы басты - айбатынан сескенді
еткен еңбек ұшты желге - пайдасы болмады, зая кетті
Егілмеген - жыламаған
*Хронологиялық кестемен жұмыс (өмір жолы бойынша тапсырма)
1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген
1995 жылы 23 – қыркүйекте дүниеден өткен.
1978 жылы «Толағай» әдеби ертегісі жазылған
1933жылы тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» жарық көрген.

50 шақты кітаптың авторы.

*"Толағай" ертегісінен теңеулерді тауып, теріп жазыңдар.
ақ маралдай, айменен тең, жандай, ақ меруерттей, жұлдыздай, өрттей, Аждаһадай, анасындай.
* Поэманы сатылай кешенді талдау
кім?
1. авторы
2. тақырыбы
3. жанр түрі
4. идеясы -
5. құрылысы:
а) шумақ -
ә) тармақ -
б) бунақ -
в) буын -
г) ұйқас -
6. Көркемдік ерекшелігі:
1) эпитет -
2) метафора -
3) риторикалық сұрақ -

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау:(қима - қағаздардағы сұрақтар)
1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?
2. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
3. Шығарманың мазмұнын өз сөзіңмен қысқаша мазмұндап бер.
4. Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.
5. Ертегінің қысқа мазмұн - жоспарын құр.
6. Толағайды әдеби кейіпкер ретінде сипатта. (Дүниеге ерекше болып келуі, мінез - құлқы, ерлік істері, ел есінде қалуы).
7. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
8. Толағайды бұрын оқыған кейіпкерлермен салыстыр!
Венн диаграммасы
Керқұла атты Кендебай - Толағай

Сөз жұмбақ
1. ауыз әдебиетінің түрі
2. Ә. Тәжібаев дүниеге келген қала
3. Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы
4. Адамата жасаған ең алғашқы адамның аты
5. Жаңбыр үзілмейтін өңір
6. Құранды жаттап, үнемі есінде сақтайтын адамдар
7. Толағайдың анасының аты
Сонымен балалар, Толағай - халық арманынан туған кейіпкер екен. Ертегі идеясы - ел үшін, отан үшін сондай ерлер туса екен деген тілек, ниет. Толағайдың тауды көтеруі мүмкін бе? - жоқ, әрине,
- Сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма, балалар?
- иә.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру: 
Ә. Тәжібаевтың өмір жолы мен Толағай ертегісін оқып, мазмұндау.
Толағай ертегісінен ұнаған үзіндісін жаттау.
Бағалау:
- Қазақ осы қонақ келсе көл - көсір,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабатын,- деп Қ. Мырзалиев атамыз айтқандай сендерге жабатын шапаным бүгінгі алған бағаларың деп есептеңдер.































Сабақтың тақырыбы:  Тіл ұстарту сабағы «Дыбыстар әлемі»мектеп құраушысы

Сабақтың мақсаты:

білімділік-           фонетикадан өтілгендерді қайталау, қалай меңгергендерін бақылау, оқушылардың  дұрыс сөйлей білуге, сауатты жаза білуге іздендіру

дамытушылық-   дыбыстарға математикалық  тәсілмен мінездеме беру дағдысын, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру, фонологиялық талдауды меңгертуді дамыту

тәрбиелілік-        оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға, орынды қолдануға, сөйлем талдауға, бір-бірін сыйлауға, ұйымшылдыққа, ана тілін қадірлеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:   жарыс сабағы

Әдісі:                   сұрақ-жауап, ой бөлісі, талдау

Көрнекілігі:         слайдтар, бағалау жетондары

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

1-топ «Дауыстылар»                    2-топ «Дауыссыздар»

Бұгінгі сабағымыз «Дыбыстар әлемі» деп аталады.

ІІ. Топ басшыларының таныстыруы

1-топ

Біз дауысты дыбыспыз,

12 әріптен құралған.

Сөз буыны боп тұрмыз,

Дара да, топ та тұра алған.

2-топ

Біз дауыссыз дыбыспыз

Жиырма алты дыбыстан тұрамыз

Өзіміз үшке бөлініп,

Әр түрлі сөз құрамыз.

ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы

Ой шақыру. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс не үшін қажет?

Дыбыс – буын – сөз – сөз тіркесі- сөйлем- мәтін

2 –топ өздері туралы мәтін айтады.

Дауыстылар                                          Дауыссыздар

жіңішке

Тіл   —     жуан                                    салдыр-қатаң

Ашық                                 үн басым-үнді

Жақ  —      қысаң                                 салдыр басым- ұяң

Ерін- еріндік-езулік

езу

 

ІҮ. Әр топ өздерінің алғашқы дыбысынан басталатын сөйлемдер айтады.

«Бірдей дыбысты сөйлемдер»

1-топ:         Айнұрдың анасының аты-Алмагүл.

Айдардың атасы Астанаға асығыс аттанды.

Ермек, Ержан екеуі еріншек елінен емес.

Ұлар ұясынан ұшты.

 

2-топ:         Таудың табиғатын төртеуміз тамашаладық.  Біз бақытты баламыз. Кеше кешкісін Көркем көлеңкеге көйлекшең келді.

 

Ү. «Кім жылдам?» ойыны

1-топ

  1. Сыныптағы есімі ұяң дауыссыздан басталатын ұлдардың есімін ата.

  2. Қатаң дауыссыздан басталатын бізге сабақ беретін ұстаздар есімін ата.

  3. А дыбысынан басталатын қала аттары.

2-топ

  1. Сыныптағы қыздардың есімі қандай дыбыстан басталады?

  2. Бірдей дыбыстан басталып, бірдей дыбысқа аяқталатын сөздерді ата(қызық, қалақ, нан, нән, шаш, тат, қақ, ана, ара, ата, ене, есе т.б)

  3. Қатаң дауыссыздан басталатын ұлттық ойындарды ата (тоғызқұмалақ, көкпар, ханталапай).

ҮІІ. «Әріп қысқарса» ойыны бойынша дыбыстардың орын тәртібі, сапалық сипаты болатынын айтып, бір дыбысты өзгертсе, сөз мағынасы өзгеретініне қорытынды жасату, қысқарған сөздерді буын түріне талдату.

Мысалы : І топ

Палау            Қанар        Жолақ

Алау              Анар      олақ

лау                 нар                  лақ

у                     ар           ақ

ІІ топ

Дауыс          Қатаң                          Ашық

ауыс           атаң                            шық

уыс              таң                                 ық

ыс                 аң

Әр топқа 3 сөзден талдату.

ҮІІІ. «Шешендік өнер» 2 топқа тақырып беріледі,  тақырып бойынша ауызша әңгімелейді.

І. Ауылым-алтын бесігім.

ІІ. Мен-ХХІ ғасыр перзентімін.

ІХ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!