Материалдар / Мектеп сахнасына қысқартылып алынған Иса Байзақовтың "Құралай сұлу" поэмасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп сахнасына қысқартылып алынған Иса Байзақовтың "Құралай сұлу" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмысына пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2019
472
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9


Павлодар облысы,

Ертіс ауданы,

Ынтымақ ауылы,

Ынтымақ негізгі жалпы

білім беру мектебінің қазақ тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Айтмаганбетова А.Т.








Мектеп сахнасы үшін

Иса Байзақовтың

«Құралай сұлу» поэмасынан

қысқартылып алынған

ІІ көріністен тұратын

сахналық қойылым














Қатысушылар:

1. Автор Ғалы Малика 7 сынып

2. Келден Құдайбергенов Айбек 8 сынып

3. Құралай сұлу Ақтас Айдана 7 сынып

4. Келден бай Аубакиров Нұрбол 9 сынып

5. Монтай би Қайыркеш Арнұр 8 сынып

6. Бәйбіше Сағындық Амина 6 сынып

7. Қалмақтың бегі Базарбек Қуандық 7 сынып




І көрініс

(Қамсақтының жағасына орналасқан ауыл бейнесі, бір шетінде кигіз үй бейнеленген сурет, бір шетте кигіз үйдің ішкі бейнесі, ортада үстел, бір шетінде бәйбіше отырады.

Автор: (баяу әуен естіліп тұрады)

Ойласаң өткен күнді айтады жыр,

Тыңдасаң естіледі бір терең сыр,

Ой өліп, өмір сөніп, көп соғылған,

Суреті өткендердің алдымда тұр.

Толқыны бұл өмірдің талайды ұрған,

Көп жанды алдап соғып, зарландырған.

Аяған дертті өмірдің пендесі жоқ,

Жас демей, кәрі демей торын құрған.

Біреудің күшін алып, үмітін кескен,

Біреудің жүрегін жеп, қанын ішкен.

Жете алмай талай асық мұратына

Қара күн қан жамылып, басқа түскен.

Естісем сондайлардың мұң мен зарын,

Менің де қозғалады қапаларым.

Ортақпын қайғылының қайғысына,

Үн қосып күңірену, болған барым...

Есімханның кезінде Шу бойында, Оңтүстік Қамсақтының жағасында Орта жүзден тараған, Қыпшақтың Ойбас руының әділ биі Монтай дегеннің ауылы болған екен. Елі қадірлеген бидің жасы жетпіс төртке келсе де бір бала көрмеген, тоқалдан туған жалғыз баласы о да тіл тиіп сәби кезінде қайтқан екен. Қайғыдан қан жұтып отырған би өз қара басының қамын ғана ойламай елінің, жерінің де қамын ойлайды. Осы жасқа келгенше мұңсыз, армансыз адам көрмедім, егер сондай адам көрсем азбайтын едім, қайта тұғырға қонар едім деген екен. Монтай бидің сөзін естіген халқы, оған Шудың бойын мекен қылған «Армансыз Келден бай» деген бай жайында айтып береді. Он сегіз ұлы, он сегіз үй болған Келден бай жайында естіген Монтай би енді сол байды іздеп табуға бекінеді.

(баяу әуен естіліп тұрады)

Келден бай сол өлкеден таңдап алған,

«Көк мұрын той» өзенін мекен қылған.

Ортада үлкен ақ үй сегіз қанат

Түзелген кемшіліксіз сән, салтанат.

Күмістей ақ сақалды, қартқа басқан,

Жас мөлшері сексеннен еркін асқан,

Жамылған торғын тоны сүйретіліп,

Келден тұр үй сыртында қозғалмастан.

(жолаушылар оқ бойы жерден сәлем беріп, аттарын қосшыға ұстатып қарсы жүріп Келден байға амандасады)

Келден бай:

Уа, шырағым қай ұлсың? Түрлерің жат көрінеді ғой, шеттен келдіңдер ме?

Монтай би:

Иә, бабам, руым – қыпшақ, Атым Монтай. Сізді көруге әдейі іздеп келдім.

Келден бай: Қыпшақтағы әділ Монтай деген сен бе едің. Өзіңді сырттай жақсы біліп, бір көре алмай жүр едім, келші өзіңді тағы да бір құшақтайын.

(Екеуі төс түйістіріп амандық-саулық біліседі. Келден қонақты үйге бастап жүреді. Кигіз үйге еніп Монтай би бәйбішеге амандасады да екеуі жоғары шығып жайғасады)

Монтай би:

-Келдеке бақ мынау, бала мынау, дәулетіңіз еркін, сізде де арман бар ма?

Келден бай: ( біраз ойға кетіп)

-Армансыз бұл дүниеде жан бола ма,

Монтай би:

-Таңданам, сіздің арман қандай екен,

Жасаған жанды, бақты әрін берген.

Естіп ем сыртыңыздан армансыз деп,

Бірінші себебім сол іздеп келген.

Келден бай: (Монтайға қарай бұрылып)

Монтайым, мейманымсың, шын құрметті,

Саған айтпай, кімге айтам қайғы дертті.

Автор:

Сақалын сипап ескі балуан қолмен,

Ертек қып өткендерін бастап кетті.

(Музыка дауысы екпіндете шығып тұрады)

ІІ көрініс

(Келден байдың үйі сол қалпында қалады. Сахнаның бір шетінде таулы аймақ бейнеленген көрініс. Ортада Қалмақ ауылы бейнеленген сурет көрінісі)

Автор: (баяу әуен естіліп тұрады)

Келден бай бір әкеден үш ұл, бір қыз төртеуі болатын. Әкелері ерте өліп, ең кенжесі Келден он үште екен, ал ағалары елінің басшысы болған. Бір жылдары ағалары еліне келген қалмақ жортуылшысын аңдимыз деп кетеді. Елде тек кемпір-шал, қатын-қалаш қалады. Еліне қалмақ шауып, жылқыларын айдап әкетеді, соңынан қуған жалғыз Келден Сейқын деген қалмақтардың ханының қолына түседі.Сол кеткеннен Келден мол кетіп Қалмақтардың қолында бес жыл мазаққа түсіп , қорлық көріп байлауда болады. Сейқын ханның елден асқан Құралай атты сұлу қызы болады. Бір күні ханның үлкен тойы болады. Хан барлық басқа жұрттық тұтқындарын босатады.Ал Келденді ескі кегін жоқтайды деп босатпай хан бектерін жіберіп ант сұратады.


(Келденді ортаға жетелеп қалмақтың бегі алып шығады да өзі кетіп қалады)

Келденнің Сейқынға берген жауабы:

-Саған жау, Сейқын сұмырай, мендей қазақ

Болмаймын бас алсаң да үйтіп мазақ

Бүгін шешіп босатсаң ертең жаумын,

Сендей жауды жапыру ойлағаным.

(Тұтқындағы жігітке Құралай сұлу келеді. Екеуінің көздері бір-біріне түйісіп қалады)

Құралай сұлу:

-Сіз бе кешегі қаймықпай ханға қарсы айбат көрсеткен? Сіздің қазақ екеніңізді біліп, өзіңізді іздеп келдім.

Келден:

- Қандай мұңыңды айтуға келдің?

Құралай сұлу:

Айтатын арызым сол, батыр саған:

Тең болмағыр Сейқынға пенде емеспін.

Келден:

-Айт, шын мәнісін түсіндіріп.

Автор:

Бастады сөзін сұлу жылап тұрып.

Құралай сұлу:

-Әкем Сейқын, шешем менің қазақ қызы,

Қайғымен өліп кетті шерлі жүріп!

Әкеміз бір жорықта қазақты алған,

Аз болып елі қарсы тұра алмаған.

Өлерінде «құлыным» деп, жаным анам,

Бар еді өсиет қып айтқан сөзі.

«Жауыңа пенде болма» деген анам,

Қайғымен елін ойлап өлген анам.

«Жұртыма көзің көрсе сәлем айт» деп,

Қайғысын өлерінде берген анам.

Құтылмақ зор міндетім аманаттан,

Дертіме Келден батыр не табарсың!?

Сол үшін келіп тұрмын, міне, сізге,

Түсіндім кеше ғана сіздің сөзге,

Құтқарам, мейлің тірі ал, мейлің өлтір,

Ерлік жоқ мен істейтін одан өзге.

-Жолыңа мен тасаттық, мен сендік.

(Қыз жігітке қолын берді, басын жігіттің иығына салып көзінің жасын мөлтілдетеді, құшақтап тұрған жігіттің өне бойын от жалыны шарпыды)

Автор:

Екі жас келісіп, сөз байласып келесі түні жақсы-жақсы деген ханның тұлпары мен атына мініп қашады. Екеуінің соңынан қалмақтың Сейқан ханынан басқасы бәрі түгел жүзден аса қалмақ қуғыншыға түседі. Келден Құралай сұлуды алдыға жөнелтіп, өзі арттағы қуғыншыларды тосып, әуелі Сейқанның үлкен ұлын өлтіреді.Содан кейін қырықшақты басшысын өлтіргеннен кейін қалғандары өздері де бет-бетімен қаша жөнеледі. Екі жас жауын жеңіп күн-түн демей бетпақтың шөлін басып еліне асығады. Енді бірде қалың қамысқа келіп кіреді. Құралайдың қарсылығына көнбей Келден сол жерге аялдайды. Судың жиегіне тоқтап, екеуі демалады. Қыз суға түсуге жігіттен ұялған соң Келден кетіп қалған болатын. Кешікпей қайтып келсе, Құралай сұлу әлі де жоқ екен Бұл неге кешікті деп ойлағанша болған жоқ, қыздың шыңғырған дауысы естіледі. Келден тұра ұмтылады. Қызға төнген жолбарысты өлтіреді.

(Құралайдың жаралы денесін құшып Келден отырады)

Келден:

- Несіне сенен қалып тірі жүрем,

Құралай сұлу: (қозғала алмай, ыңырсыйды)

- Құшағын жайып тұр ғой анам келіп,

Қиянатпен тууыма себеп болған,

-Жан анам барайын ба? Барайын. Риза бол балаңа.

(Аздан соң Келденіне қарап)

-Сүйіктім тілегіңе жетпей қалған,

Мен өлсем де мақсатқа жетіп өлдім,

Мен өлді деп сен өлме, өмір тіле,

Өмір сүріп, өркендеп, ұрпақ өсір,

Соны сенен тілейді сүйген жүрек.

Автор:

Уәде деп зарланып серт айтқанда

Куә болып үн қосқан жердің жүзі.

Сұлудың Құралайдай сол болды ісі,

Жеткендей ұмытуға кімнің күші.

Келден бай:

Монтайым, қартайғанша қасіретім сол,

Арман ба, емес пе арман, маған осы?

(Осыны айтып Келден кеңкілдеп жылайды да, сөзін жалғастырады)

-Дариға-ай, талай жаудан кегімді алдым,

Соғысты бұл алапта талай салдым.

Үш-ақ күн өмір сүрдім үш мың жылдық,

Не керек жазылмайтын дертте қалдым, (Баяу музыка дауысы шығып тұрады)

Автор:

Деп Келден тамам қылды барлық сөзін.

Қартайғанда бұл қайғымен бейшара өзін.

Жазалы кім, жазасызды күйдірген кім?

Тексерші өткендердің әрбір күнін.

(Музыка дауысы екпіндей түседі)


Соңы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!