Мектеп спорты: ұйымдастыру, ынталандыру, нәтиже

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп спорты: ұйымдастыру, ынталандыру, нәтиже

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құралда жоғарғы сынып оқушыларының физиологиялық дамуында президенттік сынамалардың алатын орны, Президенттік сынамалар жоғарғы сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқаратындығы, дене тәрбиесінің тарихи маңыздылығы мен ережелері қарастырылып ұсынылды. Әдістемелік құрал жаңашыл педагогтарға, мектеп оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Исахан Жанибек Қуанышұлы

















Мектеп спорты: ұйымдастыру, ынталандыру, нәтиже


Әдістемелік құрал





















Shape1 Shape2

ӘОЖ 301, 01

БShape3 БК 62

И 011


«Көшбасшы» республикалық оқу-әдістемелік орталығы Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

(Хаттама №9, 24.09.2025)


Құрастырған: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Исахан Жанибек Қуанышұлы


Пікір білдіргендер:

1. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, «Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері А.Турысбекова


2. Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты, «Innnovation - Koldau» ҚҚ жетекшісі А.Молдабаева


ISBN 947-902-0862-58-88


Әдістемелік құралда жоғарғы сынып оқушыларының физиологиялық дамуында президенттік сынамалардың алатын орны, Президенттік сынамалар жоғарғы сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқаратындығы, дене тәрбиесінің тарихи маңыздылығы мен ережелері қарастырылып ұсынылды.

Әдістемелік құрал жаңашыл педагогтарға, мектеп оқушыларына арналған.


Исахан Жанибек Қуанышұлы

«Мектеп спорты: ұйымдастыру, ынталандыру, нәтиже»: әдістемелік құрал / «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ

Талдықорған қаласы, «Көшбасшы» баспасы, 2025 жыл


Shape4

©Shape5 Ж.Исахан, 2025

МАЗМҰНЫ



1

Алғы сөз

5

2

Мектепте спорт жұмыстарын ұйымдастыру


6

3

Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


13

4

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары

18

5

Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері

20

6

Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері

23

7

Жазғы демалыс лагерьлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары

24

8

Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары

30

9

Мектептегі спорттық жарыстардың міндеттері  мен маңызы

32

10

Зерттеу жұмыстары

42

11

Оқу жаттығу жұмыстары барысында оқушылардың физикалық дайындығын жетілдірудің әдістемелік жолдары

50

12

Қорытынды

55

13

Пайдаланылған әдебиеттер

59


































АЛҒЫ СӨЗ


Мектеп оқушыларының арасында көпшілік спорттық жарыстардың, спорттық шеберіктің дамуы маңызды болып келеді.

Оқушылардың жан - жакты дене дамуын қамтамасыз ету үшін, мектепте спортпен шұғылдануда гимнастикамен және Президенттік сынама нормаларын тапсырумен біріктірілуі керек.

Оқушыларға қайратты, дені сау, барлық қиындықтан өте білу қажеттіліктері мен Отанға адал қызмет етулері ең жауапты іс екені түсіндірілуі қажет.

Президенттік сынаққа дайындалу және тапсыру оқу және секциялық мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстар қатарына жатады.

Әдістемелік құралда мектепте спорттық - көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру, спорттық көпшілік жұмыстарының ұйымдастыру қалыптары, дене мәдениетінің ұжымы, ұжым кеңесі, жоспарлау, есебін жүргізу және оқыту әдістері, сыныптан тыс шаралар туралы баяндалады.

Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғыжетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды.Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.

Өскелен ұрпақ пен жалпы халықтың дене шынықтыру даярлық деңгеиі еліміздегі дене тәрбиесі жуйесінің тиімді көрсеткіші болып табылады.

Әдістемелік құралда жоғарғы сынып оқушыларының физиологиялық дамуында президенттік сынамалардың алатын орны, Президенттік сынамалар жоғарғы сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқаратындығы, дене тәрбиесінің тарихи маңыздылығы мен ережелері қарастырылып ұсынылды.

Әдістемелік құрал жаңашыл педагогтарға, мектеп оқушыларына арналған.




Мектепте спорт жұмыстарын ұйымдастыру


Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасы таңдауға ықпал етеді.

Тәрбие   жұмысының   мазмұны   әлеуметтік  тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым қатынаста, моралдық  бейнесінде бастан  кешірген және  жүзеге асырған жағдайларын қамтиды.  Соған   орай сабақтан  тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері  сипатталады.

  • Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие  жұмысының мазмұны  баланың сезіміне,  әсерленуіне  назар аударуды  міндеттейді ( сезімі арқылы  ақыл ойына  әсер етуді көздейді);

  • Екіншіден,  баланың практикалық   әрекетін ұйымдастыруды  (әртүрлі іскерлік пен  дағдысын жетілдіруді) көздейді;

  • Үшіншіден,  жаңа мағлұматтарды  іздеу, сабақтан тыс әртүрлі  тәрбие жұмыстарын  атқаруда өздігінен жұмыс істеу  біліктілігін машықтандыру;

  • Төртіншіден, коммуникативтік  біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда  өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы  істерді атқару т.с.с.);

  • Бесіншіден, этикалық  нормаларын сақтай білуге  дағдыландыру;

Сыныптан тыс жұмыстардың  ерекшелігін  анықтауда Н.К.Крупская еңбектерінде жасалған  оның негізгі  принциптері және қазіргі жағдайда әрине, түзетуді кажет ететін тәрбиенің жалпы принииптері басшылыққа алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды тәрбиелеу мен мектеп тәжірибесі негізінде пайда болып, ол өзінің объектісі -тәрбиемен, оның барлық қазіргі әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу мәселелерін кең ұғымда қамту, бір жағынан, бірнеше жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттардың пайда болуына және ғылыми синтезге алып келу, екінші жағынан кең педагогикалық теорияның құрылуы қажет . Қоғамдық іс-әрекет ретінде пайда болған мектептен тыс жұмыс әрекеттің әр алуан түрінің және педагогикалық жетекшілердің өзгеше құралдарының арқасында әлеуметтік - педагогикалық мәртебеге ие болды.

Сыныптан тыс жұмыстарда  оқушыларға  ұлттық тәрбие  беруде  мынадай  принциптер  басшылыққа алынады.

- балалардың  қызығушылығына  қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлығы  және көпшілікке  қажеттілігі, олардың ынтасы мен  әрекеттілігінің  дамуы;

- әрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы: мектептен тыс жұмыстардың  әр түрлі формасы; балалардың  жас және дара ерекшеліктерінің  есебі.  Бұл принциптер  сыныптан  тыс жұмыстар  қызметінде  іске асыра отырып, сыныптан тыс жұмыстардың  мынадай ерекше белгілерін сипаттайды: сыныптан  тыс жұмыстарға  балалардың жаппай  және ерікті қатысуы; әрекеттің  белгілі түріне  қызығушылығы  мен бағыттылығына  қарай оқушылардың  дифференциялануы; практикалық міндеттер  мен әрекеттің жақын  нәтижесін қою; қатынас пен  қатысу саласының  әр түрлілігі; уақытша сыныптан тыс  ұжымның құрылымы, өзін -өзі  тану, өзін -өзі іске асыру  және өзін -өзі  жетілдіру негізінде  ересектер мен балалардың  субъективті -объективті  қарым -қатынасы,  біздің қоғамымыздың  әр түрлі мамандығы  мен саласының  өкілдерін, педагог мамандарын  байланыстыратын  ерекше педагогикалық  ұжым,  сыныптан тыс жұмыстардың  әдістемелік бағыттылығы, дара  және ұжымдық  шығармашылықтың  бірлігі.

Сыныптан тыс   жұмыстарда  педагогтар  белгілі бір  әлеуметтік мәдениетте  балалардың қабілеті мен  қызығушылығын  дамыту  ісін жасаса,  әрі тәрбиеші ролінде  өздерінің дүниетанымы,  өз тәжірибесі және  іскерлігі арқылы  жасөспірімдерді  әлеуметтік шығармашылық  істерге араластырады,  белгілі әлеуметтік  жағдайда  өмір сүруге  және еңбек  етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие  мақсатын  тұлғаның  өзін өзі дамыту  мақсаттарымен  тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат  бір жағынан  өзін  дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі.

Мұндай жағдайда, өз қоғамының  мәдени құндылықтарымен  қаныққан және  оның идеяларын  қабылдаған азаматты  тәрбиелеу нәтижесінде  жеке тұлға мен  қоғам арасындағы  үйлесімділікті  туғызады.

Бірақ өсіп  келе жатқан тұлғаға мақсатты әсерлерді жүзеге асырушы әрбір тәрбиелеу институттары мына жағдайда ғана, егер бір жағынан, басқа институттармен өзара байланысқа түсетін болса, ал екінші жағынан - осы процесте тұлғаның өз белсенділігін арттыра білу шартына сай тұлғаны тұтастай жасап шығаруда маңызды жақтарын игеруде ғана тиімді нәтиже алады.

Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі-бұл жас балалар мен жас өспірімдерді ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына дайындаудың қоғамдық кажеттілігіне негізделген кең және динамикалық жүйе. Ол көп жоспарлы, әрі көп қызметті, өз ерекшелігі және педагогикалық процестің екі субъектісі-тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы бар жүйе. Ол (жүйе) тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда олардың қоршаған ортаға белгілі қатынасын жасауда мақсатты бағытталған тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын жүйе ретінде шығады. Оның негізгі компоненттері: қызмет субъектісі; кажеттілік, мақсаттылық, заттық-тәжірибелі бағыттылық; процестің нақты әрекетін ұйымдастыру мен қамтамасыздығы; нәтижелілік   болып   табылады.  

Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік қызметі- дара және қоғамдық қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы  (мектептік) дайындық  пен мектептен тыс  сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірйбелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып табылады.        

Сыныптан  тыс жұмыстардың  тәрбиелік қызметтерінің  жүйесі тұлғаның  сапасын дамытудың  түрлі деңгейіндегі  жасөспірімдерге жасалған  диференциалдық жолымен сипатталады.

В.В. Белова., Т.И. Щукиналардың  зерттеулерінде жасөспірімдердің  танымдық қызығушылықтарының даму  сатысына байланысты  әрекеттерді ұйымдастырудың  бірнеше деңгейі  көрсетілген: бірінші – репродуктивтік -еліктеу әрекеті, осының көмегімен  жасөспірімдер үлгілерін меңгереді, осылайша өздеріне  басқалардан тәжірибеден  тәжірибе жинайды: екінші іздену  орындау әрекеті мұнда  жетекші есепті  орындайды, ал жасөспірімдер  оның шешу  жолын өз бетінше  іздейді; үшінші шығармашылық әрекеті  мұнда жасөспірімдер  анықтаған есепке сәйкес  өзіндік шешімдері іске асырылады  және жасөспірімдер  үшін сапалы  жаңа құндылықтар  жасалады.  М.Д. Виноградова, В.И. Масакова., И.Б. Первин  т.б. оқушылардың  шығармашылық  даралығы бойынша  зерттеулері тұлғаның  шығармашылық  потенциялын  дамытудың жемістілігі әлеуметтік  құнды дара  шығармшылық мүмкіншіліктері  мен тапсырмаларын  шығармашылықты түрде  орындаудың ең жақсы  жолын таңдауда да  және жаңасын  жасауда да  қабілеттілігі  балалардың  әр түрлі  талаптарын тоқтату  процесінде болатынын  растады.  Сыныптан тыс жұмыстың  қызмет шартында  үйірменің ұжымдық  әрекетінің шығармашылықпен  қанықтыруды дайындықсыз  балалардың өзінен  қостау табады.  Әр түрлі  шығармашылық  әрекет мектептен  тыс ұжымда  балалардың  ролін және бағытын  өзгертуге  мүмкіндік жасайды.

Жалпы  тәрбиенің  шағын жүйесі ретінде  сыныптан тыс  жұмыстары балалармен  жұмысты  педагогикалық жағынан  ұйымдастырудағы өзгешелігінен  ерекшеленеді. Біріншіден,  бұл жасөспірімдерді  біріге тартатын, одан өзінің  іскерлігі мен қатыстығын  көрсетуді талап ететін тақырыптық – практикалық әрекеттің  жаппай және  топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын – жарыстар, шығармашылық  мейрамдар, сайыстар фестивальдар  және т.б.  Бұларға қатыса  отырып, балада таңдау  мүмкіндігі туады.

Өз бойына  танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді  біріктіретін жұмысқа қатысудың  еріктілігі барлық  адамға соның ішінде  балаларға өз күшін  сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының  табыстарымен салыстыруға  жететіндігіне жағдай жасайды.  Екіншіден, бағытталған  қызығушылыққа  және мүмкіншіліктерге  сәйкес жүйелі  әрекетпен  айналысқысы келетін  балалар үшін  үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар  және басқа да шығармашылық  бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары  қабілеті мен  дайындығына  қарамай ниет  білдіруші барлық жасөспірімдерді  бірдей қатысуға  мүмкіндік туғызады.

Үшіншіден, әбден  дайындалған жасөспірімдерге  арналған жұмыстың  формалары мен  түрлері.  Бұлар оқушылардың  ғылыми қоғамы, ғылым, техника әуесқойларының  жазғы мектеп – лагерлері, экспедициялар (архиологиялық, геологиялық, фольклорлық т.б.)  жатады.

Сыныптан тыс  жұмыстардың  шартында ұйымдастырудың  барлық осындай  әдістері балаларға  дифференциалды  әсер етудің  есебімен  бір уақытта әрекет етеді. Бірақ олардың  тұлға потенциалын  шығармашылықпен дамытуда бейімділігін атап  көрсетуге болады.  

Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар жүргізеді.

2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.

3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.

4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.

5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.

6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.

7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар

8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.

Бүгінгі  таңда  ұлттық мәдениет  әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып,  дәстүр, салттың  тағдыры мен  болашағы  мектептегі  жас ұрпақ тәрбиесіне  байланысты.

Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам  ең алдымен  өз халқының президенті,  өз отанының  азаматы болу  керек екенін, ұлттың болашағы  тек өзіне байланысты  болатынын  есте ұстауға тиіс”. Оның осындай  тұжырымға  тоқталуына  ұлттық әдет – ғұрыптар мен  дәстүрлер көптеп  көмектеседі. Солар арқылы  ол жалпы адамзаттық  әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін  басқа халықтарға жақын  да түсінікті  ете алады.  Сондықтан әрбір, ұрпақ  өз кезі мен өткеннің  талаптары,  объективті  факторлар негізінде  жеткіншек ұрпақты  өмірге даярлап,  оны жинақталған  тәжірибе  арқылы тәрбиелей отырып,  өзінің ата бабаларының  рухани мұрасын  игере түсуі керек.

Блұ болса, кәсіби шеберлікпен  ұйымдастырылатын  мектептің тәрбие  жүйесі арқылы жүзеге асады. Мектептің сыныптан тыс  тәрбие жүйесі  сол мектептің өзіндік ерекшелігі  негізінде  жасалған тәрбие  тұжырымдамасы  бойынша  айқындалады.

Жеке тұлғаның  қалыптастып  дамуы үздіксіз  сипатта болатыны  бізге мәлім. Оның жүзеге асуы  тек сабақ жүйесінде  ғана емес,  сабақтан тыс жүргізілетін  әртүрлі тәрбиелік  әрекеттермен ұштасады.  Ол әдетте  сыныптан  тыс және  мектептен тыс   жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс  тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік  қалыптасуын  қамтамасыз етуде  оған жағдай туғызатын  мұғалімдердің  басшылығымен  ұйымдастырылған  сабақтың мақсатымен  өзара байланысты  болып келетін  тәрбие  жұмысының дербес түрі.  Ол әртүрлі  тәрбие әрекеттерінің  жиынтығы ретінде  балаға кең көлемде  тәрбиелік ықпал  ете   алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып,  жетілдіреді, оның  адамзат  құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден,   сыныптан тыс   түрлі тәрбие   жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбис жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның  жауапкершілігін  арттырады. Бұған   қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді. 

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен  табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше  сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі  мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.                                        

Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау кажет. Мысалы мұғалім "қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау" қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың "мінез-құлық ережесі" туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін аткарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық  ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормалары сақтауға үйрету; "мінез-кұлық нормалары" деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп  қалатын "мінез-құлық нормаларына" қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндетердің түрі белгілейді.


Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.

Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.

- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;

- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау;

- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.

Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.

- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,

- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;

- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б. дайындау;

- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;

- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу, дайындау, қатысу.

Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:

- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;

- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;

- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.

Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:

Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;

- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;

- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;

- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.

Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:

- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;

- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;

- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;

- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;

- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу.

Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:

  • туристік жорықтарға дайындалу, бару;

  • спорт мерекелерін өткізу;

  • көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. «Дені саудың – тәні сау» деп көне Рим ойшылы Юневал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Сондықтан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оларды сол жолға тәрбиелейтін іс-әрекеттерді басты назарда ұстаса, берер нәтижесі де оңды болары анық.
Өйткені қай қоғамға болсын дені сау, жігерлі де ширақ, білімді де салауатты ұрпақ, жан-жақты шыныққан азамат қажет. Ал дені сау, ширақ та шыныққан ұрпақ тәрбиелеудің бір ұшығы әрбір мектептегі дене тәрбиесі пәні мұғалімінің қолында екені сөзсіз. Ұрпақ денінің саулығы - ұлан асыр байлық, тек оны сақтау үшін жүйелі де жоспарлы жұмыс жүргізе білу қажет. Себебі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымдарының деректеріне сүйенер болсақ, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 пайызы адамның өмір тіршілігіне, 20 пайызы тұқым қуалаушылыққа, 20 пайызы сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 пайызы дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты екен. Бұдан шығатын қорытынды, адам денсаулығын сақтаудың негізгі бағыты салауатты өмір салтын ұстауда, соның ішінде дене шынықтырумен жүйелі айналысуда жатқандығын анық байқауға болатындығы.Сол себепті мектептегі оқушының денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты тұлғаның психологиялық және дене қимыл әрекетінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға дағдыландыру болып табылады.

Ал, спортпен шұғылдануды тек сабақ процесінде ғана жүзеге асырып қана қоймай, сыныптан тыс мезгілде де іске асыру дене тәрбиесі пәні мұғалімінің міндеті.

Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты - баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу болып табылады. Дене шынықтыру пәні бойынша сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруды төмендегі бағыттар бойынша жүргізуге болады:

І. Спорттық секциялар.

ІІ. Аула клубтары жұмыстары.

ІІІ. Туризм.

ІV. Көпшілік мәдени шаралар

V. Тәрбие сағаттары

VІ. Отбасылық жағдайында

VІІ. Тренингтер

VІІ. Жазғы сауықтыру лагерлері.

Бұл бағыттардың барлығы да оқушының спортқа деген қызығушылығын оятатын шаралар ғана емес, олардың сана-сезіміне әсер етумен қатар, денсаулығына ықпалы зор дүниелер болуға тиіс.

Сондықтан дене тәрбиесі пәні мұғалімі осы ұстанымды өзіне басты мақсат етіп алуы тиіс деп есептеймін.

Ал осы жоғарыда айтылған бағыттардың қамтитын шараларына тоқталар болсам, оларды былайша саралап көрсетуге болады:

СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАР: Волейбол, баскетбол. Футбол, дойбы,шахмат, тоғызқұмалақт.б.

Аула клубтары жұмысы: Спартакиадалар, турнирлер, спорттық түрлі сайыстар т.б.

Туризм: түрлі саяхаттар,

Көпшілік мәдени шаралар: Ұлттық ойындар сайысы, отбасылық спорттық сайыстар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары

Тәрбие сағаттары: мәдени іс-шаралар, кездесулер.

Отбасылық жағдайында: үй жағдайындағы жаттығулар,

Тренингтер: Спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір қалыптастыруға бағыттау, денсаулыққа зиянды әрекеттерден аулақтату, дене тәрбиесіне қатысты білімдерін жетілдіру бағытындағы шаралар.

Жазғы сауықтыру лагерлері: Балалардың денсаулықтарына қарай түрлі жаттығулар, спорттық ойындар, сайыстар.

Міне осындай шаралар мектептегі дене тәрбиесі сабағындағы сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал дене тәрбиесі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу арнайы жоспар, бағдарлама бойынша іске асырылуы тиіс, яғни бұл шара мектеп директоры бекіткен, заңды құжаттар болуы қажет.Сондай-ақ оқушының жас ерекшелігі, денсаулығына қарай мүмкіндігі ескерілу міндетті болып табылады.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу, дене тәрбиесі ұжым кеңсесінің жоспарына және мектептің дене тәрбиесі жөніндегі жылдық және жоспарларының орындалуына бақылау жүргізуді жеңілдетеді. Ол арнайы есеп жүргізу құжатында жұмыс істелінген саны мен сапасын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Есеп жүргізу жауапкершілігін дене тәрбиесі мұғалімі өз мойнына алады. 
Әрбір мектепте бұқаралық дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарын тіркеп отыратын “сыныптан тыс жұмыстар есебінің журналы” жүргізілуі қажет.Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы негізінен дене тәрбиесі кеңесінің мүшелері, белсенділері тіркеп отырды.

Дене тәрбиесі мұғалімінің міндеті - белсенділерге есеп жүргізуді үйрету және оның жүргізілуін бақылап отыру. Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы аяғыда директордың қатысуымен өтетін педагогикалық кеңесте немесе мәжілісте сыныптан тыс өткен жұмыстар туралы есеп беріп отырады. Оқу жылы соңында дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары жөнінде және он талдап, жетістіктер мен кемшіліктерді көрсетіп келесі оқу жылында істі жақсарту ұсынысын айтып, жоба есеп береді. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау мына құжаттар бойынша жүзеге асырылады: 
1. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыс жоспарында ; 

2. Бұқаралық спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспарында;

3. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмыс жоспарында;

4. Секция жұмысының оқу жоспарында;



Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары:

1. Сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу журналы.

2. Үйірме және секция жұмыстарын жоспарлау және есеп журналы

3. Дене тәрбиесі жетекшісінің күнделігі.

4. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының есебін жүргізу журналы.

Ал енді осы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда басты басшылыққа алатын кейбір мәселелерге тоқталар болсам, адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында (6-14 жаста) жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Сыныптан тыс ұйымдастырылар шаралардың қай-қайсысы да балалардың қалыптасып жетілуіне, санасына, жан-жақты дамуына ықпал ете алатындай болуы шарт.

Мысалы, серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай, тамаша адамдардың әңгімелерін ести алатындай, денсаулығына пайдалы болатындай жерде белгіленген жөн.

Ал сыныптан тыс денені шынықтырудың жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек. Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Сондай-ақ, «Тән қуаты болса,
жан қуаты да ажарлы болады» - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай,ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күннің көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.Сыныптан тыс шаралар кезінде осы мәселерге де баса назар аударып, жоспарлы түрде сауатты жұмыс жүргізіп отыру қажет.  

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. 

Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқтаждығы өте төмен.Бала денсаулығын сақтаудың алғы шарттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай қажет болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша. Сондықтан оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептеу керек. Табиғаттың өзі адамның қолына физиологиялық теңдесі жоқ денсаулық тәсілін беріп отыр, ол- қимыл-қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, жігеріне, әркімнің өз басының тікелей жауапкершілігіне байланысты. Ал қимыл-қозғалыстың аздығы (гипокенезия) – денсаулықты бұзатын себептердің бірі.

Сол себепті де балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алу үшін дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады.

Мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Бұл тек күнделікті сабақ үстінде ғана емес, сыныптан тыс шараларды да жүйелі жүргізу арқылы да іске асуы тиіс.



Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері


Секцияны ұйымдастыру жолдары. Мектеп ұжымында секциялар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұнына енетін мәселелер: секцияны ұйымдастыру туралы мәселені ұжым кеңесінде қарау; дайындық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бюро немесе жауапты оқушыларды, кеңес мүшелерін және мектеп белсенділерінің өкілдерін белгілеп, бөлу; жаттығатын орынмен гимнастикалық залмен, алаңдармен, шаңғы базасымен, жүзу станцияларымен және т. б. қамтамасыз ету; бірінші кезекте белсенділердің күшімен осы базаларды жөндеуден өткізу, егер қажет болса қайта жабдықтау; қажетті спорт жабдықтары (доптар, коньки, шаңғы және т. б.) мен киімдерін алу; оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу (мұғалімнің әңгімесі, сыныптардағы ауызша хабарлау және хабарландырулар ілу, мектептің қабырға газетін пайдалану, спорттың сол түрі бойынша спорт шеберлерімен кездесу, спорттық кинофильмдерді көрсету); мектеп сыныптарында секция мүшелерін бейнетаспаға жазу; мұғалімнің нұсқауымен жаттығудың өткізу кестесін жасау; секцияны ұйымдастыру жиналысын өткізу және секция төрағасын сайлау; секцияға жазылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыру, секция жұмыстарының қажетті құжаттарын дайындау (қатысушылар тізімі, сабақ журналы).

Секция мүшелері топтар мен командаларға бөлінеді. Топтарда жетекшілер, ал командаларда капитандар сайланады. Бұлар өздерінің топтары мен командаларындағы тәртіп, ұйымдастыру жұмыстарына, тәртіп пен реттілікке жауап береді. Топ жетекшілігі мен капитандық орындарға неғұрлым беделді және тәртіпті оқушыларды ұсыну керек.

Дене тәрбиесі мұғалімінің сыныптан тыс жұмыстардағы рөлі өте зор. Жұмыстың табысты болуы оның кәсіби біліктілігіне, жұмысқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Өз пәнін теориялық және практикалық жағынан жақсы білу мен педагогикалық шеберлік - дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын міндетті талаптар осылар.

Мектепте сьшыптан тыс спорт жұмыстарын әдістемелі жағынан дұрыс және қызғылықты етіп ұйымдастыра алатын кәсіби білікті дене тәрбиесінің маман мұғалімі жұмыс істеуі қажет. Арнаулы білімі жоқ, бірақ өзін жұмыста жақсы көрсете білген дене тәрбиесінің мұғалімін білім жетілдіру курсына жіберу немесе сырттай дене тәрбиесінен білім алу үшін оқып алуына мүмкіндік жасау керек. Ұжым секцияларындағы оқыту ісіне өзге ұйымдардан оқытушыларды (спорт шеберлерін, ерікті спорт қоғамдарынан жаттықтырушыларды, әскери бөлімдерден нұсқаушыларды және т. б.) жұмысқа тартқан жағдайда оқушылармен жұмыс жүргізуге лайықты, яғни балалармен жұмыс істеген педагогикалық тәжірибесі бар адамдарды іріктеп алу керек. Секциядағы жаттықтырушылық жұмысқа адамдар тек директордың рұқсатымен ғана қабылданады.

Дене тәрбиесінің мұғалімі директордың алдында мектептегі дене тәрбиесінің барлық бөлімдері үшін, оның ішінде сыныптан тыс жұмыстар үшін де жауап береді. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін барлық адамдар өздерінің жасаған барлық құжаттарын бекітіп отыратын дене тәрбиесінің мұғаліміне тікелей бағынады.

Мұғалім ұжым кеңесімен бірлесе отырып дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасайды және директордың бекітуіне ұсынады.

Секция жұмысының мазмұны. Секция мұғалімнің және дене тәрбиесі кеңесі мен мұғалімдердің басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін оқушылардың қоғамдық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкі жұмыстарын мұғалімнің басшылық етуімен негізінен оқушылар күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек. Секцияның бюросы төмендегідей жұмыстарды жүргізеді: секциялардағы топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып және сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттілік сақталатындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарға тиянақты түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, мектепішілік және мектептен тыс жарыстарға топтар мен командалардын қатысуын ұйымдастырады; оқушылардың, секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін және мектеп дене тәрбиесі ұжымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Секция спорттың сол түрімен айналысатын оқушыларды Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға дайындайды, Президент сынамаларын тапсыру барысының есебін жүргізеді және бұл жұмысты барлық жағынан қолдап, насихаттайды. Секция жаттығушылардың спорттағы жетістіктерін есепке алып отырады және осы есепті әрбір оқушыға жеткізеді. Ол үшін спорттың сол түрі бойынша  секцияның және мектептің рекордтары кестеге түсіріліп, көрнекі орынға ілінеді. Секция мектеп дирекциясы және дене тәрбиесі кеңесі өткізетін көпшіліктік шараларға қатысады, оқушылар өз өнерлерін көрсетуді, ашық сабақтарды, секциядағы спорт түрі бойынша барлық оқушыларға арналған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады. Секция спорттың сол түрінен Президенттік сынамаларды тапсыру және оған дайындалуға білдірген оқушылардан арнайы топтар ұйымдастырады. Бұл топқа қатысқысы келген оқушылардың барлығы да қабылданып, оларға сабақ өткізетін қоғамдық  нұсқаушыларды белгілеп, бөледі. Дәл осылай етіп жеңіл атлетика секциясы секіру, лақтыру және жүгіруден Президенттік сынамаларды тапсыруға тілек білдірген топтар ұйымдастырылады. Мұндай топтарды тікелей сыныптар бойынша ұйымдастырған тіпті қолайлы.

Мектептің жоғары сыныптары түгелге дерлік жарыс (жолына шығатын шаңғы және жеңіл атлетикалық жаяу жарысқа (кросқа) даярлық кезеңіндегі секция жұмысының ) мәні ерекше. Секция оқушыларды мүшелікке тарту жөнінде үздіксіз жұмыс жүргізуі қажет. Секцияларда өзге оқушыларға спорттың сол түрімен басқа оушылардың айналысуына  мүмкіндік бермейтін жабық топтар болмауын кадағалап отыруы керек. Жаңадан катыса бастағандар спорттың сол  түрінің техникасын меңгеріп алғанша оларға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Көп жағдайда секцияға жаңа келген оқушы  секция басшылығы тарапынан колдау таба алмай, жаттығуға қатысуды тоқтатып, секцияны тастап кетеді. Жаңадан қатысқандар үшін кейде арнайы топтар мен сабақтар ұйымдастырылады. Жаңадан қатысушылармен жаттығулар өткізуге мұғалімге көмектесу үшін жоғары сынып оқушылары арасынан белсенділер тартылады.

Ұжым секцияларында кейде құрамның тұрақсыздығы байқалады, осы мәселеде көп жұмыстар атқарылуы керек. Мұндай тұрақсыздыққа оқушылардың өз уақыттарын дұрыс жоспарлай алмауы, оқу жүктемесінің өте көп болуы, жаттығып жүрген спорт түріне оқушының тиянақты қызығушылығының болмауы, спортты жаңа бастағандарға дұрыс көңіл бөлінбеуі, секцияда өткізілген сабақтардың іш пыстыруы, спортпен айналысудың болашағын түсінбеу және білмеу оқушыларға дене тәрбиесі мұғалімі тарапынан дұрыс қолдау көрсетілмеу, секция сабақтары кестесінің қолайсыз жасалуы және басқалар себеп болады.

Тұрақсыздықтың себептерін мұқият түрде зерттеп білу және әрбір нақты жағдайда оның алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесінен дене тәрбиесі ұжымының табысты болуына оқу озаттары мен дене тәрбиесі белсенділеріне сүйенетін мұғалімнің тиянақты ұйымдастыру жұмыстары жол салатындығын көреміз.


Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері


Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық білім беру бөлімдері, басқармалары ұйымдастырады.

Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әр түрлі ұжымдарда мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерьлері, еңбек-сауықтыру лагерьлері, стадиондар, дене сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрған жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

- жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту;
- оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру;

- дене тәрбиесі саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру;

- нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына машықтандыру.

Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтер құрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:

1. Арнайы бағыт. Ол бағыт – спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар құрамымен жұмыс істейді. Ол мекемелер:

- балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ);

- олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОСМ);

- жоғары спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ);

- спорттық мектеп-интернаттар.

2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:

- жазғы сауықтыру лагері;

- еңбек сауықтыру лагері;

- стадиондар, су станциялары;

- жас туристер станциялары;

- мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері;

- мәдени демалыс парктері;

- аула клубтары.



Жазғы демалыс лагерьлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары


Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Ата-аналар жаз уақытындағы ең ұзақ демалыс кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол – көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагеріне баланы жіберу.

Балалардың жаздық сауықтыру лагерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындары, мекемелері көп қала жанындағы лагерьлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерьлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагерьі ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерьге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерьлер жабылып жұмыс істемей қалды да, жалпы орта білім беру мектептерінің жанынан еңбек-сауықтыру лагерьлері ұймдастырылады. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерьлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктерін, біз өзіміздің кітабымызда ары-қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз.

Балалар демалыс лагерьлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрама: аға тәрбиеші, ұстаз-тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суда жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.

Мектептегі секілді лагерьдегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагерьдің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.

Оқушылар лагерьге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз-тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагерьдегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз-тәрбиеші дене тәрбиесі және спрт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.

Лагерьде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене тәрбиесі кеңесі құрылады. Дене тәрбиесі кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру қабілеті бар оқушылар сайланады. Оның құрамы лагерьдегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерьлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол бөлінген жұмыстары бойынша лагерьдің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:

- сауықтыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттығулары;

- лагерьдегі спорттық шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау;

- отрядтардағы спорт ұйымдастырушылары жұмыстарын ұйымдастыру;

- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын құру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режімдері туралы әңгімелер өткізу;

- лагерьдегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал-жабдықтарды сақтау, жөндеу.

Лагерьдегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.

Демалыс лагеріндегі жүргізілген көп жылдық жұмыс тәжірибесі өзіндік бір тексеруден өтілген дене тәрбиесі жұмыстарының жүйесін құрайды. Сол тәжірибеден өткен жүйе бойынша демалыс лагерінде төмендегідей дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының түрлері жүргізіледі.

Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі шаралары. Күн тәртібінде деп аталатын себебі ол шаралар күнделікті, міндетті түрді орындалатын жұмыстар құрамына кіреді. Оған жататындар: таңертеңгілік гимнастика, күн және ауа ванналары, суда жүзулер.

Отрядтардағы дене тәрбиесі жұмыстары. Олар: отряд ішінде жүргізілетін әр түрлі жаттығулар; лагерьлік жарыстарға, конкурстарға дайындықтар; дене тәрбиесі тақырыбында өткізілетін әр түрлі тақырыптардағы әңгімелер; серуендер; аралаулар (экскурсия); жорықтар; жер жағдайына байланысты ойындар.

Көпшілік спорт жұмыстары. Бұл түрге жататындар: спорттық конкурстар, әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар, қозғалмалы, ұлттық қозғалмалы және спорттық ойындар, көпсайыс жарыстары, ұлттық спорт түрлерінің жарыстары, стол үсті теннисінен, бадминтоннан, городкиден, тоғызқұмалақтан, шахматттан,дойбыдан өткізілетін турнирлер, жолдастық кездесулер, спартакиадалар.

Әр түрлі спорт түрлерінен өткізілетін үйірмелер, оқу-жаттығу сабақтары. Жазғы демалыс кезінде спорт мектептерінде, мектеп секцияларында спорт түрлерімен жаттығатын оқушылар өздерінің жаттығуларын үзе тұруға мәжбүр болады. Демалыс лагерьлерінде осы спортшыға және дене дайындығы жақсы балаларға арнап спорт нұсқаушылары мен тәрбиешілер әр түрлі спорт түрлерінен үйірмелер, жаттығулар ұйымдастырады. Ол жаттығулар жазғы сауықтыру лагерінің спорт базасына, спорт құрал-жабдықтарына байланысты жүргізіледі.

Еңбектің қоғамдық қажет түрлері. Көптеген лагерьлер белгілі бір жерге салынып, орнын өзгертпей ондаған жылдар сол жерде тұра береді. Ол лагерьлер жыл сайын әр түрлі спорттық құрылыстар салып өздерінің материалдық базаларын жетілдіре береді. Көптеген жұмыстарға оқушылар да қатыстырылады. Балалардың ол жұмыстарға қатысуы, өз қолдарымен көптеген жұмыстарды істеуі олардың келешек өміріне, еңбек тәрбиесіне, әр түрлі қасиеттерінің қалыптасуына пайдасы зор.

Үгіт-насихат жұмыстары. Қазіргі кездегі оқушылар қоғамдық, өнеркәсіптік жұмыстардың механикаландырылған, техникалық прогрестің дамыған кезінде өмір сүргендіктен, олар қимыл тапшылығы (гиподинамия), салауаты өмір салты, дене жаттығуларының адам ағзасына әсері туралы жақсы білуі тиісті. Олармен қазақтың батырлары, мықты спортшылары, олимпиада ойындарының жеңімпаздары, спорт жаңалықтары, тұрақты, жүйелі дене жаттығуларын орындаудың ағзасына пайдалы әсері туралы әңгімелер, дәрістер өткізіп тұрудың пайдасы зор. Спорт тақырыбына плакаттар, қабырға газеттер шығару, спорт шеберлерімен кездесулер өткізу, спорт тақырыбына викториналар өткізу, осының бәрі үгіт-насихат жұмыстарына жатады.

Балалар демалыс лагерінде осы жоғарыда айтылған барлық дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жүргізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері, мектеп директорлары барлық қолдан келген мүмкіншіліктерін, жағдайларын жасап осы жұмыстардың бәрін ұйымдастырса оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға үлкен пайдалы әсері болар еді.

Сауықтыру лагерінде жүргізілетін жұмыс құжаттары:

1. Сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының жоспары;

2. Көпшілік спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспары;

3. Отряд жетекшілерімен өткізілетін семинар жоспары:

- көпшілік спорт күнтізбелік жоспарымен танысу;

- дене тәрбиесі және спорт белсенділерін тағайындау;

- суға түсу және қауіпсіздік ережелерімен танысу;

-саптық жаттығуларға үйрету;

- қозғалмалы ойындарды ойнауға үйрету;

- жарыс ережелерімен таныстыру;

- жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістерімен таныстыру.

4. Спорт түрлерінен төрешілер семинарының жоспары:

- жарыс ережелерін үйрету;

- жарыс құжаттарын толық білуге үйрету;

- хаттамаларды толтыра білуге үйрету;

- жарысқа төрешілік етуге үйрету;

5. Есепке алу құжаттары:

- жүргізілген шараларды тіркеу жорналы;

- Президенттік сынама тапсырушылардың көрсеткіштері жазылған жорнал;

- денсаулықтары нашар оқушыларды есепке алу жорналы.



2-кесте - Жазғы сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі мен спорттан жүргізілетін шаралардың жоспары.

Күні

Уақыты

Жүргізілетін әр түрлі шаралардың мазмұны

1

күні бойы

Келу, қарсы алу, орналастыру, топтарға бөлу

2

түске дейін

Топтардағы әңгіме, спорт түрлерімен айналысушыларды білу

3

түске дейін

Жүгіру, секіру, ойындар, жаттығулар өткізу


түстен кейін

Спорттық ойындардан қысқа жарыстар, жолдастық кездесу өткізу

4

күні бойы

Лагерьдің ашылу салтанаты, әр түрлі жарыстар өткізу

5

түске дейін

Серуендеу, лагерьдің тұрған жерінің айналасын көру, қозғалмалы ойындар ойнау

6

түске дейін

Топтардағы жаттықтыру, суға түсу, жүзу


түстен кейін

Секіруден және лақтырудан жарыстар өткізу

7

түстен кейін

Спорт ойындарынан жарыстар өткізу

8

таңертең,
кешке

Кезекті жаттығулар, спорттық жаттықтыру жұмыстары

9

таңертең,
кешке

Саяхатқа шығу, суға түсу.
Спорттық КВН

10

таңертең

Суда жүзуден жарыс өткізу

11

таңертең

Бүкіл лагерблік жергілікті қозғалмалы ойын өткізу

12

кешке

Лагерь біріншілігіне эстафеталық жарыстар өткізу

13

таңертең,
кешке

Кезекті спорттық жаттықтыру жұмыстарын жүргізу

14

күні бойы

Жеңіл атлетикадан, спорттық ойындардан жарыстар өткізу

15

күні бойы

Туристік жорыққа шығу


16


күні бойы


Туристік жорыққа шығу

17

таңертең

Суда жүзуден лагерь біріншілігін өткізу. «Су перісінің» мерекесі

18

кешке

Кешкі спорттық мереке, спорттық викторина өткізу

19

кешке

Жүгіруден, кростан жаттықтыру өткізу

20

түстен кейін

Кростан лагерьдің біріншілігін өткізу

21

түстен кейін

Суда жүзуден топтар арасында жарыстар өткізу

22

түстен кейін

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындардың
ақтық жарыстарын өткізу

23

күні бойы

Спорттық мереке, лагердің салтанатты жабылуы, алау жағу (костер)

24

таңертең

Марапаттау, бөлмелерді тәртіпке келтіру, үйге қайтуға жиналу, үйге қайту



Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары


Мұғалімнің міндетіне жұмыс бағдарламасын, оқу жоспарын, Президент сынамаларын тапсырудың графиктерін, жарыс календарларын жасау және ұжым секцияларындағы жүйелі және өз мәніндегі сапалы оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Ол ұжым кеңесімен бірлесе отырып мектептегі дене тәрбиесі белсенділерін: сыныптардағы дене тәрбиесін ұйымдастырушыларды, жекелеген секцияларда мұғалімге көмек беретін қоғамдық нұсқаушыларды, спорттың жекелеген түрлері бойынша бақылаушылар мен төрешілерді, команда капитандарын, топ  жетекшілерін, жалпы мектептік көпшіліктік шараларды жүргізетін ойын бастаушыларды даярлауды ұйымдастырады. Дене тәрбиесінің  мұғалімі педагогикалық кеңесте және ата-аналар жиналыстарында мектептегі дене тәрбиесінің жағдайы мен кезекті міндеттер туралы баяндамалар жасайды, сынып жетекшілерін нұсқаумен таныстырады, ұжым кеңесімен бірлесе отырып сыныптардағы көпшіліктік спорт жұмыстарын ұйымдастыруда оларға көмекке келеді, ұжым секцияларындағы спорттық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға мектеп белсенділерін даярлайды, сыныптан тыс жұмыстардың есеп және Президент сынамаларын тапсыру мен мектеп оқушыларының спорттағы жақсы жетістіктерін арнайы есепке алады.

Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнен ынта-ықыласты, көп күш пен уақыт жұмсауды талап етеді. Мектептегі дене тәрбиесін жақсарту мақсатында есепке алынатындай спорттық-көпшіліктік жұмыстардың мұғалім білмейтіндей бірде-бір мәселесі болмайды.

Секция — дене тәрбиесі ұжымының аса  маңызды бөлімі.   Дене тәрбиесі ұжымының барлық оқу-спорттық жұмысы спорттың жеке түрлері бойынша түзілген секцияларда құрылады. Секция белсенділері мүғалімнің және мектеп кеңесінің (оқушылардың) көмегімен және басшылығымен спорттың сол түрінен көпшіліктік жұмыстар жүргізеді.

Оқушылардың секциялардағы спорттың қай түріне қызығшылығы болуы негізінде оқу және тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Секция дене тәрбиесі оқу сабақтары бағдарламасының материалдарын оқушылардың жақсы және тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Секцияларда дене тәрбиесінің мұғаліміне көмектесе алатын дене тәрбиесі белсенділері даярланады. Сондай-ақ Президенттік сынамалар бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Секция мектеп дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды ұйымдастырушысы және оқытып-үйрету буыны болып табылады.

Дене тәрбиесі ұжымында қандай секциялар ұйымдастырылады? Мектеп дене тәрбиесі ұжымында бірінші кезекте қандай секцияларды ұйымдастыруға болады? Мектептер тәрбиесіне сүйенсек, жеңіл атлетика, гимнастика, волейбол, баскетбол, футбол, теннис, велосипед спорты, коньки, шаңғы тебу, ату спорты, жүзу, өлкетану бойынша секциялар жетекші орында болуы керек. Гимнастикалық залы жоқ ауыл-селолық мектептерде шаңғы спортының, жеңіл атлетиканың, спорттық ойындардың, жүзудің, коньки тебудің және велосипед спортының дамуына ерекше мән беру керек.

Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жүзеге әлі толық аспай келе жатқан маңызды кұралы өлкетану жұмыстары болып табылады. Осы айтылғандардан қандай секцияларды ұйымдастыруға болады деген мәселені әр мектеп өз мүмкіндік жағдайына қарай шешеді.

Секцияны ұйымдастырғанда мектепте оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасалынған ба, жоқ па, осыны анықтап алу керек. Мұндай қажетті жағдайларға жататындар: спорттың сол түріне қызығатын оқушылардың жеткілікті тобының болуы, сабақ өткізілетін орынның және қажетті спорт жабдықтардың болуы, сабақтардың әдістемелік басшылықпен қамтамасыз етілуі. Секциялар мектеп орналасқан жердің климаттық және географиялық жағдайын еске ала отырып ұйымдастырылады.

Спортты меңгерген оқушы өз жолдастарынан көш ілгері озып кетсе және мектеп секциясы оның одан әрі өсуін қамтамасыз ете алмаса, онда оны мүмкіндігіне қарай жас-өспірімдердің спорт мектебіне жіберген тиімді. Бірақ мұндай жағдайдың өзінде де оқушы өз мектебінен байланысын үзбей, оның атынан жарыстарға қатысып, қоғамдық-нұсқаушы міндетін атқарып, ұжым кеңесінің жұмысына көмектесе отырып, мектептің дене тәрбиесі ұжымымен және жалпы мектеппен байланыста болуға тиіс.


Мектептегі спорттық жарыстардың міндеттері  мен маңызы


Мектептегі спорттық жарыстардың мәні. Спорттық жарыстар мектептегі спорт бойынша оку-тәрбие жұмыстарында тиянақты орын алады. Спорттық жарыстардың мәні жан-жақты.

Біріншіден, жарыс белгілі бір уақыт ішіндегі оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығару формасының бірі есебінде қарастырылуы керек. Осыған байланысты жарыс оқушылардың оқу-спорттық  даярлығын тексерудің бір түрі болып табылады.

Екіншіден, спорттық жарыстардың патриоттық ,ұжымшылдық, өз мектебінің намысын қорғауға дайын болушылық, спортты сүю, қайсарлық, ерлік, ұстамдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, жолдастық және т. б. тәрізді маңызды моральдық-ерік және адамгершілік сияқты сапаларын тәрбиелеу мақсатындағы оқушылардың ұжымдық тәрбие құралы болып табылады. Жарысқа даярлану барысында осы қасиеттер мен мінез-құлық белгілері арнайы дайындықтан; өтеді, ал жарыс кезінде олар тексеруден өтіп, болашақтағы шыңдалуға бағыт алады.           

Үшіншіден, спорттық жарыстар оқу-машықтану процесінің жалғасы болып табылады, өйткені жарыс барысында жалпы және арнайы спорттық-техникалық даярлықтың жетілдірілуі іске асады, жарысушылардың техникасы мен тактикасы байытылады, мектеп ұжымы бірлесе жұмыс істейді, тәжірибе алмасу ісі жолға қойылады және спорттың жекелеген түрлерінің алдынғы қатарлы техникасы көрнекі  түрде көрсетіледі.                                                        

Төртіншіден, жоспарлы және жүйелі түрде өткізілетін спорттық жарыстар спорт ұжымының оку-машықтану жұмысында тиісті «болашақ бағытын» (А.С.Макаренко түсінігі бойынша) айқындап береді. Оку-тәрбие жұмысының кез-келген кезеңінің анық әрі айқын міндеттері сабаққа деген саналы көзқарасты қалыптастырады, тәртіпті нығайтып, оған оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Бесіншіден, спорттық жарыстардың үлкен үгіт-насихаттық мәні бар. Жарыс тудырған жағымды көңіл-күй қатысушылардың спортқа және спорттық жаттығулармен айналысуға қызығушылықтарын арттырады және жас көрермендердің спортқа белсенді түрде қатысуына септігін тиігізеді. Ең ақырында, алтыншыдан, спорттық жарыстар арнайы ұйымдастырылған шара болып табылады. Өйткені жоғарыда айтылған барлық жарысқа тән ерекшеліктерді терең ұштастыра қолдану арқылы оқушылар жеңіске жету мен рекордтар жасауы үшін өздерінің күшін толық көрсетуге мүмкіндік алады.        

Мұғалім спорттық жарыстардың осы бір бай тәрбиелік мазмұны оқушылар ұжымымен жүргізілетін оқу-машықтану жұмыстарында біліктілікпен пайдалануы керек.

Жарыстың жалпы мақсаттары мен міндеттері мынадай:

а) өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікпен берілгендік  рухында  тәрбиелеу;

ә)  спортты жас спортшылар арасында кең тарату;

б) оқу-спорт жұмыстарының қорытындысын шығару және күшті командалар мен жекеқатысушыларды анықтау;

в) жастардың денсаулығын нығайтуға жөне осы негізде спорттық-техникалық нәтижелердің өсуіне жағдай туғызу;

Ұжым алдында туындайтын жекелеген оқу-тәрбие міндеттері мынадай: секция жұмысы жөнінде қоғамдық есеп беру, мектеп рекордтарын белгілеу, командадағы тәртіпті нығайту және арттыру, спорттың жекелеген түрлерін насихаттау, секцияға жаңа мүшелер тарту және т. б. Бұлар жоғарыда көрсетілген жарыстың жалпы міндеттерімен байланыстырылуы керек.

 

Мектептегі сабақтан тыс дене тәрбиесінің

жылдамдық жоспары (үлгі)

 

Жұмыстың мазмұны

Орынд. мерзімі

Жауапты адамдар

Бақылаушы

І.Ұйымдастыру жұмыстары

1.Денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру


мектеп        оқу

директоры

Оқу ісінің меңгерушісі

2.Ұзартылған күн топтарын құру





3. Арнайы дәрігерлік топта құру


дәрігер, дене тәрбиесі мұғалімі.

директор

II. Оқу жұмысы

І.Оқу ісінің   техникалық құралдарын дайындау.



дене тәрбиесі

оқу ісінің және еңбек пәнінің мұғалімдері

2.Оқу ісінің дидактикалық заттарын дайындау



дене тәрбиесі ж/е сызу пәні мұғалімі

оқу ісінің меңгер.

З.Сабақ өтетін аландарды ережеге сай дайындау. /аландарды сызу құрал-жабдықтарды жөндеут.б./


дене тәрбиесі мұғалімі.

директор

4.Жылдық күнпарақ жос-парын, денешынықтыру бұрышын т.б.,үгіт насихат жұмыстарына қажетті құжаттарды дайындау


дене тәрбиесі мұғалімі.

директор

III. Дене шынықтыру сауықтыру жұмыстары

1.Сабаққа дейінгі гимнастика жаттығуларының

топтамасын құрастыру.


дене тәрбиесі мұғалімі.

мектеп директор

2.Сабаққа дейінгі -гимнастика жаттығулар ының топтамасын дене тәрбиесі сабағында үйрету

айын 1 рет

дене тәрбиесі мұғалімі.

директор

З.Сабаққа дейін гимнастикалық жаттығуларын жасату

күн сайын

1 сабақ мұғалімі

директор

4.Сабақтағы сергіту сәті

 күн сайын

сабақ өткізетін мұғалім

оқу ісінің меңгерушісі

5.Қозғалмалы үзілістер.


 күн сайын

кезекші мұғалім

тәрбие жұмыстары

6.Ұзартылған күн топ-тарындағы істелетін жұмыстары

 күн сайын

дене тәрбиесі, тәрбиешілер

бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі

7.Радио хабарландыру-ларын ұйымдастыру


 күн сайын

лаборант

Тәрбие жұмыстарының меңгерушісі

IV . Сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар

1.1-ІҮ сыньштарда      дене шынықтыру үйірмелерін ұйымдастыру және өткізу

жетісіне 2-3 рет

дене тәрбие- сінің мұғалімдері

тәрбие жұмыстарының меңгерушісі

2. Спорт түрлерінен спорттық секция-ларды ұйымдастыру

аптасына 3-4

дене тәрбиесінің мұғалімідері, инструкторлар


3. Денешынықтыру күнін өткізуге дай-ындық.

жоспар бойыншы

дене тәрбиесі мұғалімдері

мектеп директоры

V. Мектептегі бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру шаралары

1 .Мектепте өткізіле-тін спорт жарыстары.


күнпарақ жоспары бойынша

Спорт белсенділері, дене тәрбиесі мұғалімдері

директор, тәрбие жұмыстарының меңгерушісі

2 .Денсаулық және спорт кұндері

айына 1 рет

Сынып жетекшілері, дене тәрбиесі мұғалімдері

директор

З.Жаяу және шаңғы жорықтары


жылына 3-4 рет

---,---


4.Әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру,өткізу


күнпарақ жоспары бойынша

Әскери дайындық пәнінің мұғалімі

---,---

5.Әскери-спорттық сауықтыру

 Лагерін ұйымдастыру.

маусым

---,---

---,---

6. Аудандық /қалалық/ облыстық т.б.жарыстарға қатысуды ұйымдастыру

кесете бойынша

дене тәрбиесі мұғалімі

директор

7. Денешынықтыру сауықтыру және спорт шараларының қорытындысын шығару насихаттау.

маусым

дене тәрбиесі мұғалімі

директор

VI. Сынақтар өткізу

1. Сынақтар қабылдаудың бұйрығын шығару

қазан мамыр

директор, оқу бөлімі

аудандық

2.Сынақтар қабылдау

 комиссиясының құрамын бекіту.

қыркүйек

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

директор

VII. Дәрігерлік бақылаудан өткізу

1 .Оқушыларды дәрігерлік    жылына     дәрігер бақылаудан өткізу

жылына 1 рет

дәрігер

директор

2.Дене тәрбиесі сабағын       бақылау

ай сайын

дене тәрбиесі мұғалімі

директор

3. Арнайы дәрігерлік топ-   тағы оқушылардың дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру

а)      Жалпы денешынықтыру дайындығы

б)      Емханада дене шынықтырумен емдеу

Жетісіне 2 рет

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

директор

4. Жарысқа қатысатын оқушыларды дәрігерлік  бақылаудан өткізу

жарыс алдында

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

дәрігер

5.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету/жорық, үйірме,саяхат, секция,жарыс кезінде

жыл бойында

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

директор

VIII. Шаруашылық жұмыстары

1 .Спорттық  құрал-    жыл

жабдықтарды  қалпына         бойы

келтіру және жетіспейтін құрал жабдықтарды сатып алу

жыл бойында

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

директор

2.Спорт алаңын,залды т.б.  сабақ және жарыс өткізілетін орындарды жөндеп қайта қалпына келтіру


дене тәрбиесі және әскери дайындық пәндерінің мұғалімі.

директор

З.Жорыққа және шаңғы жарыстарын еткізуге керекті құрал-жабдықтарды,спорттық киімдер-ді дер кезінде дайындау


дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

директор

IX. Үгіт насихат жұмыстары

І. Дене  шынықтыру және     жыл спорт бұрышын толықтыру

жыл бойы

дене тәрбиесі мұғалімі

директор

2.Жарыс жетістіктерін жарыстан радио және хабарландырулар арқылы оқушыларға және ата-аналарға мұғалідерге жеткізу

жарыстан кейін

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

директор

X. Ата-аналармен қарым-қатынас жұмысы

1.Дене тәрбиесі және спортжылына жөнінде ата-аналар 4 рет арасында жиналыстар  өткізу

жылына 4 рет

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

Оқу ісінің меңгерушісі

2.Үйірмелерге, сабақтарға   --'--

секцияларды өткізуге

ата-аналарды тарту

жылына 4 рет

дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы

директор

 

Еліміздің барлық өңірлерінде халықсаны аз қоныстанған елді мекендер көптеп саналады. Мұндай елді мекендерде бастауыштан бастап толық білім беретін орта мектептерді ұйымдастыру тиімсіз болып табылады. Өйткені, мектеп жасындағы балалар саны кейбір сыныптарда өз дәрежесінде жиналмайды. Сондықтан мұндай жағдайда шағын кешенді мектептер ұйымдастырылады. Мұндай мектептерде сыныптағы оқушылар саны өте аз болады. Сондай-ақ кейбір сыныптарда балалардың жиналмауы да мүмкін. Осындай жағдайларға байланысты толық мектептердің талаптары мен сұраныстарын орындауға мүмкіндік болмайды. Шағын кешенді ауыл мектептерінің осындай ерекшеліктері оку процесіне кері әсер етеді және дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше жаңа әдіспен қарауды талап етеді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері дене тәрбиесі мен спортқа байланысты іс-шараларды ұйымдастыру барысында көптеген қиындарға кездеседі. Мақаланың басты мақсаты - шағын кешенді ауыл мектептерінде дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар мен денешынықтыру және спортқа байланысты іс-шараларды өткізуге әдістемелік бағыт беру.

Сыныптан тыс жұмыстар сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған дене жаттығулары жүйесінен құралады. Мектептен және сыныптан тыс уақытта спорт сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі қиындықтар, мысалы, мектепішілік жарыстар өткізу,олардың жеңімпазын анықтау, аудандық жарыстарға команда дайындау немесе сыныпта оқушылар саны аз болған жағдайда жекелей біріншіліктерді өткізу барысында туындайды. Әрбір оқушы жарыста өзінің жеке төзімділік, шапшаңдық, ептілік, күш сияқты дене қабілеттерін дамытып, оны ойын барысында сынағысы келеді. Бұл сыныптан тыс жұмыстар денешынықтыру мен спортты насихаттауға, оқушыларды бос уақыттарын тиімді пайдалануға, адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеуге қалыптастырады.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне деген белсенділігін арттыру спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру болып табылады. Көбінесе жарыстар мектепішілік немесе көрші мектеп командаларымен жолдастық кездесу түрінде өткізіледі. Жарыста жоспарланатын жаттығу түрлері мектеп бағдарламасына сәйкес болуы тиіс. Шағынкешенді ауыл мектептерінде денешынықтыру пәнінің мұғалімдері, әсіресе «Көңілді сөре» мен спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырып жүргізу барысында көптеген қиындықтарға кездеседі. Егер мектепте 5-9 сыныптарда барлығы 20-30 оқушы болса, «Көңілді сөре» және футболдан (спорт түрлерінен) жарыстарды өткізу проблемалық жағдай туғызады.

Шағын кешенді ауыл мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы мен мазмұны пәнді терең оқыту, оқушылардың белсенділігін жәнеспортқа деген қызығушылығын арттыру сияқты талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Шағын кешенді ауыл мектептерінде дене тәрбиесінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ең қызықтысы спорт түрлерінен жарыстар өткізу. Оқушылар жарыстарды асыға күтеді, оған жан-жақты дайындалады.Спорт жарыстарыныңбағдарламасы мен оның өткізілу мерзімі, оған жауапты мұғалім мектептің жалпы жылдық жоспарына енгізіледі. Шағын кешенді ауыл мектептерінде оқу жылы барысында қыс және жаз мезгілдерінде спартакиадалар ұйымдастыруға әбден болады.

Қысқы спартакиаданы төмендегідей бағдарламамен ұйымдастыру ыңғайлы:

  1. Күшті дамытатын үшсайыс (Белтемірге тартылу: биік белтемірге -ұлдар, аласа белтемірге - қыз балалар, еденде - ұлдар; жату қалпында кеудені көтеру -барлығы орындайды).

  2. Дала жарысы (қары жоқ аудандарда). 3-4 сынып - 1 км, 5-6 сынып - 1,5 км, 7-9 сынып - 3 км, сыныпжетекшілері - 1 км. Шаңғы жарысы(қарлы аудандарда).Сынақтүрі жоғарыдағыдай.Жеңімпаздарүздік уақыт көрсеткіштерімен анықталады.

  3. Шагын футбол (қар алаңында). Ойынға қатысушылар: 3-4 сыныптың ұл-кыздары төменгі топты, 5-9 сыныптың ұл-қыздарыжоғары топты құрайды. Команда құрамына әр сыныптан 2 ойыншы кіреді. Әр командада 6 ойыншы болуы тиіс. 3-4 сыныптан - 1, 5-9 сыныптан 2 ойыншы. Ойынқысқартылған ереже бойынша 15 минуттан екі кезең ойналады. Ойынбарысындаойыншыалмастыру тек сыныпбойынша (мысалы, 5 сыныпоқушысымен 5 сынып оқушысы) жүргізіледі.

  4. Дәлдікке жарысу. Баскетбол добыншығыршыққа түсіру немесе теннис добыннысанаға дәл тигізу. Бұл жеке біріншілік жүйесі бойыншажүргізіледі. Спартакиадаға ата-аналарда да қатыстыруға болады. Спартакиада ережесіне ата-аналары жарысқа қатысқан жағдайда командаға қосымша ұпай беру жағын қарастыру керек.

Жазғы спартакиада келесі бағдарлама бойынша жүргізіледі:

  1. 30 м жүгіру (3-4 сыныптар үшін) және 60 м жүгіру (5-9 сыныптар үшін).

  2. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

  1. Дала жарысы(қары жоқ аудандарда). 3-4 сынып - 1 км, 5-6 сынып1,5 км, 7-9 сынып - 2 км.

  2. «Көңілді сөре» эстафетасы. Әр команда 18 адамнанқұралуы тиіс. 3-4, 5-7 және 7-9 сыныптардан 3 ұл және 3 кызбаладанқатысаалады. Командаға ұлдар және қыздар саны жетіспеген жағдайда, бір жыныстағы балаларды қатыстыруға болады және міндетті түрде бірдей жастағы балалар болуы тиіс.

«Көңілді сөре» эстафетасы спорт алаңында өткізіледі. Әрбір команда қатармен алаңға шығады. Командаларды алып шығушы ұйымдастыру комитетінің төрағасына мәлімет береді. Әнұран айтылып, әр команданың команда капитандарыжарыс туын жоғары көтереді. Жүргізуші жарыс бағдарламасымен таныстырьш, командалар мен жанкүйерлерге хабарлайды.

Белгі бойыншаәркоманданыңкапитандарыәділ казылар алқасының төрағасына өз командаларының эмблемаларын таныстырады.

А) «Біз чемпион боламыз!» атты ұран бойыншажазылған әріптерді жылдам кұрастыру.

Сөре сызығына командаларлекке тұрады (кішілері алдында). Әр командаға қарсы 15-20 м қашыктықта көлденең жіп тартылады, оға әріптер ілінеді. Белгі бойыншабірінші қатысушы жүгіріп барып ұранның бірінші әріпін жіпке іледі т.с.с. Ойынкоманданыңсоңғы (18-ші) қатысушысы ұранның «леп белгісін» жіпке іліп өз орнына келгенде аяқталады.

Ә) Гимнастикалық шығыршықпен жарысу.Командаларбір лекке (кішілері алдында) орналасады. Әрбір команданың бірінші қатысушысы шығыршықты қолдарымен бел деңгейінде ұстайды. Белгі бойыншаалдағы бағананы айналып жүгіріп, өз командасындағы екінші қатысушыны шығыршық ішіне кіргізіп екеуі бірлесіп жүгіреді. 1- қатысушы бағана жанында қалады, 2-қатысушы өз командасындағы келесі катысушыныәкелугежүгіреді. Жарыс осы ережеменкоманданыңбарлыққатысушылары бағана тұрған бетке жиналғанша жалғасады. Бағана жанына бірінші жиналған команда жеңіске жетеді.

Б) «Жаралыны» тасымалдау. Командалар қарама-қарсы эстафета тәртібімен лекке тұрады. Бір бетке 3-4 сынып (6 ойыншы), екінші бетке 5-9 сынып оқушылары (12 ойыншы) 10-15 м арақашықтықта орналасады. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларын («жаралыларды») өз жақтарына тасымалдайды. Жоғары сыныптың бірінші жұбының колында гимнастикалық таяқша болады. Белгі бойыншаолартөменгі сынып легіне жүгіріп барып, бір қатысушыны гимнастикалық таяқшаға отырғызып өз легіне алып келеді де, таяқшаны келесі жұпқа береді. Олар осы тапсырманықайталайды. Жарыс барлық «жаралыларды» тасымалдап біткенге дейін жалғасады.

  1. Капитандар сайысы. Бұл қазақтың ұлттық ойындары, атақты спортшылар, олимпиадалық ойындар т.б. тарихы бойынша команда капитандарының байқауы түрінде ұйымдастырылады. Команда капитандарықойылған сұрақтарға жауап береді. Әділ қазылар олардың жауаптарын бағалайды.

  2. Дәлдікке жарысу. Мұнда баскетбол добыншығыршыққа түсіру немесе теннис добыннысанаға дәл тигізу қажет.Бұл жеке біріншілік жүйесі бойыншажүргізіледі. Спартакаидаға ата-аналарды да қатыстыруға болады. Спартакиадаға ата-аналар қатысқан жағдайда командаға қосымша ұпай беру жағын карастыру керек.

Д) «Аяз Ата» суретін салу. Бұл эстафетаға барлық командалар қатысады (кішілері алдында). Белгі бойынша лекте бірінші тұрған катысушы колына бор алып, қарсы тұрған тақтаға жүгіріп жетіп «Аяз Атаның» бірінші бөлігінің суретін салады да, өз командасына жүгіре отырып қайта оралады. Борды келесі ойыншыға береді. Ол «Аяз Атаның» келесі бөлігін салады. Жарыс «АязАтаның» суреті толық салынғанға дейін жалғасады.

«Аяз Ата» келесі бөліктерден тұрады: 1 - басы, 2 - кеудесі, 3 - оң аяғы, 4 - сол аяғы, 5 - оң көзі, 6 - сол көзі, 7 - он қолы, 8 -солқолы, 9 - мұрны, 10 - мұрты, 11 -қалпағы, 12 - сақалы, 13 - оң қолғабы, 14 - сол қолғабы, 15 - ауызы, 16 - шапаны, 17 -белбеуі. 18 - таяғы. «Аяз Ата» суретін жылдам және әдемі салған команда жеңіске жетеді.

Е) Дойбы турнирі. Бұл айналма жүйе бойынша өткізіледі. Әрбір партияға 30 минут уақыт беріледі. Егер партия уақытылы аяқталмаса, нәтижені бас төреші анықтайды.

Қатысушылар келесі тақта бойыншақатыса алады. 1-тақтада 3-сынып, 2-тақтада 4-сынып, 3-тақтада 5 сынып, т.с.с. Ең көп ұпай жинаған қатысушыжеңімпаз болады.

Ж) Құрамалы эстафета. Бұл эстафета түрін әрбір денешынықтыру пәнінің мұғалімі түрлі жаттығулар мен ойындарережелерін жеңілдетіп, мектептің материалдықбазасына, құрал-жабдықтардың санына, сапасына байланысты және білім деңгейі мен шеберлігіне қарайтүрлендіріп жүргізуіне болады.

Спартакиада жеңімпаздарының орындарын анықтау дене тәрбиесі бағдарламасыныңоқу талаптарынасайбелгіленуі керек. Оқу талаптары бойынша көрсетілген нәтиже «5» бағасына 10 ұпай, «4» бағасына 8 ұпай, «3» бағасына6 ұпай беріледі.


Зерттеу жұмыстары


3.1 Оқушыларды дайындаудың физикалық дайындығын жетілдірудің әдістемелік ерекшеліктерін дамыту тұрғысында жүргізілген зерттеу жұмыс нәтижелері


Эксперимент басында нәтижелері 3 және 4-кестелерде ұсынылды, техникалық іс-шаралар ойыншылар деңгейін анықтауға мүмкіндік берді, бұл сыналды.


Кесте 5 Педагогикалық эксперимент алдында бақылау тобында техникалық іс-шаралар тесті



Аты тегі

Тест 1

Сөрелерді айналу(м)

Тест 2

Жугіре отырып қақпаға доп кіргізу(м)

Тест 3

Допты шеңбермен жүргізе отырп орындыққа соғу(м)

Тест 4

Жұптап допты алып жүргізу(м)

1

Оқушы

9

10

14

12

2

Оқушы

8

9

12

11

3

Оқушы

8

8

13

11

4

Оқушы

9

9

13

13

5

Оқушы

8

8

11

10

6

Оқушы

8

10

11

10

7

Оқушы

9

8

14

13

8

Оқушы

8

7

10

11

9

Оқушы

8

8

11

11

10

Оқушы

9

9

12

12

11

Оқушы

8

9

13

13

12

Оқушы

10

8

12

10

13

Оқушы

8

8

11

9

14

Оқушы

9

8

12

12

15

Оқушы

10

9

12

11


Орташа бағасы

8

8

12

11





Кесте 6 Педагогикалық эксперимент алдында эксперименттік топта техникалық іс-шаралар тесті.


Аты тегі

Тест 1

Сөрелерді айналу(м)

Тест 2

Жугіре отырып қақпаға доп кіргізу(м)

Тест 3

Допты шеңбермен жүргізе отырп орындыққа соғу(м)

Тест 4

Жұптап допты алып жүргізу(м)

1

Оқушы

8

10

12

12

2

Оқушы

8

9

11

11

3

Оқушы

10

8

10

13

4

Оқушы

9

9

11

11

5

Оқушы

8

8

12

13

6

Оқушы

9

8

13

12

7

Оқушы

8

9

13

11

8

Оқушы

8

9

12

12

9

Оқушы

9

10

10

12

10

Оқушы

8

9

12

11

11

Оқушы

10

8

12

13

12

Оқушы

9

7

13

12

13

Оқушы

8

8

12

11

14

Оқушы

8

9

11

13

15

Оқушы

9

9

12

12


Орташа бағасы

9

9

12

12


Техникалық іс-шараларды сынау, жас футболшыларда, эксперименттік және бақылау топтары екі бірдей дерлік нәтиже көрсетті.

Осылайша, орташа бақылау тобында тестілеу мәні, 8 (1 м) және эксперименттік 9 (м). Тест 2 бақылау тобының орташа балы - 8 (м), эксперименттік жылы - 9 (м). Тест 3 бақылау тобының, орташа балы - 12 (м), эксперименттік - 12 (м). Тест 4 бақылау тобының, орташа балы - 11 (м), эксперименттік - 13 (м).

Содан кейін, арнайы әзірленген кешендер оқыту төрт айдан кейін, техникалық іс-шаралар қайта тестілеу болды. нәтижелері 5 және 6-кестелерде ұсынылды[48].


Кесте 7 Эксперимент кейін бақылау тобының техникалық операциялар тесті


Аты тегі

Тест 1

Сөрелерді айналу(м)

Тест 2

Жугіре отырып қақпаға доп кіргізу(м)

Тест 3

Допты шеңбермен жүргізе отырп орындыққа соғу(м)

Тест 4

Жұптап допты алып жүргізу(м)

1

Оқушы

9

10

15

13

2

Оқушы

9

10

13

12

3

Оқушы

9

9

14

13

4

Оқушы

10

9

13

11

5

Оқушы

9

8

13

13

6

Оқушы

9

9

14

13

7

Оқушы

10

9

12

12

8

Оқушы

9

9

13

13

9

Оқушы

9

8

14

14

110

Оқушы

9

10

13

13

111

Оқушы

8

9

13

12

112

Оқушы

9

10

12

13

113

Оқушы

10

9

14

14

114

Оқушы

9

10

13

13

115

Оқушы

9

9

13

13


Орташа Бағасы

9

9

13

13


% өсу

12,5%

12,5%

8,3%

18,2%


Бақылау тобында орындау өзгертуде барлық сынақтар байқалады. 18,2% - тесті 4 8,3% - тест 3 12,5%, - бір сынақ, сынақ 2 12,5% жақсарту футбол соққысы төзімділікті оқыту










Кесте 8 Эксперименттен кейін эксперименттік топта техникалық операциялар тесті


Аты тегі

Тест 1

Сөрелерді айналу(м)

Тест 2

Жугіре отырып қақпаға доп кіргізу(м)

Тест 3

Допты шеңбермен жүргізе отырп орындыққа соғу(м)

Тест 4

Жұптап допты алып жүргізу(м)

1

Оқушы

10

10

14

14

2

Оқушы

10

10

15

14

3

Оқушы

9

10

14

15

4

Оқушы

10

9

15

15

5

Оқушы

10

8

14

14

6

Оқушы

9

10

15

15

7

Оқушы

8

9

13

14

8

Оқушы

9

10

14

13

9

Оқушы

10

10

14

14

110

Оқушы

10

10

14

15

111

Оқушы

10

9

13

15

112

Оқушы

9

10

15

15

113

Оқушы

10

8

14

14

14

Оқушы

9

10

14

15

15

Оқушы

10

9

15

14


Орташа бағасы

10

10

14

15


% өсу

11,1%

11,1%

16,6%

25%


Эксперименттік топтағы көрсеткіштердің өзгерістерде барлық сынақтар байқалады. 25% - тест 4 16,6% - тест 3 11,1%, - бір сынақ, сынақ 2 11,1% жақсарту.

Эксперименттен кейінжас футболшылар техникалық іс-шараларды орташа деңгейін бақылау тобында орташа техникалық іс-шаралар шамамен біраз өсті.

Эксперимент басында 1 тестте (Жүгіре отырып қақпаға доп кіргізу) бақылау тобында орташа мәні эксперимент 9 (м) соңында 8 (м) құрады. Пайыздық 12,5% жақсаруын білдіреді. Эксперимент 10 (м) соңында 9 орта есеппен (м) эксперимент, басында эксперименттік топта. пайыздық 11,1% жақсаруын білдіреді.

Эксперимент басында 3 тест сынау (Допты шеңбермен жүргізе отырып орындыққа соғу) бақылау тобында орташа мәні эксперимент 13 (м) соңында, 12 (м) болып табылады. пайыздық 16,6% жақсаруын білдіреді. Эксперимент 14 (м) соңында 12 орта есеппен (м) эксперимент, басында эксперименттік топта. пайыздық 8,3% жақсаруын білдіреді.

4 тестте (Жұптап допты алып жүгіру) эксперимент басында (м) тең бақылау тобының 11 орташа мәні эксперимент 13 (м) соңында. пайыздық 25% жақсаруын білдіреді. Эксперимент 15 (м) соңында 12 орта есеппен (м) эксперимент, басында эксперименттік топта. пайыздық 18,2% жақсаруын білдіреді.

Бақылау тест нәтижелерін талдау екі топқа (бақылау және эксперименттік) жақсару нәтижелерін көрсетті. Айтарлықтай жақсы нәтижелерін эксперименттік топта барлық тартылған ұлдардың бәрі жақсы көрсеткіштер көрсетті.

Эксперименттің нәтижелері 8-12 жас аралығындағы ұлдар дайындықтың бастапқы сатысында техникалық операциялар деңгейін арттыруға мүмкіндік береді арнайы жаттығулар жинағын пайдалану арқылы гипотеза растайды. Деректер 7-кестеде 1, 2, 3, 4-қосымшасында келтірілген[49].


Кесте 9 Салыстырмалы жиынтық кестесі


Тест 1

Сөрелерді айналу(м)

Тест 2

Жугіре отырып қақпаға доп кіргізу(м)

Тест 3

Допты шеңбермен жүргізе отырп орындыққа соғу(м)

Тест 4

Жұптап допты алып жүргізу(м)

бастапқы

соңғы

Бастап қы

соңғы

бастапқы

соңғы

Бастап қы

соңғы

Бақылау

8

9

8

9

12

3

11

13

Эксперименталды

8

10

9

10

12

14

12

15


Shape6


Сурет 2Сөрелерді айналу

Shape7

Сурет 3 Жугіре отырып қақпаға доп кіргізу

Shape8

Сурет 4 Допты шеңбермен жүргізе отырп орындыққа соғу


Shape9

Сурет 5 Жұптап допты алып жүргізу


Оқу жаттығу жұмыстары барысында оқушылардың физикалық дайындығын жетілдірудің әдістемелік жолдары


Футболдың қазiргi заманғы мәселелері - спорт өнiмiділiгiнің қол жетiмдi әдiстерiн анықтау, ғылыми негiзде оқу-жаттығу үдерiсiн, олардың функционалдық жағдайын және басқаруын бағалау, жұмысын кешенді бақылау арқылы шешіледі. Тек ойын қызметі жүктемеге сенімді бұлшық еттің қызметінің бейімделуі арнайы бірлігін анықтауға болады, бұл әдіске кейбір жаттығулар сипаты жергілікті болып табылады және тек арнайы жаттығулар пайдалы екендігі белгілі. Ұйықтау ең айқын өзгерістер зерттеу, дене салмағының тұрғысынан анықталса, ол күш, жылдамдығына жауап болып табылады. Осы параметрлердің өзгеруі көптеген жағдайларда өсу фитнес динамикасына сәйкес, бір-бірімен параллель. Ең жақсы көрсеткіштері маусым-шілде айларында айқындалады - ойыншылардың көпшілігі үшін жарамдылығын кезеңіне сәйкес, ай. Маусымның соңына қарай ойыншылардың бірқатар шаршау белгілері жоспарланып отыр. Фитнестің ұлғаюына жақсы жалпы жай-күйі мен оқыту, сыныпта (оқыту) жоғары өнімділігі мен бәсекелестік, жақсы ұйқының және тәбет үшін әл-ауқаты, белсенді көзқарасы болады. Моториканы және техникалық дағдыларын жетілдіруімен қатар қозғалыстардың жақсартылғанын үйлестіру. 0.01-0.06 секунд уақыт қарапайым және күрделі моторлы реакция қысқартылған. жүрек ырғағының анық тежеп отыр. Фитнес ұлғаюына қан қысымы біршама азаяды. Тынысы сәл баяулайды. Өмірлік қуаты және ең жоғары желдетуі артады тиісінше 150-400мл және 15-35 л / мин немесе өзгеріссіз қалады. тыныс алу артады кідіріс уақыты[50].

Жарамдылығын арттырудың маңызды ерекшелігі осындай дене салмағының ретінде индикаторы ретінде қызмет ете алады. Фитнес, жас дайындалып жүрген ойыншылардың олардың әрқайсысына тән тұрақты, дәл әрбір маусымы (Граевский, 1960) қайталанады деп аталатын ойын салмағы бар.

Оқыту дене салмағының жоғалуы үшін резерві бізге органның жалпы физиологиялық стресс әдісі адам денесінің тұтынатын энергияның сомасы арасындағы сызықты қарым-қатынас, буланады терлеу болып табылады және ауа су қиын есімізде дәрежесін алу үшін оқыту жүктемесінің жалпы құнын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл техника артады (Кучкин,Чечегин, 1981) ақпараттық дәл есепке алу кездейсоқ жоғалуына немесе салмағы ұсынды.

4-кесте педагогикалық экспериментке дейін және кейін жалпы физикалық дайындығы ойыншылардың эксперименттік және бақылау топтары бақылау тестілеу нәтижелері беріледі. Физикалық орындау бағасы, сынақ PWC170 айқындалған - - 23,4% орташа (P <0,01) Ең алдымен, бұл ойыншылардың эксперименттік топта едәуір жалпы физикалық дайындық басты көрсеткіші артты, деп атап өткен жөн. Бақылау тобында бұл көрсеткіш сондай-ақ, (12,7% орташа) өсті, бірақ сонша және сенімсіз емес.

Нақты материал бақылау тестілеу егжей-тегжейлі талдау мыналарды тапты. Педагогикалық эксперимент шеңберінде қолға оқыту нәтижесінде спортшылардың дене дайындығы ететін факторлардың негізгі санаттары бойынша анық үрдістерді анықталды. Біріншіден, бұл «Электр шекті жұмыс» спектаклі санатындағы арттыру және морфофункционалдық болды.


Кесте 10Әр түрлі санаттағы дене денсаулығы мен орындау динамикасы, спорттық жетілдіру кезеңінде ойыншылар сараланған бақылау (х + у) кезінде анықтайтын факторлар



Қуаты күшті жаттығу («Электр шекті пайдалану» ставкасы санаты) жүзеге - орташа 18,1% P <0,01), бақылау тобының пайда ал бұл көрсеткіш тек 4,1 болды % (P> 0,05). Ең жоғары желдету бақылау тобында 6,1% өсіміне қарсы (P <0,01 P> 0,05) эксперименттік топта 13,7% -ға өсті[51]..

Индикатор барынша аэробты «ең жоғары қуаты пайдалану» санатына көрсеткіші ретінде қарастыруға болады және санат «билік» индикаторы өсті ретінде өнімділігі (МПК), және ұшқыш (21,6% орташа), сондай-ақ бақылау (8,0%) топтары. МПК өсуі статистикалық маңызды емес еді бақылау тобына қарағанда, тәжірибелік топта өсуі (P <0,01) айтарлықтай болды. Сонымен қатар, дифференциалдық бақылау және оқыту жүктемелер тиісті түзету кейбір көрсеткіштер санаты айтарлықтай өсуіне алып келді «тиімділігі». Мәселен, статистикалық маңызды артқанын ставка ватт-мөлшерлеме (15,7%, P <0,01). Бақылау тобында деңгейі іс жүзінде өзгерген жоқ.

Бұл (6,9% C 0,05 құрайды - бақылау тобында, ал P <0,01), орташа 19,1% эксперименттік топ оттегі импульс өте айтарлықтай артты. Кем маңызды және маңызды емес, дегенмен, сондай-ақ тиімділік көрсеткіші болып саналады вдыхавшие ауаның (6,9%, P> 0,05) оттегі кәдеге жарату пайыздық ұлғайды. Алайда, «Экономика» жұмылдыру факторлар санаты көрсететін осы оң өзгерістер параметрлер қорғасын таңба болған жоқ.

Факторларды көрсететін параметрлер жиыны көзделген кешенді бағалау негізінен жалпы дене дайындығы байланысты. Біз) (МПК / салмағы және Wmax) «жұмыс істеуі қуатын шектеу», алты параметрлері, әрбір санаты «морфологиялық және функционалдық қуаты» (дене ұзындығы мен VC) екі шектелді және «тиімділік» W/ЧСС және ЧСС тыныштықта.

Осы мағынада, кешенді бағалау үшін қолданылатын параметрлердің аясын анықтау қатені азайтуға талап етеді. Зерттеулер 10-15% тең интегралды бағалау қатені алу көзделген 5-6 параметрлерін өлшеу кезінде көрсетті. Параметрлер санының одан әрі ұлғайту кешенді бағалау дәлдігін арттыру айтарлықтай өлшенеді. Осыған байланысты, бұл бақылау 5-6 ең ақпараттық параметрлерін жиынтығын шектеу ұсынылады.

Біздің ғылыми-зерттеу спорттық жетілдіру сатысында жоғары өнімділік спортшыларды қамтамасыз ең жоғары мәні факторлар санаты екенін көрсетті «ең жоғары қуаты пайдалану». Осыған орай, осы факторлардың бірінші назар дене орындау сапалық сипаттамаларын жеке бағалау болса. Жүктеме түзету құрылымында ең төменгі деңгейін көрсетеді жағдайда бұл параметрлер орындау дамытуға бағытталған жаттығулар үлесін арттыру үшін жасалды. Ең алдымен, аэробты өнімділігін дамытуға бағытталған жаттығулар, сондай-ақ белгілі, үлесі ұсыныстарына сәйкес. Бұл әрекетті орындау үшін, қашықтан басқару және аралық әдістерін пайдаланады. Бұл әдістер келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- сыртқы тыныс алу (ӨҚЖ, ЖЕЛ т.б.) өнімділігін арттыру;.

- жүйесінің өнімділігі мен қан айналымын (мин инсульт көлемі, жүрек жиілігін, қан ағынының жылдамдығы) жетілдіру;

- тіндердің оттегі көлемін арттыру;

- барлық жүйелер қызметіне бірізділігін жақсарту үшін[52].

Эксперименттік оқыту нәтижесінде дайындық кезеңіне сәйкес сараланған деп анықтады және оқыту жүктемелер құрылымы мен бағдар тиісті жедел түзету бірге жалпы физикалық өнімділігі интеграцияланған басқару жүйесін қамтамасыз ету түрлі факторлардың рөлі ойыншылардың функционалды жарамдылығы деңгейін айтарлықтай өсуіне ықпал етеді.

Спортшылардың физикалық көрсеткіштеріне диагностикалау және бағалау сараланған тәсіл факторлар көп «жоғары» санаттағы қосу және белсендіру факторлардың нақты кезеңі үшін алдыңғы қатарлы рөлін арттыру функционалдық дайындығын дамыту оңтайландыру үшін көмектеседі.

Факторлардың тиісті кезеңі үшін «үстем» іріктеп дамыту, соның салдары ретінде, жалпы функционалдық жаттығу спортшыларды осы факторлардың өздері екі маңызды өсуін тудырады.

Осылайша, зерттеу бізге мынадай мүмкіндік берді:

- Жас ойыншылардың дене шынықтыру дайындығының деңгейін бағалауға;

-Жүйелі бұлшық қызметіне бейімделу ойыншылардың сипаттамаларын анықтау;

- Ойыншыларды мақсатты даярлау үшін дер кезінде ақпарат алу;

- Жас ойыншылардың дене жаттығын орындауы кешенді бақылау әдістерін таңдаңыз.


Қорытынды


Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.

Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу. Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.

Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.

2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.

3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.

4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:

1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер: балалар, жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі, жоғарғы спорттық шеберлік мектебі, спорттық мектеп интернаттар

2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер: жазғы сауықтыру лагері, еңбек сауықтыру лагері, стадиондар, су станциялары, жас туристер станциялары, мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері, мәдени демалыс парктері, аула клубтары.

Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары. Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.

Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.

Міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.

Дене жаттығуларымен сабақ өткізудің сабақтан тыс түрлері үшін денсаулықты нығайту, жұмыс кабілеттілігін сақтау және арттыру, шынықтыру және емдеу, дене және ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу, сонымен бірге белгілі бір анықталған әрекеттерді оқытып үйрету мақсатында өз бетінше ұйымдастыру қызметіне тән. Сабақтан тыс шұғылдану сабақтық түріне қарағанда барынша арнайыландырылған мазмұнымен айырмаланады және олардың құрылымы күрделі емес. Әдетте бұл ойын сайыс немесе жеке гимнастика жаттығуларының қандай да бір түрлері түрінде болады. Сабақтан тыс шұғылдану көбінесе сабақтық түріне қарағанда өзін тәртіптілікке, бастамашылдықты алдын ала ойластыруға, мәдениетті демалысқа үйретеді. Сабақтан тыс шұғылданудың мазмұны мен нақтылы міндеттері елеулі дәрежеде шұғылданушылардың бейімділігі мен көңіл-күйіне тәуелді. Сабақтан тыс шұғылдануды өткізу әдістемесінде сабақ өткізу әдістемесіне тән көп ұқсастықтар бар. Олардың құрылымы негізгі жұмысты орындау және оны аяқтау үшін жақсы жағдай жасайтын ағзаның жұмысқа бейімделгіштік кабілетін біртіндеп қамтамасыз етуі тиіс. Жүктемені мөлшерлеп бөлуде көмек көрсету және сақтандыру, шұғылданушыларды ұйымдастыру және сабақ өтілетін орынды дайындау үшін оқытушы басшылыққа алатын көптеген әдістер мен ережелер пайдаланылады.

 


Пайдаланған әдебиеттер


1. Төтенаев Б. Дене тәрбиесі. – Алматы: Мектеп, 2008.

2. Иванов Г., Қарақов А. Дене тәрбиесі. – Алматы: 2001

3. Уақбаев Е. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. – Алматы: Санат, 2000

4. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264. 

5. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31. 

6. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б. 

7. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224. 

8. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005. 

9. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001. 

10. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.

11. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.

12. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.


29


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2025
15
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі