жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мектеп тәжірибесінде іс-әрекетті зерттеудің рөлі
Мектеп тәжірибесінде іс-әрекетті зерттеудің рөлі
Мойынқұм шағын орталықты орта мектебінде қазіргі таңда 367 оқушы оқиды және 48 мұғалім жұмыс жасауда. Жоғары білімді-44 мұғалім, арнаулы орта білімді – 4 мұғалім (оның ішінде 2 мұғалім – мектепалды даярлық тобында).
Мектеп директоры Жанпейсов Габибулла Мейрханович Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты оқып, 2015 жылдың 16-ыншы наурызында аяқтады.
Жадрасинов Корганбек Кунисбекович Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 2013 жылдың 11-інші қарашасында аяқтады. Жидебаев Мадалы Абыралиевич Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 2015 жылдың 15-інші мамырында аяқтады. Семенов Асхат Алиевич Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 2013 жылдың 1-інші шілдесінде аяқтады. Кабылова Кулайым Талиповна Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 2013 жылдың 18-інші желтоқсанында аяқтады. Мамекова Айткул Садуахасовна Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 2015 жылдың 15-інші қарашасында аяқтады. Изтилеуова Кумис Таубаевна Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 2016 жылдың 5-інші желтоқсанында аяқтады. Жалпы алғанда, мектеп мұғалімдерінің 15% (7 мұғалім) деңгейлік бағдарламасы бойынша, ал білім мазмұнын жаңарту шеңберінді 54% (26 мұғалім) курстардан өткен.
Мектеп тренерлері К. К. Жадрасинов, М. А. Жидебаев және А. А. Семенов 2017 жылдың 12-інші қаңтарынан 6-ыншы сәуірге дейін педагог кадрлардың кәсіби дамуының «Тәжірибедегі рефлексия» республикалық білім беру бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курс өткізді.
Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы болады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.
Мектебіміздің зерттеу тақырыбы: «Оқыту үшін бағалау».
Мақсаты: Оқушылар өздерін бағалауға тартуы арқылы қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды.
Оқу жылының басында мектеп мұғалімдерінен үш фокустық топ құрылды.
Бірінші топ құрамында А. С. Мамекова, Г. Сатова, З. Ибраева және К. Чонбаева бастауыш сынып мұғалімдері іс-әрекетті зерттеу жұмысын жүргізуде. Бұл топтың зерттеу тақырыбы: «Топтық жұмыс арқылы оқушы белсенділігін қалай дамытуға болады?» Екінші топ құрамында қазақ тілі пәні мұғалімдері К. Т. Кабылова және С. Харсанова, орыс тілі пәні мұғалімі А. Тайшабарова және ағылшын тілі пәні мұғалімі А. А. Думшебаев. Бұл топтың зерттеу тақырыбы: «Жазба жұмысы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалай дамытуға болады?» Үшінші топ құрамында физика пәні мұғалімі М. А. Жидебаев, математика пәні мұғалімдері
К. К. Жадрасинов және К. Т. Изтилеуова, тарих пәнінің мұғалімі А. А. Семенов. Үшінші топтың зерттеу тақырыбы «Белгілі бір сыныпта оқуды жақсарту үшін оқыту үшін бағалау қалай бағаланады?»
Мектеп басшысы үшін топтарды құрған кезде еріктілік қағидасын қолдану қолайлы, себебі оның нәтижесінде бөлінген көшбасшылық жүзеге асады. Осылайша, топ мүшелерін және зерттеу сұрағын таңдау туралы шешімді топ мүшелерінің өзі қабылдайды. Еріктілік жағдайында олар жауапкершілікті өздерінің мойындарына алады. Зерттеу сұрағы анықталғаннан кейін топ мүшелері сабақты жоспарлайды.
Зерттеу үшін әзірленген сабақ жоспарында жалпы шолу болып, оқушылардың әрекеті, зерделеуге арналған тапсырмалар, мұғалімнің сұрақтары, күтілетін реакция және оқушылардың мүмкін жауаптары сипатталады. Әрбір өткізілген сабақтан кейін топ мүшелері жоспарға өзгертулер енгізіп, сабақтан сабаққа қарай жоспар жақсара түседі. Мұғалімдер оқудың ең үздік стратегияларын анықтады.
Келесі кезең сабақты өткізу. Бұл кезеңде топ мүшелерінің бірі сабақты өткізеді және басқа топ мүшелері кейбір оқушылардың оқуы, олардың ойлауының дамуы және ынтымақтастықта жұмыс істеу мақсатында өзара әрекеттесуін бақылайды және дәлелдемелер жинайды. Бақылау маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер зерттеудің бүкіл кезеңінде оқушылардың ойлауында болып жатқан өзгерістерді және оқушыларға оқытудың қандай әдістері ықпал етіп жатқанын анықтайды да өздері әзірлеген құрылымдалған бақылау формасына белгі қояды.
Келесі кезең сабақты талқылау. Сабақты талдау басты үш сұраққа негізделеді.
Оқушылар қалайша сабақ мақсатына жетті?
Сабақты қалай жақсартуға болады?
Бұл тәжірибеден біз не алдық?
Талдау нәтижесінде топтар сабақ жоспарында нені өзгерту керек және келесі сабақты кім өткізетіні туралы шешім қабылдайды. Келесі сабақтан бастап осы кезеңдер қайталанады.
Сабақты зерттеу үдерісінің маңызды құраушысы зерттеу нәтижелерін құжаттау болып табылады. Лессон стади өткізу бойынша дәлелдемелер әдістемелік құрал түрінде түптеп жинақталады.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Lesson Study тәсілін жүргізгенде зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастадық.
Зерттеу нәтижесінде 3А сынып оқушылары бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланды. Бірін-бірі тыңдау және бағалауда ілгерілеушілік байқалды. Дегенмен, кейбір оқушылар топтық жұмыста жауапкершілікті сезіне алмай жатыр.
Екінші топ зерттеген сұрағы бойынша 7А сынып оқушыларының шығармашылығы шыңдалып мектепішілік, аудандық пәндік олимпиадаға, «Алтын тобылғы», «Ақ желкен», эссе жазу байқауыларына қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Үшінші топ 8Б сынып оқушыларында өзара және өзін-өзі бағалауда шынайылық пен әділдік байқалды.
Қорыта келе, мектепте жүргізілген Лессон стади үдерісі оң нәтиже берді. Оның дәлелі - зерттелген сынып оқушылары әртүрлі олимпиадалар мен байқауларда орын алуы. Оқушыларда әділ бағалау дағдылары қалыптасты, қойған бағаларына сыни пікір айта алатын болды.
Мектепте жүргізілген Лессон стади үдерісі мұғалімдерге ұжымдық жоспарлаудың, сабақты зерттеудің және сабақты талдаудың қажеттілігін көрсетті. Бұл тәжірибеден біз мұғалім мен оқушы әрекетін бағалауды және бақылауды үйрендік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Т. Чичибу (Жапония), Л. Ду Тоит (Оңтүстік Африкалық Республикасы), А. Тулепбаева (Қазақстан Республикасы). Lesson Study бойынша мұғалімдерге
арналған нұсқаулық.Lesson Study: нұсқаулық. Пит Дадли.
Исследование урока (Lesson Study): от А до Я: метод. рекоменд.
Ж. К. Байгаринова.
4. Постановка исследовательского вопроса в рамках реализации исследования:
метод. рекомендации. / Ю. Г. Мельникова.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген