Мектеп тәлімгерінің 2-жарты жылдық есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп тәлімгерінің 2-жарты жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерінін жарты жылдық есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп тәлімгерінің 2-жарты жылдық жұмысының есебі

Тәлімгер – «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі, көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушы, лауазымдылық міндеттері бар педагог.

«Тәлімгер» сөзі «жолбасшы» сөзінен шыққан.Таныс емес бағыттармен жүргенде жол сілтеп отырған адамды жолбасшы деп атаған. Осылайша жолбасшы өз қамқорлығындағыларды балалық өмірдің бейтаныс жолдарымен жетелейді. Тәлімгер – балалар бірлестіктерімен жұмыс жасайтын педагог.

       Балалар ұйымы – бұл жас ұрпақ тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі басқарушы буын. Ол оқушылармен жүргізілетін барлық тәрбие жұмысының орталығы болып табылады. Балалардың қоғамдық ұйымдары – өзін-өзі іске асырудың өте маңызды ортасы. 

Мақсаты:

- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. 

Міндеттері: 

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани -адамгершілік әлеуметтік қалыптастыру.

- Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- Танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- Балалар мен жасөспірімдердің  зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.


Қаңтар.
Қысқы каникул кезі ұйымдастырылды. 5,6,7 сыныптар арасында «Менің Отаным- Қазақстан» тақырыбында байқау өтті.  Байқау мақсаты  - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және  оларды елін, Отанына сүйетін, туған жерін қорғайтын патриотты азамат болуға тәрбиелеу.  Оқушылар сурет байқауына берілген тақырыпқа сай суреттер салды.


Ақпан.

«Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қалалық үйлестірушы отырысы болды. Күн тәртібінде жоспарға сай атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау, алда жасалатын іс-шаралардың мән-жайын ортаға салу, оқушылардың қоғамдық жұмыстарға араласуына кеңірек қолдау көрсету, жоспар бойынша атқарылып жататын мектепішілік жұмыстарға жасұландықтардың араласуы және қолдау көрсетуі секілді мәселелер сөз болды. Бұл өз кезегінде балалардың бойында «Жас Ұлан» ұйымы мүшесі ретінде жауапкершілік сезімдерін орнықтырып, мектепішілік жұмыстар мен қоғамдық іс-шараларда белсенді болуға септігін тигізеді. Оқушылармен өткен ұйым отырысы нәтижесінде осындай отырыстарды жиі өткізіп тұру керектігі және балалардың мектепішіндегі тәртіптерін қадағалау қажеттілігі айтылды. 

Ауған соғысы-Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толмақ. Осыған орай Астана жалпы орта мектебінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.


Наурыз.
Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар өтті. Сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай сыныптарда оқушыларының ұйымдастыруымен “Айналайын,анашым,еркелеткен” атты тақырыпта сынып сағаты өтті.

Ұлыстың ұлы күні 10 күн тойланды. Биыл жаңа форматта өтді. Наурызнама онкүндігі мынадай: Әз-Наурыз 14 наурыз күні – Көрісу, яғни Амал мерекесімен басталды. 15 наурыз – Қайырымдылық, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 17 наурыз – Шаңырақ, 18 наурыз – Ұлттық киім күні. 19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. 21 наурыз – Ынтымақ, ал 22 наурыз – Жыл басы. 23 наурыз – Тазару күніне орай іс-шаралар өтті.


Сәуір.

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының отырысы өтті.

«Құстар-көктем жаршысы» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында сурет байқауы болып өтті. Оқушылар сурет байқауына берілген тақырыпқа сай суреттер салды.


Мамыр.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті, барлық сыныптар өз ұлтының костюмдері, тағамдары мен шығармашылық нөмірлерін ұсынды. .
Мамыр мерекелерге өте бай. Отан қорғаушылар күні біздің мектепте «Ұлы Жеңіс жолында», «Ерлікке тағзым» тақырыбында тәрбие сағаттар өтті, 1-11 сынып оқушылары қатысты,
"Жеңіс күні" биыл 79 жылдығы тойланады. Балалар шығармашылық нөмірлер дайындады, митинг және ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жыл бойы бастауыш сынып оқушылары үшін көңілді өзгерістер өтті, балаларға би билеу және ойнау өте ұнады, сондықтан олар сабақтан демалды.
Мамыр соңғы қоңыраумен аяқталды. Түлектер мен мектеп әкімшілігі салтанатты жиын дайындады.
Атқарылған жұмысты қорытындылай келе, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселесі біздің қызметіміздегі ең маңызды мәселелердің бірі екенін атап өткім келеді. Балаларды тәуелсіздікке үйрету-бұл ұзақ және ауыр жұмыс, сондықтан біз балалар ұйымында балалардың өз өмірін ұйымдастыруға деген ықыласы бар атмосфераны құруға тырысамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2024
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі