
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп тренерінің аналитикалық талдауы
Канатова "Сұраншы батыр ауылындағы
Назипа орта мектеп мектепке дейінгі шағын
Алдабергеновна орталығымен" КММ
"Тәжірибедегі рефлексия" жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерінің аналитикалық талдауы
«Ұстаз болу жүректің ақындығы….» деп ақындар жырлағандай ұстаз болу биік те мәртебелі мамандық. Әлем жылдам өзгеруде. Әлемнің жылдам өзгерісіне ілесе отырып заман көшінен қалмай қазақa баласына жаңа мазмұнды білім беру басты міндетіміз екені белгілі. Ендеше, жаңа өмірге жаңаша әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға білікті мұғалім, жоғары кәсіби тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып оқыту мен оқуды тәжірибемізге енгізуге тиіспіз.
Сол себепті мектеп тренерлігінің курсына шақыру алғанда осы сұрақтар төңірегіндегі түйінді мәселелерді шешуге бағытталған мектепке әлі де нақты қажетті өзгерістерді енгізетін, кәсібилікті дамытатын оқу деп ойладым. Мектептегі өзгерту үдерісін басқарғанда екіші деңгей бағдарламасы бойынша теориялық білімді кеңінен алғандығымды түсіндім. Себебі, мектепке алғаш барғанда әріптестеріме кәсіби дағдыны қалыптастыру өте қиынға соқты. Ұзақ дайындық, ғаламтор көздерінен іздену, жеті модуль әдіс-тәсілдерін саралау, мектептің даму жоспарын практикамен ұштастырып құру көптеген қиыншылықтар тудырды. Алғашқы күннен бастап «мектеп тренері кім?» деген сұраққа жауап бере бастадық. Постер құрастырдық. Тобым өте белсенді, білімді, шығармашыл топ болып кездесті. Құрастырған постеріміз бірінші болып «эталон» деңгейіне жеткенде балаша мәз болдық. Яғни, мектептің тренері деген ұғымның өзімізше пайымдауымыз сәл де болса мақсат-міндетіне жуықтағанына қуандық. Кейбір әріптестер тарапынан: «мынау деңгейлік бағдарламаға қайталау сияқты» деген пікірлер айтылып жатты. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Себебі, курста өткізілетін сабақтардың дайын жоспары жасалып оны қалай, қандай әдіспен өткізу тиімді екендігін үйрендік. Әрбір топтың өткізген бір сабағынан бірнеше дағды қалыптастырып, нақты білімді өз іс-әрекеттеріміз арқылы жасадық. Топқа бөлудің өзі бір-біріне ұқсамайтын түрліше әдіс-тәсілдермен өтті. Сергіту сәттерінің әр сәті ерекше қимыл-қозғалысты үйретті. Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын әдіс-тәсілдер болашақ мектеп тренерлерінің ойлау, шығармашылық, іскерлік білімі мен біліктіліктерін көрсете білді. Әр тренерден әртүрлі дағды мен әдіс-тәсілдерін үйрене отырып педагогикалық тәжірибемді толықтырдым. Курстан кейін мектепке барғанда әріптестерімнің кәсіби деңгейлерін көтеруге және әр баланың ой-өрісін жетілдіретін технологияның түрлі әдіс-тәсілдерін топпен жұмыс, жұппен жұмыс, сын тұрғысында ойлау, диалогтық оқыту және тағы басқа технологиялардың ерекшеліктерін тренингтер арқылы үйретемін деп ойлаймын. 7 модульді әр сабаққа ықпалдастыра отырып құруды SMART арқылы нақты, қолжетімді, шынайы жоспарлау негізінде өзгертулер енгізу керек екендігін аңғардым. Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен жүйелі түрде қайта құрылып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларға қайта түзетулер енгізу керек екендігін түсіндім.
Сонымен қатар, оқушыны зерттей отырып, сабақтағы әдіс-тәсілдерді жетілдіретін Lesson stadu әдісін өз практикама қаншалықты енгіздім десем де кездесетін мектепішілік қиындықтарды жеңуге болатын тиісті қадамдар жасау әрекеттерін меңгердім деп есептеймін.
Бағдарламаны өз тәжірибеммен бөлісу және де мектептегі әріптестеріме қолдау көрсету мақсатында 2016-2017 оқу жылының басынан 100 академиялық сағатты жоспарлап, жыл бойы жұмыс жүргіздім.
Мектептегі курсқа 24 мұғалім тартылды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 |
Талдыбаева Г.Б. Талдыбаев А.А. Битебаева Қ.Т. Қарсыбаева А.Ж. Мухамеджанова Т.Б. Искакова С.С. Джасыбаев Б.А. Елчиева А.Б. Конырбаева Ж.Н. Раймкожаева А.С. Рыскелдиева Р.С. Искакова А.Н. Альтенова А.С. Айтбаева Р.Ж. Искаков Н.Ж. Искакова Б.А. Мусаев Д.Е. Узенбаев Р.Т. Бекмуратова Г.Ә Джасыбаева Л.А. Касымкулова Г.С. Битанова Д. Етекбаева Р.А. Сагадиева А.Е. |
тарих тарих қазақ тілі мен әдебиеті қазақ тілі мен әдебиеті орыс тілі мен әдебиеті орыс тілі мен әдебиеті математика математика информатика өзін-өзі тану химия география технология музыка дене шынықтыру дене шынықтыру дене шынықтыру АӘД бастауыш сынып бастауыш сынып бастауыш сынып бастауыш сынып мектепалды даярлық мектепалды даярлық
|
Мектеп директорының бекітілген сабақ кестесі жасалды.
Бекітемін:
Мектеп директоры: Г.Б.Талдыбаева
"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектеп МДШО" КММ
мектеп тренері өткізетін курстың кестесі
2016-2017 оқу жылы
№ |
Өткізілетін күні |
сағаты |
1-күн |
07.10.2016 |
15.00-19.00 |
2-күн |
14.10.2016 |
15.00-19.00 |
3-күн |
21.10.2016 |
15.00-19.00 |
4-күн |
28.10.2016 |
15.00-19.00 |
5-күн |
31.10.2016 |
09.00-13.00 |
6-күн |
01.11.2016 |
09.00-13.00 |
7-күн |
02.11.2016 |
09.00-13.00 |
8-күн |
03.11.2016 |
09.00-13.00 |
9-күн |
04.11.2016 |
09.00-13.00 |
10-күн |
05.11.2016 |
09.00-13.00 |
11-күн |
11.11.2016 |
15.00-19.00 |
12-күн |
18.11.2016 |
15.00-19.00 |
13-күн |
25.11.2016 |
15.00-19.00 |
14-күн |
02.12.2016 |
15.00-19.00 |
15-күн |
09.12.2016 |
15.00-19.00 |
16-күн |
23.12.2016 |
15.00-19.00 |
17-күн |
30.12.2016 |
15.00-19.00 |
18-күн |
03.01.2017 |
09.00-13.00 |
19-күн |
04.01.2017 |
09.00-13.00 |
20-күн |
05.01.2017 |
09.00-13.00 |
21-күн |
06.01.2017 |
09.00-13.00 |
22-күн |
13.01.2017 |
15.00-19.00 |
23-күн |
20.01.2017 |
15.00-19.00 |
24-күн |
27.01.2017 |
15.00-19.00 |
25-күн |
03.02.2017 |
15.00-19.00 |
Мектеп тренері: Канатова Н.А.
100 сағаттық курс аяқталған соң, мұғалімдер өз сабақтарында бағдарлама аясында үйренген әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырды. Мен мектеп тренері ретінде кері байланыс жасап отырдым.
Бұл Бағдарламаның аясында мектеп тренерлерінің басты рөлі:
• Кәсіби шеберлік және кәсіби даму;
• Тиімді оқытуға арналған жоспарлау;
• Оқытудағы уәждеу тәсілдері;
• Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру;
• Мониторинг, бағалау
Мектеп тренері кәсіби мінез-құлықтың жоғары стандарттарын сақтаудың неге маңызды екендігін білемін.
Мектеп тренері ретінде мұғалімдердің Бағдарлама тақырыптарын сыныптағы оқушылармен жұмыстарына тасымалдауда үлгі алу моделі болып табылады. Мен өз әріптестеріме құрмет көрсете отырып, кез келген жағдайда өзімді кәсіби шебер ретінде ұстауға тырыстым. Мен өз тобымның мұғалімдері Бағдарлама мақсаттарына жетуде табысты болуын көздедім.
Бұған уақытты тиімді пайдалану, мұқият жоспарланған сабақтар, топ жұмысына барлық мұғалімдердің қатысуын ынталандыру және әрбір қатысушының жұмысы туралы егжей- тегжейлі қалыптастырушы пікір білдіру жататынын бете түсіндім.
Мен курс барысында барлық тыңдаушылармен адал, сындарлы,сыйластыққа, сенім менқолдау көрсетуге негізделген қарым-қатынас орнату жолдарын білдім.
Мен барлық тыңдаушыларға және олардың жұмысына бірдей көңіл бөлдім, әрі олардың ұсынған идеяларына сындарлы жауап беруге ұмтылдым. Мен талқы жүргізуге және топта орындалатын тапсырмаларға барлық тыңдаушылардың қатысуын қолдап, ынталандырып отырдым. Сыныптағы және шағын топтардағы бірлескен жұмыс ережесі оқу үдерісінің басында белгіленіп отырды. Ол ережені барлық тыңдаушылардың қатысуымен құрған дұрыс, алайда онда төмендегі тармақтар міндетті түрде қамтылуы тиіс:
• әр тыңдаушыға пікір білдіруге мүмкіндік беру;
• басқаларды тыңдау;
• сұрақ қойғанда, адамның жеке қасиеттеріне тіл тигізбеу.
Мен үздіксіз кәсіби дайындықтың маңызын және өзімнің және басқалардың оқу мен тәжірибелік жұмысын қалай дамыта және жақсарта алатынын түйсіндім.
Мектеп тренері ретінде Бағдарлама мұғалімдердің тәжірибелік жұмысына да, оқушылардың білім алу үдерісіне де оң әсер ететіне үлкен үміт арттым. Бұны олардың өз сабақтарын энтузиазммен өткізуінен және олардың мұғалімдердің кәсіби өсуінің келешегіне деген сенімінен көруге болады. Мен әрқашан тыңдаушылардың меңгерген біліміне қарай әр сабақтың тиісті бағасын беріп, алдағы сабақтарын жетілдіру жолдарын іздеп отырдым.
Менің тобымдағы бастауыш сынып мұғалімі Бекмуратова Г.А. өзінің рефлексиялық есебінде:"Диалог әдісі сабақтың барлық кезеңдерінде қызығушылығын ояту, мағынаны тану және ой толғаныс сатыларында қолданылады. Мектепте өткізген сабағым сауат ашу пәнінен «Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дыбыстар» тақырыбында болды. Сабағымда оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын орната отырып, тақырып бойынша топқа бөліп отырғызудан бастадым. Оқушылар бетпе бет отырды. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы жоғары болды. Топқа отырған соң топ ережесімен таныстыра отырып, бірлесе жұмыс жасау керектігін, бір бірін мұқият тыңдап, белгіленген уақытта жұмысты аяқтап отыруды айтып отырдым. Топқа тағам түрлері бойынша бөлгендіктен, оқушылар тағамдар жайлы, олардың адам өміріне келтіретін пайдасы туралы әңгімеледі. Оқушылар тағам және олардың түрлерін ажырата алды.«Асханада болып көрдіңдер ме?», «Мектебіміздің асханасы қандай?», «Ол жерде не істейміз?», «Қандай тағам түрлерін ұнатасың?» сұрақтарына жауап алдым" деген.
1-сынып оқушылары топтық жұмыс кезінде.
Әріптестердің сабақтарының мақсаты мен құрылымын, тапсырмаларды нақты белгілей отырып жоспарлауға көмек бердім. Әрбір күнгі сабақтың мақсаты мен міндеттері сабақ жоспарларында жазылған. Сонымен
қатар күнделікті екі сабақтағы тапсырмаларды қалай құру керектігі туралы ұсынымдар келтірілген құрылым пайдаландым. Мектеп тренерлеріне бұл құрылымды пайдалануда, сонымен қатар арнайы жұмыс пен ресурстарды қолдануда еркіндік берілген. Алайда, мен сабақты әрбір мұғалімнің сол күнге қойылған мақсатына жетуіне ықпал ететіндей етіп жоспарладым.
Мен оқу материалдары мен көмекші құралдарды оқыту үдерісіне көмектесетіндей етіп дайындадым.
Технология пәні мұғалімі Альтенова А.С. курс аяқталған соң "Оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырғанымда, оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа, оқушыларымды жаңа қырынан байқай бастадым. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасағанымды байқай отырып, олардың пәніме (технология) деген қызығушылығын сезіндім. Алдымен оқушылармен байланыс жасаудың жолын табу керек, олармен бірге барлық сынып бағынатындай тәртіптің бірыңғай ережесін әзірлеу қажет екенін ұғындым" деп жазды.
Оқушылар технология сабағында.
Жаңа және инновациялық технологияларды қоса алғанда, қолда бар ресурстарды тиімді пайдаландым.
Сабақтың белгілі бір мақсатына жету үшін оқытудың әртүрлі белсенді
тәсілдерін пайдаландым. Күні бойы мұғалімдер сабаққа ынтасын сақтап, белсенді араласып отыру үшін әртүрлі тапсырмаларды орындауға қатыстырдым. Өз тобымдағы мұғалімдердің қажеттіліктеріне сезімтал болып, олардың бойындағы өзгерістерге сәйкес өзімнің пайдаланатын тәсілдерімді бейімдеп отырдым. Тәсілдерге мыналар жатады:
• мектеп тренерінің ол идеяларды, модельдер мен т.б. ұсынған кездегі немесе нұсқау берудегі үлесі;
• өз бетінше оқу және зерттеу жүргізу;
• жеке-дара тапсырмалармен жұмыс, мысалы, іс-әрекеттегі зерттеуді сипаттай отырып
плакат әзірлеу;
• шағын топтағы жеке таныстырылымдар;
• жұптық немесе шағын топтардағы талқылау;
• тапсырманы орындауға бағытталған жұптық немесе шағын топтардағы бірлескен
жұмыс (плакат, PowerPoint таныстырылымдарын дайындауға болады немесе шағын
қойылым жасауға болады, мысалы, «стоп-кадр», рөлдік ойын және т.б.);
• жеке рефлексиялық есеп жазу;
• өзін-өзі бағалау;
• өзара бағалау және т.б.
Даярлық тобының мұғалімі Сағадиева А.Е. курста үнемі белсенді тыңдаушылардың бірі болды. Бағдарламада алған білімін рефлексия жазу барысында пайдалана білген. Ол өз есебінде былай деп елтірген: "3- тапсырма үзіліп қалған әңгімені жалғастыру.
« Яғни сен әлгі адамның орнында болсаң, қандай жауап айтар едің?» деген сауалға жауап іздеу болатын. Оқушылар бұл тапсырманы жұппен орындап, әр түрлі жауап берді. Оқушылардың берген жауаптарының барлығы сұрақтың мазмұнын аша алмаған сияқты болды. Бұл тапсырмада бақылауға алынған Мақсат, тіпті жауап таппай, тосылып қалды. Бағалауды бармақ көрсету арқылы жүргізіп, барлық жұптар өздерін «орташа» деп бағалады.Сондықтан ойлануды үйден де жалғастыруларын өтіндім. Кейде осындай күрделі мәселелердің түйінін шешу ұзақ ойлануды қажет ететінін тұстары да кездеседі екен. Бұл әдіс те оқушыларды терең ізденуге, сөз астарын, көркем сөздің құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай- ақ әдістің тиімділігі- оқыған мәтінді түсінуге, оны түсінікті тілмен айтып беруге, тақырыпқа қатысты ойын, пікірін ашық білдіруге төселдіреді.
Үшінші сабағымның тақырыбы- «Көктем». Бұл сабақта мен сыни тұрғыдан ойлауды тағы да тереңдете түстім. Блум таксономиясына негізделген сабағымның жинақтау кезеңінде шылаулардың емлесін сақтай отырып, «Мен кіммін?» деген тақырыпта
Дарынды оқушылар айқындалуда
ауызша әңгіме құруға тапсырдым. Мақсатым- сабақ бойында қарастырылған жаңа мәлімет жайлы, одан не үйренгенін, нені әлі де түсіну керек екенін білу. Осылайша ұйымдастырылған тапсырмалар арқылы әңгімені ұйқастырып айтаалатын, сөздік қоры мол, сөйлеу тілі дамыған оқушы қалыптастыру мүмкіндігі туады. Әңгіме құруда Бекболат Нұрсұлтанның біршама төселгені байқалды. Ол тақырыптың мазмұнына сай әрі «Мақсатым- болашақта жүз дос жинау» деген ойы ешкімге ұқсамайтын және ешкімнің ойына келмейтін пікір болды. Осы тақырыпты бақылауға алған үздік оқушым Узенбай Салтанат өлеңмен өрнектеп, ақындық қырын танытты. Оның:
Мен – адаммын
Мен – оқушымын
Мен- ақылдымын
Мен- тәртіптімін
Сабағымды жақсы оқимын,-
деген өлеңіне қарап, болашағынан үлкен үміт күтуге болатынын байқадым және нағыз талантты оқушы екенін таныдым. Екі оқушыны да барлығы бармақ көрсету арқылы «өте жақсы» деп бағалады".
Мұғалімдер сабақтың басым бөлігін белсенді өткізді, яғни ақпарат іздеді, талқы жүргізді және жеке не бірлескен тапсырмаларды орындауға қатысты.
Мектеп тренерлері оқуға ынталандыратын және сын тұрғысынан ойлауға ықпал ететін жаттығулар әзірледі. Олар тыңдаушылардың білімқұмарлығы, шығармашылығы мен сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жеке, жұптық, топтық және бүкіл сынып қатысатын жұмыстарды пайдаланып отырды. Оқуды бақылау, қолдау және тексеру үшін жауап алу мен тыңдаудың тиімді әдістерін пайдалананып отырдым.
Оқу барысында қалыптастырушы бағалауды қолдана отырып,
мұғалімдердің оқуы мен табысқа жетуін қолдауға басты назар аудардым. Мұғалімдерді алуан түрлі оқыту шараларына тарта отырып, тыңдаушылармен байланыс орнаттым және білімі мен түсіну дәрежесін бағалап, оны тереңдету мақсатында сауалнама қолдандым.
Тарих пәнінің мұғалімі Талдыбаева Г.Б. курстан көп нәрсе үйренгенін келтірген, сабақтарының сәтті болғанын жазған.
"Тапсырма бойынша оқушылар ойын бір арнаға тоғыстыра білген. 1-топтан неге жайлауды салдыныздар деп сураганымда , Мейіржан (орташа деңгейлі оқушы) «ауылым- алтын діңгегім», онын өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосуымыз қажет десе, Аяулым «Ұлылардың бәрі ауылдан шыққан» сондықтан мамыражай ауылбейнесін бейнеледік деп өз жауаптарын айтты. 2-топ оқушылары көктем бейнесін бейнелеп, Мейрамбек: (орташа деңгейлі оқушы) "табиғаттың ең керемет шағы, таулардан өзеннің сарқырап аққаны, жер бетіндегі тіршілікке жан біткенін бейнеледік" деді. 3-топ оқушылары қыс бейнесін бейнелеген, Ақмейір "қыс бейнесін бейнелеу арқылы салт-дәстүрімізді көрсеткіміз келді. Қан сонарда бүркітші шығады аңға демекші, аң аулауға шыққан адам бейнесін бейнеледік" деді. Бұл тапсырмалар негізінде де оқушыларым өзара келісім үлгісін көрсете білді.
«Ғұндардың шаруашылығы мен
тұрмысы»тақырыбында өткізген сабағымда сергіту сәтін
өткізу кезінде сыни ойлата отырып, «Егер мен ...»
тренингін өткіздім.
Заңғар: «Егер мен ұстаз болсам»деп бастады, оның ойын Милана: «Ұстаз болсам, елімнің ертеңі болар шәкірттер даярлауда тынымсыз еңбек етер едім» бір –бірлерінің ойын жалғап ,ішкі ойларын білдірді.Сергіту сәті кезінде үнсіз оқушым Айдана: «Егерде мен дәрігер болсам, жаңа технологияларды меңгеріп, адамдардың денсаулығын жақсарту үшін барымды салар едім»,-деп балаң сезімін, тілегін білдірді.
«Сармат тайпаларының орналасуы.Сармат қоғамы» тақырыбында өткізген сабағымда 1 топқа сармат сарбаздарын суреттеуге берген болатынмын.Бұл тапсырмада Нұртілеу (үнсіз оқушы): “Сармат сарбаздары ер жүрек, батыл,қайтпас қайсар , алып тұлғалы, елі үшін жанын беруге даяр жауынгерлер болған “,-деп суреттеп,өз ойын ортаға салды.
2-топқа эссе жазуға берілді. «Автор орындығы» әдісі бойынша Милана (дарынды ) сармат қоғамындағы әйелдердің орыны туралы баяндаса, Баян Аяулым сарматтарға арнаған жүрек жарды өлеңін оқыды.
Сабақтың барысында орындалған тапсырмалар арқылы мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын."
Оқытуды кеңейту үшін алдағы уақытта қандай қолдау қажет екенін түсіну мақсатында таныстырылым көрсету, тапсырма мен жаттығу орындау кезінде жекелеген тыңдаушылар мен шағын топтардың жауаптарын бақыладым.
Мен оқытуды бақылап, қолдау көрсету үшін қалыптастырушы бағалау
әдістерін қолдандым, мұғалімдердің алға ілгерілеуін қадағалай отырып, оқудың барлық сатыларында қалыптастырушы кері байланыс ұсындым. Оқу кезіндегі мониторинг пен кері байланыс тыңдаушылардың Бағдарлама идеяларын білуі мен түсінуіне, курс соңында тапсырылатын рефлексиялық есепке негіз болатын сабақтарын жоспарлауға бағытталады.
Жоспарланған сабақтарды өткізу кезінде мұғалімдердің тәжірибеге енгізу
жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыруы мен бағалауын бақыладым. Жұмыстарына көмектесу үшін олар тыңдаушыларға кері байланыс ұсындым. Сонымен қатар мен мұғалімдер есебінің бастапқы нұсқасымен танысып шыққан соң, бағалаудың негізгі өлшемдеріне сәйкес келуі үшін жұмысты қалай жақсартуға болатыны туралы топтық және жеке кері байланыс ұсындым.
Оқытудағы келесі қадамдарды жоспарлау үшін Оқу үшін бағалау
қағидаттарын ұстандым. Мұғалімдердің сабаққа қатысу деңгейін, жауаптары мен жазбаша жұмыстарын бақылай отырып, жеке және топтық оқу туралы дерек алдым. Бұл деректерді алдағы сабақтарын жоспарлау кезінде пайдаландым. Мысалы, дау туғызған немесе түсініксіз сұрақтарды байқап, олар бойынша топқа қосымша ақпарат бере алдым. Кей мұғалімдер өз есептерінде жақсы мысалдар келтіргенін, ал кейбіреулердің мысалдары онша
емес екенін анықтадым. Қиындық сезінетін тыңдаушылар тапсырмаларды барынша табысты аяқтау үшін өздерінің әріптестерінен көмек алу үшін мұғалімдерді жұпқа бөліп, өзара бағалау жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
Өз тобымдағы мұғалімдердің сабақ берудегі тәжірибесі әртүрлі екенін
білемін , әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істейтін немесе әртүрлі пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдер кездеседі. Сонымен қатар, еңбек өтілі әртүрлі мұғалімдер болады. Мектеп тренері ретінде өзім ұсынған жаттығулардың белгілі бір тыңдаушыларды шеттетпей, керісінше
оқыту үдерісіне өз үлесін қосуға мүмкіндік беруін қадағалап отырдым. Мұғалімдердің метатанымы мен өз жұмысын жетілдіру әдістері туралы білімін дамыту үшін мен жекелеген тыңдаушылардың өздерінің оқуы мен
тәжірибесін қалай түсінетінін талқылап отырдым.
Топтағы 24 мұғалім курсан алған білімдері өз сабақтарында пайдалана алғандығы туралы, 7 модульдің кіріктірілгендігі туралы 2000 сөзден тұратын рефлексиялық есеп жазып өткізді. Мен олардың есеептерінің алғашқы нұсқаларына кері байланыс жасап, кейбір толықтырулар енгізілді.
Мұғалімнің Бағдарламаны табысты игерудің төмендегі үш критерийіне сәйкестік деңгейін анықтауда рефлексиялық есебі айрықша мәнге ие болды:
1. Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну.
2. Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану.
3. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Осы үш критерийді негізге ала отырып 15.05.2017 ж. мұғалімдер таныстырылымдарын өз деңгейлерінде қорғап шықты. Олардың жұмысына мектептегі 3 айлық деңгейлік курсты аяқтаған Кенжаева Г. мен Қазтаева Ғ. сараптама жасап өз бағаларын берді.
25.05.2017ж. курсқа қамтылған 24 мұғалімге куәлік берілді.
Дайындаған: мектеп тренері Канатова Н.А.

