Материалдар / Мектеп ұстаздарына арналған психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп ұстаздарына арналған психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына арналған өткізілген психологиялық тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
558
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі














Мектеп ұстаздарына арналған психологиялық тренинг









Өткізген:

Педагог- психолог: Муфтахиева Ж.Ғ

















2016-2017 оқу жылы





Мектеп ұстаздарына арналған психологиялық тренинг


Тренингтің жоспары:

Жаттығулар: 1 «Кәсіптік греб» 2 «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» 3 «Эмоция» 4 «Кейпін тап» 5 «жест таңдау» 6 «Менің ең қиын оқушым» 7 «Кездескенше» 8 «Қорытынды».

  1. «Кәсіптік греб» жаттығуы

- Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болу керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір-бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сізлер соған кәсіптік греб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырыңыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек.

- Қатысушы өзінің кәсіби қызыметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;

- сізді бақытты етуге оқушыларыңыз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;

- Сізің педагогикалық қызыметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз

Талдау: Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айта алады? Суреттер неге осыншама әркелкіболып шыққан? Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертіп, түзетер едіңіз, неге? Ең жақсысы қайсысы және ол несімен жақсы?

  1. «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы

Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп, бірінші топ «Оқушы мені жақсы көрмейді, себебі...» - деп әңгіме бастайды. Екінші топ «Бәрібір де сен жақсысын, өйткені...» деп жалғастырады.

Талдау: Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей жауап әрекет жасай алдыңыз ба? Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді? Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?

  1. «Эмоция» жаттығу.

Мақсаты: мұғалім бойында әртістік, эмоционалдық, иілгіштік, оқушылармен қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.

Шарты: топ жарты шеңбер болып отырады және үстелдегі қима қағаздағы тапсырманы ортада орындайды. Бет –әлпет қимылы, позасы, іс-әрекет, жесті және кейбір нейтральді фразаларды қолданады, өзі ойлаған эмоциялық күйлердің біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.

Талдау: Тапсырма қиындық келтірді ме? Біреудің эмоциясын салу оңай болды ма? Дұрыс интонациясын салуда қандай күйде болдың? Осы эмоциялардың қайсысы кері әсер берді?

  1. «Кейпін тап» жаттығу

Мақсаты: оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндірудің эффективті амалдарын ұйымдастыруда мұғалімнің образды тілін қалыптастыру.

Шарты: топ шеңбер құрып отырады. Әр қатысушылар кез келген оқу материалдарын тематикалық бірлігіне анықтама беруді ұсынады. Мысалы, мына тақырыптағы образды ұғындыру қажет. «Теңеу», «Көлем», «Септік» және т.с.с. Таңдалған тақырып бойынша әрбір мұғалім түсіндірме береді. Мұғалімдер шеңбер бойынша жауап береді. Алдында айтылған қатысушының материялын қайталауға рұқсат етілмейді.

Талдау: жаңа материалды түсіндіруді қалай бағалайсың? Образды орындауда қандай күйде боласың? Топ алдыңда сөйлеу оңай болды ма? Жаттығу несімен ұнады?

  1. «Жест таңдау» жаттығуы.

Мақсаты: әрбір топ мүшесі үшін жест жүйеінің мәнерін қалыптастыру.

Шарты: мұғалімдер шеңбер құрып отырады. Әрбір қатысушыға тапсырма беріледі, 3-5 минут ішінде өз басынан өткен бір қызықты, бір қиын оқиғаны естеріне түсіріп баяндап беру. Бұл жерге әңгімені баяндаудағы мәнерлілік пен қызықтыру шарты қойылады. Әңгімелесуде бет әлпет, поза, жест, т.с.с сыртқы пластика амалдарын қолдану ұсынылады.

Талдау: Қай оқиғаны баяндау оңай болды? Қай оқиғаны баяндау қиын болды? Жаттығу несімен ұнады?

  1. «Менің ең қиын оқушым» жаттығу

Мақсаты: мұғалім бойында балаға деген жағымды эмоциялы қатынасын дамыиу, қиын балалармен қарым –қатынас жасау жолдарын бөлісу.

Шарты: топ мүшелерін шеңбер бойымен отырғызып, бір қиын оқушы жайлы, оның түр әлпеті, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болған және т.с.с жайттарды баяндап беру тапсырылады.

Талдау: Жаттығуды орындау қиын болды ма? Қиын оқушының эмоциясын салуда қандай ойда болдың? Қиындық келтіретін жағдайың?

  1. «Кездескенше» жаттығуы.

Шарты: барлығымыз шеңбер құрып ұрамыз.

  • Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн таяқшасы тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік силайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілегіңізді айтыңы.


  1. Қорытындылау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!