Материалдар / мектепалды даярлық сынып оқушыларының сөйлеу қабілеттерін дамыту

мектепалды даярлық сынып оқушыларының сөйлеу қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке келген балалардың тіл байлықтарына назар аудару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2018
2755
30 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамытуМектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту сөйлеуге үйрету, даярлық топқа арналған бағдарлама мазмұнына сәйкес педагогикалық – дидактикалық принциптерді басшылыққа алып жүргізіледі. Даярлық топтағы балалар мектепте оқуға ой еңбегіне дайындалатын болғандықтан баланың сөздік қорын молайтып қана қоймай, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп қолдана білуге үйрету көзделеді. Балаларға антоним көркем сөздерді қолдана білуге үйретуді қамтиды.Тіл дамыту сабақтарында сөздік қорды молайту тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды қамтиды.Мұғалім сабақ жоспарын жасағанда сабақтың мақсатын өтілетін материалдық сипатын ескере отырып, әрбір сабақта төмендегідей 3 - 4 міндетті көрсетуге тиісті.1. Сөздің дыбыстық жағын меңгерту, дыбыстарды дұрыс айтуға төселдіру.2. Сөздік қорды молайту ( сөз саны 4 – 5-тен аспауы тиіс) үйренген сөздерді пайдалану.3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Даярлық топтардағы тіл дамыту сабақтарының негізгі мақсаты – балардың байланыстыра сөйлеуін жетілдіру.Сөздік қорды байыту - айналадағы өмірмен таныстыру. Шығарма оқу, есеп, сурет т. б сабақтары мен тіл дамыту кезінде жүргізілетін әр түрлі жаттығулар барысында да іске асырылады.Кейбір балардың әсіресе үйден келгендіктен сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың айтылуын, артикуляциясын дұрыс қолдана білмейтіні де кездеседі. Ондай балалардың көпшілігі р, л, с, ш, з, ж дыбыстарын алмастырып айтатыны байқалады. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды айтуға қиналады. Сондықтан даярлық топта сөздің дыбыстық жағын қалыптастырудағы, ең алдымен сөздің дыбысталуын дұрыс айтуды жетілдіруге үнемі назар аударылып отыруы тиіс. Ол үшін сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс анық айту, үн, дауыс қарқынын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.Сөзді дұрыс естіп, сөз дыбыстарын өзгертпей қайталауға, сөйлескенде асып - саспай үн ырғағын өзгерте отырып, анық, ашық айтуға үйретіледі. Сонымен қатар тіл мүкістігі бар балармен жек жұмыс істеуді мұқият ескерген жөн. Сауат ашу сабақтарында сөздің дыбыстық құрамына талдау жасату, ойындар өткізу. Мысалы «Телефон» ойыны. Даярлық топтағы оқушыларға ұқсас с - ш, з - ж дыбыстарын ажырата білуге жаттықтыру. Аталған дыбыстарға жиі қатысатын өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтқызу.Мысалы Тау дәу болады, дәу тау болады.Бір топ сөзден тек қана с, ш, з естілетін сөзді табу( сәбіз, сағыз, жалау, жүзім, жүгері) басталатын сөздер ойлап табу. Әріпке байланысты жұмақтар шешкізуЖанында жаздың шуағы,Жаңбырмен жүзін жуады.Екі орақ пен бір таяқБелін бірге буады.Ол қандай әріп болады?Ал зердеге салайық,Болады екен қай әріп? (Ж ж)Бақылау жұмысын жүргізу. 13 - 14 сөз жатқа жазу. Суреттің атын өздігінен жазып көрсету болып табылады. Осындай жұмыстардың нәтижесі мектепалды даярлық топ балаларының сөйлеу қабілетін дамытары сөзсіз.Мектепалды даярлық тобы  сабағында ойын арқылы сөйлеу  тілін дамытуға байланысты жұмыс  түрлерін қолданудың тиімді жолдарын  белгілеу.Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:-балалардың сөздік қоры  кеңейеді;-өз бетімен мәдениетті  сөйлеу, талпыну қабілеттері ашылады;-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің  артуы;-өзін-өзі бағалай білуі,  өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып  дамиды;-интеллектуалды ойлау  қабілеті дамиды;-сөз мәдениетін қалыптастырады.Мектеп оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше, сонымен қатар тәрбиеші осы жұмысты жасаушы, әрі дамытушы қызметін атқарады.   1.1. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер   Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, оқыту, үйрету үрдісін қамтиды.  Балалардың ақыл – ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы - өзара тілдік қарым – қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым – қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс – тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Мектепке дейінгі даярлық тобындағы балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесуден қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мелекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде бірнеше тиімді әдіс –тәсілдерді атап өткім келеді.          Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі - жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілін жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары,тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс.           Осы арқылы айналадағы дүниені, табиғатты бақылата, таныта отырып, баланың тілін, сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе жаза алмайтын, оқи алмайтын балаларға тіл үйрету өте қиын екені белгілі. Дегенмен 4-5жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Мен жұмысымда осы ерекшеліктеріне мән беремін де балалардың сөйлеу тілін дамытуды үйретуде мынадай талаптар қоюға болады:
  • Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру;
  • сөз балаларға таныс заттарға байланысты болуы керек;
  • әрбір сөз үнемі қайталанып отыруға тиіс;
  • сөздік қорды молайтып отыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.
Баланың сөздік қорын  молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету жолында  іс-тәжірибеге сүйеніп, мынандай тәсілдер қолдануға болады:
  • сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу );
  • көрнекі құралдарды қолдану (сурет, ойыншық, муляж, бейнефильм т.б.);
ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті-рөльдік, логикалық, ұлттық т.б.). Осының бәрі  баланы мектепке даярлауда негізгі жетекші әдістер болып саналады. Сондықтан, балаларды мектепке әзірлеуде жоғарыдағы тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор.1.2.Мектепте оқуға  әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың әдістеріМектепке дейінгі кездегі  тілдің дамуына мынадай практикалық  әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бір сөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайда да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.Бұл әдісті қолдану мектепке дейінгі жаста ғана емес, мектепте, тіпті есейгендеде) жалғыстырып отырады.Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз түрде болуы мүмкін.Белгілі бір әдістің қолданылу  вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі  іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың  сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің  енгізілуін тәсіл деп атаймыз.Сонымен, еліктеу  әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:
  • айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне елітейді;
  • ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана  қоймайды,  сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды («электр монтері», қонаққа бару» ойынында балалар зат есімді меңгереді, «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланыстыруға үйренеді);
  • сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар кайталайды («Су, су, менің бетімді жу!»).
Сонымен, біз  үйретуші мен үйренуші бір сөзді  айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сейлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер ,келтірілді. Бірақ кез келген әдісті іске асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбнеші әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді (жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларіды пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.Әңгімелесу әдісі  үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен балаіның өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оның мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.2. Балаларды мектепте  оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін  дамыту2.1. Ойын арқылы  дамыту  Болашақ мектеп оқушысының танымдық белсенділігін дамыту бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Баланы оқуға әзірлеу жолындағы іс-әрекеттер баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. Мектеп жасындағы баланы дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубенштейн, Д.П.Годовикова, Т.А.Куликова,  А.И.Сорокинаның еңбектерінде 5-6 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.5-6 жастағы балаларды мектепте  дайындау балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.Ең басты талап балаға жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін, және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді.Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас  кезінде танып біледі. Осындай  жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған балаға ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр. Осындайда сөйлеу тілін дамытуда ойындар колданудың маңызы зор.Ойын дегенміз-жас ерекшелікке  қарамайтын, адамның көңіл-күйін  көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан, ойынды сөйлеу тілін дамытуда пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т ғана тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, тілін дамытуға да пайдасын тигізеді.В.А.Сухомолинскийдің сөзімен  айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың  қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы  да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай  ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние  туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.¥лы педагог А.С. Макаренко  ойынға үлкен мән бере отырып, өзі  басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың  өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін  камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын  тәрбиелейді- деп қарастырады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ