Материалдар / Мектепалды даярлық тобының циклограмма 2024-2025 оқу жылы

Мектепалды даярлық тобының циклограмма 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының циклограммасы 2024-2025 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2024
720
11 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісі бойынша орынбасар:


Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы.

Білім беру ұйымы: №2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі.

Мектепалды даярлықО «Б» сыныбы

Балалардың жасы5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі I-апта 07.10-11.10.2024-2025 оқу жылы

Күн тәртібі

Дүйсенбі

07.10.24ж

Сейсенбі

08.10.24ж

Сәрсенбі

09.10.24ж

Бейсенбі

10.10.24ж

Жұма

11.10.24ж





Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Педагогтардың балалармен танысуы.





Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен балалардың денсаулықтары туралы әңгімелесу..

Балалардың көңіл күйі туралы сұрау

Балалардың тазалығы туралы әңгімелесу.

Балалардың денсаулығы туралы сұрау.

Балалардың денсаулығы,көңіл күйлері туралы әңгімелесу;






Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары)

.

Үстел- үсті

ойын:«Пазлдарды

құрастырамыз»

Мақсаты:конструктормен

,есептеу таяқшалармен өз

еркімен құрастыру.

Логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

Көліктер жайлы әңгімелесу

  



Үстел үсті ойыны

«Сиқырлы суреттер»

Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

 



Қимылды ойын: 

«Әртүрлі доптарды лақтыру» Мақсаты:Иық бұлшық етін, зейінін тұрақтылығын дамыту. Керекті құрал-жабдықтар:Кішкентай және әртүрлі доптар. Барысы:Жүргізуші еденге баланың алдына доптарды қояды, кейін оларды қалай лақтыру керектігін көрсетеді: біртүсті кішкене доптарды(мысалы, қызыл) -сол қолмен, ал басқаларын- оң қолмен. Кейін «әртүрлі доптарды лақтырамыз» деген бұйрықпен балалар доптарды лақтыруды бастайды. Жүргізуші алысқа лақтыруды және тапсырманы дұрыс орындауын бағалайды. Балалар доптарды кезек-кезекпен лақтырады.


Қимылды ойын.

Допты ұста.

Тәрбиеші ашық түсті үлкен допты алады да 2-3 балаға онымен ойнауды ұсынады. Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы 80-100см жерде тұрады. Тәрбиеші әрқайсысына кезек-кезек доп лақтырып: «Ұста» - дейді. Балалар допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады.


. Үстел үсті ойыны:

. Жоғалған зат.

Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады.Бала оларға мұқият қарап алған соң теріс қарап тұрады.Үстелден бір зат алып тасталынады.Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек.Заттардың санын ақырындап өсіруге болады

.





Таңертеңгілік жаттығу

Таңғы жаттығу кешені (жаттығулар жасайды)






Мектепалды даярлық сынып кестесі бойынша Ұйымдастырылған іс-әрекет.


Сөйлеуді дамыту

Сауат ашу

Қазақ тілі

Дене шынықтыру


Математика

Көркем әдебиет

Музыка

Қоршаған ортамен танысу

Сөйлеуді дамыту

Математика

Сауат ашу

Дене шынықтыру


Сауат ашу

Музыка

Қоршаған ортамен танысу.

Қазақ тілі


Математика

Көркем әдебиет

Шығармашылық

Дене шынықтыру






Көңіл күй ахуалы.


Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекепен

Амандасып алайық!

Бір жадырап қалайық.

Көңіл күй ахуалы

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...

Бәрін жақсы көремін


Нейрожаттығу

Көңіл күй ахуалы.

Қайырлы күн досым!

Қайырлы күн болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Қуанышпен бес алайық..



«Көңіл- күй ахуалы

Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз
Ренжуді білмейміз.





1 - ұйымдастырылған іс-әрекет





1.Сөйлеуді дамыту

Міндеті: Отбасының күзгі бақшадағы еңбектері жайлы әңгімелесу;отбасының еңбегі туралы шығармашылық әңгіме құрауға үйрету;балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін дамыту:балаларды еңбек етуге тәрбиелеу.

Тақырыбы: Қорыққанға қос көрінеді.

Педагог балаларға орыс халқының «Қорыққанға қос көрінді» ертегісін оқиды.

Қорыққанға қос көрінеді.

Баяғыда әже, күлегеш немере, қыт-қыттай беретін тауық және пештін астын мекендейтін тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен шелек, немересінің қолында кішірек шелек, тауықта қиярдың үлкендігіндей, тышқанда оймақтай шелек бар екен. Әжесі суды құдықтан, немересі астаудан,тауық шалшықтан, тышқан торайдың тұяғы кірген жерден алады екен. Олар кейін қайтқанда су шолп-шолп етеді екен Жол бойындағы бақшада самсап алма ағашы өсіп тұратын. Бұтақтарында самсаған алма болатын. Оның астында қоян отыратын, бір жолы суға барып қайтып келе жатқанда жел соғып алма ағашының бұтағынан бір алма түсіп қоянның басына тиеді. Қоян ытқып жөнеліп су әкеле жатқандардың аяғына оралады. Сушылар үрейлері ұшып үйлеріне қашады. Әжесі сәкіге құлай кетеді, немересі әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пеш астындағы інге тығылады. Әжесі: «Ойпырмай! Аюдың мені таптап кете жаздағаны ай»-деп сарнайды. Немересі: «Әже бір құбыжықтай қасқыр маған тап берді!» –деп жылайды. Тауық: «Қыт-қыт-қыт!Түлкі мені андып жүр екен, жеп қоя жаздады!»- дейді. Тышқан: «Әлгі мұрты едірейген дәу мысықтың урейімді ұшырғаны, жаным шығып кете жаздады!»- дейд Ал бұл кезде зытып орманға келген қоян. «Басыма мұндай қауіп төнбес. Төрт бірдей аңшы соныма түсіп, бәрінің де иті бар зорға қашып құтылып кеттім ау!» -деп ентігіп отырды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

Дидактикалық ойын: «Белгілі дыбысқа сөз таңда». Әже сөзінде ә дыбысына. Қыз сөзіндегі қ дыбысына. Тауық сөзіндегі т дыбысына

1.Математика

Міндеті: 10санының жазбасын заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету.Заттарды санау және ретімен санау.

Тақырыбы:10 саны.

Дидактикалық ойыны

«Сиқырлы қалта»

Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.
Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.




1.Сөйлеуді дамыту.

Міндеті: Балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру;Қ.Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңінің мазмұнын түсіндіру арқылы күз мезгілін сипаттап айтуға үйрету;сұрақтарға жауап бергізу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту;

балаларды еңбексүйгіштікке,еңбек етуге тәрбиелеу.

Тақырыбы: Отбасының күзгі еңбегі.

Мына экранға слайдқа қарайықшы.

Балалар біз енді көргеніміз туралы әңгімелесейік.

Күз мезгілінде біз отбасымызбен бірге демалыс күндері бау – бақшадағы піскен жеміс – жидектермен, көкөністерді, дәнді дақылдарды жинайды екенбіз.

Ол үшін бізге құралдар керек екен.

Картопты қазу үшін күрек және картопты салу үшін қап керек.

Сәбіз,қызылшаны да қазу үшін тура осы құралдар керек екен.

Осы көкеністерді кептіріп, тазалап қысқа сақтау үшін қомаға саламыз.

Жемістерді жинау үшін саты, қорап керек.

Ауладағы гүлдін тұқымын жинамыз бақшадағы қалған шөптерді жұлып, тазалап жерді тегістеміз.

Есік алдын тазалап жинастырамыз. Бұның бәрі еңбек болып саналады балалар. Ал сендер үлкендерге көмектесіп, олардың еңбегін бағалау керек екенбіз. Ол үшін біз не істеуіміз керек.

Жинаған жерді шашпай, заттарды сындырмай, жұмсағанда барып көмектесу керек екенбіз.

Дидактикалық ойын :

«өз құралын таңда?»

Балалар ойынды қызыға ойнайды.





1.Сауат ашу негіздері.

Міндеті: Суреттен дауыссыз дыбыстардан басталатын суреттерді таба білу қабілеттрені дамыту

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.

«Дыбыстар қайда орналасқан».

Ойын мақсаты: Дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Үш сандықша жасалынады.Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында, екінші дауысты дыбыс ортасында, үшінші дауысты дыбыс аяғында көрсетілген. Балаларға  жазылған сөздер үлестіріліп береді. Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.




1.Математика негіздері

Міндеті: Әртүрлі заттар ұзындығы,биіктігі,ені немесе қалыңдығы арасындағы өлшемдік қатынасты дұрыс өлшемі бойынша өсу және кему ретімен қоя білуге үйрету.

Тақырыбы: Заттарды өлшемі бойынша салыстыру.

Дидактикалық ойын:

Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.







Үзіліс




Үзіліс:


   

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет






2.Сауат ашу

Міндеті: Сөзде дауысты дыбыстар жуан немесе жіңіке дыбыстардан тұратынын түсініктерін бекіту.

Тақырыбы: Жуан,жіңішке дыбыстар.

Дидактикалық ойын:

Жуан және жіңішке дауысты дыбыс?

Дидактикалық міндеті: жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды айыруға үйрету.
Құралдар: көк және қара түсті фишкалар.
Мазмұны. Педагог жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды жұппен немесе араластырып айтады. Балалар керекті фишканы көрсетеді: жуан дыбысқа – қараны, жіңішке дауыссыз дыбысқа – көк фишканы. Кім бәрін дұрыс көрсетсе, жеңімпаз болады.



2.Көркем әдебиет.

Міндеті: Өлеңді жаттау арқылы мәнерлеп айтуға дағдыландыру.Өлең тілінің бейнелілігін сезінуге баулу.Сөздік қорын байыту.

Тақырыбы: Менің ойыншықтарым

М.Әлімбаев.

Педагог балаларға ойыншықтар туралы тақпақ жататқызу.

Ойыншықтар

Іші толған бөлменің,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймайық,

Келе ғой, досым ойнайық.

Мнемокесте арқылы сергіту жаттығуының тақпағын айтып қайталату:

Топ, топ, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Бір, екі деп екі ұрдым,

Шатырға сен секірдің.

Дидактикалық ойын: «Ойыншықты тап» ойынын ойнату.Шарты : тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен,кішілігін ажыратып сұрау. Ойыншықтарды жекеше, көпшк түрде атап беруін сұрау

Балаларды мадақтап, сұрақтар қойып, ұйымдастырылған оқу іс әрекетін аяқтайды, силыққа доптар белгісі таратылады.





2.Математика

Міндеті: 10санының жазбасын заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету.Заттарды санау және ретімен санау.

Тақырыбы:10 саны.

 Дидактикалық ойын:«Сана»
Мақсаты: сандарды қайталау, жылдам әрі дұрыс санауға дағдыландыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: көкөністер мен жемістердің суреттері.
Ойын барысы: Балалар суреттегі көкөністер мен жемістерді санайды. Қайсысы көп екенін айтады және санау арқылы жемістер мен көкенсітерді өз сандарына апарып сәкестендіреді.

2.Музыка

Міндеті: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру.

Тақырыбы: Күз-жомарт.

Күй - халық музыкасы. Күйді музыкалық аспаптарда ойнайды. Күй өнері туралы түсінік беру. Жұмбақ жасырып, шешуін табуды сұрайды.

Ұзын мойын екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп

Күй шығады күмбірлеп. Бұл не?

Күйші Тәттімбет туралы әңгімелеп, суретін көрсетеді, таныстырады. Шертпе күйдің шебері Тәттімбет жас кезінен домбыра тартып үйренген. Оның «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Көш жинаған» деген күйлері бар. Күйшінің «Саржайлау» күйін үнтаспадан немесе домбырада ойнап, тыңдату. Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, әңгімелейді.

Ән: «Күз жомарт

Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.

Қ/сы

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз жейміз біз.

Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан — жақтан жабады.,
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.

Көркем тәдебиет.

Міндеті: Сюжеттік бірізділікті сақтап,қисынды мазмұндауға баулу.Әңгіменің кейіпкерлерімен таныстыру.

Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Тақырыбы: Әкесі мен балалары

Л.Толстой.

Дидактикалық ойын:

Ойын: «Анасына жол тап». Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

-Балалар, үйде сендерді қандай жақсы сөздермен еркелетеді?

-Біз бүгін белгілі орыс жазушысы Лев Толстойдың «Әкесі мен балалары» деген әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп оқып береді.

-Әкесі балаларына қандай ақыл айтты?

-Балалары оның ақылын тыңдады ма?

-Сыпыртқы неге сынбады?

-Жеке-жеке сындырғанда неге сынды?

-Әкесі балаларына осылайша ұрыспай тату болсаңдар, сендерді ешкім де ренжіте алмайды деген ойды білдірмек болды.






Үзіліс:






Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тым-тырақай» (3 рет).

Ойыншылар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер бойында тұрады. Ортада ұстаушыжүргізуші тұрады. балалар төмендегі сөздерді айтып, шеңбер бойымен жүреді: «Ал, кәнеки, балалар, Бір, екі, үш – деп санаңдар. Бір, екі, үш – ал тараңдар!» Осыдан кейін зал ішіне тым-тырақай қашады. Ұстаушы балаларды қуып, ұстауға тырысады.





3 - ұйымдастырылған іс-әрекет






3.Қазақ тілі

Міндеті: Тақпақты жаттау,көкөністердің қазақша атауларын дұрыс айтып диалог құруға үйрету.2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.

Тақырыбы: Көкөністер.

Дидактикалық ойын: «Бақша да ма, бау да ма?
Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру. Олардың айырмашылықтарын түсіндіру. Ағашқа жемістерді жинау керек. Себетке көкөністерді жинайды.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады. Сонан соң, көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қарастырады.
Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетеді.



.


.



.

3. Музыка

Міндеті: Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру.

Тақырыбы: Күз-жомарт.

Күй - халық музыкасы. Күйді музыкалық аспаптарда ойнайды. Күй өнері туралы түсінік беру. Жұмбақ жасырып, шешуін табуды сұрайды.

Ұзын мойын екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп

Күй шығады күмбірлеп. Бұл не?

Күйші Тәттімбет туралы әңгімелеп, суретін көрсетеді, таныстырады. Шертпе күйдің шебері Тәттімбет жас кезінен домбыра тартып үйренген. Оның «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Көш жинаған» деген күйлері бар. Күйшінің «Саржайлау» күйін үнтаспадан немесе домбырада ойнап, тыңдату. Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, әңгімелейді.

Ән: «Күз жомарт

Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.

Қ/сы

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз жейміз біз.

Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан — жақтан жабады.,
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.

3. Сауат ашу.

Міндеті: Сөзде дауысты дыбыстар жуан немесе жіңіке дыбыстардан тұратынын түсініктерін бекіту.

Тақырыбы: Жуан,жіңішке дыбыстар.

Дидактикалық ойын:

Жуан және жіңішке дауысты дыбыс?

Дидактикалық міндеті: жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды айыруға үйрету.
Құралдар: көк және қара түсті фишкалар.
Мазмұны. Педагог жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды жұппен немесе араластырып айтады. Балалар керекті фишканы көрсетеді: жуан дыбысқа – қараны, жіңішке дауыссыз дыбысқа – көк фишканы. Кім бәрін дұрыс көрсетсе, жеңімпаз болады.



.






3.Қоршаған орта негіздері.

Міндеті: Балаларға өздері тұратын туған қала,мектеп орналасқан шағын аудан,көше туралы түсіндіру.

Тақырыбы: Менің мекен-жайым.

Педаагог балаларға өздерінің мекен жайлары туралы түсінік береді.

Әрбір балаға өздерінің мекен жайларын үйретуге дағдыландырады.

Дидактикалық ойын:

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру. Керекті материалдар: Тәрбиеші мен әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек (3 сурет ) болуы тиіс. Тәрбиеші қол соғады. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі тәрбиешінің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші ойын ережесінің дұрыс орындалуын қадағалайды. 



3.Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Міндеті: Балалардың жалпы композиция құрастыра білу, жапсыру, суретін салу,мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру

Тақырыбы: Қаз балапанымен.

ұстар және олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөлінеді. Үй құстарын үйде күтіп баптайды. Олардың еті, сорпасы, жұмыртқасының адам ағзасына өте пайдалы. Мамық жүнінен жастық, көрпеше, күртешелер тігіледі. Адамдар үй құстарына жем, су беріп, ұя дайындап, қамқорлық жасайды. Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Педагог балалардың назарын үлгіге аударып, жұмыстың орындалу тәсілін көрсетеді. Біз алдынғы оқу іс – әрекетімізде тауық пен балапанды қиып дайындап қойдық, енді бүгін міне сол дайын материалдарды жапсырамыз желімдеу арқылы.
- Балалар жұмысты педагогтің түсіндіруі бойынша орындайды.
Педагог жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға көмектеседі.





Үзіліс:





Ойын:«Жапалақ» Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Шарты: «Жапалақ» сайланады, ол барлық ойнаушылардан алысқа тұрады. Өзінің «ұясына». Басқа ойнаушылар жан-жаққа тарап кетеді. «Жапалақ»: «Күн туды, барлығымыз оянамыз!» дейді, сол сәтте барлығы жүгіріп, қимылдайды. «Жапалақ»: «Түн болды, барлығын қимылдамандар, жапалақ ұшады!» дегенде барлық ойнаушы балалар тыныш тұрып, кимылдамаулары керек. «Жапалақ» балалардың арасында жүріп, қимылдаған бір-екі баланы өз ұясына әкетеді. Бір бала қалғанша ойын жалғасады





4 - ұйымдастырылған іс-әрекет






4.Дене шынықтыру

Міндеті: Зейін қойып тыңдай білу және жаттығуды көрсетуін ,есте сақтап алу қабілеттерін дамыту және дағдыландыру.

Тақырыбы: Зейінді боламыз.

Қимылды ойын.

«Кім  жылдам» 

Ойын шарты:  Бірінші  ойыншы қолына кубикті алып , жүгіру арқылыбелгіленген орыннан   айналып  келіп, екінші ойыншыға кубикті береді.Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіскежетеді.
2. «Арқан тартыс»

Ойын шарты:   Ойыншылар белгіленген орыннан екі топ арқанды ортаға керіп тұрады,берілген сызықтан тартып шыққан топ жеңіске жетеді.

4.Қоршаған орта

Міндеті: Жаяу жүргіншілер ережесін меңгертуді жалғастыру.

Тақырыбы: Жаяу жүргіншілер ережесі.

Дидактикалық ойын

Жол әліппесі

Мақсаты:балаларды алдын-ала көшеде жүру ережесімен жүргізушілерге арналған жол және белгілермен таныстыру ,  жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. 

Ойын шарты: Көлік жүргізушілер мен жүргіншілер жолда қалай жүру керек екенін суреттер бойынша көрсетіп,әнгімелейді. 

Ойын: «Жолдан өту»

Жұмбақ жасыру: Қырдан қырға жалғасады, Барған сайын алға асады. (Жол). Оңға да бұрады, Көшеде жүреді көп үйлер, Солға да бұрады. Сол үйлерді жүргізушілер Жол тәртібін жүргізеді.(машина) Реттеп тұрады. (Бағдарлаушы) -Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? Балалар:- Автобус, троллейбус, машина, пойыз, ұшақ т.б(өз ойларын айтады).


4.Дене шынықтыру.

Міндеті: Шапшаңдық,ептілік,тәртіптілік,жинақылық секілді дене сапаларын дамыту.

Тақырыбы: Бірінші бол!

«Бірінші бол!» ойын жаттығуы

Жетекшіні ауыстыра отырып баяу жүгіру – қолды алға-жоғары кеуде тұсына дейін ішке қарай, содан кейін шынтақпен артқа қимыл жасалады (2,5 мин). Баланың аты аталады да, ол сапты бастайды.

(т, Ө) төзімділікті дамыту

Тепе-теңдік – белгі бойынша гимнастикалық орын- дықтан бір көзді жұмып бір аяқпен тұру. Нұсқау – алға еңкеймей, статистикалық тепе-теңдік сақтау


4.Қазақ тілі

Міндеті: Тақпақты жаттау,көкөністердің қазақша атауларын дұрыс айтып диалог құруға үйрету.2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту.

Тақырыбы: Көкөністер.

Дидактикалық ойын: «Бақша да ма, бау да ма?
Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру. Олардың айырмашылықтарын түсіндіру. Ағашқа жемістерді жинау керек. Себетке көкөністерді жинайды.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады. Сонан соң, көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қарастырады.
Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетеді.




.


4.Дене шынықтыру

Міндеті: Өз денсаулығын сақтау құндылығын арттыру мен спортпен шұғылдануға қызығушылықты қалыптастыру.

Тақырыбы: Командалық эстафеталар

«тұзақ» қимыл ойыны

Балалар екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбердегі балалар қол ұстасып бір бағытқа қозғалады, ал сыртқы шеңбер қарсы бағытқа айналады. Педагог белгі бергенде екі шеңбер тоқтайды. Ішкі шеңбердегілер қолдарын көтеріп қоршау жасайды. Қалған балалар жүгіріп келіп қақпа астынан өтіп шеңбер ішіне кіреді де, қайта шығады. Педагог белгі бергенде, ішкі шеңбердегі ойыншылар қолдарын дереу төмен түсіреді. Шеңбер ішінде қалып қойған балалар тұзаққа түскен болып саналады. Олар іштегі шеңберге қосылып қол ұстасады. Ойын әрі қарай жалғасады.


















Балалардың үйге қайтуы

Сау болыңыздар балалар келесі кездескенше!

Амандықта жолығайық балалар!

Жолдан абай боламыз.

Сау болыңдар балалар!Абайлап жүріңдер.

Сау болыңдар балалар ертеңгі сабақта кездескенше!

Сау болыңдар балалар!




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ