Материалдар / Мектепішілік бақылау анықтамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепішілік бақылау анықтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік бақылау бойынша анықтамалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2024
205
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ КҮНІН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМ бойынша білім күніне дайындық
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. 
Бағдарлама білім алушылардың ар-ұят, еңбекқорлық, білім алуға құштарлық, сыни және креативті ойлау, құқықтық және экологиялық мәдениетті, медиа сауаттылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Бағдарлама шеңберінде жыл бойы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар атқарылды. Әрбір білім беру ұйымдары үшін оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған мерекелік шаралар маңызды. Соның бірі оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!», «Мың алғыс, саған, мектебім!», «Мен. Ұстаз. Мектеп» тақырыптарында іс-шаралар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Аталған іс-шаралар түлектердің өзіне тұлға ретінде есеп беріп, алдағы болашағын дұрыс жоспарлауды мақсат етеді.
2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте,«Мектебім – мейірім мекені»тақырыбындамектептің барлық қауымдастығының қатысуымен,1, 11 сынып оқушылары үшінсалтанатты шара форматында өткізіледі (ұзақтығы – 45 минут). 
Ал, 2024 жылғы 29 тамызда 2-10 сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылына бағдарлау сабақтары(сынып жетекшілерімен кездесулер, кабинеттер және оқулықтарды тарату) өтеді.
Салтанатты шараның мақсаты:жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Міндеттері:
– білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;
– қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.
Салтанатты шараға келесідей өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- білім беру саласындағы еңбек ардагерлері;
- білім бөлімдерінің/басқармаларының басшылары;
- қамқоршылық кеңес мүшелері;
- білім алушылардың ата-аналары.
Білім беру ұйымдарында білім күніне орай өткізілетін салтанатты шараға, сонымен қатар әр аптаның жұма күні және мерекелік іс-шараларға Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптейтін ұлттық нақыштағы (атрибут) мектеп формасын кию ұсынылады. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру және әнұранды орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Білім күніне орай білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру ұсынылады.
Бейнероликті орналастыру күні: 2024 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 12:00 – 17:00. Хэштег: #Bilim_quni
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:
– барлығы үшін: «Мектебім – мейірім мекені»;
– бірінші сынып білім алушылары үшін «Мектепке алғашқы қадам»;
– 2-4-сынып білім алушылары үшін «Мен үшін қымбат - мектебім!»; 
– 5-8-сынып білім алушылары үшін – «Жаңа жетістіктерге жетуге дайынмын!»;
– 9-11-сынып білім алушылары үшін – «Ой. Арман. Мақсат»;
– 1-сынып білім алушыларының ата-аналары үшін – «Мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;
– сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».





«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру


Сарыбастау орта мектебі МДШО КММ-де аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында 2024-2025 оқу жылында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілуде. Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтті. Ауқымды іс-шараға байланысты мектеп директоры Халым Толеуиш

басқарған ұжым өздерінің сүбелі үлесін қосып, балаларды қуантты. Акцияның арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұйымдастыру шаралары жүргізілді.

Өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. «Мектепке жол» акциясы балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастырады. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында жеке кәсіпкерлер мен қаламыздың белсенді азаматтарына үндеу хаттар жіберілді. Мектептің әкімшілігі және барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады.

Тамыз айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балаларды анықтау бойынша рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды.

Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы қала азаматтары және меценаттармен әріптестік қарым-қатынас орнатылды. Балалардың тамыз есебі алынып, деректер банкісі құрылды.

































Тәрбие жоспарын тексеру


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқатән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді. 2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенгеқұрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.


«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үштағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.



Тұжырымдар: Сынып жетекшілердің тәрбие жоспары үлгілік тәрбие жоспарына сәйкестігі 100%

Ұсыныстар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің «Біртұтас Тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша Мемлекеттік Құзырлы Органдармен бірлескен 2024-2025 оқу жылына арналған КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН басты назарда ұстау;

























































Жылдық жоспарының мазмұны



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізіндегітәрбие жұмысының мақсат, міндеттері, мазмұны:

Бағдарламаның мақсаты:

  • қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны:

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамытуда білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

күнделікті:

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.

апта сайын:

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.

Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Жылдық жоспарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;

Буллингтен қорған!

Ойынға салауатты көзқарас;

Өмірге салауатты қадам;

Қоғамдық мүлікті қорға!

Қауіпсіз қоғам.



Тұжырымдар: Жылдық жоспарының «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізіндегі тәрбие жұмысының жоспарына сайлығы 100%

Ұсыныстар: Бағдарламаның мазмұнын жоспарға сай қолданылуы;











Оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;

- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;

- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;

- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылар саны- 240. Оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары саны 180. Бастауыш сыныпта оқитын білім алушылар саны - 78 толық ыстық тамақпен қамтылған. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1-5 сыныптар асханаға үшінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтанса, 6-11 сыныптар асханаға төртінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтануға барады.

Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.

Тұжырымдар: Тегін тамақтануды ұйымдастыру сапасы 100%


Ұсыныстар: Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптары толық сақталсын;













Мектеп   оқушыларының  оқулықпен  қамтамасыз  етілудің   қортындысы


«Білім туралы» ҚР Заңынасәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдарды тегін қолдануға құқылы (7-тармақша) 47-бап 3-тармақ).  

«Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудің тетіктерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2014 жылғы 31 қазандағы №450 бұйрығына сәйкес Министрлік бекіткен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес жыл сайын оқулықтарды  жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік дәрежесіне қарамастан мемлекеттік мектептердің барлық оқушылары тегін оқулықтар мен ОӘК-мен қамтамасыз етіледі.

\Бастауыш сынып оқушыларының оқулықпен қамтамасыз етілуі

Биылғы оқу жылындағы 1- сынып оқушыларының саны – 10, оқулықпен 100%-ға қамтамасыз етілген; 2 – сынып оқушыларының саны  - 11, оқулықпен 100%-ға, 3 – сынып оқушыларының саны  - 8, оқулықпен 100%-ға, 4 – сынып оқушыларының саны  - 7, оқулықпен 100%-ға қамтамасыз етілген; 

Мектептегі 5-11 сынып оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі

Мектептегі 5-9 сынып оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі: 5- сыныпта  оқушы саны-16  оқулықпен 100%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.6- сыныпта   оқушы саны-11  оқулықпен 100%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.

7-  сыныпта  оқушы саны-9   оқулықпен 100%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.

8-  сыныпта  оқушы саны-14   оқулықпен 100%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.

9-  сыныпта  оқушы саны-11 оқулықпен 100%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.

10 - сыныпта  оқушы саны-4  оқулықпен 100%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.

11 - сыныпта  оқушы саны-8 оқулықпен 100%-ға, қамтамасыз етіліп отыр.































Тілдер апталығы

Мемлекеттік тілдің насихатталуы.

5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Тілім менің ғасырларға аманат" атты мерекелік іс -шара өтті.

Мақсаты: Оқушылар туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілін, туған жерін аялауға тәрбиелеу. Ана тілін сүюге, құрметтеуге баулу.

Бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахметтің әрбір даналы сөзі ғасырлар көшінен ұрпаққа қалдырған ұлы аманаты. Тіліміздің мерейін асқақтатуда мектеп өнерпаздары тақырып аясында қара өлең оқып, әсем әндерін көрермен назарына тарту етті.

Тіл-тұнық ойдың кәусары. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл мерекесі біз үшін еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл"деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерінде терең мағына жатыр.

5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне апталық жоспарына сай 9,10 -сынып оқушыларымен "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі " тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет көрсету.Аталмыш апталыққа мектеп оқушылары тіл туралы өлеңдер оқып ән шырқап ұйымшылдықпен қатысты,сонымен қатар тілдер апталығында өткізілетін іс-шаралармен танысты.

Жұмыс барысында: баяндамалар тыңдалды, жатқа тіл туралы өлеңдер оқылды, тіл мәртебесі мен қолданылуы төңірегінде пікір бөлісті, мақал- мәтелдер айтып жарысты. Шара барысында оқушылар белсене қатысып, тақырып төңірегінде өз қызығулықтарын көрсетті. Ана тіліміздің абыройы асқақтай берсін

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында «Мемлекеттік тіл» мәселесін назардан тыс қалдырмай, қазақ тілінің қолданыс ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатқандығын жеткізді. Дегенмен, ел президенті бүгінгі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауында да қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретіндігін және ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін ерекше атап өтті.

Қоғамда жиі талқыланып жүрген, көптің көкейіндегі мәселелер барынша қамтылған жолдауда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін арттыру бағытындағы бағдарымызды айқындап берді.
















Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары

ДТІЖО-ның ұйымдастыруымен, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, "Ертеңгі күннің заңдары", “Суық қару серік емес”, "Ойынқұмарлық", "Лудомания" тақырыптарында және кәмелетке толмағандар арасында жастардың әлеуметтік желілердегі кеңінен таралып отырған азарттық оңай олжалы ойындардың жарнамаларына қарсы профилактикалық хабарландыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ , сынып жетекшілер оқушыларына аталмыш тақырыптар аясында бейнероликтер көрсетті.

Мақсаты: оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жолда жүру ережесін сақтауды ескерту, кәмелетке толмаған адамның жәбірленуіне (буллинг, лудомания, кибербуллинг) тосқауыл болу.

9 сынып жетекшісі Т. Каден ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылық және заңдылық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: Жалпы оқырманға құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп,құқықтық сауаттылыққа тәрбилеу, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.

Шараға полиция бөлімі, кітапхананың тұрақты оқырмандары және кітапхана жанынан құрылған «Заңгер» клубының мүшелері қатысты.

Кешті жүргізген 9 сынып жетекшісі Т. Каден: Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді бар. Біздер құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғанымыз дұрыс,- деп ақпарат беріп өтті .

Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық- зомбылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу бойынша мектепішілік жоспар негізінде 10-11 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынды.

Мақсаты : Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын -алу және жол бермеу, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен қараусыздықтың алдын алу мақсатында Хурмет Л 10 ”А” сыныбына “Жасөспірім және қылмыс” тақырыбында ашық әңгімелесу сабағын өткізді.

Іс-шараның мақсаты:

Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін білуге, қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты мәселелердің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, оның алдын алу болып табылады.











Оқушылардың бос уақытын қамту; Оқушылардың үйірме, секцияларға қатысуы.

Оқушының бос уақытын ұйымдастыруы тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.

Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды.

Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Сынып жетекші мен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті бала  тәрбиесінде және білім беруде маңызы зор, сынып жетекші ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауы қажет. Оқушының білімді саналы азамат (ша) болып қалыптасуына ата-анамен сынып жетекшінің атқарар рөлі тең дәрежеде. Себебі, отбасындағы тәрбие де, мектептегі тәрбие де бала өмірі үшін маңызды болып табылады. Екі ортаның да тәрбие процесінде ықпалы зор. Оқушының қызығушылықтары мен білім сапасы, ынтасы туралы мәлімет алмасу маңызды болып табылғандықтан сынып жетекші мен ата-ананың маңызы зор.

Тұжырымдар: Білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыруы 100%

Ұсыныстар: Ата-аналармен мектеп арасындағы байланыс тығыз түрде жүріп отыруы қажет. Ата- аналармен бірлесе отырып түрлі іс шараларды көптеп ұйымдастуыру керек мысалы ауланы көгалдандыру жұмыстары, спрорттық шаралар, өнер байқаулары сонымен қатар сабақтан тыс оқушылармен қызықты уақыт өткізуді сынып жетекшімен бірлесе отырып ұйымдастыру мәдени орындарға көптеп апарып бос уақыттарын да тиімді пайдалануға әрекет жасалуы тиіс.

























Денсаулық апталығының өту сапасы

"Денсаулық апталығын" өткізудің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтына баулу арқылы олардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады.
"Денсаулық апталығын" ұйымдастыру және өткізу мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
1. Білім алушылардың өз денсаулығын сақтау және нығайту тәсілдерін игеруіне ықпал ететін жағдайлар жасау.
2. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және бекіту.
3. Жарыстар, ойындар, конкурстар арқылы белсенді спорттық бос уақытты ұйымдастыру.
4. Оқушыларды бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету.
5. Дұрыс тамақтану принциптері туралы түсінік қалыптастыру.
Денсаулық апталығын өткізу салауатты өмір салтын насихаттауға, жаман әдеттердің алдын алуға және білім алушылар арасында дене шынықтыру мен спортты танымал етуге бағытталуы тиіс, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тартуды, білім алушыларды сауықтыруды және сынып ұжымдарында ұжымшылдық пен достыққа тәрбиелеуді көздейді.
Білім беру мекемесінде Денсаулық апталығының іс-шараларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу мәселелерімен директордың тәрбие работе жөніндегі орынбасары, дене шынықтыру бастауыш сынып мұғалімдері, шығармашылық бірлестіктердің басшылары, психолог, медицина қызметкерлері, ата-аналар қоғамының өкілдері айналысады.
Денсаулық апталығының іс-шараларын өткізуге жауапты адамдар қауіпсіздік техникасы бойынша білім алушыларға нұсқау беруі қажет.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы-гигиена салаларының бірі. Ол сәби кезінен бастап 17-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғаумен және нығайтумен айналысады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының міндеті - өмір сүру жағдайлары, мектептегі білім және еңбек өсіп келе жатқан ағзаның өсуі мен денсаулығына қалай әсер ететінін зерттеу, сондықтан сау өсуге ықпал ететін гигиеналық шараларды әзірлеу және жас ұрпақты жан-жақты дамыту..
Медицина қызметкерінің жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыс жоспарлары бойынша білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерін шешуге байланысты іс – шаралар өз деңгейінде атқарылған.




















Оқушылардың сабаққа қатысуы

Мақсаты:

  • Бірінші тоқсандағы сабаққа қатысудың сандық талдауы;

  • Сабаққа қатысуды күнделікті бақылау;

  • Себепсіз сабаққа келмеудің нысандары мен әдістері;


Тексеру нәтижесінде анықталды:

Сыныптағы оқушылардың с абаққа келмеу саны оқушылардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырған. Ауруына байланысты жіберілген күндердің ( емханадан алған анықтамасы бойынша) мектеп оқушылары орта есеппен 25% жіберіп алған.

Сынып жетекшілердің мәліметтері бойынша 1-11 сынып аралығында себепсіз сабақтан жиі қалу орын алмаған.

Әлеуметтік педагогтің сынып жетекшілермен себепсіз сабаққа келмеудің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру және оның жай – күйі туралы әңгімелесу барысында педагогтар сабаққа келмеудің негізгі себептерін анықтайды.

  • Оқуға деген ынтаның болмауы;

  • Уақытылы оянбауына байланысты сабақтан кешігу;

  • Әр түрлі себептермен ата – аналарға көмек;

  • Ата – аналардың жауапсыздығы;

Сынып жетекшілердің профилактикалық іс – әрекеті мен әдістері оқушылармен және ата – аналармен жеке әңгімелесу, ата – аналар жиналысы, ата – аналарға жіберілген жекелеген хабарламалар, шұғыл телефон қоңыраулары болып табылады.


Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын қадағалай отырып, сынып оқушылардың сабаққа келмеу себебін дер кезінде анықтау керек.





























Білім алушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бойынша «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы

Буллинг және кибербуллинг — қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, олар жастардың психологиялық және физикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Кибербуллинг — интернет немесе мобильді құрылғылар арқылы жасалатын буллинг түрі. Бұл вербалды және эмоционалдық қысым көрсету арқылы жүзеге асады.

Мектебімізде 8 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Буллингтен қорған» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өтті . Сіздер буллингті қалай түсінесіздер?»

«Буллингтің қандай түрлерін білесіздер?»

«Сіздер буллингтің құрбаны немесе куәгері болдыңыздар ма?» Оқушылар шағын топтарға бөлініп, әр топқа буллингтің бір түрін (физикалық, вербалды, эмоционалдық, әлеуметтік) талқыланды

Оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың өз тәжірибелерімен бөлісуін сұралды.

Оқушыларға арнайы буллинг және кибербуллингтен сақтану туралы әдістемелік семинар өткізілді.

Мақсаты:"Буллинг"сөзінің мағынасын ашу, таныту

Балалар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Жасөспірім кезеңінде орын алатын буллингтің түрлері және оның шығу себептері жайлы таныстыру және түсіндіру болып өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар берілген тақырып бойынша өздерінің ойларын білдіріп, пікір алмасты.

Әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингтің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізіп жатыр. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе, соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер ететіндігі жөнінде түсіндірілді.































Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру

1 - 11 сынып оқушыларының ата -аналарымен "Уақытты басқару және өзін - өзі ұйымдастыру" тақырыбында жалпы ата - аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде :

1.Ата -аналарды жаңа оқу жылындағы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жаңа мазмұнымен таныстыру;

2. Өткен оқу жылындағы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстары;

3. Білім алушылардың өткен оқу жылындағы жетістіктіктері;

4. Мектептің ішкі тәртібі;

5. Мектеп формасы;

Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелерді таныстыра отырып, ата - аналарға "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жаңартылған мазмұны, мақсаты мен міндеті, одан күтілетін нәтиже туралы ақпарат берілді.

Өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктер атап көрсетілді.

Сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасы, оқушылардың тәртібі, құқық бұзушылықтың алдын алу және қыз балалардың тәрбиесі бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы таныстырылды.

Ата - аналарды оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудағы ата -аналармен бірлесе жұмыс істеуге, сынып пен мұғалім, мұғаліммен бала, педагог пен ата -ана арасындағы қарым -қатынасты нығайтуға, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтауға отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешуге шақырды.

Жиын соңында ата -аналар балаларының оқу -тәрбие саласындағы жеткен жетістіктеріне ризашылықтарын білдіріп, ұстаздарға алғыстарын айтып, өздерінің ұсыныстарын білдірді.































«Бала психикасының қалыптасуына отбасының әсері» (Зорлық-зомбылықтың алдын алу)

2024-2025 оқу жылына арналған зорлық-зомбылық және қатігездікпен қараудың алдын алуға байланысты іс-шаралар жоспары негізінде 9-11 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады?»  эссе байқауы өткізілді.

Мақсаты:

  • Оқушылардың шығармашылыққа бейімділігін қалыстастырып, қабілеттерін ояту. Оқушының өз ойын ашық жеткізуге, Қоғамға деген өз ойын қалыптастыруға тәрбиелеу.

  • Балаларды қатыгездікпен және немқұрайлықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.

Оқушылар өз айналасындағы өмірді қалай көргісі келетіні, адам болып қала отырып, жерде қалай өмір сүру керектігі туралы әңгімелесті.

жас жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың белең алған түрі буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында мектеп директорының, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, мектептегі педагог-психологтардың қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті.

Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспары негізінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және топтық төбелестің, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер, педагог-психологтар және әлеуметтік педагог қызметкерлермен бірлескен отырыс болды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық – зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық – танымдық біліммен қамтамасыз ету шараларының аясында құқық қорғау органы қызметкерлері және сала мамандарымен кездесу өткізілді.





























Бастауыштан орта буынға бейімделуін қадағалау

Бастауыш сыныптан орта мектепке өтуі – оқушылардың мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ал 5-сынып оқушысының бейімделуі – бала өміріндегі әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең.
     5-сынып оқушыларының негізгі мектепке бейімделуінің алғышарттарының бірі – оқушының өзінің оқу қызметіне басшылық жасау, оқудың мәні мен мазмұнын түсіне біліп, мақсатты түрде оқуға өзін жұмылдырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдылануы қажет. Бұл кезде оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі – оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін өз бетінше жүргізу.
     Бесінші сынып оқушыларының бейімделуін анықтауға қыркүйектен - қазан айы аралығында келесі зерттеулер өткізілді: білім алушылардан Н.  Лусканованың «Оқу мотивациясын анықтау» тесті,  пәнге деген көзқарасын анықтау үшін «Түймедақ», Танымдық қабілеттерін анықтау: Ойлау, есте сақтау, зейін, қиял, қабылдау, Өзін – өзі бағалау «Баспалдақ» әдістемесі, «Мектептегі дегбірсіздік деңгейі» Филлипс тесті және социометрия әдісі алынды.
      2024-2025 оқу жылында 1 – бесінші сынып оқуын бастады.   5-сынып білім алушылардың мектеп мотивациялық деңгейін скринингті бағалау үшін, мектепке және оқу үдерісіне қатынасын, мектеп жағдайына эмоционалды жауап беруін айқындайтын 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды.
     Мектеп мотивациясының 5 негізгі деңгейі белгілі:

  • Мектеп мотивациясының жоғарғы деңгейі;

  • Жақсы мотивациясы;

  • Мектепке жағымды қатынасы;

  • Төменгі мектеп мотивациясы;

  • Жағымсыз мектеп мотивациясы, мектеп дезадаптациясы.































1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін қадағалау


Мектепке  келу- әр баланың  өміріндегі өтпелі  кезең. Оқудың басталуы оның  күнделікті тіршілігіне  өзгеріс  енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, домтапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында  жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б. 

         Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа  жағдайы ұнайды. Осы кезде  ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет. 

Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте  күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.

Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық  даму деңгейлерін, мектепке даярлығын  анықтауға арналған зерттеу жұмыстары  жүргізілді. 

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің  даму барысын айқындау.

Осы  мақсатқа  жетуде алдымызға  төмендегідей   міндеттер  жүктелді:

Сыныптармен және  олардың сынып жетекшілерімен танысу, сынып   туралы  толық   мәлімет  алу.

Әр баланың жеке  тұлғалық   қасиеттерін сынып жетекшісімен бірге талқылау және де сынып жетекшісінің  пікірімен салыстыру.

Баланың білімін көтеру мақсатында ата-ана мен сынып жетекшісінің   ынтымақтастығын нығайту.

Зерттеу нәтижесі бойынша төмен деңгейді  көрсеткен  оқушылармен   дамыту  жұмыстарын күшейтуді  қадағалау және психологиялық  ықпал   көрстеу.

Зерттеу барысында 1-сынып оқушыларының даму деңгейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіруге арналған психологиялық жаттығулар алынды.

Атап айтқанда, 1а сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қыркүйек, қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:

Баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;

Баланың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын-алу;

Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету,

Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.

Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:

Керн-Йерасектің 4 субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тесті;

 Баланың ерік саласының даму деңгейін анықтау. «Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б.Эльконин);

Логикалық ойлауын зерттеу. «Не артық?» әдістемесі;

Баланың қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі;

Зейіннің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін зерттеу. «Үйшік» әдістемесі;

Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау. «Баспалдақ» әдістемесі;

Мектеп мотивациясын анықтау үшін М.Р.Гинзбургтың «Оқу түрткісін зерттеу» әдәстемесі.

Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары  жүргізілді. 

Қорытындылай келе,  1 сынып   жетекшілері  мен ата-аналар бірлесіп,  төмен ұпай алған оқушылармен  жекелей жұмыстар жүргізу, тілдерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін одан әрі дамытып, логикалық тапсырмалармен көбірек жұмыс жүргізуді   күшейту  қажеттігі жайлы психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар, оқушылардың зейінін дамыту үшін көптеген көрнекіліктермен сабақтар өткізу олардың қабылдауын және есте сақтауын арттыру туралы сынып жетекшілермен әңгіме, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұсыныс: 

Сынып жетекшісіне оқушыларға мейірімділік көрсетіп, қатандық танытпай, мадақтау мен жазалау әдістерін тиімді ұстанған жөн;

Зейін үрдісін дамытатын ойын жаттығуларды сабақ үстінде пайдалану;

Сабақта әр балаға жекелей тапсырмалар беріп, өзіңдік жұмыстарға тарту;

Сыныптан тыс іс-шараларға белсене қатыстыру, өзіңдік ойын қалыптастыру;

Сабақ барысында төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен қосымша тапсырмалар беру арқылы дамыту жұмыстарын жүргізу;

Оқушылардың кеңістік бағдары туралы түсініктерін дамыту, сабақ үстінде оқушының назарын мұғалімге, тапсырмаға бағытталуын қадағалау, нұсқауды оқушылардың дұрыс қабылдауын қадағалау. 

Сыныпта оқушылармен топтық жаттығуларды, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын ойын – жаттығуларды өткізу.































Оқушылардың бос уақытын қамту; Оқушылардың үйірмелерге қатысуы

Оқушының бос уақытын ұйымдастыруы тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.

Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды.

Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.

Сынып жетекші мен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті бала  тәрбиесінде және білім беруде маңызы зор, сынып жетекші ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауы қажет. Оқушының білімді саналы азамат (ша) болып қалыптасуына ата-анамен сынып жетекшінің атқарар рөлі тең дәрежеде. Себебі, отбасындағы тәрбие де, мектептегі тәрбие де бала өмірі үшін маңызды болып табылады. Екі ортаның да тәрбие процесінде ықпалы зор. Оқушының қызығушылықтары мен білім сапасы, ынтасы туралы мәлімет алмасу маңызды болып табылғандықтан сынып жетекші мен ата-ананың маңызы зор.



Тұжырымдар: Білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыруы 100%

Ұсыныстар: Ата-аналармен мектеп арасындағы байланыс тығыз түрде жүріп отыруы қажет. Ата- аналармен бірлесе отырып түрлі іс шараларды көптеп ұйымдастуыру керек мысалы ауланы көгалдандыру жұмыстары, спрорттық шаралар, өнер байқаулары сонымен қатар сабақтан тыс оқушылармен қызықты уақыт өткізуді сынып жетекшімен бірлесе отырып ұйымдастыру мәдени орындарға көптеп апарып бос уақыттарын да тиімді пайдалануға әрекет жасалуы тиіс.























Оқушылардың діни көзқарастары

Білім алушылардың әр түрлі сайттарда, желі бағдарламаларында жүргізіліп жатқан жат ағымдардың уағыздарын тыңдап жат қылықтарға бармау үшін мамандардың берген мәліметтеріне сүйенуді үйрету мақсатында Қызылорда облысының дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы, "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" психолог маманы 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру,олардың түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру болды.

"Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында «Экстермизмге қарсы іс – әрекеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламалары , «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, қазіргі қоғамдағы қиындық тудырып отырған мәселелерге кеңінен тоқталды. Мектеп оқушыларын тәрбиелі, саналы, еліміздің патриот жастары болуға шақырды

3 қазан күні 6-9 сынып оқушыларына «Діни экстремизм деген не?»» тақырыбындағы жадынамалармен таратылды. Жадынамада жалпы дін туралы түсінік беріліп, діни экстремизм мен терроризмнің адамға тигізер зиянды тұстарын ашып көрсеткен. Сонымен қатар жақындарына, достарына жат ағымдарға байланысты қауіп төнген кезде көмектесетін қауырт желі телефонына және сенім телефондарына хабарласуға болатындығы туралы айтып түсіндірді.

Мақсаты: Діни экстремизм туралы түсінік қалыптастыру.

Қазіргі кезде қоғамымызда адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбеиіп барады. Олардың біз білмейтін қаншама түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің адамзат тағдырына, еліміздің дамуына кері әсерін тигізетіндігі түсіндіріліп, олардан сақ болу жайында бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!