№
орта мектеп бойынша
мектепішілік бақылау жоспарының 2024-2025 оқу жылының бірінші жарты
жылдығына сәйкес атқарылған жұмыстары туралы
анықтама
Білім беру процесін
ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша
мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру
маңызды.
Мектепішілік бақылау жоспары
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың Тізбесін
және олардың нысандарын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2020 жылғы 6
сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес әзірлейді (бұдан ары -
МІБ).
Мектепішілік бақылау жоспары 6
бағыттан тұрады:
1. Нормативтік құжаттардың
орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін
бақылау;
2. Оқу процесінің сапасын
бақылау;
3. Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын
толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен
жұмысты бақылау;
4. Оқу-зерттеу қызметі;
5. Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік
дайындығының жай-күйін бақылау;
6. Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды
өткізуді бақылау.
Мектепішілік бақылауды жоспарлау алдында
аналитикалық деректерге сүйене отырып, мектеп әкімшілігі 6 бағыт
бойынша білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мәселесін шешу
үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерді
анықтау мақсатында SWOT талдауы жүргізілді.
«Басқару шешімдерінің матрицасы» - қауіптерге
негізделген объектілерді анықтауға арналған ыңғайлы алгоритм, ол
сонымен қатар анықталған мәселені түзету немесе жою үшін
басқарушылық шешімнің нұсқасын ұсынады. .
МІБ жоспарлау кезінде SMART критерийлеріне сәйкес
келетін (нақты, өлшенетін, қолжетімді, шынайы, уақытпен шектелген)
бақылау мақсатын қоюға ерекше назар аударылды.
Мектеп командасының әрбір субъектісінің
жауапкершілік дәрежесін дұрыс бөлуде пән бірлестік жетекшілерін,
тәжірибелі педагогтарды, шығармашылық топтар жұмысқа тартылды. Әр
мұғалім мен сынып жетекшісі өз жұмысының әлсіз жақтарын дербес
анықтап, жағдайды өз құзыреті шегінде түзететін өзін-өзі бақылау
құралдарын әзірлеу басқарудың тиімді қадамы бола
алады.
Сынып жетекшілер тоқсан сайын
өз сыныбының жетістігі, кемшілігі, мүмкіндігі мен қауіптілігі
туралы SWOT талдауын жасап, соған сәйкес алдағы тоқсанға жұмыс
жоспарын жасап, жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде бірінші тоқсанда
білім сапасы 59,15 % болса, екінші тоқсанда 66,25%-ға көтерілді.
Үшінші тоқсанда 70%-ға көтеру
жоспарлануда.
Алғашқы ұйымдастыру кезеңінде
қиыншылықтар кездескені рас. Қазір барлық алты бағыт бойынша
жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.
Ұсыныс:
1.Алдағы кезеңде
қағазбастылықтан арылу мақсатында мектепішілік бақылау жұмыстарын
электронды нұсқаға көшіруге.
2.Бақылау жұмыстарының
қорытындысын қарауды уақытылы жүргізіп отыру
қарастырылса.
Анықтамашы: