Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Мектепке дейінгі балаларда қарым-қатынас ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларда қарым-қатынас ерекшелігі атты мақала ата аналарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектепке дейінгі балаларда қарым-қатынас ерекшелігі


Мектепке дейінгі балалар арасында дұрыс қарым-қатынастарды орнатуда өзара қатынасу мәдениетінің маңызы үлкен.Оған адамдарды құрмейтей білу,мейрімділік,шыдамдылық және т.б мінез сипаттарынан басқа сыпайлық пен әдептілік сипаттарының дамуы да кіреді.

Сыпайлық-бұл мінез сипатының негізгі мазмұнын адамдар арасындағы қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларында іс-әрекеттің белгіленген тәртібін сақтауға көргенділік көрсетуге дағдылануды құрайды.

Әдептілік - көргенділік талаптарын білу мен сақтауға қоса адамдар арасындағы қарым-қатынаста әр нәрсенің орнын білуді,өз мінез-құлқын нақты жағдайда тез әрі дәл бейімдей қоюды да қажет етеді.Өзіміз басқалардан жиі күтетін,бірақ өзіміз сирек көрсететін тағы бір мінез-сипаты бар-ол кіші пейілділік көрсету.Кіші пейілділік пен принциптілікті дұрыс ұштасыру-дұрыс өзара қарым-қатынастың кепілі.

Мектепке дейінгі балалар өзара қатынас жасау мәдениеті олардың бойында қатынастардың кейбір ерекше машықтығы мен дағдыларының қаншалықты қалыптасуымен тығыз байланысты.Мұндай ептіліктердің қатарына мыналарды жатқызуға болады.Ең алдымен адамның басқа кісімен танысқанда ол туралы алғашқы әсерін өзгерте білу қабілеті.

Көбіне бұл алғашқы әсерлер шектеулі мәліметтің негізінде қалыптасады –біз жаңа танысымыздың «шын мәнінде» қандай адам екенін білмейміз,оның сырт келбетін ғана байқаймыз.Сондықтан да адамның сырт келбеті-бет-жүзі, денесі, өзін-өзі ұстауы,киімнің,шаш қоюының сәнділігі,өзіндік сөз саптауы-алғаш көрген кезде қалай қарайтынымызға едәуір әсер етеді.»Киіміне қарап қарсы алады,ақылына қарап шығарып салады».Алайда,көпшіліктің бәрін адамды бағалауғуа келгенде «киіміне»,»ақылына» қарап бағалауға болмайды.

Басқа адамдармен бөтен пиғылсыз араласа бастай білу,мәдениетінің мәнді бір қыры.Адамдарға,әсеріне әлі онша таныс еместерге қалай қарайтынымсызға әлеуметтік үлгі дейтін ықпал үлкен етеді.Бұл-нақты бір ортада адамның қандай әлеуметтік,кәсіптік,ұлттық және басқа топқа жататынына байланысты қолданылатын оның схемалық,стандартты бейнесі.Бұрын ғалым атаулының тұрмыстық ұсақ-түйекке дәрменсіз,жанғалақ және т.б. болып келетін бейнесі кең тарағаны баршаға белгілі.Қазіргі күнде де біздің нақты бір адамның мінезі,ерекшеліктері туралы түсінуімізді бұрмалайтын көптеген әлеуметтік үлгілер бар.

Қатынас мәдениеті қалыптасқан адам өзінің талғамын,әдетдағдыларын,нені ұнататынын басқаларға таңбауын талап етеді.Бізді әрқайсымызда бірте-бірте адам қандай болуы керектігі,қандай қасиеттерді іс-ерекеттерді неғұрлым мәнді деп санайтындығынмыз жөнінде өзіндік наным-сенімдеріміз қалыптасады.Осы тұрғыдан біз өзімізді ғана емес,басқа адамдарды да саналы түрде немесе өзіміз аңғармай-ақ бағалап жатамыз.Мұндай көзқарастардың кейбіреулерінің шынында да принципті мәні бар.Оларды өмірде және басқалармен араласқанда сақтау қажет-ақ.Алайда тіпті жақын адамдардың өзара қарым-қатынасы ұсақ-түйек нәрселерге:қай жолмен жүру керек, фильм жақсы ма,жаман ба деген сияқты тағы басқа жайларға тым үлкен мән беретінімізге байланысты жиі бұзылатыны болады.Басқалардың әдеттерін құрметтей білу балалық шақтан қалыптастыруылуы тиіс.

Нақты қоғамда қадылданғанына сәйкес,белгілі бір түрде сезімді білдіру әдісі-алғыс айту,ықылас білдіру,көңіл айту және т.б. жайлардың да қатынас мәдениеті үшін мәні зор. Әрине,басқаға жаны ауырып,бірге қиналған да маңызды,алайда әлгі кісінің сіздің сезіміңізді сезіне алғанының маңызы одан кем емес.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше сипатын айта келе кейбір ғалымдар «қарым-қатынас ырғағы» деген ұғымды да қосады .Мысалы,А.И.Титаренко қатынасты қажетсінудің өзіндік ырғағы,аумалы-төкпелі тұстары болады деп сынайды:»Жеке бастың парасаттылығы өзінің және өзі араласатын басқа адамдардың осы ырғағын дәл білдіре білуіне байланысты.Адамды мезі ету мен томаға-тұйықтық,жұртпен араласпау сияқты қарым-қатынастың адамгершілік – психологиялық сипаттамасы көбіне-көп олардың араласуына байланысты».

Адамдардың бойында өте әдептілік белгінің болуы да қатынасу мәдениеті үшін өте маңызды,бұл-адамның тәрбиелілігінен де терең ұғым.

Педагог балалармен кезінде А.П.Чехов ұсынған кезекті бір морольдық «тапсырманы» талдауына болады:»Достар жиналып отырған жерге көзі жасқа толы бір әйел кіріп келді дейік.Мұндайда мәдениетті адам не істейді?...Ал тек мәдениетті ғана емес,оған қоса өте әдепті адам не істер еді?».

Бұл тақырыпты қорытындылаған кезде А.де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» атты аса поэтикалық және мағынасы терең ертегісінің бір кейіпкері Лис айтатын: «Сен өзің үйреткендердің бәрі үшін де әрқашан жауап бересің» деген сөзіне мән беріп,ойлануға кеңес берсе болады.

Үйге тапсырма ретінде мектепке дейінгі балаларға қандай да бір болмасын қақтығыс жағдайды қаралып отырған тақырып тұрғысынан талдауға ұсыныс жасау жөн. Мысалы,А.Добривичтің мақаласында келтірілген оқиға бойынша:Таңертеңгілік,отбасы мүшелері тамақтануда.Дастарған басында әкесі,шешесі және 16 жас шамасындағы оқушы ұлы.Шешесі үйде картоптың біткенін айтады.Әкесі қадала қарайды.Ол әкесінің қадалғанын байқап:» Менің қолым тимейді.Бүгін мектептен кейін балалармен бассейнде кездесуге келіскен едік»,-дейді. Әкесі шешесіне: «Осыны бетімен жіберген мына сен.Біздің тұсымызда мұндай балалар отбасының белді бір мүшесі болатын,үй шаруасын бірге көтерісетін.мынауың әлі бала қалпы!»-дейді.Кешқұрым үйге алдымен әкесі келеді.Кейіннен артынып-тартынып әйелі жетеді.Кешкі сағат сегіздер шамасында баласы бассейннен оралғанда картоп столда әзір тұрады.

Осы немесе педогог ұсынған басқа жағдайларды талдағанда классты үш топқа бөлген жөн,біреулері оған әкесінің,екіншілері шешесінің,енді біреулері баласының көзқарасы бойынша жазады.Содан класстағы келесі сабаққа үш топтың пікірлерін салыстырып қарауға болады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1759
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12