400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбесіндегі барлық педагогке үлкен көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері.

Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің дамуы.

Таным процестері 3 жастан бастап дамиды, жасөспірімдік шақта даму процесі аяқталады. Сөйлеуі 1,2,3-кезеңдер. Қабылдау саналы, мақсатты бола бастайды. Баланың қабылдауы- қарау, байқау, іздеу- үш әрекетке негізделеді. Сөйлеумен ойлау дамиды. Ойлауы көрнекі-әрекеттіктен көрнекі –бейнелікке көшеді. Ойлау қабылдаумен тығыз байланысты болғандықтан бала таныс жағдай туралы логикалық құрастырылған пікір айта алады. Егер ережені түсінсе, шешімін шығара алады. Есте сақтаудың жақсы даму кезеңі -мектепке дейінгі кезең. Егер оған дейін оның есте сақтауы эмоционалды, ырықсыз болса, енді ол ырықтала бастады. Бала ойын барысында мақсатты, саналы түрде ережелерді, сөздерді есінде сақтай алады. «Болады», «болмайды» , «әдемі», «әдемі емес»деген ұғымдарымен байланысты жоғары эмоциялар мен сезімдердің бастапқы формасы қалыптаса бастайды. Зейіні ырықсыз. Баланың бойы мен физикалық дамуы, қозғалыс координациясының, қолдың ірі және ұсақ моторикасының дамуы қарқынды дамиды. Баланың қарындашпен, ермексазбен, қайшымен жұмысы жақсара түседі. Қозғалыстары нақты. Мектепке дейінгі жастың соңында қолы жазуға үйренуге дайын. Іс-әрекеттің өнімді түрлері дамиды: сурет салу, жабыстыру, құру, еңбек әрекеті. Бұл кезеңде ересектердің көмегімен баланы оқытуға болады.

Кім? Не? Қандай? 3-4 жасқа тән. Бала бір нәрсені бірінші рет, жаңадан көрсе осындай сұрақтар қояды. Бұл сұрақтарда танымдық белсенділік жоқ, сондықтан бала жауапты тыңдамастан жүгіріп кетеді. Неге? Деген сұрақ 4-5 жасар балалар қояды. Бұл жаста сұрақты көп қояды. Қабылдау ерешелігіне қарай сұрақтар жүйесіз. Ал 5-6 жаста неге? Деген сұрақты танымдық белсенділікпен, білгім келеді деген мақсатпен қояды. Сұрақтары әртүрлі. Жауапты соңына дейін тындайды. Өздерінің ойларымен, тәжірибелерімен салыстырады, кейде жауаппен келіспей, өз көргенін –білгенін айтады.

Мектепке дейінгі балалардың тұлғалық қасиеттерінің дамуы.

3 жасар бала өзін тұлға ретінде санай бастайды. ересектерден дербестікті, тәуелсіздікті талап етеді, ол ересектер сияқты болғысы келеді. 3 жас дағдарысы- жағымсыз жақтары: негативизм (ересектердің кез келген талаптарын орындаудан бас тарту), қырсықтық (өз айтқанын істету), қыңырлық (өмірлік нормаларға қарсы шығу), өз еркімен болу (шешім қабылдаудағы дербестік), бунт,қарсы шығу(тұрақты жанжалдасу, ұрысу, жағымсыз сөздер айту. Жағымды жақтары-ересектерден бөліну, өзін тұлға ретінде көрсету, дербестіктің пайда болуы. Баланың психикалық дамуына ықпал ететін жетекші іс-әрекет- сюжеттік –рөлдік ойын. Бала іс-әрекетінің мотиві- ересектер өміріне ену, олардың заттарын қолдану, ересек адамша өзін сезінуге ұмтылыс. Бірақ бала әлі кішкентай және ересектер өмірінде дербес өмір сүре алмайды. Сондықтан ол өз ұмтылыстарын ойын барысында іске асырады. Ойын барысында бала басқалардың пікірін қабылдауға, олардың позициясын ұстануға, моралды және адамгершілік нормаларды меңгеруді үйренеді. Ережелері бар ойын процесінде баланың ырықты тәртібі дамиды. Бала өз тәртібін, әрекетін меңгере бастайды.

Мектепке дейінгі баланың қоршаған адамдар арасындағы алар орны.

Баланың әлеуметтік дамуында тұлғалық өзгерістер болады. Өзгеріске келесі жағдайлар ұшырайды:

-өздік «Мені»; -тәртібі; -ересектер өміріне қызығушылығы.

Мектепке дейінгі бала ересекпен байланысты болғанымен де, ересектер оларды әлі де үйретеді, оқытады, көмектеседі. Сонымен қатар балаға балалар қоғамы әсерін тигізеді. Оларда қоғамдық көзқарас пайда болады. Балалар бір-бірімен қарым-қатынасы жасауға үйренеді. Балалар арасындағы қарым-қатынас ойын арқылы іске асады. Баланың ересектермен қарым-қатынасы бірнеше кезеңдерден өтеді. 1-формасы- қарым-қатынастың жағдайлық-тұлғалық формасы(6 айға дейін, ересектерден мейірімді көңілді қажетсіну)

2-формасы- қарым-қатынастың жағдайлық-іскерлік формасы(6 айдан-3 жасқа дейін, іс-әрекетінде ересектердің қатысуына қажетсіну)

3-формасы- қарым-қатынастың танымдық формасы(5-6 жас, ересектерден сыйластық қатынасын қажетсіну).

Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік бейімделе алмауы.

Баланың екі даму ортасы: отбасы және балабақша. Осы екі орта баланың дұрыс дамуына әсерін тигізеді. Бала үшін ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау, ол қарым-қатынастың негізінде әлеуметтену өте қажетті. Егер қарым-қатынас барысында ересектер тарапынан күтім көрмесе, олармен эмоционалды қатынас болмаса немесе құрбыларымен қарым-қатынасы шектеулі, не мүлдем болмаса баланың толық дамуына зардап келеді. Әлеуметтік –педагогикалық асқынушылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Бұл процесс 3 жас аралығынан басталады. Себебі 3 жасар баланың санасы қалыптаса бастайды. Жағымсыз жағдайлардың көбеюі әлеуметтік-педагогикалық асқынушылықты күрделендіре түседі. Отбасындағы, балабақшадағы жағымсыз жағдайлар баланың түгел тұлғалық құрылымына әсерін тигізеді, психикалық дамуының бұзылуына, тұлғалық сананың қалыптасу процесінің бұзылуына әкеліп соғады. Осыдан бала әлеуметтік бейімделмеген балаға айналады, бұл жағдай баланың психологиялық, психикалық және физикалық жағына теріс әсер етеді. Ондай балалар басқа балалармен ойнай алмайды, дамуында артта қалушылық байқалып жатады (аз қозғалу, төмен қарым-қатынас). Әлеуметтік бейімделе алмаушылық себептері (бір себептің өзі жеткілікті):

— қарым-қатынас дағдысының жоқтығы;
— қарым-қатынаста өзін адекватты бағалай алмауы;
— қоршаған ортаға жоғарғы талаптар қоюшылық (әсірісе баланың интеллектуалды дамуы, ойлау қабілеті орташа деңгейден жоғары болса);
— эмоционалды тұрақсыздық;
— қарым-қатынас жасауға кедергі жасайтын ұстанымдардың болуы, мысалы, адамдарды төмендету, өзін жоғары ұстау;
— қарым-қатынас жасауға мазасыздану және қорқу;
— тұйықтық.

Әлеуметтік бейімделе алмай жүрген бала басқа балалардан өзін алшақ ұстап, жоламайды, немесе оларға ызылы болып, агрессиясын көрсетеді. Неге бала қарым-қатынасқа түсе алмайтыны жөнінде ата-анасынан сұрау керек. Көбінесе бала басқа құрбыларымен қатынаста болмағандықтан, немесе балалармен тіл табыса алмағандықтан үйде отырды деген жауаптарды естуге болады. Әрине баланың үйдегі отбасылық тәрбие алып жатқаны дұрыс, бірақ бала құрбылармен қарым-қатынас жасауға үйрену керек.

Ондай баланың өзін-өзі бағалауы жоғары немесе төмен болады, бұл жағдай әлеуметтік бейімделе алмауға әкеледі. Өзін-өзі бағалауы төмен баланың мазасыздануы жоғары, өзіне сенімсіз, кейде өзін агрессивті ұстайды. Өзін-өзі бағалауы жоғары бала құрбысының пікірімен санаспайды.

Бұл жастағы балаларда қабылдау саналы, мақсатты болу керек, баланың қабылдауы- қарау, байқау, іздеу- үш әрекетке негізделеді.

Ал күтімсіз баланың қабылдауы ондай деңгейге жете бермейді.

Психодиагностика- грек. айырып тануға қабілетті дегенді білдіреді- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

Сауалнама- зерттелушіге оның көзқарасын, пікірін анықтайтын жазбаша сұрақтар қою.

Контент-талдау- зерттелушінің жазбаша мәтіндері, оның шығармалары, хаттары, іс-әрекет өнімдері талданады.

Байқау- белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалау.

Эксперимент- зерттеуге қажетті психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына жағдай жасау.

Әңгіме- белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және жеке ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қою. Жанама түрде ұйымдастырылады.

Сұхбат- сұрақ қоюшы сыналушыға сұрақтар қояды және жауаптарын жазыып отырады. Сұрақтар алдын ала белгіленеді.

Анкета- зерттелуші өзі туралы жазбаша әлеуметтік-демографиялық мәлімет береді.

Тест- зерттеліп жатқан қасиеттің даму деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерін беретін психодиагностикалық стандартты әдістеме.

Байқау, эксперттік бағалау әдістері жеткілікті. Эксперттік бағалау дегеніміз не? Не себептен бұл әдісті мектепке дейінгі балаларға қолдану керек?

Байқау әдісі- балалармен жұмыс істеуде негізгі әдістің бірі. Әсіресе сәбилермен байқаудан басқа ешқандай әдіс өткізуге де келмейді. Көптеген ғалымдардың балалар жөніндегі еңбектері байқау әдісіне негізделеген. Кез келген байқаудың мақсаты, жоспары болуы тиіс. Алдымен өзіне «бұл байқау маған не үшін қажет?» деген сұраққа жауап беру керек. Байқаудың мақсаты анықталғаннан кейін байқаудың жоспарын жасау керек. Байқау нәтижелі болу үшін баланың дамуы күнделікті байқаған жөн. Байқау интервалы баланың жасына қарай әртүрлі: туғаннан 2-3 айға дейін баланы күнделікті байқау керек, 2-3 айдан 1 жасқа дейін апталап, яғни бір аптада қандай өзгерістер болды, 1 жастан 3 жасқа дейін айлап, 3 жастан 6-7 жасқа жарты жылда бір, бастауыш сыныптарда жылына бір рет, т.б. Ересекке қарағанда баланы байқау оңай, себебі бала өзін шынайы ұстайды, ересек сияқты әдейі ұнау үшін әрекеттер жасамайды. Байқаудың құндылығы: баланың өмірін ашады, баланы табиғи жағдайда зертеуге болады, бала өмірінен қызықты фактілер мен оқиғаларды көруге болады. Кемшіліктері: үлкен еңбекті, көп уақытты талап етеді. Зерттеуші өзіне керекті психологиялық құбылыстың, қасиеттің пайда болуын күтеді.

     Сонымен қатар балалар психологиясында пайдаланылатын әдістердің бірі- экспертті бағалау. Мектепке дейінгі балалар өздерінің тұлғалық қасиеттеріне, тәртіптеріне дұрыс баға бере алмайды. 4-6 жасар бала өзін тұлға ретінде бағалай алады, бірақ шектеулі деңгейде. Сонымен қатар бала өзін жоғары бағалап жібереді. Сондықтан эксперттік бағалау өте құнды әдіс болып табылады, яғни баланы жақсы білетін ересектерден ақпарат жинау.

Психодиагностиканың тағы бір түрі –тест.

Тест- балалар үшін арнайы құрастырылған тапсырмалар жинағы. Әр тапсырма үшін баланың психологиялық қасиеті балдық шкаламен бағаланады. Тест арқылы баланың интеллектуалды қабілеттерін және тұлғалық қасиеттерін анықтауға болады. Бірақ сол қасиеттерін бала толық көрсету үшін, оны ынталандыру қажет, мақтау, марапаттау, т.б. Негізгі талап: тест тапсырмалары баланы жалықтырып жібермеуі керек, тапсырмалар баланы қызықтыру керек. Кері жағдайда бала дұрыс жауаптар бермейді. Тапсырмалар уақыты шектеулі, бір тапсырмаға бала 5 минут уақытын кетіре алады. Балаларды тестілеудің 2 кезеңі бар: 1- кіші және орта жас 3-5, 2- ересек мектепке дейінгі жас- 5-6-7 жас.

Сонымен көмекші әдістер де балалар психологиясында орын алған: балалар іс-әрекеттерін талдау (суреттер, балалардың өздері шығарған ертегілері, т.б). Әсіресе балалар суреттеріне үлкен мән беріледі. Олар суреттерінде өздерінің эмоцоналды жағдайларын, адамдар мен заттарды қабылдау ерекшеліктерін, қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. Балалар өздерінің отбасы мүшелерінің суреттерін салғанды ұнатады. Жақсы көретін адамын әдемі салуға тырысады, оған сурет салғанда уақытын кетіреді, түрлі түсті бояумен безендіреді. Ал ұнатпайын адамын салмайды, немесе сала салады. Баланың суреттерін талдағанда «суретшінің» әлі де дұрыс сурет сала алмайтынын ескеру қажет. Сондықтан суреттерде адамдардың бет-әлпеті қисық, қол-аяқтарының пропорциялары келмей жатса, оған мән бермеңдер. Суретті талдағанда баланың таңдаған түстеріне, кімді салып, кімді салмағанына, өзін кімнің қасына орналастырғанына назар аудару керек. Сурет талдау әдісі бұл-көмекші әдіс, яғни оның негізінде қорытынды шығаруға болмайды.

Сурет талдау әдісі қорытынды жасауға жеткіліксіз болып шықты, сондықтан оған қоса басқа әдістерді де қолдану қажет. Көмекші әдістердің бірі- әңгіме әдісі. Әңгіме әдісін (сұрақтар әдісі) 4 жастан бастап өткізуге болады, бұл жастағы баланың сөйлеу қабілеті дамығанмен де шектеулі деңгейде. Мектепке дейінгі балалар өздернің ойларын, толғаныстарын сөзбен жеткізе алмайды. Сондықтан олардың жауаптары қысқа, немесе ересектің айтқанын қайталау арқылы жүзеге асады. Сұрақтар балаға түсінікті және қызықты болу керек. Кері жағдайда бала түсінбегендіктен қате жауап береді. Сауалнама, әңгіме әдістерін балалармен көп өткізуге болмайды. Бұлар- қосымша әдістер, яғни нақты қорытынды жасауға болмайды.

Саулнамалардан гөрі мектепке дейінгі балалармен тестер, құжаттарды талдау, баланың іс-әрекеттерін талдау, байқау, эксперимент әдістері өте өнімді. Балалармен өзін-өзі бағалау әдістемелерін қолданбаған жөн.    
  
Мектепке дейінгі баланы зерттеу шарттары:

  • Баланы қызықты ісінен айрып зерттеу жұмысын бастау ешқандай нәтиже бермейді. Ол үшін психодиагностикалық әдіс қызықты болу керек.

  • Зерттеу нәтижелері өнімді болу үшін- баламен тіл табысу керек.

  • Зерттеу жұмыстары баламен жеке бөлмеде өту керек. Бала бөлменің интерьеріне көп мән береді, сондықтан егер бөлме аз мөлшерде офистік болса, бала өзін еркін ұстайды. Бөлме әртүрлі суреттер, балалар кітаптары болғаны жөн, бала оларды қарағанды ұнатады. Көзге түсерлік қызықты заттардың, ойыншықтардың болғаны –үлкен кедергі, себебі баланың түгел көңілі сол затта болады.

  • Баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Егер бала шаршаса үзіліс жасау, онымен сөйлесу, дене шынықтыру жаттығуларын жасау, доппен ойнау, т.б. Түгел зерттеу жұмысы 30-дан 60 минут уақытты алу керек.

  • Баланы ойын барысында құрбылармен қарым-қатынасын байқау. Баланың санасы төмен деңгейде болғандықтан, және есте сақтау, зейін, ойлау, қиял сияқты таным процестері толық дамып болмағандықтан негізгі әдістер: байқау, эксперимент болса, ал көмекші әдістер: әңгіме, баланың іс-әрекетін талдау әдістері болып табылады.

Қазіргі кезде сәтсіз отбасылардың көбеюінің салдарынан тастанды балалар, қараусыз қалған балалардың саны өсуде. Ақпарат желісі бойынша күнделікті жағымсыз жаңалықтарды естіп жатамыз. Сондай жағдайлар еліміздің түгел қалаларында болып жатады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
271
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі