Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіндегі ойынның маңызы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Омарова Ләззат Төлеухасенқызы
№45 «Арман» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі. Талдықорған қаласы.
Мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіндегі ойынның маңызы
«Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты» В.М.Сухомлинский
Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:
- өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;
- іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;
- конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.
Баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы - ойын. Балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балалардың оқу іс-әрекетінде табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды әдістеме тұрғыда дұрыс ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі.
Дидактикалық ойынның түрі : заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Ойын шарты: тақырыпқа сай түрлі-түсті суреттерді қиып жапсыру.
Дидактикалық ойын: «Әңгімелеп бер»
Тақырыпқа байланысты байланыстырып сөйлеуді дамыту.Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әігімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ.
Әдебиет жанрларын қолдана отырып балалардың тілдерін дамытуға болады. «Көркем сөзі бар болғырдың өзің орақпен орып күрекпен орып ала алмайсын: оны бір – бірлеп тересің, бір – бірлеп тізесің!» ( Ғ. Мүсірепов)
Ұсынылатын ойын түрлері:
- «Көршімді іздеймін.»
- «Адасқан сөздерді орнына қою»
- « Берілген сөздер бойынша мақал құрастыру»
- « Ребусты шешу »
Мысалы, мақал құрастыруға берілетін сөздер ата, ағаш, бала, жапырақ. Мақал: «Ата – ағаш, бала – жапырақ.», «Бала тілі - бал». Балаларға мақалдардың мағынасын түсіндіру.
Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады.
Ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
Ойын – саяхаттар. Олар ертегіге ұқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық – оңай жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі.
Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен
әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық астарлы болуында, олар баланың әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.
Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың шамасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан – жақты дамымақ емес. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Тәрбиеші ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар балалардың тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет: ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі; ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы; қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады. Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда маңызы рөл атқарады. Ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады.
Бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілген барлық білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез – келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл – күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз.
Осыдан шығатын нәтиже :
- Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Баланың жеке қабілеті анықталады.
- Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады.
- Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. М., 2009
2.Бородич А.М. «Методика развития речи детей» М., 2003
3. Дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013
4. Ахметов Н.К. Игра как процесс обучения. – А. Знание. 2000