Мектепке
дейінгі балаларға арналған артикуляциялық
гимнастика
Адамда дыбыстарды айту қабілеттілігі туған кезден
бастап бар. Одан әрі балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді.
Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса, ол қиындықты
артикуляциялық гимнастика шешіге көмектеседі. Баламен
артикуляциялық гимнастиканы қалай жүргізу және оның маңызы туралы
кейінірек айтамыз.
Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не және не
үшін керек?
Артикуляциялық гимнастика деп- ерін, тіл және мимикалық бұлшық еттер
қосылатын баламен жүргізілетін сабақты айтамыз.
Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты мақсаты баланы
артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып
табылады. Ұзақ сабақтардың қорытындысы дыбыстарды анық айту болып
табылады. Артикуляциялық гимнастика жазу
дағдыларына үйреткенде
орын
алады.
Артикуляциялық гимнастика
түрлері:
Артикуляциялық гимнастиканы шартты түрде былай
бөлуге болады:
активті,
бала барлық тапсырманы өз бетімен
орындағанда;
пассивті,
балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі
көмектеседі.
Егер бала
артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай
алмаса, оған көмектесу керек. Оны шпател, таза саусақ немесе
қасықпен ерін мен тілді дұрыс қалыпқа қою арқылы жасауға болады.
Жаттығулардың өзі екі түрге бөлінеді:
статистикалық және динамикалық. Динамикалық тапсырмаларда қимылдар
барлық орындалу уақыты кезінде іске асады. Статистикалық ерін немесе тілді
белгілі бір қалыпта 10-15 секунд ұстап тұруды қамтиды.
Артикуляциялық гимнастика кішкентай балалар
үшін.
Сәбиге дыбыстарды игеруде көмекті оның өмірінің
алғашқы айларынан бастап бере алады. Серуенге немесе баламен
сөйлескенде, ана балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын
көрсететін қарапайым жаттығуларды жасау керек. Мысалы, жануарлардың
қандай дыбыстар шығаратындарын айтуға болады. Ерін
мен тіл қатысатын әр түрлі
ойындарды ойанау, мысалы, сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз,
сол арқылы сіз ерінді труба секілді көрсетесіз.
Сабақ ойын
түрінде 3-4 жасқа дейінгі балалармен өткізіледі, ол баланың
дыбыстарды қалай айтуына байланысты. Ал егер де балада 4 жастан
кейін сөйлеуі анық болмаса, онда баланы логопедке көрсету керек.
Балалармен
артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің
кемшіліктері.
Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты
талабы жүйелілік. Сабақ күн сайын жүргізілу керек.
Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті
түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар
15 минуттан аспау керек. Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар
орындалу керек.
Сабақ
барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін
түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық
органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы
мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсыманы
орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын
пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге
болады.
Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын
түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс
жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу
керек.
Балаларға
арналған артикуляциялық гимнастика бойынша жаттығулар. «Қызу
өлшегіш».Балаға аузын кең ашып «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын
еріндерін кішкені жауып «суық» деп айтқызыңыз.
«Пя-пя-пя»
Мақсаты: тілдің бұлшық еттерін босансытып, оны жалпақ
күйде ұстауын үйрету.
Қысқаша
сипаттамасы: ауызды ашып, тілді төменгі ерінге
қойып
«пя-пя-пя ...»
деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске
–онға дейін санап, ұстап тұру.
Әдістемелік
нұсқау. 1. Төменгі ерінді
қайырып немесе астыңғы тістерді сыртына орналастырмауын қадағалау.
2. Тіл жалпақ, шеттері ауыз бұрыштарын тиіп
тұрады.
3. Тілді ерінмен
бірнеші рет ұру керек. Жаттығу жасау кезінде баланың дем шығаруын
біркелкі болуын қадағалау қажет.
«Дәмді тосап»
Мақсаты: жалпақ тілдің
ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта
ұстауын үйрету.
Қысқаша
сипаттамасы:Жалпақ тілмен
жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына
кіргізу.
Әдістемелік
нұсқау.1. Жаттығуда
орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын
қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп
тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу
керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя»
жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына
келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру
керек.
«Параход»
Мақсаты: тілді жоғары
көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын
жетілдіру.
Қысқаша
сипаттамасы:ауызды кішкене
ашып ы дыбысын ұзақ
айту.
Әдістемелік
нұсқау.1. Тілдің ұшы
төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы
таңдайға қара көтеріңкі болуы
керек.
«Күркетауық»
Мақсаты: тілді жоғары
көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын
жетілдіру
Қысқаша
сипаттамасы: Ауызды
аздап ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын
алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді
сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып,
дауыс қосылады.
Әдістемелік
нұсқау.1. Тілдің
жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары
ерінді «жала» керек.
«Әткеншек»
Мақсаты: тілдің қалпын
тез өзгерте білу дағдысын
қалыптастыру.
Қысқаша
сипаттамасы: Жымиіп,
тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің
артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары
көтеріп дәл осылай істеу керек.
Осылай тілдің
қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау
керек.
Осылай тілдің
қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау
керек.
Әдістемелік
нұсқау. 1. Жаттығуды
орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын
қадағалау керек.