Мектепке дейінгі білім беру кезеңінде әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі білім беру кезеңінде әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру кезеңінде әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша

Кәсіби даму институтының

аға оқытушысы А.К.Жумабаева



Мектепке дейінгі білім беру кезеңінде әлеуметтік-эмоционалдық интеллектін дамыту


Мектепке дейінгі кезең – баланың эмоционалдық және әлеуметтік қабілеттерінің қарқынды дамитын уақыты. Бұл жас аралығында (3–6 жас) балалар өз эмоцияларын алғаш рет саналы түрде сезіне бастайды, басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға талпынады және алғашқы әлеуметтік тәжірибесін жинақтайды. Сондықтан дәл осы кезеңде ӘЭИ-іні дамытуға бағытталған мақсатты жұмыс аса маңызды.

Балабақшадағы тәрбие мен оқыту үдерісінде балалардың эмоцияларын тану, оларды білдіру және реттеу қабілетін қалыптастыру үшін ойын, әңгіме, сурет салу, драма элементтері сынды әдістер кеңінен қолданылады. Бұл әдістер баланың ішкі әлемін зерттеуге, өзін еркін сезінуге және сезімін сөзбен жеткізуге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі жаста бала ең алдымен өз денесін, қимыл-қозғалысын, кейінірек сезімдері мен эмоцияларын таниды. Эмоционалдық таным – өзін-өзі танудың маңызды бөлігі. Тәрбиеші баланың көңіл күйіне назар аудара отырып, оны эмоцияларын атауға, түсіндіруге және жеткізуге үйретеді. Эмоцияны тану мен білдіруді дамытатын тиімді мысалдар мен жаттығулар:

«Эмоцияны мимика арқылы көрсету» — балаға белгілі бір сезімді мимикамен (бет-әлпетімен) көрсету тапсырмасы беріледі, ал басқалар оны тануға тырысады.

«Эмоцияны дене тілінде білдіру» — бала әртүрлі эмоцияларды дене қимылдары арқылы көрсетеді (мысалы, қуаныш, қыңжылу, таңғалушылық).

«Эмоцияға арналған қойылым» — бала шағын рөлдік ойындарда белгілі бір сезімді көрсетуге тырысады.

«Эмоцияларды салыстыру» — баламен бірге екі ұқсас эмоцияны (мысалы, қуанған және таңғалған) салыстырып, айырмашылығын түсіндіру.

«Эмоцияны суретке түсіру» — бала өз көңіл күйін бояулар, сурет салу арқылы бейнелейді.

«Сезімді ата»: суреттер арқылы эмоцияларды таниды.

«Көңіл күй күнделігі»: бала таңертеңгі көңіл күйін суретпен белгілейді.

«Эмоция мен жағдайды сәйкестендір»: өмірлік жағдайларды сәйкес эмоцияны анықтайды.

Мектепке дейінгі жас – эмоционалдық дамудың, өзін және басқаларды тану кезеңі. Ойын элементтері мен өзара әрекеттесу арқылы өзін-өзі тануды дамытатын қарапайым, түсінікті тапсырмалар құру маңызды.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық қағидасын негізге ала отырып, балалардың коммуникативтік дағдылары күн сайын ойын түрінде және ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы дамытылады. Ойындар балаға өз сезімін тануға, пікірін ашық айтуға, тыңдаушыны ескеруге және тілдік икемділікке үйретеді.

Күнделікті ойын арқылы бала жаңа білім мен дағдыларға ие болып, сөздік қоры мен адамгершілік қасиеттерін дамытады, ұжымшылдықтың негізін қалайды. Бұл – бос уақыттағы ойын емес, ересектердің қызметін бақылап, оларды түсінуге ұмтылыс.

Өзін-өзі тану дағдысын қалыптастыруда ойын – маңызды құрал. Ол баланы айналаны тануға, қарым-қатынас жасауға, ойлануға жетелейді. Ойын – баланың өмір бойғы дамуы мен бейімделуінің алғашқы әрі маңызды кезеңі.

Өзін-өзі танып, эмоциясын түсініп және басқара білетін адам – саналы әрекетке қабілетті тұлға. Мұндай адам ішкі сезіміне бақылау жасап, түрлі жағдайларға сабырлы қарап, байыпты шешім қабылдай алады. Балабақша тәрбиеленушісі де өзін-өзі және эмоциясын басқару жолында тәрбиешілердің қолдауын, көмегін қажет етеді.

Балабақша тәрбиешісі Дэниел Гоулман ұсынған «эмоционалдық интеллект» моделі адамның жеке эмоциялық саулығын ғана емес, әлеуметтік қарым-қатынасын, тұлғалық тұрақтылығын және өмірлік табысын арттырудың тиімді тетігі екенін түсінген жағдайда, ол тәрбиелік жұмыстарында осы модельдің принциптерін қолдана отырып, балалардың эмоционалдық дамуына бағытталған әдістерді тиімді пайдалана алады. Сондықтан бұл модельді балабақша тәрбие жүйесіне енгізу балалардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, эмоционалдық интеллектіні дамыту — баланың болашақ өмір сапасын анықтайтын шешуші фактор.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2025
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі