400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқару арқылы қызмет түрлерінің кеңеюін және ұйымның стратегиялық дамуын қамтамасыз етеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Е Мусаева

№27 «Балауса» балабақшасының

меңгерушісі



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Басқару  -реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес [1].

Мектепке дейінгі білім беру ұйымында басқару обьектісі ретінде басқарушы тұлға меңгеруші болып табылады. А.Майердің пікірінше, басқару басқарушы жүйенің (басқару субьектісінің) басқарылатын жүйеге (басқару обьектісіне) әсер ету бойынша білім берудегі мақсат қою, мақсатқа жету және мақсатқа жету арасындағы өзара байланыстың бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған қызметін білдіреді,-деп пікір айтқан.

Қазіргі білім беру саласындағы өзгерістер басқару жүйесіне де өз ықпалын тигізіп отыр. Бұл басқарудың дәстүрлі түрінен заманауи тәсілдермен басқаруды қамтуға, краетивті ойлауды дамытуға, педагогтердің құзыреттілігін арттырумен сипатталады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқаруды жүзеге асыру тек жұмыс істеумен шектелмей, оны жан –жақты дамытуға бағытталған тәсілдерді атап көрсетеді. Жалпы мектепке ұйымның басқару обьектілері төмендегідей:

- материалдық –техникалық және экономикалық ресурстар;

- білім беру ұйымының персоналы;

- педагогикалық ресурстар;

- білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеу;

- ұйымдағы тәрбиеленушілердің ата –аналарымен бірлескен өзара іс –әрекеттері т.б.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқару арқылы қызмет түрлерінің кеңеюін және ұйымның стратегиялық дамуын қамтамасыз етеміз. Балабақша жұмысын жүйелі жүзеге асыру, басқарудың тиімді формасын қамту –мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттырудың кепілі екені анық. Сондықтан, балабақшадағы басқарудың бағытын, мазмұнын, құрылымын алдын –ала айқындап алған жөн.

Басқарудың басты ерекшеліктерінің бірі –педагогикалық процесс. Педагогикалық процесті қоғам дамуына сай үйлестіру, мазмұнын жаңарту, материалдық –техникалық базаны жабдықтау, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау, әдістемелік оқу құралдармен қамтамасыз етудің маңызы зор. Педагогтердің жұмыс мазмұнын бірізді, жүйелі жүзеге асыру арқылы тәрбиелнушілердің әлеуетін арттырып, жан –жақты дамуына мүмкіндік береміз.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқарудың сапасын арттыру төмендегі көрсеткіштерден байқалады. Олар:

  • Тәрбиешінің жұмыс сапасынан;

  • Педагогикалық ұжымда қалыптасқан қатынастардан;

  • Шығармашылық ізденіс пен басшы жасаған шарттардан;

  • Әрбір қызметкердің қызметінің нәтижелерін обьективті бағалаудан;

  • Ата –аналармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінен [2].

Қорытындылай келе, мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқару заманауи көзқараста, әр баламен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижелерін аз уақытта көрсету, мақсат пен міндеттерді дұрыс қойып, тәрбие жұмысында қол жеткізген нәтижелерді зерделеу мен талдауды жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, озық тәжірибені насихаттау, жаңа технологияларды пайдалану, тәрбиелеудің тиімді жолдарын, үйлесімді бірлігін жүзеге асырумен сипатталады.






Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

2. Поздняк Л.В. Управление дошкольным учреждением. Вопросы дошкольной педагогики. Просвещение. М, -2020.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі