×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Хабарландыру Республикалық чаттарға қосылу нұсқаулығын көру үшін осы сілтемені басу керек https://blog.ust.kz/422
Сайт бойынша сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ МАЗМҰНЫН ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Автор:Паримбетова Айсулу Досмахамбетовна
Бағыты: Балабақша
Бөлімі: Тәлімгерлерге
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-06-13

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ МАЗМҰНЫН ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Паримбетова Айсулу Досмахамбетовна

Түркістан облысы,Кентау қаласы,

МКҚК «Дәуір» бөбекжай – балабақшасының әдіскері


«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. 
Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. 
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. 


Тәрбиеші инновациялық іс – әрекетін іске асыру кезеңдерін зерттеп,енгізу жоспарын құрып,жаңалықты қолданады. Оқытудың инновалиялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген. Мысалға айтатын болсақ :

  • Жобалау технологиясы;

  • ТРИЗ технологиясы;

  • Ойын технологиясы;

  • Өздігінен даму технологиясы

  • Модульдік оқыту технологиясы

  • Бағдарлап оқыту

  • Дамыта оқыту

  • Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С.Н. Лысенкова)

  • Ақпараттық технологиясы.

Осы технологиялардың бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Мысалға: «Жобалау технологиясын» алсақ ол -

Жоба дегеніміз -нәтижесінің әлеуметтік маңызы бар жеке немесе топтық атқарылған шығармашылық жұмыс. Жобаның негізінде нәтижесі тұтас ретінде қорытындыланатын,әр түрлі бағыттағы зерттеу, іздестіру жұмыстарын қажет ететін мәселе жатыр. Жобамен жұмыс жасағанда әр бала өз мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарына сай іс таба алатындықтан,бұл оқыту түрі педагогиканың жекелей бағытталған парадигмасына жатады

ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесінде жаңартылған білім беру мазмұныны аясында қолдана білу қажеттілігі.

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ

  • Жобалау технологиясындағы үздік тәжірибелерді жинақтап, нақты нәтижелерге қол жеткізу;

ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Мектепке дейінгі ұйым қызметін ұйымдастырып оның тиімділігін анықтау;

  • Атқаруға қиындық келтіретін іс-шараларды жоспарлау;

  • Жобалау технологиясы арқылы белгілі индикаторларға қол жеткізу;

ЖОБАНЫҢ ӘДІСТЕРІ

- Заманауи ақпараттарға анализ жасау.

- Сауалнама, сұрастыру өткізу.

- Жоспарлау.

- МДҰ қызметкерлерімен сұхбат өткізу.

- Модельдеу.

Жобалау технологиясы:

  • Маңыздылығы

  • Жоба технологиясының ерекшелігі 

  • Жобалау әдісі

  • Жобалаудың артықшылықтары:

ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

- Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтарының жобалау құзіреттілігін арттыру;

-Жобалау әдісін пайдалану арқылы педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасау.

-Кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты тапсырмаларды бөліп көрсету, оларды шешу жолдарын анықтау.

-Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялары туралы білімдері анықталады.

  ТРИЗ технологиясының мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.

ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

Қорытынды

Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қолдынылған әдебиеттер:

  1. Раджерс Э. «Инновация туралы түсінік»

  2. Жүнісбек Ә. «Жаңа технология негізі – сапалы білім»

  3. Джон  Дьюи «Жобалау технологиясы».

  4. Г.С.Алтьшуллер. «ТРИЗ технологиясы»



50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: