Махова Сымбат Калпакбайкызы
Қобда ауданы,
Жарық мектеп- балабақша
Мектепке дейінгі жаңартылған білім мазмұны – заман талабы
Қазіргі кезде егеменді еліміздің ертеңі-өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-салтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі білім ғылым саласында заманауи педагогикалық техналогиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техналогиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналады. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі-өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, ол үшін мектепке дейін білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагоктардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын заманауи педогогикалық әдістердің бірнеше түріне тоқталайық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балалардың шығармашылығын дамытуда интербелсенді әдістерді қолдану бірнеше міндеттердішешуге мүмкіндік береді. Интербелсенді әдістер тәрбиешілердің басқа балалармен, тәрбиешімен диалогқа кірумен, шығармашылық тапсырма орындаумен, оқытудың «субъекті» ретінде сипатталады. Педогогтың ұстанымы ауысады: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Бала тұлғасын әлеуметтендіру үдерісінің ең басында туындайтын интербелсенді оқыту баланың интелектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды. Интербелсенді әдістер балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін заттақ-дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.
Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартты ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, оқу қызметін жүгізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италияндық ағартушы-ғалым М. Монтессори әдісімен жұмыс жасауда мемлекттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М. Монтессоридың әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауға, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына , өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.
Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: алғырлық, білімпаздық, жүйелілік, түпнұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты – ойлау стилін жетілдіру, ереже қылу. Яғни адамның өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады.
Бүгінгі күннің заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі-балаларды ғана емес, педагогтардың да, кәсіби құзіреттілігінің дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде облысымыздағы мектепке дейінгі педагогтардың тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда. Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі. Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі біліктілік арттыру жүйесіндегі білім беру ісін үздіксіз жаңаша ұйыдастыруды талап етуде. Осыған орай, біліктілік арттырудың курс бағдарламаларында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары модульдік оқу бағдарламалары болып негіздерген. Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттырудың мазмұнына әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңалықтар енгізуде. Біліктілікті арттыру жүйесінің басты функциясы педагогтардың заманауи технологияларды пайдалана білу қабілеттерін дамыту ғана емес, олардың жаңа әдіс-тәсілдерді өздері таба алатын, жаңарту мен даму тенденцияларына сай өзінің кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатын кәсіби құзіреттілігін дамыту болып табылады.
Жаңартылған білім беру мазмұны балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған. Бағдарлама «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты салалалардың мазмұнын кіріктіру арқылы іске асырылған. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаттары:
-
Балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;
-
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына сәйкестендіре отырып жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының міндеттері:
-
Мектепке дейінгі жастағы баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістікке бағытталған дамытушы ортаны құру;
-
Мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету;
-
Балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
-
Әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру;
-
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, психология мен мектепке дейінгі педагогика және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі мақсатында балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістері енгізілген. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады. Аталған технологиялар электронды контент ресурстары мен дидактикалық үлестірме материалдарды үйлестіреді, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауына, сенсорлық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді.
Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінен тұрады:
-
Мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы;
-
Мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету;
-
Балалардың білім беру әрекетіне қатысуы.
Жеке тұлғаға бағытталған педагогика балалардың тәжірибе жинақтап, олардың өзіндік қызығушылықтары мен қажеттіліктерін іске асыруға мақсатталған жоба деуге де болады.
Жеке бағытталған технологиялар:
-
Ойын технологиясы;
-
Монтессори технологиясы;
-
Топтық оқыту технологиясы;
-
Интерактивті оқыту;
-
Дамыта оқыту технологиясы;
-
Мәселелік оқыту технологиясы;
ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы аса зор деуге негіз бар. Жаңашылдыққа деген қажеттілік қандай да бір мәселені жеңілдету жолында туындайды. Кез- келген педагогикалық ұжым, педагог жаңартылған білім мазмұнына құрылған іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы, дегенмен әр бастаманың басты нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.
Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі. Мәдениетті, ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі, білімді болу қажет. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны:
– оқытуды ұйымдастыру тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырылады;
– мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді;
– балалардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көмектеседі;
– балалардың зияткерлік және жеке дене дамуы үшін жағдай жасайды;
– күнделікті өмірде қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, өңдеуге, жеткізуге және коммуникативтік міндеттерді шешуде балалардың тілдік дағдыларды қолдануы мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері ретінде төрт тілдік дағдылардың: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымның қалыптасуына және дамуына көмектеседі;
– ата-аналармен ынтымақтастық қарым- қатынас орнатуға көмектеседі.
Мектепке дейінгі білім беру процесін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
– өтпелі тақырыптарды қолдану арқылы перспективалық жоспар;
– апталық циклограмма;
– балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.
Білім беру процесінде мынандай әдістер қолданылады.
– сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу және т.б)
– көрнекілік (АКТ-ны қолдану, бақылау, суреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар мен заттар)
– практикалық (жаттығулар, моделдеу, экскурсиялар, тәжірибе, эксперимент жүргізу)
– ойын (қимылды, театрланған, сюжетті-рөлдік, дидактикалық және т.б.)
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған
талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие
негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталған
орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға
негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе
балабақшадан басталып, жан - жақты педагогикалық өрісін табады.
Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған
өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы
мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен
өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар,
мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын
қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына:
аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет,
мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік
кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы
басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық
бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық
және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай
құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда
кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс - әрекеттерін
бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал,
мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды
пайдаланар еді.
Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу
процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті
болса, ертегілерді оқу іс - әрекетінде өз ретімен қолдана білсе
тәрбиеленушілерді жан - жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар
екенін айқындайды. Оқу іс - әрекеті барысында ертегі
кейіпкерлерінің жан - жақты мінез - құлықтарын айыра білу бойынша
жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін
жеткізеді.
Барлық оқу іс - әрекетінде ертегілерді
қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты
жүзеге асыруға болады. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік
ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке
құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі
болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.
Әсіресе адам өміріне байланысты іс - әрекет өткір сықақ - мысқылмен
беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала
жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа
құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала
санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей
байланысты. Бақшада ертегі оқу, сабақта және сабақтан тыс
уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай
жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі
қолданылады. Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру
қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге
төселдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге
үйретеді.
Ұрпақ тәрбиесі- ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұра. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»- деп ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, қай елдің болсын бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарымен сабақтасып жүзеге асады. Мәңгілік Ел болашағы – өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің қолында, сондықтан да олардың бойына жаңартылған білім мазмұны мен бірге ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды дарытып, қазақ халқының бай мұраларын бойларына сіңіре тәрбиелеу біздің міндетіміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз