Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мектепке дейінгі мекемеде бейнелеу өнерінде қолданылатын дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырып мақсаты: Балаларды дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеуге үйрете отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
-
Дәстүрден тыс бейнелеу түрлерімен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыру
-
Бейнелеу өнері туралы түсініктерін кеңейту
-
Өзіндік әрекет арқылы танымдық қабілеттерін дамыту
-
Алған біліктілік, іскерлігін өз бетінше жұмыс барысында қолдануға дағдыландыру
-
Әсемдікке, сұлулыққа баулу
Өзектілігі: Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Оқу іс-әрекеттерін дәстүрден тыс үрдісімен өткізу балалардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады.Сондай үрдістің бірі балаларды дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеуге үйрету. Оқу іс-әрекет жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Ал шығармашылық әрекет баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қоршаған ортадан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды.
Қазіргі уақытта еліміздің білім саласында бала бойында шығармашылық, икемділік, ерекше ойлау, шексіз қиялдау және күтпеген ерекше шешімдер қабылдау сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге негізгі көңіл бөлініп отыр.
Аталған қасиеттерді дамытуға бейнелеу өнері де өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Әр педагогтың жұмысында бастысы оқу іс-әрекет балаға жағымды әсер қалдыруы керек.
Балабақша табалдырығын жаңа атаған баланың нәзік саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. Сурет салудағы алғашқы сәтсіздік баланың көңілін түсіреді. Сондықтан баланың іс әрекеті сәтті болуы үшін жағдай жасау керек. Баланың өз күшіне сенімін арттырып, кішкентай суретшіліер болып қағазда түрлі туындылар салатынына сендірудің бірден бір жолы бейнелеудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері. Бала дәстүрден тыс әдіспен сурет салған 1-2 сабақтан соң келесі сабаққа келгенде «Бүгін немен сурет саламыз?»-деген сұрақпен, қызығушылықпен келеді.
Бала кез келген әрекет барысында ғана емес, тек дамытушы әрекет барысында дамиды. Егер бала үлкендердің көрсеткенін қайталап қана отырса, мұндай әрекет репродуктивті қалыпта болғандықтан нәтижесі төмен болады. Керсінше, егер бала әр түрлі, ылғи өзгеріп отыратын жағдайларға белсенділікпен шығармашылықпен, қызығушылықпен қатысса, ол үнемі дамиды. Мысалы, алақан, саусақ, табандарымен, әртүрлі таяқшалар, жіптер, мәсуек, далаппен сурет салуды қызық көреді. Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып, оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларлық сурет салуға қолдану-бұл сондай тамаша!
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерінің ішінде «көкеніс бастырмасы», жіп графикасы, бір басылымды сурет (монотипия), граттаж сияқты «сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға өте ұнайды. Мұндай сабақтарда олар «әрекет етеді», жаңа нәрсені туындатады, өз әректінің нәтижесін көреді. Баланың аталмыш әдістерімен жасаған жұмыстарының қайбірі де ерекше, бір-біріне ұқсамайтын әдемі, кез келген жоғары мақтау мен мадақтауға лайықты.
Кішкентай суретшімен бірге, оның әдемі шыққан жұмыстарына ерекше көңіл бөлуге болады.
Портфолио жинау
Арнайы көрме жасау
Баламен бірге суретке байланысты қысқа әңгімелер мен ертегілер құрастыру
Баланың қол жеткізген табысы туралы ата-анасына мақтаныш, сүйіспеншілікпен айту.Осының бәрі бала бойында табыстылық, жетістік сезімінің, өз-өзіне сенімділік пен сезімталдықтың дамуына әсер етеді және көркемдік-шығармашылық әрекетінің маңыздылығын айқындайды.
Бейнелеу өнері сабақтарында жұмыс екі негізгі бағытпен жүргізіледі.
Бірінші бағыт балаларды бейнелеу өнерінің құралдарымен жұмыс істеудің жаңа әдістерін үйретуге байланысты.
Екінші бағытбалалардың қиялын, елестетуін, тілін дамытуға байланысты.
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістеріне байланысты әрекет екі бағыттың мазмұнын қамтиды.
Біріншіден, мұндай сабақтардағы көркем шығармашылық іс-әрекет қуанышты көтеріңкі көңіл-күй тудырады, жағымды эмоциялық жағдайды қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, көркем-шығармашылық әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері сурет салу мүмкіндігін арттырумен бірге баланың шығармашылық қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін –барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдірішін балалардың өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады.
Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер
«Бастыру»
Әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу бала-бақша дәстүріне айналып келеді.
Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет саліға қолдану мүмкіншілігін ашады.
Бастыру үшін әр түрлі заттарды қолдануға болады:
-
Жапырақ, түрлі өсімдіктер;
-
Поролон,көкөністер,жүн;
-
Алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;
-
Текшелер, өшіргіш, қорапшалар, түймелер т.с.с.
Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала өз бетінше бастыру құралдарын (фломастер қақпағы, сынған ойыншықты ұсақ бөліктері, т.б.)
Іздеп тауып, үлкендерге көрсетеді.
Балаларды және үлкендерді мұндай заттарды сурет салуда қолдануға үйреткен жөн.
Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғышарты болып табылады.
Нүктелер арқылы сурет салу
Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекелеген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады.
Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері әр түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Бұл әдісті қолдануда суреттің сыртқы сызығын бормен, ал соңынан ішін түрлі-түсті нүктелермен толықтыруға болады. Педагаг контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады.
Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.
Мәсуекпен сурет салу
Мәсуекпен (тіс щеткасымен) сурет салу үшін:
-
Қағаздан түрлі жануарлар, адамдар, гүлдер мен ақшақар силуэтін қиып алу;
-
Оларды қағаз бетіне орналастыру;
-
Ескі мәсуекті алып, оны аздап сулап, құрғақ гуашь немесе майлы бояуды жағу қажет.
Осыдан кейін кез келген қатты затпен, қарындаш немесе балмұздақ таяқшасымен мәсуектің қылын ары-бері қозғап, қағазды түрлі-түсті бояуға толтыру керек. Әр түсті кезекпен қолданған жөн. Енді қағаз үлгіні (трафаретті) алып тастап, даяр суретті тамашалауға болады.
«Көкөністер» бастырмасы
Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе, көкөніс қалдығынан балалдың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі.
Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан түрлі пішіндер:
-
Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;
-
Штампты гуашьқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояқ жағу;
-
Қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру.
Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің эскизін жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады.
Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттер мен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы қеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын есінде сақтайды.
Тамшуырмен сурет салу
Тамшуырмен (пипеткамен) сурет салу балалрды бояумен эксперимент жүргізуін жалғастырады:
-
Кішкене көлемді алты шыны ыдыс алу, оның үшеуіне су құю;
-
Суға бояу қосу (қызыл, сары, көк);
-
Бос шыны ыдысқа қызыл және сары түсті суды құйып араластыру, бала қызыл сары бояудың пайда болуына куә болады.
Осылайша, өзге ыдыстарда қызыл мен көк, көк пен сары суды араластырады, нәтижесінде сия көк пен жасыл бояулар пайда болады. Содан кейін:
-
Резіңкесі жуан тамшуырмен ыдыстағы бояудан алып, ақ қағазға тамшы түсіруге немесе
-
Түрлі-түсті тамшыны қағазға тамызу (олар кеппей тұрғанда ерекше әдемі болады, бұл балалрға ұнайды)
-
Таяқша немесе ескі фломастер алып, сия тамшысынан әр жаққа толқынды жолдар салу, сондай-ақ бір тамшыдан екінші тамшыға дейін жолдар жүргізуге болады (ал, егер қағазды еңкейтсе, түрлі түсті су жүгіре жөнледі)
-
Түсті тамшыларды тамшуырмен сорып өзге орынға тасмалдауға, шеттерін түтікшемен әсем пішінге келтіруге болады.
Бұл баланың ұсақ қол қимылын, тыныс алу ағзаларын, тілін дамытады.
Жіппен сурет салу
Жүн немесе жартылай жүн жіптердің әр түстісін даярлап алу керек. Мұндай жіптерден әр түрлі қызықты бейнелер жасауға болады. Балалар түс үйлесімділігін табуға үйренеді. Жұмыстың ережесі :
-
Картоннан колемі 25х25 см экран әзірлеу;
-
Картонға бір түсті бархат қағаз немесе фланель жапсыру;
-
Фланель немесе бархат қағазға жүн жіптер тартылып, сұқ саусақтың көмегімен жапсырылады.
Бұл әдіс баланың қиялын, қолдың ұсақ қимылы мен тілін дамытады.
Шыныда сурет салу
Әйнекке сурет салу-балаларға өте қызықты әдістердің бірі, себебі, әйнектегі сурет бірнеше рет өшіріп, өзгертуге болады.Қолдану ережесі:
-
Әйнек кесіндісінің (терезе әйнегі де болады көлемі альбом парағындай, шетін жабысқақ лентамен жапсыру (қолды кесіп алмау үшін) немесе ағаш жақтаушаға қою;
-
Қажетті рең беру үшін әйнектің артқы жағына түрлі-түсті қағаз қою, бұл суреттің эмоционалдық әрін кіргізеді;
Содан кейін әйнекті сүртіп, оған субояқ, фломастер немесе түрлі-түсті борлармен сурет салуға болады.
Саусақпен сурет салу
Саусақпен сурет салу – алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі.
Бұл әді гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.
Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, порролонды қолдануға болады. Қолдану ережесі:
-
Бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
-
Әр саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен сүрту.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады.
Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.
«Саусақ кескіндемесі(живопись)» көмегімен орамалды әшекейлеу, аңдардың іздері, пейзаж суреттерін тамаша етіп бейнелеуге болады.
Поролонмен сурет салу
Поролонмен бастыру арқылы әр түрлі бейнелер салуға болады. Бұл үшін:
-
Поролоннан әр түрлі геометриялық пішіндер қиып алу;
-
Олардың жіңішке сым арқылы таяқша немесе қарындашқа бекіту;
-
«еңбек құралдарын» субояққа батырып алып бастыру әдісімен сурет салу (поролон тез жуылады).
Балалар түрлі сюжетті суреттер, натюморттар бейнелеуге мүмкіндік алады. Олармен бірлесіп геометрияның ғажайып әлеміне саяхат жасап, үйлер, ағаштар, жануарлар мен адамдарды геометриялық пішіндердің түсті бастырмасы арқылы бейнелеуге болады.
Поролонды қағазға түрткілеу арқылы сурет салуда қолдануға болады. Бұған қажетті құралды ескі қылқалам немесе кеуіп қалған фломастерден әзірлеп алу қажет. Бұл үшін:
-
Қылды 1мм етіп қию немесе фломастерден тығынды алып тастау;
-
Әр түрлі пішіндегі поролонды тесікке орналастыру;
-
Оларға субояқ жағып қағаз бетіне түсіру керек.
Балалар бұл әдісті суреттерді әшекейлеуге, жануарларды бейнелеуге, пейзаж – табиғат суретін салуда қолдануды ұнатады.
Үрлеу арқылы сурет салу
Түтікшемен сурет салу немесе суреттерді «үрлеу» - баларға өте ұнайтын әдістердің бірі, себебі, түрлі-түсті тамшылар баланың көз алдында өзгере бастайды. Бала бейнеге қарап, оның неге ұқсайтынын табады, қиялдай отырып суретті аяқтайды. Бұл үшін:
-
Коктейль түтішесін алып, оны дәл ортасынан бөлу;
-
Ақ қағазға бояудың бір тамшысын немесе бояудың екі түрін суға езіп, бір-біріне жақын етіп тамызу;
-
Әр түрлі бұтақшалар пайда болу үшін тамған бояудың дәл ортасынан сыртқа қарай әр түрлі бағытта үрлеу;
-
Сулы шүберектің ұшын бояуға малып, дөңгелектей отырып, бет-әлпеттің пішінін келтіру;
-
Суретті кептіріп, жіңішке қалқаламмен көз, мұрын, қас, ерінді салу.
Бұндай «сиқырлы» суреттерді салу бала бойындағы көркемдік қабілетті, қиялды, елестетуді дамытып, ауыз бұлшық еттері мен тыныс алу ағзаларын жаттықтырады.
«Сия тамшысы» графикасы
Сия тамшысы әдісінде балаларды қара және түрлі-түсті «сия тамшысын» түсіре білуге үйрету мақсаты көзделеді. Субояқтың, түрлі-түсті тушьтің түсін өзгертуге, жаңа тамшылар түсіруге, оларды қоршауға, аяқтап салуға, әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып, тамшының пішінін өзгертуге болады. Бала сия тамшысына қарап одан қандай бейне, зат немесе жеке бөлшектер көргенін ажыратады, ал бұл балалардың қиялы мен ойлануының дамуына әсер етеді.
Қолдану ережесі:
-
Сия тамшысын қағазға түсіру, неге ұқсайтынын табу, қосымша бөлшектерін бейнелеу;
-
Сия тамшысын қағазға түсіру, қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп субояқты ағызып бейне туғызу;
-
Қылқам көмегімен ұсақ тамшылар, содан соң кей жерлерге ірі және орташа тамшылар түсіру керек.
Бала алғашқыда қағаздағы тамшыны әр түрлі нәрсеге ұқсатуға тырысады, Қағазды ары-бері аударып көреді, ал соңынан тамшыны ойланып, қандай да бір бейнеге ұқсайтындай етіп түсіруге ұмтылады, шеттерін үрлеп «жөнге келтіреді», яғни «дақтан» бейне тудырады.
«Жіп» графикасы
Баллар «жіп» графикасы арқылы ерекше, «сиқырлы», «құпиялы» суреттер салуға тамаша мүмкіндік алады.
«Жіп» графикасы негізінде түсірілетін сиқырлы сызықтарды қылқаламмен, фломастермен немесе қарындашпен түсіру мүмкін емес.
Қажетті заттар:
-
А-3, А-4 форматты немесе картон қағаз, көлемінде 20х20 см болғаны дұрыс;
-
Ұзындығы 30-40 см болатын жіп;
-
Табақша немесе жалпақ ыдысқа құйылған езілген бояу;
-
Қатты қылқалам.
Жұмыс барысы:
-
Картон немесе қағазды бүктеу;
-
Жіптің 2/3 бөлігін қою бояуға батыру (қылқаламмен жіптегі артық бояуды түсіруге болады);
-
Бүктелген жіпті картон немесе қағаздың бір бөлігіне қою;
-
Оны екінші бөлігімен жабу;
-
Қағазды алақанмен үстелге басып тұрып, жіптің таа ұшынан ұстап ары-бері қозғау, соңынан суырып алу.
Бұдан аралас бейне пайда болады, балалар оларды қарап, қоршап, қосымша бөліктермен толықтырып аяқтайды.Жануарлар мен адамдардың, пейзаждар мен нәзік гүл шоқтарының бейнесі шығады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізген жөн, сонда олар пайда болған бейненің ерекшеліктерін дэл таба алады және дұрыс ат қояды. Мұндай ақыл-ой мен тіл және бейнелеу өнері қамтылған іс-әрекет баланы интелектуалдық тұрғыдан дамытады.
«Дақ» графикасы
Бұл әдіс түспен эксперимент жасауға, суретті өз қалауы бойынша аяқтауға мүмкіндік тудыратындықтан бала үшін өте қызықты болып табылады.
Бұл үшін:
-
Қағазды екіге бүктеу;
-
Оның бір бөлігіне субояқтан ашық түсті дақ түсіру;
-
Қайтадан қағазды бүктеп, үстінен қолмен сипау (субояқ кеппей тұрғанда) керек.
Ашып қарағанда симметриялық бейне пайда болады. Енді тек қандай затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін толықтырсақ болғаны.
Мұндай суретті целлофан көмегімен де түсіруге болады:
-
Дымқыл қағазға субояқ дағын түсіру (түстерді бір-біріне араластыра түсіруге болады);
-
Субояққа гүл, жапырақ, шөптер қоюға болады;
-
Полиэтилен қапшықпен жабу (оның көлемі қағаздан үлкен болуы керек және ауа көпіршігін қалдыруға болады).
Целлофан кепкен соң бейнені жеке сурет ретінда қолданады немесе ұжымдық жұмыс етіп біріктіреді.
Балалар «сиқырлы дақтарды» (пайда болған бейнені) атайды және түрлі оқиғалар ойлап табады.
Мұндай сабақтар баланың қиялын, тілін дамытады.
Бір басылымды сурет
Бір басылымды сурет (монотипия) – бұл целлофан немесе әйнекте бейнеленіп, соңынан қағазға көшірілетін сурет.
Бір басылымды сурет әдісімен салынған бейнелер балаға ғана емес, сондай-ақ оның ата-анасына да қуаныш сыйлайды.
Әдіс:
-
Целлофан немесе органикалық әйнек кесіндісіне субояқ жағу;
-
Жұмсақ целлофан бетінде қылқалам, мақта оралған сіріңке немесе саусаққа бояу жағып сурет салу (бояу қою және ашық түсті болғаны жөн);
-
Бояуды кеппей тұрып, целлофанға ақ қағазды беттестіріп қойып, қолмен сипау;
-
Қағазды көтеру.
Кейде бейне целлофанда, кейде қаағз бетінде қалады. Түсірілген бояу көлем мен оны сипау бағытына қарай әр түрлі бейнелер пайда болады.
Салют
Балалар «салют» деген жалғыз ауыз сөздің өзін естігенде қуаныш сезімін бастан кешіреді, ал оны қағазға бейнелеуге деген ұсынысты бірден қабыл алатыны сөзсіз. Бұл үшін:
-
Майлы бояуға (акварель) жуан қылқаламды батыру;
-
Оны қағазбен параллель бағытта ұстау;
-
Қылқаламды қағаз үстінде ары-бері жылжыта отырып, қарындаш немесе таяқшамен ақырын қағу.
Қағазға «түрлі-түсті от» тамшылайды. Бояу түсуін ауыстырып отыруға болады.Күндізгі «салюттің» әдемі бейнесі пайда болады.Түнгі «салютті» бейнелеу үшін:
-
Қағазға майлы пастельмен түрлі-түсті отты бейнелеу;
-
Бетті қара майлы юояумен бояу керек.
Пастельдің үстінен бояу жұқпайды, сондықтан бұл түрлі-түсті тамшының «сиқырлы» бейнесі балаға қатты ұнайды
Граттаж
Граттаж – бұл тырнау әдісі ( «граттаж» француз тілінен аударғанда grater – тырнау).
Балаға негізінен, жұмысқа даяр қағаз беріледі, алайда ересек жастағы балаға граттажға қағазды өз қолымен даярлау әр кезде қызықты болып табылады.Бұл үшін:
-
Қалың қағазға балаусыз немесе сабын жағу;
-
Үстінен жалпақ қылқаламмен қою бояу жағу;
-
Балаусыз жағылған қағазды бірнеше рет бояу керек.
Егер қағазға бояу жақсы сіңбесе, оған бірнеше тамшы сусабын (шампунь) қосу керек. Егер балаусыз немесе сабынды алдын ала боялған қағазға жақса, онда түрлі-түсті сурет пайда болады. Бояу кепкен соң ағаш таяқшамен, қалақшамен тырнап сурет салады.
Жұмыс алдында бала қандай «материалмен» жұмыс істейтінін білу үшін байқау парағы беріледі.
Балауызбен сурет салу
Балауызбен салынған сурет біріншіден көрінбейді, тек қағаздың бетінде түрлі – түсті бояулар жағылған соң, бейне пайда болады. Жұмыстың барысы:
-
Балауыз шаммен ақ қағазға сурет салу ( шырша, үй, балық, құс, жануарлар бейнесі);
-
Қылқаламмен, мақта немесе поролонмен бейненің үстінен бастыра бояу;
-
Суретке реңді тадау;
-
Парақты екіге бүктеп, екінші бөлігінде суреттің көшірмесі шыққанша қолмен ақырын сипау.
Балалар парақты ашып қарап, суреттің көшірмесі пайда болғанын көреді. Мысалы, теңіздің бетіндегі күн немесе тоғандағы ағаш бейнесі.
Далаппен сурет салу
Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады (бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қоюы керек).
Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте, косметика қолдануға тыйым салынатындықтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.
Өсімдіктермен бастыру әдісі
Гүлдер, шөптер, бұтақшалар, ағаштардың жапырақтары аталмыш әдіске қолдануға жарамды болып табылады.Әсіресе, жазғы уықытта табиғаттан бастыру құралдарын көптеп жинастыруға болады.
Бұл ретте реңді таңдап алу үлкен маңызға ие, себебі, түсті қағазда жапырақтар,өсімдіктер, олардың шеттері, өзек сызықтары анық көрінеді.
Гүлдер, шөптер, жапырақтар қыздырылған үтік арқылы немесе кітаптың арасына салынып кептіріледі (ең бастысы, қатты үгітіліп кетпеуі керек).
Өсімдікті:
-
Ескі газет бетіне орналастыру;
-
Оны гуашьпен бояу;
-
Бояуы бар жағымен даярланған реңге орналастыру;
-
Үстінде парақ қойып, қолмен жеке бастыру керек, бояу кеуіп кетпес үшін жұмыстың тез орындалғаны жөн.
Бастыру әдісі арқылы балалар ғажайып суреттер салады, гербарий жасап үлкендердің көмегімен әр өсімдіктің атын үлкен етіп баспа әріптермен жазады.
Жеке үлпілдек бұтақшалармен де суреттер салуға болады. Бұл, әсіресе, аңдарды бейнелеуде қолдануға ыңғайлы, олардың жүндері суретте ерекше қопсып көрінеді.Бұл әдісте бояу сұйықтау болғаны дұрыс.
Балалар таныс заттың өздері білмейтін қыры мен сырын ашқандарына және сурет салудың нәтижелі болғанына ерекше шаттанады.
Ашық сабақтар
Оқу іс-әрекет ақырыбы: Өрнек
Мақсаты: Үшбұрыштас пішінге өрнек түсіруге үйрету.
Міндеттері:Шығармашылық қиялдарын дамыта отырып, өрнектеу дағдыларын жетілдіру; дәстүрден тыс әдіс арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру; әсемдікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ширма, қуыршақ-ханзада, ат, тауыс құсының аяқталмаған суреті, поролон, шөлмек қақпақтары, мақталы таяқшалар, гуашь, үшбұрыштас пішінді қағаздар.
Әрекет кезендері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы Іздену Ұйымдастырушы Жұмыс барысы |
«Егерде мен...» ойынын ұйымдастыру. Мақсаты: Балалардың ой-қиялын дамыту. -Сендер қазір ертегілер еліне тап болдыңдар. Ертегіде мейірімді және зұлым сиқыршы кездеседі. Егер сендерге зұлым сиқыршы кезігіп сендерді кіп-кішкентай балаға айналдырып жіберсе не істер едіңдер? Ал үлкен дәу адамға айналдырса ше? Сендерге қандай болған ұнайды, неге? Ойынды қортындылау. |
Балалар тым кішкентай, тым үлкен болудың жақсы жақтары мен жаман жақтарын ашып айтудағы ықтимал жауаптары: -Егер де мен кіп-кішкентай болсам барлық жерден кедергісіз өтіп кетуші едім, аз тамақ ішуші едім; -байқамай біреу басып кетуі мүмкін; -маса не қоңыз жеп қоюы мүмкін -Егерде мен тым үлкен болса ешкімнен қорықпас едім, басқа қалаларға көліксіз барар едім. -киім сыймайды, көп тамақ керек т.б Балалар ханзаданың басынан кешкен оқиғасын мұқият тыңдап, ойланып мәселені шешу жолын ортаға салып ойларын айтады: қылқаламмен қарындаштың орнына таяқша, жапырақ ,мақта, ши қолдану Суретті ұшақ, тікұшақ, желмен, үрлеу арқалы, әуе шарларымен ұшыруға болатындарын айтады. Қортынды шешім: әуе шарларымен ұшыруға тоқталады. Бейнелеу құралдары орналасқан үстелге жайғасып, үлгі суретке байқау жүргізіп орындалу ретін тыңдайды. Өздері өрнектеген пішіндерді естеріне түсіріп, қауырсынды өрнектеудегі өз ойларын айтады. Таратылған үшбұрыштас пішінге поролон, шөлмек қақпақтары, мақталы таяқшалар арқалы гуашь бояуымен шығармашылықтарына сүйене отырып қиялдарынан өрнек түсіреді. Бояуы кепкен қауырсынды Тауыс құсының суретіне (қалташаларына салып) орналастырады. Тауыс құсын тамашалайды, әр қауырсыны бір –біріне ұқсамайтын ерекше екенін көрсетіп айтады. Хан тапсырмасының орындалуын көмектері тигендеріне өздерінің қуанышты екендерін білдіреді. Ханзадамен қоштасады. |
Ширма сыртынан аттың тұяғының дыбысы естіледі. Ширманы ашып келген қонақ-ханзадамен таныстыру. Ханзададан неге көңілсіз екенін сұрау. Ханзада әкесінің хан тәжіне ие болудағы берген 3 тапсырмасының 2-уін орындағанын айтады. Ханзаданың әңгімесін тыңдап талқылау. Балалардан ханзаданың әкесінің берген 3-ші тапсырмасын орындауға көмектесулерін сұрау. Тауыс құсының аяқталмаған суретін көрсету. Мәселені шештіру: Тауыстың құйрық қауырсындары бір біріне ұқсамайтын қарындашсыз, қылқаламсыз салынған өрнектен болуы керек және салынған сурет патша сарайына өзі ұшып баруы керек. Балаларды бейнелеу құралдары даярланған үстелге жайғастыру. Тауыс құсының ханзада салған қауырсынын үлгі ретінде қолданып жұмыс жолын көрсетіп, түсіндіру. Өрнектеудің ережесін естеріне салу. Көмек қажет еткен балаға жекелей бағыт бағдар беру. Сергіту сәтін балалардың көңіл күйіне қарай өткізу: « Ақ түс аспан белгісі...» |
||
Рефлексивті түзетуші |
Балаларға Тауыс құсының өрнекті қауырсындары арқылы қандай әсем құсқа айналғанын айтып тамашалату. Ханзадаға жасаған жақсылықтарын, өрнектеудегі жетістіктерін айтып мадақтау. Ханзаданың мадақтауы мен алғысы, қош айтысуы |
Оқу іс-әрекет тақырыбы:Ертегілік сарай
Мақсаты: Дәстүрден тыс граттаж әдіс арқылы сурет салу дағдыларын жетілдіру Үй, мекен жайлы түсініктерін кеңейтіп, көлемді үйдің суретін салуға үйретуді жалғастыру, Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сөздік қорларын молайтып, қол икемділіктерін шынықтыру;үлкеннің еңбегін қадірлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Сарайларды бейнелеудің үлгі суреті; үшкір таяқшалар; қара түске боялған картондар; ойынға арналған түрлі-түсті дөңгелек картондар; аудиожазба.
Пәнаралық байланыс: айналаман таныстыру; тіл дамыту
Алдын ала жұмыс: Ғимараттар мен сәулет түрлерін байқату, сәулетші, құрылысшы, сылақшы мамандықтары туралы түсінік беру
Іс-әрекет түрлері |
Педагогтың әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық оятушы Ұйымдастыру ізденушілік Сөздік жұмысы Жұмыс барысы Рефлексия-түзетуші |
«Қандай түстер қосылды» ойынын ұйымдастыру Мақсаты:Өткенді қайталап білімдерін бекіту Шарты:тақтада қосымша түстер ілінген Балалар қосымша түс қандай негізгі түстерден шыққанын тауып,дөңгелек картондарды берліген түстің астына бекітеді. Ойындықортындылау. «Бұл кім, үйі қайда?» ойынын ұйымдастыру Мақсаты:Үй, мекен туралы түсініктерін кеңейту. Шарты:Таспаға жазылған мультфильм үзінділерінң дыбысынан кейіпкерлерін дауысынан танып атайды. Суреттен мекендейтін жерін не үйін ажыратып көрсетеді. Ойынды қортындылай отырып құрылыс жайлы әңгімеге ұластыру. Балалар біздер яғни адамдар тұратын үйлерді кімдер тұрғызады? сәулетші-архитектор, жоба-проект, құрылысшы-строитель, сылақшы-моляр сөздерін қайталау Ең әсем сәулетті үйлерді қайда кездестіреміз.Сәулетті үйлер мен сарайлардың суреттерін көрсету.Алдына ала жұмысты естеріне түсіру, ертегідегі патша сарайлары қандай болады. Ғимараттардың күндізгі және түнгі көрінісін салыстыру. Астанадағы ханшатыры-күндізігі және түнгі көрінісі Ендеше суретіміз әдемі сәулетіміз әсем шығу түнгі көріністе суреттейік, ол үшін граттаж тәсілімен сурет саламыз. Тырнау арқылы бейнелеудің ережесін естеріне түсіру. Балаларды білім іскерлік деңгейіне қарай бөлу. -Сылақшылар дайын сарайлардың терезе есіктерін істейді, бояйды. -Құрылысшылар жобаға (үлгі-суретке) сүйене отырып сарайды бейнелейді. -Сәулетшілер өз ойларынан жаңа сарай жобалап, бейнелейді. Балаларға өз жұмыстарын талдатып, бағалату. Кемшіліктерін атау,жетістіктерін айтып, мадақтау, үлгі ету. - Балалар бүгін үйлерді яғни сарайларды қандай тәсілмен бейнеледік?. -Келесіде үй салғанда тағы қандай әдіспен бейнелегілерің келеді? |
Берілген қосымша түстер негізіндегі түстерді тауып тақтаға іледі, дәлелдейді. Кейіпкерді дауысынан танып суреттен оның мекенін(ұясы,іні,апаны,үйі)тауыпкөрсетеді. Балалар құрылыс жайлы өздері білетіндерін ортаға салады. Үйді кімдер тұрғызатыны туралы айтып,құрылысшы, сәулетші, сылақшы мамандықтарына сипаттама береді. Сөздерді қайталап, дұрыс айтуға жаттығып,есте сақтайды. Балалардың ықтимал жауаптары: Астанада мультфильмдерде, Павлодарда, Алматыда, ертегілерде т.б Суреттер бойынша өз ойларын ортға салады Граттаж тәсілімен сурет ережесін естеріне түсіреді. Үш негізгі түс арқылы үш үстелге бөлініп отырады. Әр үстел өз мамандығы бойынша жұмыс жасап, тапсырмаларды орындайды. Өз жұмыстарын бағалайды. Граттаж-тырнау әдісі Өз тілектерін білдіреді. |