Кіріспе
Жоба жұмысының
тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемелерде тіл дамыту
жұмыстарының тиімділігін арттыру»
Жобаның өзектілігі: Сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік бала себебі, тілді дамыта оқыту - жақсы үлгілердің алғышарты. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан жобада сөз ететін мектепке дейінгі мекемелердегі тіл дамыту жұмысына шолу жасап тоқтала өтсек, өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де тілді оқытуды негізгі мақсат ете отырып, мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек біздің жұмысымыздың өзектілігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді.
Жобаның теориялық негіздері:
-қазақ тілі, тіл дамыту сабақтарында тіл
дамыту жұмыстары ретінде;
-болашақ ұстаздар педагогикалық
іс-тәжірибеден өтіп жатқан кезде қосымша көмекші әдістемелік құрал
ретінде пайдалана алады.
Жобаның
мақсаты:Мектепке дейінгі мекемелерде
тіл дамыту жұмыстарын бір ретке келтіріп, жұмыстың әлдеқайда тиімді
жолдарын топтап алу
Жобаның
міндеттері: Аталған мақсатты жүзеге асыру
үшін:
- тіл дамыту жұмыстарының тиімділігін
айқындау.
- тіл дамыту арқылы бала қасиеттерінің ашылуына,өз күшіне сене білуіне, қалыптасуына мүмкіндік туғызу.
- бала тілін дамытудағы тәрбиелік мәнін ашу;
Жобалау объектісі: Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеу заты: Тіл дамыту жұмыстары
Зерттеу әдісі:
- педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау;
- тәрбиеші-педагогтардың озық іс-тәжірибелерімен танысып,зерттеу, байқау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу;
- әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін қолдану;
- әңгеме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
- педагогикалық эсперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау.
Жобаның ғылыми болжамы:Мектепке дейінгі мекемеде балалардың тілді үйренуге қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Теориялық және практикалық маңызы: Педагогикалық журналдарға әдістемелік жұмыс ретінде ұсынуға болады, мектеп басшысының нысанына алуын қарастыру, болашақ ұстаздарға дәріс ретінде ( талдап, оқуға) семинарларға ұсынуға болады.
Жобаның құрылымы: жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тіл дамыту мәселесіне теориялық шолу
1.1. Тіл дамыту ұғымы
Тіл дамыту – сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылы жазылған әдістемелік еңбектерден бастап ене бастаған. Ертеректе шыққан оқулықтар мен әдістемелік құралдарда «тіл ширату..», «сөз байлығын арттыру» деп әркім өзінше пайдаланып жүрген.
Тіл дамытуда бала ауызекі сөйлеуді пайдалана бастайды, сөздің мағынасын түсініп, грамматика ережелерін, көптеген мәдениеттерді меңгереді, уақыт өте келе оқуға және жазуға үйренеді.
Тілді дамыту екі түрлі жолмен жүреді.
![]()
Пассивті сөйлеу Активті немесе белсенді сөйлеу
Пассивті сөйлеу – бұл айтылған немесе жазылған сөздер мен сөйлемдерді түсіну. Ал белсенді сөйлеу термині тұлғаның жазған сөзі мен сөйлемін айту, яғни ауызша немесе жазбаша сөйлеуді білдіреді.
Мысал келтіре кетсек, отбасындағы баланың пассивті сөздік қорындағы алғашқы сөздер мыналар: «мама», «папа», баланың өз есімі, «ку-ку», «бер», «жеймін» және «жоқ». 8 айлығында балалар бұл сөздерді түсіне бастайды. Балалардың белсенді сөздерінің алғашқысы «мама», «папа», «сау бол» «ай-ай-ай» болып келеді. Көптеген балалар бұл сөздерді 14 айлығына қарай айта бастайды. Сөзді түсінудің дамуы мен оны айта білуі бір мезгілде жүреді, бірақ кейде түсінудің дамуы белсенді сөйлеуден біршама алда дамиды. Мысалы, анасы 14 айлық балаға: «Асханаға барып, тоқаш алып кел» десе, сәби печеньені алып келеді, бірақ өзі бұндай ұзақ сөйлемді де, «тоқаш алып кел» деген сөз тіркесін де айта алмайды. Адамның бүкіл өмір жолында оның пассивтік сөздік қоры белсендіге қарағанда көлемі жағынан үлкен болып келеді, себебі біз өз қолданысымыздағыдан да көп сөз білеміз.
Сөйлеуге дейінгі кезең. Сөйлеу жаңа туылған сәбидің іңгалап жылауынан басталады. Содан кейін сәби түрлі айқай мен жылау жүйесін, басқа да қарым-қатынаста тіл табысу құралдарын ойлап табады, оны бала туылғаннан кейінгі бірнеше айлар бойы анасы мен балаға қамқорлық жасайтын ересектер түсініп, ажырата алады. 6 апта толғанда бала гуілдей бастайды.
Сонымен қатар олардың дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алатыны да байқалды. Алайда шала туылған балаларға жүргізілген заманауй зерттеулер жүктіліктің үшінші жартысында құрсақтағы сәбидің бірнеше тіл дыбыстарын ажырата алатынын көрсетті.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиеші-ұстазмен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-ұстаз-педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп баласы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші-ұстаз - педагог - мектепалды жастағы балалардың сөйлеу тілін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipгi таңда мектеп балаларының тілін дамыту, сөздік қорын арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.
1.2. Тіл дамыту мәселесінің зерттелуі жайында
Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:
-Қазақтың дара ұстазы, ұлы перзенті – Ыбырай Алтынсарин. Алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғалым – Ахмет Байтұрсынов. Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу, балаларын оқытып, білім алу үшін, “Жарғақ құлағы жастыққа тимей” еңбек еткен, мектеп ашып, оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин.
Халық арасындағы аңыз әңгімелер, қара өлең үлгілері, мақалдары автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралында Ыбырай Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ тілінің тазалығы мен сөздігінің дұрыс қолдануына да қатты мән бергенін байқауға болады.
Ахмет Байтұрсынов өзінің «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы?» атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, балаларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін тыс қалдырмады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов алғаш рет Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7 басылым жарық көрген “Оқу құралы” әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты балаларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерінде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге дейін қолданылуда.
Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К.Б.Баркин, Н.М. Соколов, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева өз еңбектерінде қарастырған.
Тіл дамыту мәселесіне үлес қосқандар орыс ғалымдары: П.П.Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И. Жинкин; қазақ ойшылдары: Т. Шонанұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев.
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып балаларының тілін дамыту мәселелері М.Жұбанова, С.Рахметова, К.Бозжанова, Б.Баймұратова, Р.Әміров, Т.Әбдікәрімованың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістерін зерттеуде Қ.Жұбанов, Г.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев тіл дамыту, сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмысының әдістерін арнайы зерттеу обьектілері ретінде таңдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өткен.
1930 жылы Мұхтар Әуезов жасаған қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасында:
- “Оқуға жаттығу”
- “Жазу тілінде жаттығу”
- “Сөйлеу тілінде жаттығу”
деген арнайы түсініктер бере келе, тіл дамыту жұмысының жүйелілігі мен сабақтастығына баса назар аударылды.
Болашақ ұрпақтың тілін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Тіл дамытудың бұл acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6-7 жастағы баланы тіл дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубинштейн, Д.П. Годовикова, Т.А. Куликова, А.И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың сөйлей білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған.
2. Тіл дамытудың практикалық негіздері
2.1Тіл дамыту жұмыстарының ерекшеліктері
Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай төрт бағытта жүргізіледі: бірі – мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөлшеріне үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Демек, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.
Міне, тіл дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе айналасында қарастырылып іске асырылды.
Сөз тіркесі, сөйлемді құрату жұмысы да барлық грамматикалық тақырыптарды оқытумен орай іске асырылды. Мысалы, “Синтаксис және пунктуация”, “Сөйлем мүшелері”, “Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері” тақырыптың оқытумен байланысты қарастырған жөн.
Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика – стилистикалық бағытта ұйымдастырады.
Дайын мәтін ала отырып, оған грамматика – стилистикалық талдау жасауына болады.Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателер барын немесе қандай ерекшелікпен (сөзді қолданудағы) көрінетіндігін байқатады.
Оқушылырғамынадай жұмыстар орындату тиімді: сөз тіркестері арқылы сөйлем құрату, жай сөйлемді жалпылама сөйлемге айналдыру, аяқталмаған сөйлемді аяқтау, диалогты сөйлем құрату, әңгімені аяқтау, белгіліт аныс тақырыптар бойынша бір-бірінің жұмысын реакциялату тағы басқа – осындайжүйеліжүргізілгенжұмыстаар қылы оқушы дұрыс сөйлем құрастыруға бейімделеді.
Оқушы сөз тіркесімен сөйлемнің түрі және мазмұны арасындағы байланысты меңгеруге тиісті.
Яғни, сөзтіркесі сөйлемге қажетті құрылыс материалы ретінде қаралса, сөйлемсинтаксистің негізгі бірлігі ретінде қаралатындығын ұқтыру қажет. Мысалы, сөзтіркесінде “қоңыр” деген сын есімнің мағынасындағы өзгерісті, оның тура және ауыспалы мағынада тұрғандығын талдау жасау арқылы түсіндіріп отыру пайдалы: қоңыркүз, қоңыр мата, қоңырбояу, қоңырдауыс. Оқушыға “қоңыр бояу, қоңыр мата” деген сөздің тура мағынада айтылып тұрғандығын, ал “қоңыр дауыс, қоңыр күз” деген сөз тіркес терінің ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын салыстыру арқылы түсінік беріледі. Оқушы тілдің осындай нәзік құбылыстарын байқау арқылы ана тілінің қыр-сырын біле түсуге құмартады. Мұғалім алдымен сөз тіркесі және сөйлемнің өзара құрылымдық айырмашылығының неде екендігіне оқушы көзін жеткізу қажет. Демек, сөз тіркесі категориясының лексикамен, морфологиямен тығыз байланысты екендігін, сондай-ақ сөзтіркесі лексика мен морфологияны синтаксиспен тығыз байланыстыратын синтаксистік категория екендігіне басты назар аударылады. Мұның лексикамен тығыз байланыстылығы құрамына енген сөздердің толық лексикалық мағынаға ие болуы және бір-бірімен байланыста айтылатындай тіркесімдік қабілеті болуы шарт екендігінен көрінсе, морфологиямен байланыстылығы, сөз бен сөз белгілері бір қосымша арқылы, яғни сөз тұлғасы арқылы байланысатынынан, екінші жағынан, белгілі бір сөз табынан негізінен сөз тіркесі жасалатындығынан байқалады. Ал байланысқа түскен сөздердің грамматикалық қарым-қатынасы, лексико-грамматикалық деп те, синтаксистік қарым-қатынас деп те аталады.
Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық қағидасы да басты орыналады. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естиді, тыңдайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдаутағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді.
Сондай-ақауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамда ссөйлем түрлерін қолдана бермейді.
Ал жазбаша сөйлеу – графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлем түрімен де бере алады. Демек, жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, қоснүкте, үтір, сызықша, тырнақша, леп белгісі, сұрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік құралдарды пайдаланады.Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс ,жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді.
Тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу қағидасы да ерекше орын алады.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамыту да грамматикалық ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар. Демек, мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы қажет.
Тіл дамыту жұмысын стилистикамен байланысты жүргізу қағидасы да басты орын алады. Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы, фонетиканы оқыту мен тығыз байланыста жүргізіледі.
Стильдің түрлерін жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық құрылысын, яғни сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажыратып, күрделі сөз тіркесінің құрамын негізгі және көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс, сауатты жазуға дағды алатын болады.
Синтаксисті оқу барысында түрлі синтаксистік конструкцияларды меңгеріп, сөз тіркесі мен сөйлем ішіндегі сөздерді тұлғалық формаларына қарай таңдап қолдануға дағдыланатын болады.
Мұғалім оқулықтағы жаттығулардан, дидактикалық материалдар жинағындағы мәтіндерден стильмен жұмыс істеудің жолдарын көрсетіп отырады.
Қорыта айтқанда, тіл дамыту сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоғарыдағы айтылған қағидаларды ескере отырып ұйымдастыру пайдалы.
2.2 Тіл дамытудағы ойын түрлерін топтастыру
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Жоба жұмысын жазу барысында тіл дамытуда қолданылатын ойындардың түрлерін жинақталып, оларды өзара мағыналық түрлеріне қарай жеке жеке топтастырылды. Соның бірі-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Бала бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын молайтуға білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше. Баланың тілі дамыған сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бipi- ұлт ойындары.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егежей-тегежейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес ,бала отбасы тәрбие және өзін коршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал.
Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалаған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойының ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.
Тіл дамытуда - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бip түpi ол-дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта- ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
a) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге
қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім,
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы керсетілген сұраныстардың ішінде балалардың тілін дамытуда ойынның маңызы зор. Дамытушы ойындардың ішінде балалардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше.
Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, балалар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
2.3Тіл дамыту сабағымен байланыстыру
Тіл дамытудың өнімді бір жолы ретінде пәнаралық байланыстың, біртұтас үрдіс ретінде қарастырылғанның маңызы зор. Олардан берілетін білімді бір – бірімен сабақтастыра, байланыстыра жүргізу, сауаттылыққа, сөйлеу мәдениетіне, осы екі пәннен біртұтас терең білім алуға жетелейді. Тіл дамыту тек қана баланың сөздік қорының молаюы ғана емес, шебер, мәнерлі сөйлеуге, әдеби тілде ойын жатық жеткізуге де баулу болып табылады. Осы мақсатта қазақ тілі мен тіл дамытуды байланыстыра отырып, балаларға танымдық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар жүргізуге болады.
Қазақ тілі мен тіл дамыту сабағында түрлі дидактикалық, грамматикалық ойын жаттығуларының түрлері мен әдістері – сабақтың сапасын арттыруды, балалардың белсенділігін күшейтеді. Тіл дамыту сабағында да дидактикалық оқу ойындарының алатын орны ерекше. Ол ешқашан формальды, жаттанды түрде өтпейді.
«Оң қол, сол қол» ойынын сабақты өткеннен кейін пысықтау үшін қолдануға болады. Зат есім мен есімдікті айыру үшін немесе тұрлаулы, тұрлаусызмүшені ажырата алу үшін өткізу керек. Зат есім болса «оң» қолдарын, етістік болса «сол» қолдарын көтеру керек. Мысалы: Дана, ол, өнеркәсіп, білім, ешкім, кітап, өзінің т.б.
«Танып, есіңе сақта» ойыны. Тақтаға бірнеше сөз не суреті ілінеді. Балаларға есте сақтаған сөздерді қатесіз әрі әдемі жазу тапсырылады.
«Тізбектен шығып қалма» Бастаушы берілген сөздің соңғы буынынан басталатын сөздер тауып, тізбектеп айту керек. Бұл ойынды қатермен ойнатуға болады. Ол үшін алынған бірінші сөздің соңғы буынынан басқа бір сөз басталатындай етіп ойландыру қажет. Мысалы: кітап – таптыр – тырна – нағашы – шығарма; маса – сана – найза т.б.
«Сөз құрау» ойыны. Ойын мазмұны: Суреті бар қағаздарды құрастырады. Қағазда жеміс, аң, өсімдік, қимыл атаулары т.б.суреттері болады. Құрастырып шығарған суреттердің атауын табады және сол сөзден сөздер құрайды. Мысалы: «арыстан» сөзінен ата, сан тыс, нар, тары т..б.сияқты сөздер шығады. Ең көп сөз жазған (7 әріпті сөзден ең аз 7 сөз тапқан) адам жеңеді.
«Түсті тап» ойыны
Ойын мазмұны: Қағазға түстің аттары жазылады. Бірақ «қызыл» көкпен, «жасыл» сөзін сарымен т.б бояу керек. Егер ойыншы барлық сөздің түсін шатаспай айтып берсе, жеңеді. Ойыншы тез оқу керек. Ол үшін 30 секунд (20 – 25с) беруге болады.
Тіл дамыту сабағында танымдық ойындарды қолдану, қазақ тілі сабағы сияқты жақсы нәтиже беруде. Танымдық ойындар сынып балаларын ұйымшылдыққа, ойын жүйелі түрде жеткізуге, тілдерін дамытуға, сабаққа деген қызығушылықты оятып, теориялық та, практикалық та білім алуға жетелейді. Сонымен қатар, тіл дамыту сабағын беретін тәрбиеші-ұстаз педагогпен мемлекеттік тілді үйрену жұмыстарын бірлесе мақсат етіп қойсақ, қазақ тілін үйрену одан да ыңғайлы, әрі жеңіл болары сөзсіз. Әрі өзге ұлтты тәрбиеші-ұстазге де балалармен бірге ілеспі, қазақ тілінің грамматикалық тұстарын меңгеру оңайға түсер еді.
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаңы табатын өнер» деп Ж. Аймауытов өткен ғасырда айтқан екен. Сол айтқандай ұстаз өміріне күнделікті сабақты өткізкуде қиыннан қиыстырып, бала жүрегінен жол таба білу керек.
3. Тіл дамыту жолдарын топтастыру
Бүкіл оқыту барысында баланың тілін дамытып, сөз байлығын арттыру- ең маңызды жұмыстардың бірі.
Балалардың ана тілін ғылым ретінде танып, оның білім алу мен еңбек етудегі күнделікті қарым- қатынастағы практикалық маңызын түсінуге бағыттаса, мемлекеттік тілді меңгеруі өсіп келе жатқан мемлекетіміздің гүлденуі жолында зор үлес қосуға жол ашады, тіл мәдениетін меңгеруге тәрбиелейді. Тіл мәдиниеті сөздерді айтылар ойға сәйкес дұрыс әлі бейнелі қолдануды, сөйлемді жатық, грамматикалық ережелерге сай құруды, сөз бен сөйлемді дұрыс айтуды, ойдың логикалық тұрғыдан аңық айтылуы, сөйлеуде, жазуда әдеби тіл нормасынан құбылыстарға тіл шұбарлауға жол бермеуді талап етеді.
Шәкірттерге тілдің қоғамдық рөлін әр алуан қыр- сырларын танытуға ұмтылу тілдік фактілермен, мәтіндермен жұмыс жүргізу, тілден түрлі құбылыстарды байқау жалпы сауаттылық дағдысын қалыптастыруға, тіл мәдениетін бағалауға ықпал етеді.
Сонымен, мұғалімнің кәсіби құзыретілігі үш өзара байланысты құрамдас бөліктен: кәсіби білім, кәсіби дағды, мұғалімнің тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттерден құралып, педагогикалық қызметте іске асады. Осы үш құрамдас бөлік мұғалімнің тұлғалық дамуына біртұтас міндетпен біріккен. Сонымен қатар, олар бір-бірін қайталамайды, күрделі диалектикалық қарым-қатынасқа түседі, әр құрамдас бөлік педагогикалық қызмет үрдісінде бірде алғышарт, бірде тәсіл, бірде даму нәтижесі болып табылады.
Сонымен төменде тіл дамыту жұмысын тиімді арттыру үшін тілді оқытудың бірнеше жолдары қарастырылып, топтастырылды:
А) сөздік жұмысын жүргізу арқылы
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиеші-ұстаздың:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші-ұстаз үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты.Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші-ұстаз бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Ә) Ойын арқылы
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші-ұстаз өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші-ұстаз балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Б) ауыз әдебиеті арқылы
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиеші-ұстазлердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда.
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына мемлекеттік тілге деген деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз...
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
В) Ұсақ моториканы дамыту арқылы
Балабақшадағы тілді оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған,өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек , мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы,мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.
Ойындардың негізгі мақсаты балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға ,икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан,әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық-саусақ ойыны.
Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануаларды, құрастырды,ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейді дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан,бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен,тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады.Сонымне қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып ,өзі ағыту,бауын байлау,т.б.Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға,үйренудің маңыздысы болып саналады.
Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген«қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Осы жұмыстың бұл тарауында бірнеше саусақ ойындарын атап, оның маңызын жазып өтуді жөн көрдім.
Сәбилерге арналған ойын-жаттығулар.
Көңілді қуыршақтар
Қазіргі кезде жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес,жәдігер зат болып пайдаланып болды.Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағы басқаруы сен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.
Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз.Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз:екі қуыршақ,үш қуыршақ.Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз.Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.
Пирамидалар
Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр-түрлі болғанын қадағалаңыз.Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек.Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлауына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз.Алдымен бірге жинап,содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.
Жиек бойымен жүргізіп шық.
Бұл ойынға мақпал жабыстырылған үй,машина,гүл кесе сияты суретті карточкалар пайдаланылады.Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенің сұрайды.Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шығу арқылы ойын жалғасады.
Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор.Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Г) Дүниені тану арқылы
Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиеші-ұстазлермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші-ұстаз оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиеші-ұстаздың көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиеші-ұстаздың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиеші-ұстаздың арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
• Бақылауды өткізу орны және уақыты.
• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
• Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
• Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
• Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
• Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
• Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, тәрбиеші-ұстазымен, ересектермен, құрдастарымен қарым- қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан, мектепке дейінгі жас –тілдің қарқынды даму жасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл –ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В.Г.Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.
Қорыта айтқанда, «Сөз- ойдың айнасы» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, тілден сырлы сазды табайық. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды «өне бойы, өмір серік»- етіп алғанымыз жөн. Баланың тілінің дамуы барысында қоршаған ортаның, ойынның әсерінің қаншалықты маңызды екендігін байқадық. Қоршаған ортаны бақылау барысында да, ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым-қатынастары да жақсы дами түседі. Топпен біріге жұмыс жасау қабілеттері арта түседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бейсенова С. Оқытудың әдістемелік жүйесі// Педагогика. – 2008, 46б.
2. Құрманбаева К.С. //Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының әдістемесі».- А.: Білім 2003.-8б.
3. Қыраубайқызы А., С.Мақпырұлы, К.Құрманбай//Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау Мектеп, 2008.- 5 б.
4. Нұрмағамбетова М. // «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» журналы, №1 саны, қаңтар-ақпан 2009.-23 б.
5. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
6. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927
7. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931
8. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988
9. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993
10. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958
11. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
12. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981
13. Уәлиханов Ш., шығ. жинағы, 5 т. А., 1984
14. Фольклор шындығы, А., 1990;
16
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектепке дейінгі мекемелерде тіл дамыту жұмыстарының тиімділігін арттыру

шағым қалдыра аласыз