Материалдар / "Мектепке дейінгі мекемелерге инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мектепке дейінгі мекемелерге инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі мекемелерге инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу”

Мектепке дейінгі ұйым – бұл дамуға ұмтылған, жаңа мүмкіндіктерді іздеген, баланың, жанұяның, қоғамның сұраныстарын қанағаттардыруға қажетті жағдайларды жасайтын, педагогтардың шығармашылық және кәсіби жұмыстарын жағдаймен қамтамасыз ететін, заманауи талаптарға жауап беретін күрделі ағза. Демек осы мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жандандыруда инновациялық технологиялар мен әдістердің маңызы өте жоғары. Жалпы бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым жұмысына инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу бірқатар шешуге болатын қиындықтарды туындатады. Олар жасалатын жұмыс ауқымының артуы, лауазымдық міндеттер шеңберінің кеңеюі, инновациялық технологиялар мен әдістердің жеткіліксіз ресурстық қамтамасыз етілуі, материалдық және моралдық ынталандырудың әлсіздігі, ал балалар үшін оқу жүктемесінің артуы орын алып отыр.

Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру жүйесіне, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға сәйкесті өзгерістер енгізуді талап етеді.

Сондықтанда, бүгінгі мектепке дейінгі білім беру жүйесіне, оның сапалы мазмұнын жаңғырту мәселелеріне айырықша көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға қоғам назарын аудара отырып: «Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға оқытудың заманауи инновациялық әдістерін енгізу, ал білім беру технологиялары – жасампаз болуы қажет» – деп тапсырма берген болатын.

Қазір мектепке дейінгі ұйымға балалармен үдемелі инновациялық технологиялар мен жаңа бағдарламалар негізінде жұмыс жасауға қабілетті педагог қажет. Ол көп білуі, өзімен тұрақты жұмыс жасауы, арнайы білік және дағдылары болуы тиіс; өз шеберлігін тұрақты түрде жетілдіруі, инновациялық технологияларды, дәстүрлі емес әдістерді меңгеруі; компьютерді білуі, Интернетті пайдалана білуі қажет. Егерде әр балабақшада осындай тәрбиеші-педагог болса, онда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бүгінгі күн талаптарына, ата-аналар мен қоғам талаптарына жауап беретін болады.

Мектепке дейінгі білім беру үдерісіне енгізу үшін үлгіге мынадай әдістер мен технологиялар ұсынылады.

  1. Дамытушы технологиялар. Дәстүрлі оқытуда балаға үйрену үшін

дайын өнім мен әрекеттің үлгілері беріледі. Ал дамыта оқытуда бала өзінің әрекеттерін талдау нәтижесінде мәселені шешуге өз бетінше қол жеткізеді.

Мнемоника немесе мнемотехника – қосымша байланыстардың пайда болуымен есте сақтауды жеңілдететін және есте сақтау көлемін ұлғайтатын түрлі тәсілдердің жүйесі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға мнемотехника тәсілдерін қолдану аса маңызды өйткені сыртқы құралдардың әсерінен ойлап шешетін тапсырмалар ауызшаға қарағанда көрнекі материал арқылы жақсы меңгеріледі. Дамыта оқытуда балаларға тілдерін дамытуға бағытталған, олардың белсенді сөздіктерін байытатын, сөз жасау дағдыларын бекітетін, заттарды сипаттайтын, мәтіндер құрауға жәрдем беретін көрнекі үлгілер қолданылады. Сипаттау мәтіндерін құрауда мнемотехника тәсілдерін, мнемотаблицаны немесе заттарды сипаттау үшін сызба-жоспар тәсілдерін қолдану мнеможұмбақтарды құрауға жәрдем етеді. Бұл жұмбақтарды шешу барысында белгілері бойынша нысандарды анықтайды. Кіші топтарда алғашқы кезде педагог әрбір берілген суреттерді жан-жақты түсіндіреді. Ал келесі кезеңде ересек топтарда суретке қарап онда не жасырылып тұрғанын өзбетінше тауып, түсіндіруді ұсынылады.

Пластилинография – ермексазбен жұмыс балаға түсті сезінуге, ұсақ саусақ моторикасын жүзеге асыруға және балаға жағымды көңіл күйді сезінуге мүмкіндік береді. Мүсіндеу әрекетіндегідей пластилинографияда кіші топтарда басу, сипалау, тегістеу, жалпайту, жаю тәсілдері қолданылады, ал ересек топтарда түстер бір-бірімен араластырылып қосымша түстер алынады.

  1. Ақпараттық технологиялар – анимацияларды, фильмдерді тұсаукесерлер слайдтарын қолдану үйретілетін құбылыстарға балалардың белсенді танымдық қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді. Танымдық ертегілер балаларды қоршаған ортамен таныстыруға, айнала қоршаған шындыққа белсенді танымдық қарым-қатынасты туындатуға және құбылыстардың мәніне жетуге мүмкіндік беретін білім қорын жинақтауға бағытталған. Танымдық ертегілер балаларды бөлек деректермен таныстырады, құбылыстардың артында не жатқанын айтады. Ертегілер мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: танымдық материалдан құрылуы, балаға бала жасына сәйкес білімнен хабар етуі, оның мазмұнын білуге дене қызығушылыққа баулуы керек. Танымдық қызығушылықты туындату үшін міндеттерді шешу басқа жағымсыз сәттермен жасырынбай кейіпкерлердің әрекетінің бел ортасында болғаны, ғылыми мазмұнға қызығушылыққа шақыруы, күрес, жанашырлық пен кейіпкерді іздеу нақты осы мазмұнмен байланысты болуы, соның айналасында шоғырлануы, сонда іске асуы қажет. Ертегі балаларды қызықтыруы үшін: ертегідегі барлық қимылдардың өрбіуі сол сауалдардың шешімі болуы, сауал мен оның шешімі бала үшін жағымды кейіпкердің тұлғасында нақтылануы, сонымен бірге ол қуанатындай, қобалжыйтындай, ойша күресе алатындай, қойылған мақсатты іздеуді және шешуді, сауалды шешу жай ғана баяндау сипатында берілмей, кейіпкердің белсенді әрекетінің нәтижесінде берілуі қажет.

  2. Жобалау технологиялары – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл мезгілдері», «Су», «Қар», «Құм», «Жарық пен жылу» жұмыстарды өткізуге болады. Ал ересек жаста баланың бастамашылдығы, белсенділігі, мүмкіндіктері айтарлықтай арта түседі. Бұл жас кезеңі балалардың танымдық қажеттіліктерін зерттеу, іздеу әрекеті түрінде «жаңаны» ашуға,ойлаудың өнімді түрін дамытуға бағытталған дамыту үшін маңызды.

  3. Денсаулықты сақтау технологиялары – өзінің денсаулығын қолдауға қажетті білім, білік дағдыларды қалыптастыру мен дамыту. Фитбол-ертегілер. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға педагог ертегі мазмұнын бұрыннан таныс балалардың білетін қимылдарымен суйемелдей 8 отырып айтады. Балалардың назары ертегінің мазмұнында болғандықтан жаттығуларды орындау қызықты және еліктірер сипатта болады. Ал ересек жастағы балалар үшін күндізгі ұйқыдан соң балаларды сергіту үшін қолдануға болады.

Анималотерапия – бұл балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жануарларды қолдану болып табылады. Жануарлармен өзара әрекет ету арқылы балаларда айналасындағыларды түсіну, сезіну және жанашырлық таныту қабілеттері қалыптасады. Жануарларды бақылау және олармен өзара әрекет ету баланың әлеуметтік ортада табысты бейімделуі үшін қажетті интелектуалдық қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етеді.

Инновациялық әдістері мен технологияларды енгізу жоспары төмендегідей:

1.Тақырыбы(педагог барынша өзекті және өзіне қолжетімді әдіс пен технологияны белгілі бір уақыт бөлігіне таңдайды, мысалы, Ақпараттық технология – Танымдық ертегі – қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Дидактикалық жобалау – Ортаңғы топқа арналған информатика бойынша үйретуші бағдарлама – қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр).

2.Ұйымдастырған оқу іс-әрекеттері және басқа да іс-әрекеттер(тіл дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, экология негіздері, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, музыка, денешынықтыру, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру бойынша ұйымдастырлған оқу іс-әрекеттерінде)

  1. 3. Қажетті материалдар(интерактивті тақта, слайдтар,видеофильмдер, мультфильмдер)

4.Әдістер мен тәсілдер(информатика элементтерімен қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша: Информатика әлемінде; Менің досым Антивирус; Математика әлемінде; Геометриялық пішіндер әлемінде)

  1. Бағалау (педагог пен баланың көзқарастары бойынша) (Балаларды бағалауға сұрақтар: Не ұнады? Нені білгің келді? Неге ұнамады? Бағалау критерийлері – шеңбер – 5 балл, квадрат – 4 балл, үшбұрыш – 3 балл. Бағалау критерийлері – қанағаттарлық – 1-10 балл, жақсы – 11-20 балл, өте жақсы – 21- 50 балл).

  2. Әдісті байыту мен жетілдіруге ұсыныстар (Геометриялық пішіндер; Уақытты бағдарлау; информатика элементтерімен үйретуші бағдарлама: Монитор, Перне тақта, Вирус, Антивирус).

  3. Жоспардың орындалуы – практикалық бөлім (балаларға арналған түрлі деңгейлі тапсырмалар: төменгі деңгей – 1 тапсырма; орта деңгей – 2-3 тапсырма; жоғары деңгей – 4-5 тапсырма. Шығармашылық тапсырма компьютерлік ойындар)

  4. Қорытындылау – жаңа оқу жылына әдісті әзірлеу (дидактикалық жобалау) үшін міндеттерді анықтау(Танымдық ертегі элементтерімен экология негіздері, сауат ашу және жазу негіздері бойынша үйретуші бағдарламалар).

Күтілетін нәтижелер:

мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық үлгісіне көшу;

мектепке дейінгі ұйымның бәсекеге қабілетілігін арттыруға бағытталған үздіксіз дамуын қалыптастыру;

мектепке дейінгі ұйым жұмысының сапасын арттыру үшін мектепке дейінгі ұйымда инновациялық білім беру кеңістігінің үлгісін жетілдіру; – өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырушы педагогтардың санын арттыру; – педагогтардың инновациялық педагогикалық тәжірибені аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде жалпылау мен таратуға белсенді қатысуы; – заманауи білім беру технологияларын меңгерген педагогтардың деңгейін арттыру.

Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын балаларды жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға бағытталған, инновациялық технологиялардың негізгі түрлеріне негізделген.







Материал туралы қысқаша түсінік

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру- отбасының, мектепке дейінгі ұйымдардың барша халықтың міндет. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау жаңалыққа жаршы болу, үзіліссіз тәрбиме бастау бұлағы – мектепке дейінгі мекемелерден басталады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы зор.

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен дамыту, олардың әлеуметтік бейімделуінетиімді әсер ететін инновациялықтехнологиялар»
«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында,Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында» Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру- отбасының, мектепке дейінгі ұйымдардың барша халықтың міндет. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау жаңалыққа жаршы болу, үзіліссіз тәрбиме бастау бұлағы – мектепке дейінгі мекемелерден басталады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио- видио құралдар, компютер,интеративтік тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электронды оқулықтар, флипчарт, инновациялық сайт және тағы басқалар жатады Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық педагогтардың негізгі міндеттері:

  • Әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау.

  • Инновациялық педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу.

  • Жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.

Педагогикалық технологиялардың ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен баланың қарым-қатынасы болып табылады. Ал қарым – қатынас жасауда балаға жағдай туғызу қажет.Осыған орай модуль арқылы тәрбиелік қызметінде біздің бөбекжайымызда инновациялық технологияны қолдану тәсілі құрылды.





























Мақсаты: Тәрбиеленушілердің дене шынықтыру тәжірибиесін жетілдіру, педагогикалық тексеру іс-шараларын нақтылау.Міндеті: Жеке физиологиялық ерекшеліктерін анықтау. Даму ауытқуларын анықтап алдын алу, көмек көрсету, денсаулығын сақтау және нығайту. Дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосу












Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемеде пән аралық дамыту орталықтарын құру арқылы нәтижеге жету. Баланың қабілеттілігін арттыруға, жаңашылдыққа бейімделуге тәрбиелеу. Жаңа тақырыптың барлығын тереңдей қолдануына қызығушылығын арттыру. Баланың қисынды ойын, рухани байлығын арттыра отырып өз бетінше шешім қадылдауға бейімдеу.














Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу – жобалау технологиясы.Мақсаты: Ғылыми зерттеу іс-тәжірибелрі арқылы тәрбиеленушінің рухани қарым-қатынастарын тиянақтау.Міндеті: қоршаған ортадан қажеттілігін зерттеу-жобалау арқылы шығармашылық танымдылық білімділігін арттыру. Инновациялық әдістер арқылы зерттеп жобалап шешім қабылдауға баланы бейімдеу.
дамыту жолдарының әдіс – тәсіліМіндеті: Әлеуметтік жеке тұлғалық қасиетін дамытып тәрбиелеу, шарықтап ойлау қабілетін арттыру. Байқампаздығын шешіліп айта білуге әр саладағы белсенділігін арттыруға ықпал ету.








Мақсатты: Тәрбиешілердің білікті тәжрибиесі арқылы инновациялық қолдануға жағдай жасау. Шығармашылық атмосфера құру жолында педагогикалық ұжымның оқу қызметінің процесіндегі тығыз байланысы арқылы тәрбиешілердің біліктігі мен тәжірибесін арттыру мақсатында инновациялық технологияны енгізу. Инновациялық технологияны пайдалану арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру.








Инновациялық ойын технологиясы.Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілерді қызықтыра отырып білімді меңгерту. Ойын технологиясын пайдалана отырып өздігінен жұмыс істей білуге. Ой белсенділігін, тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

  • Өз қатарларымен, үлкендермен қарым-қатынас жасаудың маңызын ойын арқылы тәрбиелеу.

  • Ойынның шарттары арқылы өмірге селқос қарамауға баулу.

  • Ойын арқылы белсенділігін арттыру.












Қорытынды: Мен өзімнің жобамды қорытындылай келе мектепке дейінгі білім беруде инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу жолдары арқылы мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерін шаршатпай, жалықтырмай, жан-жақты дамуына тигізер үлесі өте зор.




Мектепке дейінгі қызметте жаңа инновациялық технологияларды қолдану

АВТОР: ADMIN · НОЯБРЬ 8, 2017

Атшыбаева Айгул Нуржаубаевна

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысыәрі деңгейі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек.

«Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде инновациялық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.

Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар мынадай: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты – дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Дамыта оқыту технологиясы — баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту болып табылады.

Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға  сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.

Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға арналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау т.б.

Интерактивті тақтаны пайдалану. Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың  пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді.

Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, сонымен қатар интуиция, образдық ойлауын дамытады.

Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру екені мәлім.

Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:

  • Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі;

  • Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыс;

  • Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы(бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу).

Проблемалық оқыту технологиясы – баланы  өз бетімен ізденуге үйретіп қана қоймай, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Бұл технологияда бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

Ынтымақтастық педагогикасы – педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.

Бұл технологияның негізгі мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Модульдік оқыту технологиясы– оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.

Қорытакелгенде, аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн деп санаймын.

.



















Мектепке дейінгі мекемелерге инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу”



Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға қоғам назарын аудара отырып: «Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға оқытудың заманауи инновациялық әдістерін енгізу, ал білім беру технологиялары – жасампаз болуы қажет» – деп тапсырма берген болатын.

Мектепке дейінгі ұйым – бұл дамуға ұмтылған, жаңа мүмкіндіктерді іздеген, баланың, жанұяның, қоғамның сұраныстарын қанағаттардыруға қажетті жағдайларды жасайтын, педагогтардың шығармашылық және кәсіби жұмыстарын жағдаймен қамтамасыз ететін, заманауи талаптарға жауап беретін күрделі ағза. Демек, осы мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жандандыруда инновациялық технологиялар мен әдістердің маңызы өте жоғары. Жалпы бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым жұмысына инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу бірқатар шешуге болатын қиындықтарды туындатады. Олар жасалатын жұмыс ауқымының артуы, лауазымдық міндеттер шеңберінің кеңеюі, инновациялық технологиялар мен әдістердің жеткіліксіз ресурстық қамтамасыз етілуі, материалдық және моралдық ынталандырудың әлсіздігі, ал балалар үшін оқу жүктемесінің артуы орын алып отыр.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!