«Мектепке дейінгі мекеменің оқу мазмұны мен әдістемелік материалдарды пайдалануының аналитикалық анықтамасы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектепке дейінгі мекеменің оқу мазмұны мен әдістемелік материалдарды пайдалануының аналитикалық анықтамасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін инновациялық әдістерді қолдану жөнінде анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ертіс ауданы әкімдігі Ертіс ауылы білім беру бөлімінің

«Ертіс ауылының №2 балабақшасы»

мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны


«Мектепке дейінгі мекеменің оқу мазмұны мен әдістемелік материалдарды пайдалануының аналитикалық анықтамасы»


Бағыты:

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін инновациялық әдістерді қолдану арқылы жетілдіріп,патриотизм сезімдерін дамыту


Мақсаты:


Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық тәрбие, адамгершілік құндылықтарды сіңіре отырып, озық ойлы, ұшқыр қиялды, елжанды, ар-ожданы мол, саналы әрі жан-жақты дамыған, дені сау, парасатты ұрпақ тәрбиелеу.


Міндеттері:


  •  Балаларды өз туған ауылымен таныстыру үшін жұмыстар жасау, рухани – адамгершілік,табиғатты қорғауға баулу. 

  • Балабақша баласына «Өзінің кішкентай Отаны» туралы көп қызықты мәлімет беруге тырысу.

(ауылдың тарихи және қазіргі кейпі, сәулетті жерлері,ескерткіштер туралы).

  • «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында мектеп жасына дейінгі балаларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру

  • Үштұғырлы тілді қалыптастыруды жалғастыру


Міндеттері бойынша тәрбиешілермен жұмыс жүргізу барысында жаңа технологиялар туралы кеңестер өткізілді.Тәрбиешілер жаңа техологиялар туралы баяндама оқыды.Жыл барысында жаңа технологияны меңгеру жөнінде педагогикалық кеңес өткізілді.Тәрбиешілер өз білімін жетілдіруде,ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жаңа технологияларды жүйелі түрде қолданады.атап өтетін болсақ ӨТШТ технологиясы,мнемо техника,монтессори ойындары,Мурашковский технологиясы,Воскопович ойындары,дамыта оқыту технологиясы,сын тұрғысынан ойлау,дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы балалардың шығармашылығын дамыту,салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Тәрбиешілермен жұмыс жүргізу барысында балалардың денсаулығы ең бірінші орында екені ескертіліп кеңес өткізілді әрі балалардың дене тәрбиесінің дұрыс жетілуіне байланысты әр түрлі іс – әрекеттер жүзеге асырылу мақсатқа алынып тиімді жұмыстар жүргізілді, яғни, тиімді сәттер, тамақтану, сауықтыру және қозғалыс. Сонымен қатар балалардың ағзасын сауықтыруға және қозғалу белсенділігін ұйымдастыруға назар аударылды. Топтарда спорт бұрышын жасау жұмыстары жалғастырылып отырылды.

Күнделікті қабылдау кезеңінен бастап баланың денсаулығына аса назар аударылады. Медбике әр күн сайын баланың қауіпсіздік жағдайын түсіндіріп, ата-аналарға арналған тақтайшаларға жыл мезгіліне байланысты қажетті дәрумендермен толықтырулар енгізіп отырады.

Балабақша тәрбиеленушілерінің денсаулықтарын нығайту, салауатты өмір салтын сақтау барысында педагогикалық кеңесте сауықтыру шараларына байланысты керекті құрал-жабдықтар жаңадан жаңартылып, толықтырылды. Жыл бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұлттық ойындардың түрлері дәріптеліп, күнделікті оқу іс-әрекетінде денсаулығын қалыптастыру мақсатында басқа да ойын түрлері өткізілді. Оқу іс-әрекетінен тыс топтар арасында сайыстар ұйымдастырылды. Балабақшаішілік семинарда сауықтыру шараларын денешынықтыру сабағымен ұштастыра отырып кіріктірудің жаңа әдіс-тәсілін меңгерту көрсетілді.

Балабақшада бірнеше жобалар іске асырылды.

  • Дене шынықтыру нұсқаушысы Бекпауов Н.Е мен музыка жетекшісі Иманберлинова Г.А бірге отырып ұлттық музыка мен таңғы жаттығу кешенін біріктіріп «Аспапты музыкамен таңғы жаттығу өткізу» жобасын жасады. «Жұмбақ әлемі», «Су патшалығы» атты қысқа мерзімді жоба бөлімінен балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік құралға рецензия алынды. Еліміздің дәстүрін дәріптейтін «Туған жер бастауында» атты жоба бағдарламасы жасалды.Авторы меңгеруші: Г.С.Сыздыкова

Балабақшада бірнеше үйірме жұмыстары жүргізіледі.Үйірмелердің барлығына рецензия алынған.Атап өтетін болсақ

  • Театр әрекетін дамытуға арналған «Ертегілер елінде» бағдарлама жасалды. Авторлары:тәрбиешілер Р.С.Баязова мен К.Е.Базарбаев

  • Шет тілді үйренуге арналған «Хеппи бэби» бағдарламасы,авторы Г.Р.Бекпауова

  • Балалардың зерттеушілік қабілетін дамытатын «Жас зерттеуші» атты бағдарлама жасалды

  • Дәстүрлі емес әдіс –тәсілдер арқылы балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Епті алақандар» (А.К.Егимбаева, А.Е.Кусаинова) мен «Сиқырлы қолдар» (Оспанова Ж.Ж) атты бағдарлама жасалды.

  • Балалардың танымдық қабілеттерін жоғарылату мақсатында «Қызықты компьютер» атты бағдарлама жасалды. Авторы Ташибаева К.Е

  • Логикалық ой –өрісті дамытатын «Дойбы ойыны» және балалардың қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыратын «Қимылды ойындар» атты бағдарламалар жасалды.Авторы: Бекпауов Н.Е

Сонымен қатар вариативтік компонеттерге де бағдарламалар жасалды.

  • ІІ кіші топ балаларына арналған «Театр әрекеті» бағдарламасы,авторы Сарсембаева Б.Г

  • Ортаңғы және ересек топтарына арналған «Компьютер әлемі» бағдарламасы,авторы: ташибаева К.Е

  • Ересек тобына арналған «Хеппи инглш» бағдарламасы,авторы Бекпауова Г.Р

  • Ортаңғы және ересек тобына арналған «Таңғажайып табиғат» бағдарламасы,авторы Сарсембаева Б.Г

  • Ересек тобына арналған «Дойбы ойынының негізі» бағдарламасы, авторы Бекпауов Н.Е

  • «Тәрбие тал бесіктен» ересек тобына арналған бағдарлама,авторы Баязова Р.С



Жыл бойы педагог мамандар өздерінің білімдерін жетілдіру тақырыптары бойынша жұмыстармен айналысып, Республикалық, облыстық, халықаралық мектепке дейінгі тәрбиешілер мен педагогтарға арналған конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Жалпы жұмыс барысында туындаған қиындықтар:


І. Балабақшаның тәрбиеленушілерімен уақытылы жұмыс жүргізілгендіктен айтарлықтай кемшіліктер жоқ. Алайда тілдері шұбарланған балалармен әлі де қажырлы жұмыс жүргізу қажет етіледі. Әрі тілдерінде мүкістігі бар балаларға толық ойын жеткізу қиындықтар туғызуда. Дидактикалық ойындарды көбінесе логигасын дамыту, ойын еркін жеткізуге пайдаланып, жеке дара жұмыс түрін жиі өткізу керек. Өзара қарым-қатынас барысында мәдениеттілікке, әдептілікке, адамгершілікке, туған жеріне, ұлттық тіліне деген құрметке, үлкенді сыйлап, өзін-өзі бағалай білуге жағдай жасау.

ІІ.Инновациялық технологияларды білім беру процесі кезінде қолдану.

ІІІ. Балалардың сырқатын азайту, денсаулығын нығайту барысында сауықтару жұмыстарын көбейту. Жас мамандар көп болғандықтан білім сапасы мен педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін көтеру.


Ағымдағы оқу жылында осы кемшіліктерді жоя отырып мынандай нәтиже күтеміз:


  • берілген жылдық міндеттер бойынша балалардың білім сапасын көтеру;

  • білім беруде иноовациялық технологияларды қолдану,игеру

  • педагогтардың кәсіптік құзыреттерін көтеру;

  • балалардың жаңа жеке тұлға құзыреттерін қалыптастыру;

  • сырқаттың азаюына мүмкіншілігінше жағдайлар туғызу, сауықтыру шарасын көбейту;

  • білім беру шарттарының сапасын көтеру.

  • педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасының жақсы болуы;

  • мәдениеттілілкті көтеру, адамгершілікке баулу,патриоттық тәрбиені жетілдіру

  • «Мәңгілік ел»ұлттық идеясы бойынша жұмыстарды жалғастыру;
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2018
745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі