Оқу үдерісін ұйымдастырудың
инновациялық тәсілдері
Мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінде
қазақ тіліне үйретудің инновациялық
технологиялары
Мкакшева
М.Р.
№79 НОМ
КМҚК
шағын
орталық
қазақ тілі
мұғалімі
Қарағанды
қ.
Шығармашылықсыз, қиялсыз
толық
мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды.
В.Сухомлинский
Жаңа қоғамда Болашақ ұрпақты
оқыту және тәрбиелеудегі қоғам мүддесіне үйлесімді түрде қайта құру
міндеттері жүзеге асырылуда. Солардың бірі-мемлекеттік мәртебе
алған - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ еліндегі ұлттар
мен ұлыстардың, ұлт балаларын еріктілікті сақтай отырып, қазақ
тілінде сөйлеуге үйрету. Балабақшадағы орыс топтарында қазақ тілін
үйрету жұмыстары әрбір балаға еркіндік беру арқылы оның жеке
тұлғалық қабілеттерін дамытатын инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Инновациялық технологиялардың
басты мақсаты -балалардың шығармашылық және интеллектуалдық
қабілеттерін дамыту болып саналады. Бұл технологиялардың басты
міндеттері оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаны қалыптастыру,
балалардың іс-әрекеттерін таңдау мүмкідігі; белсенділік орталығының
жеткілікті болуы, сонымен қатар отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысуы.
[1]
Бірінші міндетті орындау
барысында бала тұлға ретінде қарастырылып, оның жан-жақты еркіндік
алаңын қамтитын жағдайларға ерекше көңіл бөлемін.Бала шығармашылық
жұмыстар арқылы өзіне жаңалықтар ашады, өзі соған қатысу арқылы
коммуникативтік қарым-қатынас жасайды.Әр лексикалық тақырып бойынша
бала тек «тыңдаушы», «қабылдаушы» ғана емес, ол өзі қатысып,
«жүргізуші» ретінде диалог құрып, сөйлесе алады.Бұл технология
бойынша бала өзінің психологиялық жан-дүниесін ашуға әрекет
жасайды. Сол арқылы ойлап сөйлеу, дұрыс сұрақ қою, оған дұрыс жауап
беруге үйренеді.Сондықтан балабақшадағы топтар бірнеше белсенділік
орталықтарына бөлінеді: математика орталығы, құм-су орталығы,
бейнелеу орталығы,көркем әдебиет орталығы,сюжеттік-рөлдік ойын
орталығы, ас-үй орталықтарына бөлінген.Осы орталықтарда қажетті
іс-қимылдарға байланысты етістіктер карточкаларын орналастырдым.
Мысалы, жуыну бөлмесінде «жуынамын-умываюсь»,шешіну бөлмесінде
«раздеваюсь-шешінемін», ас-үй орталығында «тамақ ішемін-кушаю» т.б.
сөздер қолданыс аясында жүреді. Бұл сигналды карточкалар үнемі
тәрбиеші мен ата-аналар назарында болып, есте сақтауға көмегін
тигізеді. Орыс тілді балаларға қазақ тілін үйретуде математика,
бейнелеу, ән-күй,дене шынықтыру т.б. интеграциялары тиімді нәтиже
береді.
Қазақ тілі мұғалімі
тәрбиешімен бірге ұйымдатырған жұмыстары арқылы нәтижесін
береді.Осындай байланыс қазақ тілі мұғаліміне мектепке дейінгі бала
психологиясын жақсы түсінуге, балалармен тез тіл табысуға көмегін
тигізеді.Біріккен іс-әрекет жемісті болу үшін, тәрбиеші балалардың
күнделікті оқу- тәрбие іс-әрекет кезеңінде берілген материалдарды
бекітіп отыруы қажет.Тіл қалыптастыру ісінде мнемотехникалық
құралдардың да ықпалы зор.Олар бала тілінің сөздік қорын
кеңейтеді;әңгіме құрастыруға үйретеді,әңгімелеуге, тақпақтар
жаттауға үлкен үлес қосады.Бұл моделдік техникаларға-графикалық
бейнелер, табиғат суреттемелері,сұлбалар жатады.Осы сызбалар арқылы
берілген өлеңнің барлық мағынасы ашылады.Содан кейін бала өлеңді
сурет бойынша өзі құрастырып, қалпына келтіреді. Балабақшадағы
оқу-тәрбие үрдісінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Тіл
үйрету мәселесінде де ойын түлері баланың негізгі даму тәсілінің
бірі болмақ. Сол арқылы баланың танымдылық қабілеттері ашылады,
іс-қимыл әрекеттері арқылы ой-өрісі кеңейеді. Бала өз қолымен
ұстап, көзімен көріп, құлағымен естіп білсе және оны өзі қайта
көрсетіп атай білсе ғана есте сақтай алады. [2] Оқу әрекетін
ұйымдастыру барысында берілген лексикалық тақырыптар бойынша
танымдық тұсаукесерлер мен компьютерлік ойындар пайдаланылса,
білімді, біліктілік дағдыны бекіту мақсатында –аудио ертегілер мен
бейне әңгімелер қолданылады.Осындай құралдарды пайдалану біздің
тәрбиеленушілердің тілдік белсенділігін дамытуға ықпал етеді және
қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі
заманауи технологиялардың бірі –интерактивтік оқыту
технологиялары.Оларға «Сөйлейтін әліппе», «Электронды кітап»,
«Сөйлейтін қалам» сияқты құралдар да баланың тілдік білімін
жетілдіреді. Интерактивтік оқыту технологиясы «Даналық әліппе»
әдістемелік кешені арқылы ұйымдастырылады. Оған «Қобыз үні»,
«Домбыра күйі», «Бесік жыры» , «Халық ертегісі», «Аталар сөзі»
кіреді.Сонымен қатар «Serek қаламы» арқылы қостілдік компонент
жаттығулары орын алады.Бұл электронды қалам қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтуға, сөз, сөйлемдер құруға көмектеседі.
Электронды «Киіз үй» құралы да тіл үйретуде үлкен үлес қосады. Бұл
құрал көптеген қазақ ертегілерін, жұмбақтар, жаңылтпаштар,
әңгімелер, қазақ әндерін қамтиды.
Интерактивтік оқыту
технологиясына тіл ұстартатын ойын түрлері де кіреді. Олар жаңа
ақпараттарға үйрету арқылы баланың тілдік құрылымын қалыптастырып,
ойын дамытады. Өлең ,ән, тақпақ,санамақ, сергіту сәттерін үнемі
үзбей қолдану балалардың көңіл-күйлерін одан әрі ажарландыра
түседі.Қазақша әндердің де пайдасы зор. Мысалы, «Қуыршақ», «Қыс»,
«Шөжелерім», «Бесік жыры», «Қошақан» т.б. әндер баланың
эмоционалдық көңіл-күйін көтереді, тілін
ширатады.
Ақпараттық және қатысымдық
технологиялар мектеп жасына дейінгі ұйымдардың білім беру
кеңістігін кеңейтуге ықпал ететін аса тиімді құрал болып келеді.
АҚТ-ң кеңінен тараған спектрі-компьютерлік құрылғы,мультимедиялық
құралдар,аудио-бейне құралдар.Біздің балабақшада медиотека бар. Ол
қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған.Онда аудио және бейне
материалдар жинақталған. Оқу әрекетін ұйымдастыру барысында
берілген лексикалық тақырыптар бойынша танымдық тұсаукесерлер мен
компьютерлік ойындар енгізіп отырамын. АҚТ-ң көмегімен бала өзіне
арналған сөзді түсінуге үйренеді; тілдік құралды қолдана отырып
қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түседі. [3] Тек сөздік қоры
жинақталған кезде ғана аудио ертегілерді тыңдатуға болады.
Ертегілер орыс халқының ертегілері негізінде енуі тиіс. Мысалы,
«Бауырсақ», «Үйшік», «Шалқан», «Шұбар тауық», «Үш аю» т.б.
ертегілері. Өйткені балаға сюжет таныс болады, тек кейіпкерлердің
қазақша сөйлеуіне мән беріледі.Тіл ұстарту мақсатында балалардың
теарланған қойылымдарға қатысуы ұсынылады. Балалар өзаралық
қарым-қатынасқа түсіп, қатынас әлеуетін
дамытады.
Қарым – қатынас әлеуетін
дамыту
Сезім
мүшелері арқылы сипаттау
Қарым –
қатынас ортасын қалыптастыру
қайталау жағдай
жасау
есте сақтау
сөйлесу
Қазақ тіліндегі мультфильмер
де тіл үйретуде өз көмегін тигізеді.Ұйымдастырылған өқыту
әрекетінде қолданылатын мультфильмдер мен бейне роликтер:
«Қуыршақты тамақтандыру», «Қуыршақты киіндіру», «Қуыршақты
ұйықтату», «Жайлауда», «Орманда», «Ауладағы құстар», «Қонақ күту»,
«Дүкенде», «Асханада» т.б.
Балабақшада жаңа
технологияларды тиімді пайдалану нәтижесінде балалардың тілі
жаттығып, сөздік қоры кеңейді. Балалар қазақ тіліндегі байланыс
тілін түсініп,өздері әрекет жасай алады.Өзге ұлт өкілдеріне
арналған «Қазақшаңыз қалай,балақай?» сайысында біздің
тәрбиеленушілеріміз жүлделі орындарға ие болып жүр. Балаларға
мемлекеттік тілді үйрету жұмыстары барысында әрбір балаға жеке
тұлға ретінде қарап, бойында демократиялық құндылық негіздерін
қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар қолдану үлкен үлес
қосады. Ал коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін арттыруда, қазіргі
талап- жан-жақты үйлесімді, жетелеген жаңа адамды тәрбиелеу болып
отыр. Жаңа заман жаңа талаптармен ғана ілгері
басады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
А. Мукушева. «Қазіргі мектепке
дейінгі ұйымдарда педагогикалық жаңаландырудағы технологиялар» Бала
мен балабақша. №7,2014ж.
-
Г.Умбаева. «Қазіргі жағдайда
мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін арттыру»
Бала мен балабақша. №9, 2014ж.
-
А.Байбулова. «Ересек топтағы
балалардың шығармашылық әлуетін дамыту» Мектепке дейнгі тәрбие мен
оқыту.№1, 2012ж.