Материалдар / Мектепке дейінгі оқушылардың тілін дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі оқушылардың тілін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру – ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі оқушылардың тілін дамыту.Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру – ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналады.Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.19 ғасырда еңбек еткен педагогтар алғаш рет балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика және тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын дәріптей бастады. Атақты педагог К.Д. Ушинский (1824-1871) балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді белгілі бір бағытта дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.Алғаш рет 1939 жылы А.Н. Северцов тұжырымдаған, кейіннен П.К.Анохин дамытқан (1949) системогонез туралы ілімнің, мүшелер жүйелерінің гетехронды түрде даму принципінің жасқа байланысты физиологиялық дамуына ықпалы күшті болды. П.К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмнің түрлі кезеңдерде дамуы, оның құрылымдарының бір-біріне уақытқа байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады.И.П. Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды оқушылардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу мұғалім үшін баланың жеке басының ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады. Педагогика ғылымының көрнекті қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н.К. Крупская былай деген: «Педагог, біріншіден, не білуі тиіс, — ол адам денесінің құрлысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуге мүмкін емес».Балалар мен жас өспірім организмінде, органдарының құрлысы және қызметінде, ересек адамдармен салыстырғанда, ерекшеліктер бар, себебі, балалар өз өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарына тиімді пайдалану — әрбір мектеп маманының міндетті ісі.Әсіресе, жас мамандардың педагогтік шеберлігінің дұрыс қалыптасуында баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білудің елеулі маңызы бар.Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т.б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша — балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз [3, 7].Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол — жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі — тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын.Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жұмысына өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы, ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды.Ал ана тілінен берілетін мағлұматтар бағдарламада жалпылама берілген. Олай болса, сол көрсетілген мағлұматтарды дәлме-дәл бөліп жоспарлау тәрбиешіден творчестволық шеберлікті талап етеді.«Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының» соңында тіл дамытудан өтілетін апталық сабақ саны анық көрсетілген. Тәрбиеші осыны басшылыққа ала отырып, өзі жұмыс істейтін топта өтілетін сабақты жоспарлайды. Ең алдымен «Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың тілін дамыту» деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң бағдарламалық материалды оқу жылы бойынша бөледі. Ана тілінің сабақ кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасайды.Әр топта өтілетін тіл дамыту, шығарма оқу, қоршаған орта туралы бақылату сияқты жұмыстар апталық сағат саны бойына жоспарланады. Жаңа бағдарлама бойынша сәбилердің бірінші (2-ден 3 жасқа дейін) тобында тіл дамыту, қоршаған ортаны бақылату аптасына екі рет, дидактикалық ойын, дене қимылы тәрбиесі бір рет жүргізіледі. Сонда оқу жылы бойына 64 сабақ тіл дамытудан, 32 сабақ ойын, сенсорлық тәрбие (бұл да тіл дамытуға сәйкес) барлығы 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдау жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету сияқты), жұмыс түрлерін белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.3-тен 4 жасқа дейінгі сәбилер тобында да тіл дамыту сабақтары осылайша жұпталады. Бұл топтағы ерекшелік – қоршаған ортамен таныстыруға аптасына 1 сағат, тіл дамытуға – 1 сағат және шығарма оқуға -1 сағат бөлінеді. Сонда бұл топта да жыл бойына 96 сабақ өтіледі. Тәрбиеші қоршаған ортаны бақылату процесінде баланың сөз қорын молайтуға баса назар аударады. Себебі мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі – затты таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-түсіне байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жұмысы да жүргізіледі.Тәрбиеші тіл дамыту жұмысында жоспар жасағанда (96 сағатты — әдебиет оқу, тіл дамыту) сабақ түрлеріне сай дәл жұптауы керек. Бір ай ішінде тіл дамыту жұмысы қай аптада қандай тақырып бойынша жүргізілетінін, әдеби шығарма оқу, бақылау жұмысын аптаның қай күні өткізген жөн екенін мұқият анықтауы керек. Қандай тақырыпты қай кезде, не мақсатта, қандай сабақпен байланыстырып өткізетінін белгілей отырып, сол сабақтың тақырыбын, оқылатын шығарманы, ойын, сурет атын жоспарда атап көрсетеді.Мысалы, сәбилер тобында күзгі табиғатты бақылату керек делік. Тәрбиеші бұл тақырыпты жалпылама алмайды. Күзгі бақша, көкөніс жинау туралы тақырып белгіленсе, онда бақылаудан соң «Күзде» деген суретті көрсетіп әңгімелесу. «Қияр мен капуста» деген ертегіні оқу, «Қызғаншақ» деген тақпақты жаттау, «Бұл не?» деген ойын (көкөністермен) сабақтары өткізіледі. Сабақ түрлері белгілі күндерге бөлінеді.Ересек балалар тобында аптасына 15 сабақ (2 сабақ орыс тілі) өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту – аптасына 1 сағаттан 32 сағат, табиғат таныту, шығарма оқу — 0,5 сағаттан (1) 32, айналадағы дүниемен таныстыру 1- сағаттан 32 сағат, сауат ашу 32 сағат. Сонда бұл топта 5 түрлі сааққа 128 сағат беріліп отыр. Осы сағатты әр сабақтың өз көрсеткішіне қарай жұптау керек. Жоспар жасауда ескеретін мәселелер:1        «Сауат ашу» деген бөлімде сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету,сөйлем, сөз, буын (бөлігі), дыбыс (дауысты, дауыссыз) ұғымдарды практикалық тәсілмен меңгертіледі.2        Бақылау жұмыстарына байланысты сабақтар тіл дамыту жұмысынантыс өтіледі. Бағдарламада айналадағы дүниемен, табиғатпен таныстыру жұмыстарына жеке бөлімдер берілген. Алайда балабақшада өтілетін тіл дамыту жұмыстары аталған бөлімдерге практикалық жолмен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені мектепке дейінгі баланың тілі өзін қоршаған орта арқылы толығады. Қоғамдық, маусымдық мағлұматтар, жан-жануарлар дүниесі туралы білім беру, баланың логикалық ойын, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын дамыту біртұтас қарастырылады. Сондықтан тәрбиеші бағдарламаның осы бөлімдерінен берілетін материалдарды тіл дамыту жұмыстарымен сабақтастыра, үйлестіре жоспарлауы керек.Аталған сабақтарды жоспарлау барысында үнемі балалардың сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Оқу жылының алғашқы аптасында тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп, сөйлеу дәрежесін анықтайды, аты-жөнін, әке-шешелерінің атын, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелеседі. Осыдан соң бағдарлама мазмұны негізінде күнтізбелік жоспар жасалады. Жаңа бағдарлама бойынша үш жасқа қараған балаларды сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс тыңдап, дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу мүшелерін жетілдіру, сөзді, «сөз», «дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын молайту көзделеді.Бала тілінде грамматикалық формаларды қалыптастыру көзделеді: сөздерді жекеше, көпше түрде (бала — балалар, доп – доптар, қуыршақ – қуыршақтар, т.б.) айтуға үйрету, өзіне қойылған сұрақты тыңдап, сөйлем түрінде жауап беруге жаттықтыру, яғни байланыстырып сөйлеуге үйрету жөнінде әр түрлі практикалық жаттығулар орындалады.Тіл дамыту сабақтары баланың өткен сабақта алған білімімен байланыстыра жүргізіледі. Мысалы, сәбилердің өз бөлмесімен таныстырған соң, «Бөлмеде не бар?» деген тақырыпта әңгімелеседі. Әңгімелесудегі мақсат – баланың көргенін, естігенін естеріне түсіру, күнделікті пайдаланатын бұйымдардың атына байланысты сөздерді меңгерту. Сабақта затты көрсетіп, атын сұрау, өздеріне айтқызу әдістері қолданылады [3, 17-20].

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!