Материалдар / Мектепке дейінгі педагогика

Мектепке дейінгі педагогика

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, оқушыларғы, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Page 2

Қабылдау емтиханының бағдарламасы:

 Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы,
өзгерту енгізілген 2015;
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17
маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты
«Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109
қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге
асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
 ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 1 58
бұйрығымен бекітілген «6M010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292
қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы№ 1080 қаулысыме бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде
талқыланып, қабылданды: № ____ хаттама, « ___ »_____2018 ж.

Кафедра меңгерушісі: ___________ Р.К.Бекмағамбетова

Қабылдау емтиханының бағдарламасы Педагогика-психология институтының
Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ____ хаттама, « ____ » _____ 2018 ж.
























Page 3

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА
Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу,
оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика
пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны. Негізгі педагогикалық ұғымдарыдаму, тәрбие,
оқыту, “білім беру”, қалыптастыру, “педагогикалық үрдіс”. Мектепке дейінгі
педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Балалардың дамуы және тәрбиелеу Адам, индивид,жеке тұлға ұғымдары. Жеке
тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Балалардың жеке тұлғасының дамуы мен
қалыптасуына әсер ететін факторлар ( тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие).
Жеке тұлға дамуының жас кезеңдері. Сәби және мектеп жасына дейінгі балаларға
сипаттама. Балалардың дамуы мен қалыптасуында әрекеттің ролі. Белсенділігі. Мектеп
жасына дейінгі балалар дамуында қарым-қатынастың орны.
Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы. Мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы. Шет елдердегі
мектеп жасына дейінгі тәрбиенің тарихи дамуы (Я. А.Коменский, Г.Пестолоций, Р.Оуэн,
Ф.Фребель ) Ресейдегі алғашқы балабақшалар (Л.К.Шлегер, А.С.Симонович, Е.Н.
Тихеева). Қазақстандағы алғашқы балабақшалар. Қазіргі Қазақстан Республикасында
қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы. Мектепке дейінгі ұйым типтері және
олардың ерекшелігі.
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдіс. Педагогикалық үрдіс. Мектепке
дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйымдағы
педагогикалық үрдістегі балалар әрекеттерінің (ойын, оқу, еңбек, тұрмыстық)
ұйымдастырылу үйлесімділігі. Күн тәртібі. Күн тәртібінің бірінші және екінші жартысын
ұйымдастыру. Ертеңгілік қабылдау. Серуен және балалар белсенділігі. Мектеп жасына
дейінгі балалардың ұйқысы және тамақтандыру әдістемесі. Мектепке дейінгі ұйымдағы
педагогикалық үрдісті жоспарлау. Жоспардың түрлері.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы. Мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы. Мектепке дейінгі балаларды
тәрбиелеу тұжырымдамалары. «Балбөбек» бағдарламасы Балаларды мектепалды
дайындау бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендер. Мектепке дейінгі білім беру
стандарты. 1 жас және 6 жасаралығындағы балаларды оқыту және тәрбиелеудің базалық
минимумы. Ресейдегі балама бағдарламалар. Қазақстандағы «Тәй-тәй»,«Қарлығаш»
бағдарламалары және мазмүнының ерекшелігі. Бейімделген варативті бағдарламалар.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Дене тәрбиесі, дене дамуы, “дене
жетілуі” ұғымдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориялық
негіздері. Дене тәрбиесінің мақсат міндеттері. Дене тәрбиесі құралдары. Қимыл-қозғалыс
белсенділігі.
Шет ел ғалымдарының /В.Трейер, В.Етерн, К.Бюлер және т.б/ зерттеулеріндегі мектеп
жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру мәселелері. Мектеп жасына дейінгі
балалардың дене тәрбиесі туралы педагогтар мен педиатрлардың көзқарастары
/Бенджиман Спок/. ТМД елдерінде дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесінің
қалыптасуы. (Е.Г.Леви-Горниевская, П.Ф.Лесгафт, А.И.Быкова, Т.И.Осокина,
Д.В.Хухлаева).
Қазақстандық ғалымдардың мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы
педагогикалық ой-пікірлері. /А.Қаржаубаев, М.Тұрыскелдина, Т.Иманбеков және т.б/.
Қазақ халқының тәжірибесіндегі дене тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрі (құрсақтағы
тәрбие, нәрестені күту), спорт түрлері, ұлттық қиымылды ойындардың орны. Мәдени-
гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.
Ақыл-ой тәрбиесі теориясы және әдістемесі. “Ақыл-ой тәрбиесі”, “Ақыл-ой дамуы”
ұғымдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі туралы Я.А.Коменский,
И.Г.Пестолоций, Ф.Фребель, М.Монтессори және т.б еңбектері. Мектеп жасына дейінгі
балалардың ақыл-ойының оқыту процесінде дамуы (Д.Ж.Брунер, Ж.Пиаже және т.б).
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің психологиялық негізі (


Page 4

А.В.Запорожца, Л.А.Венгер, А.Г.Рузская) Ресейдегі мектеп жасына дейінгі балаларға
ақыл-ой тәрбиесін беру теориясы (Е.И.Водовозова, П.Ф.Каптерев, Е.И.Тихеева,
А.П.Усова).
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері. Ақыл-ой әрекетінің қарапайым дағдылары
мен біліктілігін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
және қызығушылығын қалыптастыру. Мектепке дейінгі дидактика. Мектеп жасына
дейінгі балаларды оқыту үрдісі және ерекшеліктері. Оқыту әдіс-тәсілдері және оның
жіктелуі. Оқыту формасы. Оқыту принциптері және моделі. Мектеп жасына дейінгі
балаларды оқыту технологиясы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесіндегі білім жүйесінің орны.
Балабақшада берілетін білім мазмұны. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
әдістемесі. Ақыл-ой тәрбесінің құралдары және шарттары. Мектеп жасына дейінгі
балалардың интеллектуальдық дамуы және тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі дарынды
балалармен жұмыс ерекшелігі.
Адамгершілік тәрбиесі теориясы мен әдістемесі. “Адамгершілік даму”,“адамгершілік
тәрбие” ұғымдары. Шет ел дердегі мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік
тәрбиесінің теориясы. /К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б./ Қазақтың ағартушы
ғалымдары Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов еңбектеріндегі адамгершілік тәрбиесі. Жалпы базалық құндылықтар
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу туралы Н.Құлжанова,
А.К. Меңжанова, Ж.А.Исмайлова зерттеулері. Мектеп жасына дейінгі балалардың “Мен
бейнесі”, “Мен түжырымдамасының” қалыптасу ерекшеліктері. “Өзін- өзі тану”
бағадарламасы – мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары рухани адамгершілікке
тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсат, міндеттері,
мазмұны және оның әдістері, принциптері. Адамгершілікке тәрбиелеу механизмі. Ізгілік
сапаларын қалыптастыру. Әр түрлі топта ізгілік қасиеттерін қалыптастыру және
тәртіптілікке тәрбиелеу әдістемесі. Қиқар, қыңыр, мінезі нашар балалармен жұмыс істеу
әдістері.
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру. Мектеп жасына дейінгі балаларға
әлеуметтік тәрбие берудің теорялық негіздері. Әлеуметтік тәрбиелеу әдістемесі. Жеке
тұлғалық бағдарлап тәрбиелеу моделі. “Ұжым” және “Ұжымдық” сезімдері ұғымы.
Елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері. Елжандылыққа тәрбиелеуәдістемесі.
С.Асфендияровтың елжандылық туралы ойлары. Мектеп жасына дейінгі балаларды
бастапқы азаматтыққа тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі
балаларды еңбекке тәрбиелеу. ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке
тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова,
Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды
еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина.
Э.М.Крарих, Г.Штейнер).
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастары
(А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов).
Қазақстандық педагог ғалымдардың мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу
туралы зерттеулер (Н.Құлжанова, А.К.Меңжанова, Г.Меңлібекова, А.Макеева,
Р.Аралбаева, С.Н.Жиенбаева).
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу мақсаты, міндеттері. Мектеп
жасына дейінгі балалар еңбегінің түрлері. Өзін- өзі қызмет ету еңбегіне баулу мазмұны,
әдістемесі. Шаруашылық- тұрмыстық еңбегінің мазмұны, тәрбиелеу әдістемесі.
Табиғаттағы еңбекке баулу мазмұны, әдістемесі. Балалардың қол еңбегін ұйымдастыру,
қазақтың қолданбалы қол өнері, матадан ою-өрнектер қию туралы (Н.Құлжанова).
Ересектердің еңбегімен таныстыру әдістемесі (А.Меңжанова).


Page 5

Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары: кезекшілік, тапсырма беру, ұжымдық еңбек.
Тапсырма беру түрлері. Кезекшіліктің түрлері және оны ұйымдастыру әдістемесі.
Ұжымдық еңбекті өткізу әдстемесі. Отбасында еңбек тәрбиесін ұйымдастыру.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі. “Эстетикалық тәрбие”, “Эстетикалық
даму”, “Көркемдік тәрбие” ұғымдары. Шет елдегі мектеп жасына дейінгі балаларға
эстетикалық тәрбие беру теориясы (К.Бюлер, С.Холл және т.б).
ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру
теориялары. (Е.А.Флерина, А.Н.Ветлугина, Н.П.Сакулина).
Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің теориялық
негізі. Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру
әдістемесі (Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова). Мектеп жасына дейінгі балаларға
эстетикалық тәрбие беру міндеттері және әдістері. Эстетикалық тәрбие құралдары мен
шарттары. Тұрмыс эстетикасы және балабақша үлескесін безендіру, жабдықтау.
Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Экологиялық тәрбие. Мектеп жасына
дейінгі экологиялық тәрбиенің теориялық негіздері. Экологиялық тәрбие мақсаты мен
міндеттері, мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білім беру,
тәрбиелеу және экологиялық мінез-құлқын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру
әдістемесі. Экологиялық тәрбие беру бағдарламалары (Н.Рыжова, С.Н.Николаева,
Н.Н.Кондратьева). Еліміздегі экологиялық тәрбие мәселелері (А.Н.Манкеш,
Н.С.Сайлауова). Экологиялық тәрбие шарттары, ұйымдастыру қалпы, әдістері.
Отбасында экологиялық тәрбие беру жолдары және ата-аналармен жұмыстар.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі
әрекеті– ойын. Ойынның ерекшеліктері және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи-әлеуметтік
сипаты. Қазақстанда ойын теориясының қалыптасуы. (Н.Құлжанова, А.Байтұрсынов,
М.Тұрыскелдина, Т.Иманбеков, Г.Дұкенбаева, Б.Арзанбаева).
ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балалар ойыны туралы зерттеулер
(Е.И.Тихеева, Е.А.Покровский, А.П.Усова, Д.В.Менджеринцская, Н.Я.Михайленко,
А.К.Бондаренко және т.б). Ойынның жіктелуі және оның тарихи жүйеленуі.
Ойын түрлері: шығармашылық және ережелі ойындар. Шығармашылық ойындары:
сюжетті-рольдік ойындар, театр ойыны, құрылыс ойыны, режиссерлік ойындар. Ережелі
ойындар: қимыл-қозғалыс ойыны, ермек, дидактикалық, ұлттық, компьютерлік ойындар.
Сюжетті-рольдік ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті. Сюжетті-
рольдік ойын туралы педагогикалық зерттеулер. Ойын мазмұнынының ерекшелігі,
құрылысы, тәрбиешінің басшылығы (Р.Н.Жуковская, А.А.Абрамян, Л.В.Артемова).
Сюжетті- рольді ойынды ұйымдастыру әдістемесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың театр ойынында шығармашылық қабілетінің
дамуы. Театрланған ойынның ерекшелігі және оған басшылық. Әртүрлі топтарда
ұйымдастыру әдістемесі. Режиссерлік ойындар. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту,
тәрбелеудегі дидактикалық ойынның маңызы. Дидактикалық ойын баланың таным
қабілетін, сенсорлық дамуы, белсенділігін дамыту құралы. Әртүрлі топтардағы
дидактикалық ойынға басшылық және әдістемесі. Ойын арқылы оқыту технологиясы
(И.М.Канонова, Т.Г.Казакова, Е.Е. Кравцова). Қимыл-қозғалыс ойындары. Ұлттық
қимылды ойындар және олардың жіктелуі ( А.К.Бондаренко, М.Т.Тұрыскелдина,
Н.Ж.Барымбеков).
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары өз еркімен, тақырып
бойынша және жағдайларға байланысты өзіндік ерекшеліктері (З.В.Лиштван). Құрылыс
ойынынына басшылық және әдістемесі. Ермек ойындары, оның ерекшеліктері. Әртүрлі
топтарда ұйымдастыру әдістемесі. Интеллектуальдық дамытушылық ойындар.
Компьютерлік ойындар және қолдану әдістемесі. Ойыншықтар және балалар өміріндегі
маңызы. Ойыншық түрлері және оның жіктелуі. Әр түрлі жастағы балалардың
ойыншықтары және оның педагогикалық үрдістегі орны.
Мектепке дейінгі ұйым және отбасы. Отбасы – мектеп жасына дейінгі балалардың


Page 6

қалыптыру ортасы. Қазақстандағы отбасы саясаты және демография. Отбасындағы тәрбие
дәстүрлері. Әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру. Ата-ана
тәрбиесі және олардың міндеттері.
Халық тәжірибесінде отбасының балаларды тәрбиелеудегі орны (А.Сейсембаев,
Қ.Жарықбаев, Д.Муталиева, М.Сәтімбекова). Балабақшаның отбасымен байланысы.
Балаларды отбасында тәрбиелеудің мақсат, міндеттері. Ата- аналармен жүргізілетін
жұмыс түрлері және формасы. Топтық және ұжымдық жұмыстар. Ата- аналар жиналысы,
тақырыптық кеңестер. Ата- аналар арасына педагогикалық білімді насихаттау.
Балаларды мектепке дайындау. Қазақстан Республикасында балаларды мектепалды
дайындау мәселелері. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепалды
дайындау. Балалардың мектепке дене, психологиялық, әлеуметтік, интеллектуалдық
тұрғыда дайындығы. Мектепалды балаларын мектептегі оқуға даярлаудағы психолог-
педагогтардың зерттеулері (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Е.И.Тихеева, А.А.Любинская,
Л.А.Венгер, т.б). Балалардың мектепке дайындығын диагностикалау. Тесті жүргізу
әдістемесі. Балаларды мектепалды дайындау бағдарламалары (1998, 1999, 2000).
Мектепке дейінгі ұйым және мектеп. Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы
сабақтастық. Балаларды мектепке даярлаудың ерекшеліктері. Мектепалды даярлық
топтары мен мектептің бірлескен жұмыстарының фор малары. Мектепке бару.
Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ
Бала тілін дамыту әдістемесі және курс міндеттері Тіл дамыту әдістемесі –
педагогикалық ғылым, балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми пән.
Тіл дамыту әдістемесінің маңызы. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысының
мақсаты мен міндеті. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен мектептегі қазақ тілі
әдістемесі арасындағы айырмашылықпен байланыс. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу
әдістері. Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы. «Қазақстан
Республикасының Тіл туралы заңы», «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының
Заңы», «Қазақ балалар бақшасында тәрбиелеу, білім беру мазмұнының жаңғырту
тұжырымдамасының маңызы», «Мектеп жасына дейінгі мекеме лердің базистік оқу
жоспары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292
қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысыме бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты.

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР ІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық
негіздері Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат,
міндеттері және мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері. Басқа ғылымдармен байланысы.
Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық
түсінігін қалыптастыру мәселесі.Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың
қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы Н.Құжанова,
М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2012 жылдардағы “Балбөбек”
бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесінің мазмұны. Сорос бағдарламасы – балалардың шығармашылығын дамытудың
негізгі құралы. Математика орталығы және ерекшелігі.2016 жылғы Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшадаматематиканыоқытуды
ұйымдастыру Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін
қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда
қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы
оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда


Page 7

қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық
жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді
дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар,
тапсырмалар (жаттығулар). Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар 1-6 жас
аралығындағы балаларда математикалық тү сініктерді қалыптастыру сабағын
ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету Мектеп жасына дейінгі
балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер
және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың
міндеттері.
Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдіснемесі Есептеу, өлшеу
барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері.
Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге
үйретудің міндеттері.
Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдарын
қалыптастыру Көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардың
өлшеміне қарай өсуі. Заттардың көлемін салыстыру мен қабылдауда сөздің ролі.
Айналадағы заттардың ұзындығын, биіктігін, енін шартты өлшеуішпен (условный прибор)
өлшеуге үйреті әдістемесі.
Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру Мектеп жасына дейінгі
балалардың геометриялық түсініктері. Қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер
қалыптастыру әдістемесі. Геометриялық пішін – заттың формасын қабылдаудағы эталон.
Зат формасымен геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері. Зерттеу әрекеті және
оның форманы таңдаудағы ролі. Форма туралы түсініктерді қалыптастырудағы және
қабылдаудағы сөздің орны. Әртүрлі белгілеріне байланысты геометриялық пішіндерді
топтастыру әдістемесі. Геометриялық пішіндерді бұрыш, қабырға сандарына байланысты
салыстыру әдістері. Геометриялық пішіндерді трансфигурациялау бейнелеу,
таяқшалардан құрастыру әдістемесі. Дидактикалық ойындар мен жаттығулар. Заттарды
формасы бойынша жіктеудегі дидактикалық ойындар мен жаттығулар.
Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесіКеңістікті бағдарлау туралы
түсінік. Балалардың кеңістікті бағдарлау генезисі. Кеңістікті бағдарлаудың сезімдік
негіздері. Кеңістікті бағдарлау және қабылдаудағы сөздің ролі. Кеңістікті бағдарлауды
қалыптастыру міндеттері.Статистика мен қозғалыста өзінен негізгі бағытты ажырату
ерекшеліктері. Қоршаған ортада өзінен және заттардан бағдарлана білуі, заттардың бір-
бірінен қатынастағы орнын анықтау. Балалардың қоршаған кеңістікті бағдарлауды
меңгеруі. Көру және өлшеу арқылы арақашықтықты анықтау әдістемесі. Кеңістікте
бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар.
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Тәулік ұғымы. Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін Уақыт және оның өлшемі. Мектеп
жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдауы. Балаларды уақытты бағдарлауға
оқытудың міндеттері. Балалардың уақыт сезімін қалыптастыру әдістемесі. Тәулік
бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері.түсіну және кеше, бүгін,
ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақытты сезінуін
дамыту жолдары. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті
бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты
бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балабақша, мектеп және отбасы
жұмысының сабақтастығы. Математиканы оқытуға қойылатын жаңа талаптар. Балабақша
мен мектептің математика пәні бағдарламасының сабақтастығы. Тәрбиешінің шеберлігі
мен білім деңгейін көтерудің формалары (әңгімелесу, кеңес, сабақтарға қатысу,


Page 8

педагогикалық кеңестегі хабарламалар).
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту
жұмыстарын жоспарлау Мектеп жасына дейінгі ұйымдағы қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік шараларды жоспарлау түрлері.
Жылдық, айлық және күнделікті жоспардағы қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыру міндеттерінің шешілуі. Күнделікті жоспарға және жұмыстың есебіне
қойылатын талаптар.

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі – мектеп жасына дейінгі балалардың
денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Негізгі
педагогикалық ұғымдары «дене дамуы», «дене әзірлігі», «дене жетілуі», «дене тәрбиесі»,
«дене машықтығы», «дене жаттығулары», «спорт», «дене тәрбиесі мәдениеті». Дене
тәрбиесі теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Дене тәрбиесі
теориясы және әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны. Дене тәрбиесі теориясы
және әдістемесінің дамыуы. Дене тәрбиесі мәселелері туралы ой пікірлер және еңбектер.
Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу және дамыту Қимыл-қозғалыстарға
үйретуге дидактикалық принциптерді қолданудың ерекшеліктері. Әдістері мен тәсілдеріне
сипаттама. Әдістердің жіктелуі: көрнекілік, сөйлесу, практикалық, жарыстық
проблемалық оқыту және тәрбие әдістері. «Оқыту», «тәрбиелеу» , «дамыту» ұғымдары
және олардың бірлігі. Жалпы педагогикалық принциптері. Оқыту әдісі және тәсілдері.
Әдістердің жіктелуі.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
Курстың пәні мен міндеттері. Пән обьектісі, міндеттері, басқа пәндермен байланысы
философия, педагогика, психология, эстетика, мәдениеттану және т. б.
Курсты оқыту әдістері- әдебиеттерді оқу, педагогикалық үрдісті бақылау,
эксперимент, балалар жүмыстарын педагогикалық- психологиялық талдау, тәжірибе
қорыту, бейнелеу өнері шығармаларын идеялық-көркемдік талдау.
Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс - әрекетін ұйымдастыру Бейнелеу іс-әрекетінің
ұйымдастыру. Сабақ және балалардың өзіндік көркемдік іс-әрекеттері. Материалдар мен
құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық және эстетикалық талаптар.Күн тізбесіндегі
сабақтың алатын орны. Сабақтың түрлері: жаңа сабақ, бейнелеу дағдыларына жаттығу,
есте сақтау, кіріктіру сабақтары. Тәрбиешінің сабаққа дайындығы. Материалдар мен
арнайы құралдарды сақтау. Әдістер мен тәсілдердің топталуы мен сипаттамасы
/көрнекілік, сөздік, ойын/. Олардың өзара байланысы.
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу іс-әрекетіне үйретудегі көрнекілік әдістері,
оны психологиялық-педагогикалық жағынан негіздеу. Қоршаған өмірді бақылау
оқытудың негізі. Заттарды зерттеуге үйрету тәсілі. Иллюстрациялар, слайдтар,
диафильмдер, кинофильмдер мен нақты заттар. Сөздік әдіс-тәсілдер: сипаттық әңгіме,
түсіндіру, нұсқау, сұрақтар, қайта түсіндіру, көркем сөз қолдану /жаңылтпаштар,
жұмбақтар, тақпақтар, мақалдар т.б/. Мектеп жасына дейінгі балаларды үйретудегі ойын
тәсілдері /ойын ұйымдастыру, ойын түріндегі көрнекілік-әрекеттік жаттығулар/.
И.Я.Лернер ұсынған әдістер мен тәсілдер топтамасы: ақпараттық -рецептивтік,
репрподуктивтік, зерттеу, эвристикалық, проблемалық мазмұндау әдісі.






Page 9

ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ ТЕОРИЯСЫМЕНӘДІСТЕМЕСІ

Қоршаған ортамаен таныстыру әдістемесі.Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған
ортамен таныстыру әдістемесі жеке ғылым. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде табиғатпен таныстырудың үрдісі, формалары, әдіс-тәсілдері. Әдістеменің
педагогика-лық пәндермен, дидактикамен, психологиямен, тәрбие теориясымен, мектеп
жасына дейінгі педагогикамен байланысы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуге баланысты алыс және жақын шетелдердің алдыңғы
қатарлы ойшылдарының қағидаларын, педагогикалық, психологиялық зерттеулер
нәтижелерін пайдалану. Өлі және тірі табиғат обьектілерімен және құбылыстарымен
таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой тәрбиесін беру.Қоршаған
ортамен таныстыру негізінде балаларға адамгершілік тәрбие беру. Табиғат күшін (күн
көзі, су, ауа) балаларға дене тәрбиесін беруде пайдалану. Мектеп жасына дейінгі
балаларға еңбек тәрбиесін беру және табиғаттағы адам еңбегін құндауға үйрету.
Әдістеменің теориялық негізі. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы
ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың
ақыл-ойын дамыту жолдары. Қоршаған ортамен таныстыруда сезім мүшелерінің сол
арқылы ортаны сезімдік қабылдануының маңызы. Қоршаған орта заттары мен
денелерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі. Бұкіл сезім мүшелерінің: есту, көру,
иіс, тері- бірлікте әрекет етуінің қоршаған дүниені сезінудегі мүмкіндігі.
Сезімарқылы қабылдау- нақты дүниенің бала санасына тікелей әсерінен туындайды. Осы
арқылы баланың ойы мен тілін қабылдаудың есте сақтауға тигізетін әсері. Табиғат
жайындағы білім негізінде баланың іс-әрекетінің, біліктілігінің дамуы.
Табиғат жайында берілетін білім мазмұнын іріктеу принципі. Балаларға берілетін білімнің
нақтылығы. Жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімнің нақты ғылыми
деректерге негізделуі.
Түсініктілік принципі. Табиғат обьектілері мен құбылыстарының балалардың сезінуіне,
қабылдауына қолайлылығы.Білімнің тәрбиелік, дамытушылық принципі. Табиғатпен
таныстыруға бағдарламалық талаптарды ескере отырып, балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес материалдарды іріктеу. Өлкетану принципі. Жергілікті жер жағдайына байланысты
бағдарламалық материалға өзгеріс енгізу, нақтылау. Білімнің жан -жақтылығы
(эциклопедиялығы). Бағдарлама мазмұнына жаратылыстану ғылымдарының барлық
салаларын қамтитын материалдардың енуі.
Табиғат бұрышы. Табиғат бұрышын жасаудың қажеттігі. Оның тәрбиелік, білімдік
маңызы. Табиғат бұрышына орынастырылатын обьектілерге қойылатын талаптар. Табиғат
бұрышы обьектілерін орналастыру. Табиғат бұрышының тұр ақты және уақытша
обьектілері.
Балабақша үлескісі. Оның білімдік, тәрбиелік маңызы. Үлескіні жоспарлау мен
көгалдандыру. Гүлзар, бақша, жеміс бағы, оны жоспарлау. Үлескіге керекті құрал-
жабдықтар, оларды сақтау.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы- Алматы, 2007, 2015
2. Меңжанова А.Н Мектеп жасына дейінгі педагогика: Рауан – Алматы, 2002
3. М .Жұмабаев Педагогика.– Алматы,2004. – 208 бет.
4. Жұмабекова Ф.Н. Мектеп дейінгі педагогика – Астана, 2009.
5. Жиенбаева С.Н Мектепалды балаларын еңбекке баулу. – Алматы. 2007.– 200 б
6. Печерова К.Л. Развитие и воспитание детей раннего и дошкольного возраста.
Актуальные проблемы и их решения в условиях ДОУ и семьи.– Москва, 2006
7. Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание . – М. 2009


Page 10

8. Балабаева.А.С Қарапайым математикалық түсініктерді қалыпттастыру, 2009
9. Метербаева К.М., Искакова А.Т. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
әдістемесі.– Астан, «Фолиант» баспасы, 2017.–184 б.


Қосымша әдебиеттер
1.Красинцкая Г.С. Борщанская Б.Р . и др . Практикум по дошкольной педагогике. М, 2006
2. Венгер Л.А Пилюгин Э.Г. Венгер Н.Б Воспитание сенсорной культуры ребенка. М,
2008
3.Мухина В.С Мектепжасынадейінгі балалар психологияся, « Мектеп баспасы», 2006
4.Батибаева. С.Г. Обновление содержание образовани дошкольных организаций через
новых технологии.Білім- Образование.2005 ж

Нормативті құжаттар:
1. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы – Алматы, 2007, 2015
2. ҚР 2016-2019 жылдарға дейінгі білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы. А., 2016
3.Базовый минимум содержания общеобразовательной программы дошкольного
воспитания и обучения детей от 1 года до шести лет. Астана, 2004.
4.ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің2016 жылғы «12» тамыз №
499бұйрығымен бекітілгенМектепкедейінгітәрбие мен оқытудыңүлгілікоқубағдарламасы
5. ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 1-
қосымша ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымебекітілген Мектепкедейінгітәрбие мен
оқытудыңмемлекеттікжалпығаміндетті стандарты

Интернет көздері
www.gnpbu.ru/web_resyrs/Doshkoln_ped_1.htm
www.detskiysad.ru/ped/doshkol.html
www.pedlib.ru/Books/1/0481/1_0481-1.shtml
www.1sentyabrya.ru/tesaurus/196/1230
www.eduhmao.ru/info/1/3733
www.koob.ru/strebeleva/special_pedagogy
www.discollection.ru/article/15112010_tatarintsevane/9
www.kontrolnaja.ru/dir/psychology/60607
www.doshcolniki.ru/distance/prog1/tema1.php




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ