Мектепке дейінгі шағын
орталық балалар мен бастауыш
оқушыларының арасындағы
сабақтастық.
Қазіргі таңда Қазақстандық
білім беру жүйесі қарқынды дамуда. Бағыты –тура, мақсаты – айқын,
міндеттері жоспарлаулы білім саласының бүгінгі жеткен жетістіктері
аз емес.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз
Жолдауларында ел тарихындағы маңызды салалардың бірі, әрі бірегейі
ретінде білім саласына басты назар аударып отырады. Себебі, білімді
ұрпақ – ел келешегі. Білімді ұрпақ болашағының жарқын болуында
негізгі орын алатын балабақшалар мен мектептерде білім мен тәрбие
берудің бүкіл жүйесін қайта құру және жаңарту жұмыстары
жүргізілуде.
Болашақ ұрпақтың сапалы білім
алуы мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын
арасындағы сабақтастығымен тығыз
байланысты.
Сабақтастық дегеніміз –
біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ
мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші
буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің
әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің
үйлесімділігі. Балалар білім икемдігі мен
машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу
ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді
өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету,
оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау.
Мектепке дейінгі шағын орталық
пен бастауыш арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі
өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық
және тәжірибелік.
Бірінші аспект: мұғалімдер мен
тәрбиешілердің оқу – тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын,
мектепке дейінгі жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы
бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты
мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен
педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі
бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды
жүзеге асыру керек.
Екінші аспект: бір жағынан мұғалімдердің
тәрбиеленушілердің өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу,
екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап
отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары:
мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін шағын орталықтағы
топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс – әрекетін бақылау,балалардың
диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен
танысу.
Мектепке дейінгі кезеңде білім берудің
сапасын қамтамасыз ететін негізгі қадам. Сондықтан да, мектеп
арасындағы үздіксіз үрдістің сапалық деңгейін көтеруге шағын
орталық тәрбиешілерімен бастауыш сынып мұғалімдерінің
ынтымақтастығына іскер талаптар қойып
отыр.
Сабақтастық дегеніміз екі буын арасындағы
ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, білім берудің
әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Яғни
сабақтастықтың түкілікті мақсаты-баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір
буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуін ұйымдастыру. Бұл
анықтамадан мынадай қорытынды шығаруға
болады.
Шағын орталық
тобында:
-осы кезеннің маңыздылығын
сақтау;
- баланың жеке тұлғалық, танымдық қасиеттерін
дамыту;
- қоршаған ортамен баланың қарым-қатынасын
даярлау;
Оқу еңбегіне
дағдыландыру;
Бастауыш
сыныпта:
Мектепке дейінгі тобында жеткен
жетістіктеріне сүйену;
- оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы, даярлық
топта баланың арнайы түзету жұмыстарын
ұйымдастыру;
- оқушының ойын арқылы оқу әрекетін
дамыту.
Бастауыш мектеп пен шағын орталық -тәрбиелеу
жұмысын ұйымдастырудағы сабақтастық. 1. Біріккен педагогикалық
кеңестер. Ол кеңестерде былтырғы және биылғы оқушылардың
салыстармалы түрде қиындықтары мен жетістіктерін бөлісеміз. Әрбір
педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте даярлық пен 1
сынып арасындағы мұғалімдерінің іс-тәжірибелері талданады. 2. Өзара
пікір алмасып, озық іс-тәжірибелерін бөліседі. 3. Сабақ пен тәрбие
сағаттарына өзара үнемі қатысады. Келесі жылы 1- сынып
қабылдайтын мұғалім үнемі жыл бойына даярлық сынып сабағына
қатынасады.
Мектепке дейінгі шағын
орталық тобының міндеттері:
-
салауатты өмір
сүру салтының құндылығына балаларды
қатыстыру;
-
эмоционалдық
аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік
іс-әрекет түріне жағдай жасау;
-
талабын, білуге
құмарлығын, еркіндігін дамыту;
-
айналадағы әлем
жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің
міндеттері:
-
салауатты өмір сүру салтының
құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін
осыған сай реттеу;
-
қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас
дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды,
коммуникативті және іскери)
-
мектепте оқуға үйрену деген тілегін
қалыптастыру;
-
әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс
істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін
дамыту;
Мектеп пен мектепалды сабақтарын салыстыра отыра
келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:
Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін
басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте
жан-жақты тәрбиелеу. Айқын және қатаң
ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі,
әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық
жұмыс жүргізуі. Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс
қалатын жағдайлар да болып жатады:
-
баланың
дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен
көру қабілеті т.б.
-
іс-әрекетін жүйелі
ұйымдастыра білуі;
-
құрбыларымен, үлкендермен
қарым-қатынасы;
-
қоршаған ортасын қабылдау бейімі
т.б.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай
туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап,
нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар
бар.
Олардың ең бастылары арнайы білім беру
кеңістігін құратын орта:
-
оқу, ойын,
жатын бөлмелері;
-
жас ерекшеліктеріне сай
оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
-
гигиеналық талапқа сай
асхана;
-
сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын
құралдары сақталатын арнайы орын;
-
баланың бойына ескеріліп құрылған сынып
тақтасы.
Шағын
орталық тобы мен бастауыш мектеп сатысында мына жағдай
туындайды: білім беру және дамыту моделінен оқытудың
мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек.
Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан
да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің
сабақтастығы жоғары рөл атқарады.
Шағын орталық балаларын мектепке бейімдеу
жұмыстары жүреді. Баланы мектепке бейімдеуде отбасы тәрбиесінің
дұрыс болуы; тәрбиеші мұғалім мен қарым-қатынасы мен жұмыс істеу
әдістеріндегі сабақтастық маңызды рөл атқарса, осы орайда даярлық,
бастауыш сынып ата-налармен кездесу өткізіледі. Өмірді жаңа
тани бастаған баланың шағын орталық –бастауыш мектеп оқу-тәрбие
әрекетін жүйелі де дұрыс ұйымдастырсақ- алғыр ойлы, зерек, қағілез,
ширақ, батыл балдырғанды тәрбиелеудің алғы шарты. ХХІ ғасыр-бәсеке
ғасыры, олай болса, Отанын сүйетін, тілімізді, ұлттық тарихымызды,
мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгігін
ұстайтын, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс
келетін құзырлы азаматтардың тәрбиесін бесіктен, шағын орталық
тәрбиеленуші бастауыш сыныптан бастап жүзеге
асырады.
Өмірді жаңа тани бастаған баланың–бастауыш
мектеп оқу-тәрбие әрекетін жүйелі де дұрыс ұйымдастырсақ- алғыр
ойлы, зерек, қағілез, ширақ, батыл балдырғанды тәрбиелеудің алғы
шарты. ХХІ ғасыр-бәсеке ғасыры, олай болса, Отанын сүйетін,
тілімізді, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі
Қазақстанның тізгігін ұстайтын, кез-келген тапсырманы орындауға
қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтардың тәрбиесін
бесіктен, бастауыш сыныптан бастап жүзеге
асырады.