Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепке дейінгі тәрбие - болашаққа баспалдақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаным Ақерке хорошо что сен барсыңше . жаныммммммммммммм







Құрметті ұстаздар ата-аналар және білім алушылар

Отбасы бақыт мекені атты ашылу салтанатын бастауға рұқсат етіңіздер

Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта.Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы,алтын тіреу діңгегі-ата-ана.

Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.Отбасының әрбір мүшесі өзара сойлесіп не болмаса ата-ананың,баланың міндетін атқару ғана емес,береке бірлік,сүйіспеншілікпен арласса,босағасы берік,шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.



Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше есептелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі,мейірімнің кәусар бұлағы Ана есімінен қасиетті ештеңе жоқ.

Ана мен бала әні



«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн”

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ, - деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі.





Асқар тау әкең болса жанға тірек,

Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.

Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса,

Жанұяң - демеу болар үлкен жүрек.



Әжең сені қасына ап, күлімдейді,

Анаң келіп қуанып, күнім дейді.

Қандай да бір жағдайға ұшырасаң,

Оларда қиналған соң, уайым жейді.



Әке-шеше бүлдіршіннің қосқанаты,

Сол қанатта өсуде жастар әлі.

Жанұя құдіреттінің құдіреттісі,

Отанда осы жерден басталады!!!

























Ата-ана асқар тау алдымдағы

Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі

Өзің берген өнеге тәрбиеңмен

Бақыттымыз жанұя бауырындағы.



Жылжи берші кезім емес жасқана

Бөгей алмас білім атты тас қамал

Отанның аяулысы боларсың

Отан деген отбасынан басталар.





Отбасы – ұлттың тірегі.Отбасы бұл – әдет-ғұрыптың, жанға жағымды өнегелердің сондай-ақ қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Тәрбиенің алғашқы әліппесі де осы отбасында қалана бастайды. Жанұя – адамдық құндылықтардың, мәдениет пен адамгершіліктің қорғаушысы, ұрпақтың тарихи сабақтастығы.



Тәрбие көзі отбасынан басталатындықтан, баршаңызға шынайы отбасылық бахыт, шаңырақтарыңызға бірлік пен береке, шаттық тілеймін!









"Отбасы - бақыт мекені" эссе

Мен үшін отбасым – менің ең қымбат нәрсем, отбасымдағы əкем, анам, əпкем - мен үшін бүкіл әлемнен қымбат жандар. Мен отбасымда өзімді ең бақыттымын деп сезінемін, өйткені олармен өткізген уақытқа баға жетпес. Мен ата-анамды және əпкемді қатты бағалаймын - олар менің барым. Не болса да, мен әрдайым сол жерде боламын! Мен жер бетіндегі кез-келген баланың отбасымен шынымен бақытты болғанын қалаймын, өйткені олармен өткізген уақытты, өкінішке орай, көпшілік бағаламайды, бұл ең қорқынышты нәрсе шығар. Ойларымды қорытындылай келе айтарым: отбасымен бірге өткізген сәттерді бағалаңыз және отбасыңызды сүйіңіз, қорғаңыз!







Құрметті ұстаздар

Сіздердің отбасыларыңызға біздің тобымыздың атынан тек жақсылық тілейміз.Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін,ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген ізгі тілекпен бүгінгі іс-шарамызды тәмамдаймыз. Көріскенше күн нұрлы болсын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12