МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ


Жамурова Ақнур Мырзабековна

Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Айкоркем» ДО ЖШС

«Арман» балабақшасының тәрбиешісі


Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында десек, балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Бала жанұя аясында түлеп өседі, оң - солын таниды. Алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашады. Тәрбиені тал бесіктен бойына жиып өскен баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болатыны хақ. М. Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен. Бабаларымыздың бұл сөздерінен кейін қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу екендігін аңғара аламыз. Бала бақытының бағбанына айналып, ой-санасының дамуында айрықша рөл атқаратын алғашқы алтын ұясы-балабақшаның орны бөлек. Отбасы баланы дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, балабақша баланы өз бетімен өмір сүруге бейімдеп, толыққанды адам етіп тәрбиелеуге атсалысады. Бұл екі ортаның да мақсат - мүддесі ортақ, міндеті - біреу. 

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу.  Әрине  бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Бала­лар­дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. 

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде заманауи технологиялармен жұмыс жасау басты назарда. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білу, жеке тұлғаның дамуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1. Монтессори технологиясы
2. Жобалау технологиясы
3. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы
4. 
Денсаулық сақтау технологиясы

Осы технологиялардың ішінде бала шығармашылығы мен ой-санасын дамытуда ерекше рөл атқаратын ТРИЗ технологиясын атап өткен жөн. Бұл технология тәрбиешілер мен балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы біріңғай құралдарды қолдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады.

Технологияның мақсаты – баланың бойындағы әлеуетті көркемдік – шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту. ТРИЗ технологиясының міндеттері:

-Балалалардың танымдық қабілеттерін арттыру;

- Шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

- Балаларды шығармашылық әдеттен тыс ойлауға дамыту;

- Үнемі ізденіске қарай итермелеу.

Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың  пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді. Бүлдіршіндердің қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үдерісіне енгізудің да маңызы жоғары. Сабақты ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы өткізу ойынға оңай ұласады да, балаларда оқуға деген эмоционалдық жағымды қатынас пайда болады. Ескеретін жағдайлар: Зерттеулерді талдау негізінде оқыту үдерісіне аталған құралдарды, яғни интерактивті оқыту технологиясын сауатты жоспарлаған тәрбиеші педагогикалық үдерісте мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жас ерекшелігіне сай, психикасы мен денсаулығына кері әсері болмайтындай қолдану керек. Сабақта ақпараттық технологияларды қолдану кезінде барлық қауіпсіздік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу тәрбиешіге жоғары жауапкершілікті жүктейді. 

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Балалар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да интерактивті тақтамен жұмыс жасау балалардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде баланың ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір оқу іс-әрекеті үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа оқу іс-әрекетті түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір оқу іс-әрекеттің әсерлігін және мазмұнын арттырып, балаға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді. Интерактивті технологияны қолдану арқылы тәрбиеші мен бала арасында екіжақты байланыс орнайды. Тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе, бала тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерді бойына қалыптастырады.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы әрі деңгейі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде, қазіргі таңда тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.

 Қазіргі таңда білімді ұрпақ келешек кепілі демекші, міне, жаңа технологияның тиімділігі  баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, жан-жақты біліммен қаруланған  ұрпақ тәрбиелейді.  Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.  Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді.  Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білім құмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,  жаңаша көзқараста,   жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада,  жаңа бағытпен ұйымдастыру. Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс.  Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйренейік, үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді. Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын   баланың өсіп, өмір сүретін орны – балабақша болғандықтан, балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2023
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі