Материалдар / Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік бағдарламасы бойынша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік бағдарламасы бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
257
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасы МКҚК

Тәрбиеші: Джетписова Женисгуль Мырзабековна


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасы

бойынша

(мектепалды даярлық тобы)


Ұйымдастрылған оқу қызметі

Саласы: Шығармашлық 

Бөлімі: Сурет салу. Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Күз ерекшеліктері»

Мақсаты (смарт ):

Білімділік: Балалардың табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсініктері молаяды.
Дамытушылық: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға дағдыланады, кері байланыс жүргізу арқылы толық жауап береді.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылықтары артады. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикаға тәрбиеленеді.

Дағды (Стандарт әрекет түрлері): балаларды елестету және заттарға қарап, күрделі емес заттарға сұлбасын өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып салуға үйрету, ағаштарды, күзгі жапырақтарын бейнелеу.

Күтілетін нәтиже: ағаш, бұлт, найзағай, кірпінің шынайы бейнесінен және елестетуі бойынша суреттерін салады;

ҰОҚ баланың қандай қабілетін ескереміз: қабылдаудың жетекші каналын (аудиал-визуал-кинестетик), ойлау стилін, қабілет түрлерін.
Құрал - жабдықтар: үлгі сурет, қылқалам, су бояу, мақаталы таяқшалар, целлофан, интерактивтік тақта, қол сүртетін сүлгі.

Сурет салу кезінде қауіпсіздік техника ережесімен таныстыру.
Билингвильді компонент:
қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

Әдіс-тәсілі: кері байланыс, креативтілік, сыни ойлау, тікелей бақылау, тәрбиешінің жетекшісімен және символдық ойын, саусақ ойын)

Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің, күз туралы суреттер, үлгі.

Қолданылатын технология: дәстүрден тыс сурет салу (әуен тыңдай отырып сурет салу техникасы, суретті қағазбен басып алу техникасы, мақталы таяқшамен нүктелер салу техникасы).


Мотивациялық-қозғаушылық:

Шаттық шеңбері:

Балабақшам менің, армысың

Сені қатты сүйемін

Достарым, аман сау бармысың?

Сендерді де қатты сүйем


Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық:


Жұмбақ жасыру:

Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)


Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.

(Көктем)


Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)


Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)


Жақсы, жарайсыңдар!


Тәрбиеші:

-Ал, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз айларын кім біледі?
- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

-Кімге күз мезгілі ұнайды? Неліктен?

-Кімге ұнамайды? Неліктен?

Жақсы, жарайсыңдар!


-Балала, өздерің байқағанадй, бізде қазір сурет салу оқу қызметі.

Қауіпсіздік техника ережесімен таныстыру:

-Балалар, қылқаламды аузымызға салмаймыз, саусақатырымзбен көзімізді уқаламаймыз, сурет салған кезде ақырын тыныш отырып саламыз.


Біз қазір ойын ойнаймыз «Бұл қандай әуен?».

Күзгі ауа-райын әуен тыңдау арқылы ажыратып, сурет саламыз.

Мұқият құлақ салып тыңдаймыз.

Бірінші әуен ойналады.

Балалар тыңдап, жауаптарын айтады. Ақ қағазға қылқаламмен қара бұлттарды, найзағайды салады.

Екінші әуенді тыңдап, жауаптарын айтып, мақталы таяқшалармен жаңбырды салады.

Үшінші әуенді тыңдайды.

Балалар тыңдап, жауаптарын айтады. Келесі ақ қағазға қылқаламмен күннің көзін , көк бұлттарды, құстарды салады.


Тәрбиеші:

Тамаша! Жарайсыңдар! Ойынды жақсы ойнадыңдар. Сендер әуенді ажрата біледі екенсіңдер. Суреттеріңде кермет болды. Мақтау, мадақтау.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды биікке көтереміз-бұл бізде ағаштар

Шайқаламыз-бұл бізде жел

Төмен түсіріп желбіретеміз-бұл бізде жапырақтар

Жапырақтар желден жерге түсіп жатыр.

Алысқа қараймыз-бұл аңдар келе жатқан

Ал, аңдар болса, әдемі тиыш отыра қалды.


Тамаша, балалар!


Ал, енді олай болса саусақтарымыздан сұрайық: (саусақ ойыны)

-Саусақтар-ай, саусақтар,

Сендер қайда бардыңдар?

-Орманға

-Орманда не көрдіңдер?

-Аюды, қасқырды, қоянды, түлкіні

Кішкентай кірпіні


Жарайсыңдар! Олай болса мына алдымыздағы целлофанға кірпіні салайық.

Кірпінің бейнесін еске түсіру үшін, интерактивті тақтадан кірпі туралы қысқа мультфильм көрсету.

Балалар қылқаламмен кірпіні салады. Болғн соң, ақ қағазды алып, кірпі салынған целофанға әдемілеп басады. Ақ қағазды целофаннан ақырын ғана айырып алады. Кірпінің суреті ақ қағазда қалады.


Тәрбиеші:

-Қандай керемет сурет болды, балалар, мінекей ормандағы кішкентай кірпімізде дайын. Жарайсыңдар!

-Балалар, біз бүгін не салдық?

-Мен сендрерге не жасырдым? Не туралы?

-Не тыңдадық? Қандай әуендер?

-Жаңбырды немен салдыңдыр?

-Кірпінің суретін қайда салдыңдар? Сендерге қызықты болды ма?

Жалпы бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

Жарайсыңдар! Мен де сендерге бүгін қатты ризамын! Қанекей, бір-бірімізге шапалақтап қояйық! Рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!