МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Тақырып бойынша 29 материал табылды

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың өзекті жолдары мен әдістері қарастырылады. Балабақша – баланың алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде оның тұлғалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытудың басты алаңы екендігі көрсетілген. Ойын арқылы оқыту, инновациялық технологияларды қолдану, ұлттық тәрбие және ата-анамен ынтымақтастық мәселелері кеңінен талданған. Сонымен қатар, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықтың бала дамуына тигізер маңызы ғылыми және практикалық тұрғыдан сипатталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Сайлау Ақнәр Альбарқызы

С.Байшев атындағы Ақтөбе университеті 6В01211-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу» мамандығының МДОТ-кк-223 тобының студенті

Аннотация

Бұл мақалада мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың өзекті жолдары мен әдістері қарастырылады. Балабақша – баланың алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде оның тұлғалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытудың басты алаңы екендігі көрсетілген. Ойын арқылы оқыту, инновациялық технологияларды қолдану, ұлттық тәрбие және ата-анамен ынтымақтастық мәселелері кеңінен талданған. Сонымен қатар, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықтың бала дамуына тигізер маңызы ғылыми және практикалық тұрғыдан сипатталған.

Түйін сөздер: мектепке дейінгі тәрбие, оқыту, инновациялық технология, ұлттық тәрбие, сабақтастық, ата-ана, бала дамуы.

В данной статье рассматриваются актуальные пути и методы организации дошкольного воспитания и обучения. Детский сад представлен как первая социальная среда ребёнка, в которой закладываются основы его личности, интеллекта и творческих способностей. Особое внимание уделено игровым методам обучения, применению инновационных технологий, национальному воспитанию и взаимодействию с родителями. Также раскрывается значение преемственности между детским садом и школой в развитии ребёнка.

Ключевые слова: дошкольное воспитание, обучение, инновационные технологии, национальное воспитание, преемственность, родители, развитие ребёнка.

This article explores relevant methods and strategies for organizing preschool education and upbringing. The kindergarten is presented as a crucial environment where a child’s personality, intellectual, and creative abilities are formed. The article highlights play-based learning, the use of innovative technologies, national upbringing, and cooperation with parents. It also emphasizes the importance of continuity between preschool and primary education in fostering a child’s development.

Keywords: preschool education, teaching, innovative technology, national upbringing, continuity, parents, child development.

«Бала – біздің болашағымыз» деп текке айтпаған дана халқымыз. Ертеңгі елдің тірегі, мемлекеттің келешегі — бүгінгі баланың бойындағы білім мен тәрбиенің негізі тікелей байланысты. Ал сол тәрбиенің іргетасы қайда қаланады дейсіз бе? Әрине, мектепке дейінгі кезеңде. Қазіргі уақытта бала тәрбиесіне деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Заман ағымына сай білім беру мен тәрбие жүйесі де жаңарды. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру — бұл жай ғана міндет емес, бұл – елдің болашағын ойлау, ұлттық сана мен сапалы ұрпақ тәрбиелеудің басты алғышарты.Мектепке дейінгі ұйымдар – баланың әлеуметтік ортаға бейімделетін, алғашқы өмірлік және адами дағдыларды меңгеретін қасиетті мекен. Мұндағы әрбір тәрбиеші – тек білім беруші емес, нағыз педагог-суреткер, тәрбие шебері. Ол бала жүрегіне жол таба білетін, нәзік жанды, терең сезімді маман. Себебі әрбір кішкентай жанның бойындағы мүмкіндікті ояту үшін жүрек жылуы мен білім үндестігі қажет.Баланың алғашқы қадамы – балабақша табалдырығынан басталады. Бұл ортада оның тілі дамиды, қиялы шарықтайды, қоршаған ортамен танысады. Ендеше, тәрбие мен оқытуды тиімді ұйымдастыру – уақыт талабы ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке апарар жолдың бір парасы.Мектепке дейінгі кезеңде бала ойын арқылы дамиды. Ойын – бұл жай ермек емес, бұл – баланың дүниетанымының айнасы. Кез келген таным процесі, мінез-құлық үлгісі, қарым-қатынас мәдениеті ойын арқылы қалыптасады. Сондықтан балабақшада оқытуды ойынмен ұштастыру – қазіргі педагогиканың алдыңғы қатарлы әдісі.Мәселен, рөлдік ойындар мен дидактикалық тапсырмалар, ертегі сахналау мен қуыршақ театры арқылы бала тек тіл үйреніп, есте сақтау қабілетін дамытып қоймайды, сонымен қатар ұжымда жұмыс істеу, эмоцияны басқару, өз пікірін жеткізу секілді әлеуметтік дағдыларды да меңгереді. Бұл — болашақ тұлға қалыптасуының бастауы.Көп ұлтты заманауи қоғамда ұлттық тәрбие – рухани жаңғырудың өзегі. Бала жастан ана тілін меңгеру, ұлттық салт-дәстүрлерді бойына сіңіру – оның елін, жерін сүйетін азамат болып өсуінің кепілі. Осы ретте, балабақшаларда ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер, ұлттық ән-күйлер тәрбие құралы ретінде кеңінен қолданылуы тиіс. Бұл арқылы біз бала бойына туған топыраққа деген құрмет пен отансүйгіштік сезімді ұялатамыз.Тәрбие – тек тәрбиешінің ғана емес, ең алдымен – ата-ананың міндеті. Балабақша мен отбасы арасында тығыз байланыс орнағанда ғана бала тәрбиесінде нәтиже болады. Ата-аналарға арналған семинарлар, ашық есік күндері, бірлескен шығармашылық жобалар осы байланысты нығайтудың тиімді жолы.Тәрбие – ортақ іс. Баланың мінезі мен дағдысы отбасыда қалыптасса, оны дамытып, тұлға ретінде қалыптастыратын орын – балабақша. Сондықтан тәрбие үрдісі тек мекеме ішінде ғана шектелмей, ата-аналармен бірлесе отырып жүргізілгенде ғана нәтижелі болмақ.Бүгінгі бала – цифрлық дәуірдің өкілі. Смартфон, планшет, интерактивті тақта – бұлар қазіргі баланың табиғи ортасы іспетті. Сондықтан балабақшадағы оқыту жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу – баланың қызығушылығын арттыратын, жаңа форматтағы білім берудің заманауи тәсілі.Мультимедиялық сабақтар, интерактивті ойындар, баланың тілін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамытуға бағытталған онлайн платформалар – бұлардың бәрі оқытуды жаңа деңгейге көтереді. Әрине, бұл жерде баланың жас ерекшелігі мен экран уақыты қатаң ескеріліп, педагогтың кәсіби біліктілігімен үйлесуі тиіс.

Мектепке дейінгі білімде қолданылатын инновациялық технологиялар:

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ): Интерактивті тақталар, мультимедиялық сабақтар, бейне, аудио материалдар — баланың көру, есту, есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Мысалы, әріптерді үйрену кезінде анимация арқылы дыбыстау баланың қызығушылығын оятады.

  2. Монтессори әдісі: Итальян педагогы Мария Монтессоридің әдісі бойынша бала өз бетімен әрекет етіп, жеке даму қарқынымен жұмыс істейді. Арнайы жабдықтар, тактильдік ойындар, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беретін орта — баланың еркіндігін дамытуға негізделеді.

  3. Вальдорф педагогикасы: Баланың қиялы мен шығармашылығына ерік береді. Бұл әдісте теледидар мен гаджеттерге шектеу қойылып, ертегі, музыка, сурет, театр арқылы даму іске асады.

  4. ТРИЗ технологиясы (Шығармашылық тапсырмаларды шешу теориясы): Балада логикалық, сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Мысалы, қарапайым ертегіні өзгертіп айту, бірнеше шешімі бар тапсырмалар беру арқылы бала ойлау әрекетіне үйренеді.

  5. «Дамыта оқыту» технологиясы (Л.В. Занков, В.В. Давыдов): Бұл әдісте баланың өздігінен білім іздеуіне, сұрақ қоюына, талдау жасауына басымдық беріледі. Педагог – тек бағыт беруші.

Бала экранның емес, тәрбиешінің көзіне қарап, жүрекпен қабылдайтын тәрбие ғана өмірлік мәнге ие болады.Сондықтан да интерактивті құрылғылар, анимациялық оқыту, электронды әдістемелер тәрбиеші жүрегіндегі мейіріммен ұштасқанда ғана өз жемісін береді. Педагог – технологияға иелік етуші, ал бала – оның жемісін теруші.Қазақстандық педагог-ғалым А.А. Мұхамбетжанова өз зерттеуінде былай дейді:«Инновациялық технологияларды қолдану – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлауын, моторикасын және зейінін арттырады. Бірақ оны педагогикалық шеберлікпен ғана жүзеге асыру қажет».Ал халықаралық деңгейдегі зерттеулер бойынша (OECD 2022), мектепке дейінгі ұйымдарда мультимедиялық оқыту мен бала белсенділігін арттыруға бағытталған технологиялар қолданылғанда, оқыту тиімділігі 25–30%-ға дейін артады екен.

Тәрбиеші – тек сабақ жүргізуші емес, ол — баланың жүрегіне жол таба алатын тұлға. Оның бойында мейірім мен жауапкершілік, кәсіби білім мен жаңашылдық қасиеттері болуы шарт. Қазіргі педагог – заманауи технологияларды меңгерген, ұлттық тәрбиені меңгерген, әр баламен тіл табыса алатын кәсіби маман.Жаңа заман тәрбиешісінен үздіксіз даму, жаңалыққа бейімділік талап етіледі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары, әдістемелік бірлестіктер, тәжірибе алмасу алаңдары маңызды рөл атқарады.

«Тәрбие тал бесіктен» демекші, баланың алғашқы тәрбиесі отбасында басталып, балабақшада жалғасады. Ал одан әрі бұл үрдіс мектеп табалдырығынан өтіп, үлкен өмірге жол ашады. Осы үдерістегі басты міндет – бала бойындағы білім мен дағдыны біртіндеп дамыту, оны үздіксіз әрі жүйелі бағытқа қою. Бұл ретте балабақша мен мектептің арасындағы байланыс — тек әкімшілік деңгейдегі тізбек емес, бұл — тәрбиелеу мен оқытудың рухани әрі әдістемелік сабақтастығы.Бала үшін мектеп табалдырығын аттау – үлкен өмірге аяқ басу. Ал осы жаңа кезеңге бейімделу – оңай шаруа емес. Баланың психологиялық, физиологиялық және когнитивтік тұрғыдан дайын болуы оның мектептегі табысты оқуының алғышарты. Осы себепті балабақшадағы мектепалды даярлық топтарының рөлі орасан зор. Бұл топтарда балаларға мектептегі оқу жүйесімен танысу, оқуға деген оң көзқарас қалыптастыру, бастапқы оқу, жазу, санау дағдыларын меңгерту жүзеге асады.Балабақша мен мектептің өзара тығыз ынтымақтастығы — баланың қалыпты бейімделуін қамтамасыз етеді. Педагогтер арасында тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар, әдістемелік кеңестер ұйымдастыру арқылы мектеп мұғалімдері мектепке келетін баланың деңгейін алдын ала біліп, оларға жеке тәсіл қолдануға мүмкіндік алады.Кейбір алдыңғы қатарлы мектептерде балабақша тәрбиешілерімен бірігіп, «ашық сабақтар», «мектепке саяхат» күндерін өткізеді. Бұл бала үшін де, ата-ана үшін де үлкен қолдау. Себебі бала болашақ мектебімен танысып, бойындағы қорқынышын жеңеді, мұғалімдерді алыстан емес, жақыннан көріп, білім әлеміне сенімді қадам жасайды.Ғалымдар не дейді?Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ. Қабдықайырұлы бұл туралы:«Бала өмірінде балабақша мен мектептің арасында байланыс үзілмеуі тиіс. Бұл кезең – білім беру процесінің ішкі бірлігі мен мазмұндық тұтастығын қамтамасыз ететін ерекше баспалдақ», – деп атап көрсеткен.Ал отандық білім беру саласының маманы, ғалым С.Е. Нағашыбай:«Балабақшадағы тәрбие мен мектептегі білім арасында алшақтық болса, балада күйзеліс, бейімделу қиындығы, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады», – дейді.Практикалық ұсыныстар:

  • Мектеп мұғалімдерінің балабақша топтарына келіп, сабақтарға қатысуы;

  • Балабақша тәрбиеленушілерінің мектепке экскурсиясы;

  • Бірлескен шығармашылық жобалар (қолөнер, көрме, концерт);

  • Балаларды психологиялық дайындау бойынша тренингтер мен ойындар;

  • Ата-аналарға арналған кеңестер мен бейімделу кестелері

Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру – кез келген ел үшін ең маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Себебі бала бақыты – ұлт болашағының кепілі. Баланың бойына сәуле себетін әрбір педагог, әрбір ата-ана – елдің келешегіне сәуле шашатын шырақшы іспетті.Жаңартылған мазмұн, озық технология, ұлттық тәрбие және заманауи әдіс – осының бәрі үйлесім тапқанда ғана біз ұрпағымызды саналы, білімді, рухани бай, мәдениетті тұлға ретінде қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қабдықайырұлы Қ.Қ. Білім берудің жаңа философиясы. – Алматы: Рауан, 2019.

  2. Мұхамбетжанова А.А. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану. – Алматы: Педагогика, 2020.

  3. Нағашыбай С.Е. Мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Астана: Фолиант, 2021.

  4. ҚР «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007 (өзгерістермен және толықтырулармен, 2023 ж. нұсқасы).

  5. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты. – Астана, 2022.

  6. OECD Report on Early Childhood Education and Care. – Paris, 2022.

  7. Stud.kz ғылыми платформасы – https://stud.kz/referat/show/74462

  8. Bilimainasy.kz. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы инновациялық әдістер. https://bilimainasy.kz

  9. Emirsaba.org. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі. – https://emirsaba.org

  10. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулықтар. – ҚР Оқу-ағарту министрлігі, 2023.

  11. Торайғырова С.Ж. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің теориясы мен технологиясы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2021.

  12. Zhumataeva A.Zh. Pedagogical conditions of continuity between preschool and primary education. // European Journal of Research and Reflection in Educational Sciences, Vol. 10, No. 3, 2022.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2025
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі