Материалдар / МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша балалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2018
1915
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі отбасы бала туылғаннан бастап шынайы себептерге байланысты балаларды тәрбиелеу мен дамытуда, түзету процесін ұйымдастыруда мәселелерінде кәсіби педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды қажет етеді.

Ата-аналардың көпшілігі мектеп жасына дейінгі балаға білім берудің маңыздылығын сезінеді, бірақ мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді түрде араласпайды. Оның негізгі себебі, ата-ананың көпшілігі баланың дамуы мектеп жасына дейін қалыптасатынын толық біле бермейді.

Осы тұста, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен тікелей жұмыс нәтижесінде не алғылары келетіні, мектепке дейінгі білім берудің мақсатын және оны жүзеге асыру тәсілдерін түсінуі маңызды болып саналады.

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тарту міндеті негізгі үш бағытта шешіледі:

1. Отбасымен ықпалдастықты ұйымдастыру бойынша балабақша ұжымымен жұмыс, педагогтерді ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлері жүйесімен таныстыру.

2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларды тәрбиелеу және оқыту саласымен хабардар болу деңгейін анықтау, білім беру қызметіндегі ата-аналардың қажеттіліктерін айқындау.

3. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен ықпалдастыққа тарту. Балабақшаның отбасымен жұмысын жоспарлауда келесі ерекшеліктерді:

- ата-аналардың білім деңгейлері, олардың әлеуметттік қажеттіліктері;

- балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі;

- мектепке дейінгі ұйым жұмысының басым бағытын ескеру керек Мұның барлығы балабақша мен отбасында баланың дамуына бірыңғай



тәсілдер құруға негіз болады.

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың арасындағы ықпалдастықты тиімді іске асырудың негізгі жағдайлары баланың отбасын, оның жағдайын, мүмкіндіктерін зерделеу.

Мектепке дейінгі ұйым бүгінгі күні үнемі дамуда, жүйелі икемделгіш, ата- аналардың әлеуметтік құрамының өзгерісін, олардың білімдегі қажеттіліктері мен тәрбиедегі сұраныстарын жылдам сезінетін болуы тиіс. Осыған байланысты балабақша мен отбасының арасындағы жұмыстың түрлері мен бағыттары өзгеріп отыруы қажет.

Ата-аналармен жұмыста жобалық қызметке қатысу жақсы нәтижелер көрсетеді. Әдеттегідей, кез келген жоба отбасымен жұмыстың топтамасын қамтиды. Оған отбасымен жұмыстың барлық түрлерін (көрмелер ұйымдастыру, экскурсиялар, ата-аналар жиналыстарын, стендтерді безендіруді, бос уақытты тиімді өткізу және т.с.с.) жатқызуға болады. Осындай кешенді тәсілдер қолданғанда ата-аналар педагогтердің белсенді серіктестері бола отырып, міндеттердің табысты шешімін қамтамасыз етеді (1-қосымша).

Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, тәрбие беру әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Балабақша мен отбасы арасындағы педагогикалық өзара байланыстың табыстылығы көбіне тәрбиешінің өз қызметінде қаншалықты ата-аналардың қызығушылығын тудыратын және заманауи мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу мен оқыту процесіне белсене қатысуға жағдай жасайтындай ата- аналармен жұмыс түрлерін қолдануына байланысты.

Жұмыс тиімділігінің критерийлері:

- жоспарланған барлық іс-шараларға ата-аналардың көп қатысуы;



-ата-аналардың балалармен жұмыс кезінде ұсынылған материалдарды қолдануы;

- отбасының оң бағасы мен мектепке дейінгі ұйыммен алдағы серіктестікке берілген жағымды пікірлер болып табылады.



Балабақша мен отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың түрлері мен мазмұны алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірыңғай стандарты болмайды.

Әдетте отбасымен жұмыстың екі түрі белгіленген:

- ұжымдық (дәрістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары);

- жеке (әңгімелесу, кеңестер, тапсырмалар, отбасын аралау).



Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалар ата-аналарымен өзара ықпалдастығының дәстүрлі түрлері замануи инновациялық технологиялармен үйлестірілген. Ата-аналармен жұмыста ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (АКТ) кеңінен қолданылады.

Педагогтерде де, ата-аналарда да қатынастың дәстүрлі емес түрлері ерекше танымалдықпен қолданылады. Олар ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын балабақшаға аудартуға бағытталған. Ата-аналар өз балаларын басқа жаңа жағдайда көріп, жақсырақ біледі, педагогтермен жақын араласады.

Жекелей және топтық кеңестер, ата-аналар жиналыстары және көрнекі насихаттау өткізуден басқа «ауызша журналдар», педагогикалық қонақжай, мәселелер бойынша дискуссиялар, сұрақ-жауаптар кештері, КТК, «ток-шоу» сияқты түрлерін қолдану ұсынылады.

Мектеп жасына дейінгі ерте және кіші топтардағы ата-аналар жиналыстарында ата-аналарды белсендіру үшін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және күн тәртібінің сәттерінде бейнежазбаларды көруді және талқылауды ұсынуға болады. Ересек топтардың тәрбиешілеріне алдын ала белгіленген тақырып бойынша диспуттар ұйымдастыру, белсендірудің интерактивті әдістерін, сұқбаттасуды, талқыланатын мәселенің рейтингтік бағасын, талқылау үшін бірнеше түрлі көзқарастарды қолдану ұсынылады.

Ата-аналармен өзара ынтымақтастық өнімділігін арттыруға, ата-аналар мен балалардың бірігуіне конкурстар өткізу де ерекше ықпал етеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!