400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Ыбырай Алтынсариннің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесінің бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі өміршеңдігін қарастырдық. Ыбырай өз шығармаларында қазақ балаларына жаны ашып, олардың көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, адамгершілігі мол болып қалыптасуларына тынбай еңбек етсе ғана жететіндіктерін дәріптеген. Бүлдіршіндерді білімге, ғылымға, адамгершілікке, өнегелікке, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуге өз әңгімелерінде, өлеңдерінде тілге тиек еткендігін аңғардық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі алатын орны

Бұл мақалада Ыбырай Алтынсариннің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесінің бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі өміршеңдігін қарастырдық. Ыбырай өз шығармаларында қазақ балаларына жаны ашып, олардың көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, адамгершілігі мол болып қалыптасуларына тынбай еңбек етсе ғана жететіндіктерін дәріптеген. Бүлдіршіндерді білімге, ғылымға, адамгершілікке, өнегелікке, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуге өз әңгімелерінде, өлеңдерінде тілге тиек еткендігін аңғардық.

Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің атасы, негізін қалаушы деп те таниды. Ұлы педагог - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған ұстаз. Алтынсарин ұлттың бала тәрбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақты ұлы педагогына айналды. Қазақ балалар әдебиетінің атасына айналған алғашқы ұстазымыз өз туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына

түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды. Бұл жолға жету үшін атамыз көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады.

Ыбырай балалар әдебиетіне арнап, жас өспірімдерді тәрбиелеу жолында көп шығармалар жазды. Бұл шығармаларды жазуда алдына үлкен мақсаттар қойды. Ол өз сөзінде: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» - дейді.[4, 225-230] Оған мынандай шығармаларды дәлел бола алады. Мысалы: «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері, «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» әңгімелері ұлы жазушының барлық өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнында негізінен өзі айтқан осы идея баяндалады.

Ыбырайдың балаларға арналған хрестоматиясындағы өзі жазған әр алуан қысқа сюжетті әңгімелерінде өмірдің сан түрлі қырларын ашуды мақсат етеді. Автор қазақ балаларының табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан дүниесіне әсер ету арқылы еңбексүйгіш, адмгершілігі мол, зейінді де зерделі, адал да әдепті, білімді азамат болып жетілуін көздеді. Осы биік талаптарға сәйкес жас буынның қабылдау және жас ерекшеліктерін ескере келіп, әрі қысқа, әрі нұсқа көркем әңгімелер жазды. Атап айтатын болсақ: «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам», «Лұқпан әкім», «Зеректік

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі